Зақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша басқармасының тарихи анықтама

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Апреля 2013 в 21:55, реферат

Краткое описание

«Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің өз құзіреті шегінде заңдарда белгіленген тәртіппен мемлекеттік қызмет саласында біріңғай мемлекеттік саясаттың іске асырылуын орындауға өкілеттік берілген аумақтық органы болып табылады. Басқарманың негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
- өз құзіреті шегінде мемлекеттік қызмет саласында біріңғай мемлекеттік саясатты іске асыру;
- мемлекеттік қызмет міндетін жүзеге асыру үшін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу, сондай-ақ заңдарда белгіленген тәртіппен өз құзыретінің шегінде нормативтік құқықтық және өзге де актілер қабылдау;
- орталық мемлекеттік органдардың жергілікті атқарушы және аумақтық құрылымдары мемлекеттік қызмет кадрларының жай-күйіне мониторинг;

Прикрепленные файлы: 1 файл

тарихи анықтама.doc

— 44.50 Кб (Скачать документ)

 Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы  бойынша басқармасының

тарихи анықтамасы

 

 

     Қазақстан Республикасы   Президентінің 1999 жылғы 3 желтоқсандағы

№ 280 Жарлығымен «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша басқармасы» мемлекеттік мекемесі құрылды. 1

   Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет  департаментінде   2000 жылы

8 ақпанда  «Қазақстан  Республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша басқармасы» мемлекеттік мекемесі  мемлекеттік тіркеуден өтіп басқарманың Ережесі бекітілді.

    «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері  жөніндегі агенттігінің өз құзіреті шегінде заңдарда  белгіленген тәртіппен мемлекеттік қызмет саласында  біріңғай мемлекеттік саясаттың іске асырылуын  орындауға өкілеттік берілген аумақтық органы болып табылады. Басқарманың негізгі міндеттері мыналар болып табылады:

- өз құзіреті шегінде мемлекеттік қызмет саласында біріңғай  мемлекеттік саясатты іске асыру;

- мемлекеттік қызмет міндетін  жүзеге асыру үшін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру жөнінде  ұсыныстар әзірлеу, сондай-ақ  заңдарда белгіленген тәртіппен өз құзыретінің шегінде нормативтік құқықтық және өзге де актілер қабылдау;

- орталық мемлекеттік органдардың жергілікті  атқарушы және аумақтық құрылымдары мемлекеттік қызмет кадрларының жай-күйіне мониторинг;

- мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру  мәселелері жөнінде  жергілікті мемлекеттік  органдардың қызметін үйлестіру;

- жергілікті мемлекеттік органдардың  мемлекеттік қызмет саласындағы заңдарды сақтауын бақылау;

-жергілікті мемлекеттік органдардың әкімшілік мемлекеттік лауазымдардың санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарын әзірлеуге қатысады;

-мемлекеттік қызметшілер мен мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді сынақтан өткізеді;

-жергілікті мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызмет туралы заңдарды сақтауын бақылауды жүзеге асырады;

-мемлекеттік қызмет туралы  заңдардың қолданылу мәселелері  бойынша жергілікті мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың 

 

1. Қор      , тіз.1, бума 1, іс 1, бет 1

әрекеті мен шешімдеріне  мемлекеттік қызметшілердің шағымдарын қарайды;

-олардың құзіретіне жатқызылған мәселелер жөнінде жергілікті мемлекеттік органдардың қызметіне тексеру жүргізеді және тағы да басқа міндеттерді жүзеге асырады.

2000 жылдың штаттық кестесі төмендегідей:

- басшылық

- мемлекеттік қызметке өту бөлімі

- мемлекеттік қызмет және заңдылықтардың сақталуын бақылау бөлімі2

2001-2004 жылдары штаттық кестесінде өзгеріс болған жоқ.

  Қазақстан Республикасы Президентінің  2005 жылғы 30 маусымдағы 

№ 1598 Жарлығымен  Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы  тәртіптік кеңесі құрылып   Ережесі бекітілді:

    Ереже Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы тәртіптік кеңестерінің мәртебесін, өкілеттіктері мен қызметін ұйымдастыруды айқындайды.

