Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2014 в 19:58, курсовая работа
Инвестиция — экономиканы дамудың тұрақты және жоғарғы қарқының қалыптастыруды, ғылыми-техникалық прогресстің жетістіктерін енгізуді, инфрақұлымды дамытуды көздейтін басты фактор.
Инвестицияны дамытуда кәсіпорындарды қаржыландыратын және ұзақ мерзімге несие беретін мамандандырылған инвестициялық банктер мен акционерлік қоғамдардың акцияларынан кұрылған инвестициялык қорлар ерекше роль атқарады.
Кіріспе.......................................................................................................................2
1- Тарау.Инвестициялардың есебін ұйымдастыру...............................................6
Инвестициялардың ұғымы және оның жіктелуі........................................6
Бірлесіп бақыланатын шаруашылық серіктестіктердің,еншілестердің және тәуелді серіктестіктердің инвестициялық есебі.............................15
Еншілес шаруашылық серіктестіктердің инвестициялық есебі. ..........22
2- Тарау.Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді инвестициялардың есебі...........27
2.1. Қаржылық инвестициялардың есебі............................................................27
2.2. Қысқа мерзімді инвестициялардың ағымдағы құнын және ұзақ мерзімді қаржылық инвестициясын қайта бағалауын анықтау.......................................46 2.3.Инвестицияның өтеушілік - мерзімін (кезеңін) есептеу..............................56
Ќорытынды............................................................................................................62
Пайдаланѓан єдебиеттер......................................................................................65
Тәуелді шаруашылык серіктестігінің жинақталған таза табысының жалпы сомасынан тиісті дивиденттер инвестициялардын баланстық құнын кемітеді.
Егер де инвестордын салған инвестициясының баланстық құны тәуелді шаруашылық серіктестіктеріндегі алған зиянына тең немесе артык болса, онда бұндай зияндар келешекте есепке алынбайды. Инвестиция нольдік құны бойынша көрініс табады.
Тәуелді шаруашылық серіктестігінің активтерінін кайта бағалануына байланысты инвестордын үлесінің өзгеруі инвестициялардың баланстык құнын көтереді (кемітеді) және ол меншік капиталының бөлімшесінде көрсетіледі.
Инвестор өзінің тәуелді шаруашылық серіктестігінің таза табысында үлестік қатысын кайта жанғырту үшін таза табыс пен таза шығындар тең болуы керек.
Егер де тәуелді серіктестіктің активтері қайта бағаласа, онда олардын баланстык құны да өзгереді. Баланстык құнның өсуі меншік капиталындағы төленбеген косымша капиталда көрініс табады, ал егер де ол азайса, онда сол төленбеген косымша капиталды азайтады.
Мысал. "Шығыс" ААҚ коғамы "Темір" ААҚ-ның 33% және "Цемент" ААК,-нын 28 % акциясын сатып алған, сол сатып алынған акцияға сәйкес олардын құны: 3110 мын тенге және 4600 мың тенге құраған.
"Шығыс" ААҚ сатып алғаннан кейін, бір жылдан сон. "Темір" ААҚ өзінің кейбір негізгі кұралдарына 300 мың теңгеге кайта бағалауды жүргізген. Бірінші жылдың корытындысы бойынша "Темір" ААК. 9900 мын тенге зиян шексе, ал "Цемент" ААК 5000 таза табыс тауып, 2000 теңге деңгейінде дивидендті жария еткен. Ал келесі жылы "Темір" ААҚ кейбір негізгі құралдарының бағасын 410 мың теңгеге түсірген, ал "Цемент" ААҚ керісінше, 500 мың тенгеге көтерген.
Екінші жылдың қорытындысы бойынша Темір" ААҚ 1000 мың тенге таза табыс тауып, 200 мың тенгеге дивидендті жария еткен, ал "Цемент" ААҚ — 1500 мыңтенге деңгейінде зиян шеккен.
Ендеше жасалған операцияларымен байланысты шоттар корреспонденциясын қарастырып көрейік.
Қатар саны |
Шаруашылық операцияардың мазмұны |
Сомасы тенге |
Шоттар корреспонденциясы | |
дебет |
кредит | |||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1 |
Заңды тұлғалардан оларға қалыптасқан (немесе олардан алынған) баға бойынша акциялары сатып алынды. «Темір» ААҚ-33% айналыстағы акция «Цемент» ААҚ 26% айналыстағы акциясы |
3 110 000 4 600 000 |
142 |
672 |
Бірінші жылы | ||||
2 |
«Темір» ААҚ өзінің кейбір негізгі құралдарының обьтектілерін қайта бағалаудың нәтижесінде үлестік қатысу сомасы артып, инвестицияның құны . «Шығыс» ААҚ үлестік қатысу сомасы қайта бағаланған сомаға өсіп, 99 000 теңге құраған (300 000 х 33%) |
99 000 |
142 |
542 |
3 |
Бірінші жылдық нәтиже бойынша – инвестицияның құнының өсуімен бірге «Шығыс» ААҚ 1 400 000 тенге құраған (5 000 000х 28% «Темір» ААҚ зиян шеккендіктен, «Шығыс» ААҚ –на тиесілі 3 267 000 (9 900 000х33%) тенге құраған. Шеккен зиянның үлесі инвестицияның құнын асып түскендіктен, инвестицияның құнын нольдік деңгейге дейін жеткізіп, ал қалған 58 000 теңге сомасы баланстан тыс плотта есепке алынған. (3 267 000 -3 110 000 -99 000)) «Цемент» ААҚ –на тиесілі, дивиденд сомасына инвестиция құны азайды, «Шығыс» ААҚ- ның алынатын дивиденд сомасы 560 000 тенге құраған (2 000 000 х 28%) |
1 400 000
3 209 000
58 000
560 000 |
142
871
011
322 |
871
142
142 |
4 |
Бірінші жылдың нәтижесі бойынша «Шығыс» ААҚ өз балансында «Цемент» ААҚ 5 440 000 тенге сомасындағы инвестициясын ғана көрсеткен (4 600 000+1 400 000 -560 000) |
|||
Екінші жыл | ||||
5 |
«Шығыс» ААҚ-ында инвестицияның құны азайған, өйткені «Темір» ААҚ өзінің кейбір негізгі құралдарының құнын арзандатқан.
|
99 000
36 000 |
542
845 |
142
142 |
6 |
«Цемент» ААҚ-ында өзінің негізгі құралдарын қайта бағалаудың нәтижесінде, «Шығыс» ААҚ-ның қатысу үлестік құны, яғни инвестициясының құны өскен. |
140 000 |
142 |
542 |
7 |
Екінші жылдың нәтижесі бойынша «Темір» ААҚ таза табысында «Шығыс» ААҚ қатыстық (қатысу) үлесі өсуіне байланысты инвестицияның құны өскен. Қатысу үлесі 330 000 тенге құраған (1 000 000х33%) өткен кезеңде зиян шеккендіктен, осы ағымдағы кезеңдегі инвестицияның өскен құны 001 баланстан тыс шарттағы есепке алынған сол зиян сомасы ескерілген соң барып, өскен құны көрсетіледі. (272000(330000-58000)) Темір ААҚ –нан «Шығыс» ААҚ-ның алатын дивиденд сомасына инвестицияның құны азайтылды 660000 теңге (200000х33%) «Цемент» ААҚ зиян шеккендіктен ондағы «Шығыс» ААҚ үлесі азаюына байланысты инвестицияының құны азайтылды. |
58 000
66 000
420 000 |
142
322
871 |
871
011
142
142 |
Екінші жылдың нәтижесі бойынша «Шығыс» ААҚ балансында 5 160 000 теңгеге «Цемент» ААҚ-ның және 70 700 теңге «Темір» ААҚ-ның инвестициясы көрініс тапты. Нәтижесінде ол 5 230 700 теңге құрады |
Құн әдісі - инвсстицияны алу кезінде сатып алу кұны бойынша көрсетілетін есептік әдіс. Инвестордық қаржылық - шаруашылық кызметінің нәтижелері туралы есепте инвестиция табысы тәуелді шаруашылық серіктестігінің жинакталған жалпы таза табысының сомасынан тиісті дивиденттердің мөлшері алынғаннан кейін барып мойындалады.