Тәртіптік кеңестің негізгі міндеттері мен құқықтары:

- облыстар, Астана мен Алматы қалалары, өзге де әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімдерінің, өзге де жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдар, құқық қорғау және басқа да аумақтық мемлекеттік органдар (бұдан әрі-мемлекеттік органдар) мен ұйымдар басшыларының қарауына осы Ереженің 3-тармағында көрсетілген адамдарды Ар-намыс кодексін бұзғаны және тәртіптік жауапкершілік әкеп соғатын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсынымдар енгізу;

- әкімдер мен өзге де мемлекеттік органдардың басшыларына тиісті әкімшілік аумақтық бірліктің аумағында мемлекеттік тәртіпті нығайту, осы Ереженің 3-тармағында көрсетілген адамдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама мен Ар-намыс кодексі талаптарын сақтауы жөнінде ұсынымдар мен ұсыныстар тұжырымдау;

- Қазақстан Республикасы  Президентінің жанындағы Сыбайлас  жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасын сақтауы мәселелері жөніндегі комиссияның ұсынымдарын және Агенттіктің тапсырмаларын, азаматтар мен ұйымдардың арыздарын, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының хабарламаларын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормалары мен Ар-намыс кодексінің бұзылу фактілері туралы ақпаратты қарау; 3

  

 

 

2. Қор      , тіз.1, бума 1, іс1, бет 3

3. Қор      , тіз 1, бума 12, іс70 , бет1

 

     Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері жөніндегі  агенттігінің 2005 жылғы 18 шілде айының № 02-01-02/96 бұйрығымен  штаттық кестесі бекітілді:

  • басқарма бастығы- тәртіптік кеңестің председателі
  • басқарма бастығының орынбасары
  • секретариат меңгеруші
  • бөлім бастығы
  • кеңесші
  • бас маман

    2006 жылдың штаттық кестесі төмендегідей:

  • басқарма бастығы- тәртіптік кеңестің председателі
  • басқарма  бастықтың орынбасары
  • секретариат меңгеруші
  • кадрмен қамтамасыз ету бөлімінің бастығы
  • кадрмен қамтамасыз ету бөлімінің кеңесші-3
  • бас маман
  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдылықтардың сақталуын бақылау бөлімінің бастығы
  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдылықтардың сақталуын бақылау бөлімінің кеңесшісі-4
  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдылықтардың сақталуын бақылау бөлімінің бас маманы-24

       «Қазақстан  Республикасы  мемлекеттік  қызмет  істері  жөніндегі Агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құжаттары 2012  жылы ғылыми-техникалық  өңдеуден  өтіп, №1  тізімдеме  бойынша  2000-2006  жылдардың 124- ісі енгізіліп Оңтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік мұрағатына  қабылданды.

  2000-2007 жылға  жою актісі жасалынды. 

     Тізімдемеге:  басқарманың  құрылтайшылық құжаттары, негізгі қызмет жөніндегі бұйрықтар және тіркеу журналдары, тәртіптік іс қозғау туралы шешімдері, мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдылықтардың сақталуын тексеру нәтижесі туралы анықтамалар, штаттық құрылымдары, қаржыландыру жоспарының орындалуы туралы есебі енгізілді.

     Құжаттардың   жай-күйі  қанағаттанарлық.  Құжаттар  мемлекеттік  тілде  жүргізілген.

 

 

 

Тарихи  анықтаманы  түзген                                     Ұ.К.Өтебаева                   

 

 

 

 

4. Қор      , тіз.1, бума 8, іс 53, бет 1  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша басқармасы» м.м.

08.02.2000ж.-18.07.2005 ж.

«Қазақстан Республикасы мемлекеттік  қызмет істері  Агенттігінің  Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша аумақтық басқармасы- Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері  Агенттігінің  Оңтүстік Қазақстан облысындағы Тәртіптік кеңесі» м.м.

18.07.2005 ж.-       


Информация о работе Зақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша басқармасының тарихи анықтама