Инвестиция сатып алу құны бойынша есептелінеді, егер де инвестицияны жақын арада сату мақсатында алса немесе инвестицияланған кәсіпорын қатаң ұзақ мерзімді шектеулі жағдайында әрекет ететін болса, бұл соңғы инвесторға табысты беру қабілетін біршама төмендетеді. Мұндай шектеулерді тудыратын себептерінің қатарына: реттеуші органның бақылауында болса, сондай-ак олар кәсіпорындағы дивидендтерді бөлудің саясатына араласса кәсіпорын өз қызметін, дивидендтерді (табыстарды) аударуға шек койылған елдерде жүргізуі мүмкін. Сондай-ак, саяси хал-ахуалдын өзгеруі кәсіпорынның шаруашылык қызметін жүзеге асыру туралы келісімдерде қарастырылған дивидендтерді төлеуге шектеулердің күшіне енуі және баска да кедергілердің болуы мүмкін.
Егер де дивиденд инвестицияны алғанға дейін алынса, онда ол капиталды қайтарған болып саналады және инвестордың балансы сол сомаға азаяды. [4,32 бет]
Енді біз жоғарыда келтірілген мысалға қайтып ораламыз. Келесі жылдың (яғни екінші жылдың) наурызында "Темір" ААК – 3 500 000 теңгеге, ал "Цемент" ААК 5 000 000 теңгеге өз акцияларын сатқан.
Енді осы бойынша шоттар корреспонденциясын жасап көрейік.
Қатар саны |
Шаруашылық операцияларының мазмұны |
Сомасы, теңге |
Шоттар корреспонденциясы | |
Дебет |
Кредит | |||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
Заңды тұлғалардан, онда қалыптасқан (немесе олардан алынған) бағасы бойынша акциялары сатып алынды.
|
3 110 000
4 600 000 |
142 |
671 | |
Жиыны |
7 710 000 |
|||
2 |
Бірінші жылдың нәтижесі бойынша «Цемент» ААҚ 2000 мың теңгеге дивидендті жария еткен, сондықтан «Шығыс» ААҚ оны табыс ретінде көрсетуі керек. 373 333 теңге (2000000х12%), яғни инвестицияны алғанға дейін алынған табыс – 186 667 теңге (2000000х28%4/12) инвестицияның баланстық құнын азайтады. |
373 333
186 667 |
332
332 |
724
142 |
3 |
Келесі жылдың наурызында сатылған инвестиция көрініс табады.
|
7 523 333
8 500 000 |
843
301 |
142
723 |
4 |
Сатып алушылар ұсынылған шотты төледі. |
8 500 000 |
441 |
301 |
Тәуелді шаруашылық серіктестік деген анықтамаға сәйкес келмеген құннен бастап, инвестициялар ұзақ мерзімді инвестицияны есептейтін есепке алу саясатына сәйкес есептелінеді.
1.3.Еншілес шаруашылық серіктестіктерінің инвестициясының есебі.
Еншілес шаруашылық серіктестік – негізгі серіктестіктің бақылауында болатын серіктесті. Бұндай бақылау қаржыландыратын обьтектінің 50% астам акциясын тікелей немесе жанама емденсе жүзеге асуы мүмкін. Еншілес серіктестіктің көрсеткіштері негізгі серіктестіктің қаржылық есеп беруінде, біріктірілген (консолидалынған) есеп беруінде көрстеіледі., бірақ онда қабылданған есептік саясаты ескеріледі, сондықт ан олар мына екі әдістің бірін пайдалануы мүмкін:
- үлестік қатысу әдісі;
- ұзақ мерзімді инвестицияны есептеу әдісі.
Негізгі серіктестік өзінің еншілес серіктестігіне инвестициясын бөліп, біріктірілген (консолидалынған) қаржылық есеп беруін жасайды, ол кезде барлық жергілікті және шетелдік еншілес серіктестіктерді өзіне енгізеді, те ондағы мына жағдайларды қоспағанда:
- егер де еншіліс серіктестік жақын келешекте сату мақсатында алынған болса, онда олар оның уақытша бақылауында;
- егер де еншілес серіктестік ұзақ мерзімді қатаң шектелген жағдайында әрекет ететін болса, бірақ бұл соңғы жағдай негізгі серіктестіктің қаражатын қайтару қабілетін төмендетеді.
Негізгі серіктестіктің біріктірілген (консолидалынған) есебіне енбей қалған жағдайда қаржылық инвестициясының есебі бойынша ескеріледі (8 –БЕС). Бірлесіп бақыланатын шаруашылық серіктестіктің инвестициясының есебі. Бірлесіп бақыланатын шаруашылық серіктестіктің инвестицияны жүзеге асыруы - бірлесіп жасайтын қызметтің бір нысаны, онда бірлескен бақылау қызметін бекіткен кезде әрбір қатысушы шаруашылық серіктестікте өзінің қатысу үлесі бойынша топшыланған келісім - шартын жасайды.
Бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалар активтерді бірігіп алады, жасалған шығындарды таниды және алынған табысты анықтайды. Олардың әрқайсысы өз атынан мәміле жасай алады, өз қызметін қаржыландыру үшін капиталдарды тарта алады. Бұл кезде бірлескен қызметке қатысушылардың әрқайсысы қызмет нәтижесінде алынған олжадан өз үлесін алуға құқылы. Бірлесіп бақыланатын заңды тұлға басқа да бірлескен қызметтерді келесі нысанда жүзеге асыруына болады;
Бірлесіп бақылайтын өндіріс – заңды тұлғаны құрмай тұрып, қатысушылар өздерінің жалпы шаруашылық мақсатына жету үшін активтерді пайдалануын топшылайды.
Әрбір қатысушы бірлесіп бақыланатын өндіріс бойынша өзіне тиесілі шығындарын алады және олар алдын –ала өнімді сатудан алынған табысты таратудың тәсілін қарастырып қояды. Осы процесстің барысында пайдаланған негізгі құралдардың, тауарлы – материалдық запастардың және т.б. активтердің құнын, әр қатысушы өз балансында ескереді.
Бірлесіп бақылайтын активтер - жалпы мақсат үшін алынған немесе салынған активтерді қатысушылар бірлесіп иелік етуді топшылайды. Бұл арада олардың негізгі қызметі үшін салынған активті барлық қатысушылар теңдей пайдаланады. Әрбір қатысушының табысы олардың кәсіпорын экономикасына қосқан үлесі арқылы анықталады. Әрбір қатысушы өзінің қосқан үлесін басқа қатысушыларға сатуға, тегін беруге құқылы.
Төменде еншілес, тәуелді және бірлесіп бақыланатрын серіктестіктерге салынған инвестициялар бойынша шоттар корреспонденциясы келтірілген.
Қатар саны |
Шаруашылық операцияларының мазмұны |
Сомасы, теңге |
Шоттар корреспонденциясы | |
Дебет |
Кредит | |||
1 |
Еншілес, тәуелді бірлесіп бақыланатын серіктестіктердің мына игіліктерді салу арықылы инвестицияларды жасалынды.
|
200 000 300 000
50 000 600 000
450 000 |
141-144 141-144
141-144 141-144 |
222,223,121,125, 101-104, 106,431-452
333 641-643
671-687 |
Жиыны |
1 600 000 |
|||
2 |
Заңды және жеке тұлғалардан тегін түскен инвестициялар |
100 000 |
141-144 |
727 |
3 |
Тәуелді немесе еншілес серіктестіктер өз активтерін қайта бағалаудың нәтижесінде үлестік қатысу сомасы инвестицияның құнын өсіреді. |
300 000 |
141-144 |
542 |
4 |
Тәуелді немесе еншілес серіктестіктер активтерін қайта бағалаудың нәтижемінде үлестік қатысу сомасын инвестицияның құнын төмендеткен
|
300 000
150 000 |
542
845 |
141-144
141-144 |
5 |
Тәуелді немесе еншілес серіктестіктердің таза табысында инвестордың үлесі өсуімен байланысты инвестицияның құны өскен |
540 000 |
141-144 |
871 |
6 |
Инвестицияны үлестік қатысу әдісі бойынша есепке алған кезде инвестордың алатын (немесе алуына жататын) дивидендтер сомасына инвестицияның құны азайды |
140 000 |
321,323,332 |
141-144 |
7 |
Тәуелді немесе еншілес серіктестіктердің шеккен зияны инвестордың үлесін кемітуі мен байланысты инвестицияның құны азайды |
2 000 000 |
871 |
141-144 |
8 |
Егер де инвестицияның баланстық құнынан зиян асып түссе, онда ол баланстан тыс плоттар есепке алынады. |
50 000 |
011 |
|
9 |
Тәуелді немесе еншілес серіктесвтіктердің таза табысында инвестордың үлесі өсуімен байланысты инвестицияның құны өскен кезде бұрындары инвестиция құнын төмендету үшін есептен шығарылған құн қалпына келтіріледі, бұл кезде баланстан тыс плоттар жабылады. |
300 000 |
141-144 |
871 |
10 |
Еншілес, тәуелді бірлесіп бақыланатын шаруашылық серіктестіктердің инвестициясы сатылады:
|
300 000
700 000 |
843, 301-303, 334,321-323 |
141-144 723 |
2- Тарау.Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді инвестициялардың есебі
2.1. Қаржылық инвестициялардың есебі.
Қаржылық инвестициялардың есебі 40 "Қаржылық инвестициялар" бөлімшесінің шоттарында жүргізіледі. Оған 401 "Акциялар", 402 "Облигациялар" және 403 "Басқа қаржылық инвестициялар" шоттары кіреді.
"401 - 403 шоттары активті,
күрделі, негізгі болып табылады.
Осы шоттардың дебетіне қаржылық
салымдардың айдың басы мен аяғындағы қалдықтары,
инвестициялардың ұлғаю операциялары;
кредит бойынша қаржылык инвестициялардың
кему операциялары жазылады.
Қаржылық инвестициялар сатып алу кезінде ол оның сатып алынған бағасымен бағаланады, ал сатып алынған бағаға алумен байланысты тікелей шығыстар, яғни брокерлік марапаттауы, банктің көрсеткен қызметі үшін төленетін пайыздары, қор биржасының комиссиондық төлемдері кіреді.
Құнды кағаздар инвестициясының өтелу құны мен оның сатып алынған кұнының арасындағы айырмашылыктары (сатып алу кезінде пайда болған жеңілдік немесе сыйақы) инвестор өзі иеленген уакыт ішінде амортизацияланады.
Қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар бухгалтерлік баланста: не ағымдағы құнымен, не сатып алу құнымен немесе ағымдағы кұнының ең төменгі бағасымен есептелінеді. [6,87 бет]
Егер де қысқа мерзімді қаржылық инвестиция ағымдағы (нарыктық) құнымен есептелінсе, онда тұрақты түрде кезеңдік өзгерістерін ескеріп отыруға тура келеді, мысалға, қор биржасындағы инвестицияның котировкасы сияқты.
Қыска мерзімді қаржылық инвестиция өссе, онда ол табыс болып танылады, ал керісінше өзгерсе, онда ол шығыс болып танылады.
Егер де қыска мерзімді қаржылық инвестиция ағымдағы немесе сатып алу кұнының ең төменгі бағасымен алынса, онда оның баланстық құнын келесі негізде аныктайды:
- жалпы қоржындық (портфельдік) жиынтығымен;
- инвестицияның түрі бойынша қоржындық жиынтығымен;
Информация о работе Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді инвестициялардың есебі