Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Февраля 2014 в 19:14, реферат
Ұялы телефон — радиожелі арқылы байланыс жасауға арналған құрал.
Тарихы
1875 жылдың 2 маусымында Бостон университетінің Шешендік өнер мектебінің профессоры Грехем Белл ең алғаш рет байланыстырушы сымдардың көмегімен өз көмекшісінің даусын естиді. Өнертапқыш шотландтықтың бұл жаңалығы тарих бетінде телефон деген атпен қалды. Бір қызығы, өнертапқыштың есімі ағылшын тілінен аударғанда, «қоңырау» деген мағына береді.
Ұялы телефон — радиожелі арқылы байланыс
жасауға арналған құрал.
Тарихы
1875 жылдың 2 маусымында Бостон университетінің
Шешендік өнер мектебінің профессоры
Грехем Белл ең алғаш рет байланыстырушы
сымдардың көмегімен өз көмекшісінің
даусын естиді. Өнертапқыш шотландтықтың
бұл жаңалығы тарих бетінде телефон деген
атпен қалды. Бір қызығы, өнертапқыштың
есімі ағылшын тілінен аударғанда, «қоңырау»
деген мағына береді.
Арада бір ғасырға жуық уақыт өткенде
ең алғашқы ұялы телефондар пайда болды.
Иллинойс технологиялық институтының
түлегі Мартин Купердің өнертапқыштық
бұл жаңалығын қазір әлем халқының жартысына
жуығы күнделікті қолданып отыр
Ұялы телефонмен жасалған алғашқы нағыз
байланыстың тарихы 1973 жылдың 3 сәуірінен
басталады. Ұялы байланыс компаниясының
қызметкері Мартин Купердің зерттеулер
бөлімінің басшысы Белл Лабзға Нью-Йорк
көшелерінде серуендеп жүріп соққан қоңырауы
ұялы телефонмен алғашқы байланыс орнату
саналады. Купердің өзі таратқыштан сигнал
жіберу хаттамасының негізгі құрастырушысы
еді. Ал ол қолданған телефонның салмағы,
яғни ең алғашқы ұялы телефон 1,15 килограмм
тартатын.
Сол уақыттары Нью-Йорк әлемдегі ұялы
байланыстың базалық станциялары орнатылған
әлемдегі жалғыз нүкте болды, төрт жылдан
соң Чикагода 2000 абоненттік тәжірибелік
ұялы желі құрылды. Ал 1979 жылы бұл өнертапқыштық
жаңалыққа Күншығыс елі зор қызығушылық
білдіріп, 88 базалық станциядан тұратын
алғашқы ұялы байланыстың қызметін бастады.
Қазір әлемде ұялы телефондардың қолданыс
аясы өзінің байланыс орнату шегінен асып
кетті. Телефондар өмірдің барлық саласында
қолданылуда.
Ұялы телефон қазіргі заманда адамның
ажырамас көмекшісіне айналды.
Түрлері
Ұялы телефондарды мынадай түрлерге бөлуге
болады:
Жай ұялы телефон/смартфон
Ұялы бейнетелефон
Пішініне қарай: моноблокты, жайылмалы,
сырмалы, т.б.
Жай ұялы телефонда қоңырау шалу/қабылдау,
SMS, соңғы кездері фото/бейнекамера, саз,
флеш-жад, Интернет, MMS, Bluetooth, IrDA деген сияқты
функциялары бар. Бұл қатар уақыт өткен
сайын көбейіп барады.
Смартфон (ағылш. smart — білімді, ақылыды)
құрылымы жағынан компьютерге ұқсас болып
келеді. Оның ішіндегі функциялар бағдарлама
ретінде жасалынған, ал олар смартфонның
амалдық жүйесінде істейді. Мұнымен қатар
өз бағдарламаларыңызды қосуға болады.
Мысалы ойындар, ойнатқыш, шолғыш т.с.с.
Сол себепті смартфон жай ұялы телефонға
қарағанда күрделі, функциялары кеңейтілетін
құрылғы.
Бейнетелефонда ұялы телефонның бейнекамерасы
мен бейнебет арқылы бірін бірі көріп
сөйлесуге болады.
Ұялы телефон- ең алғашқы ұялы телефондар
1946 жылы АҚШ-та және КСРО-да жасалды. Сөйлесу
ұзақтығы 20 км.
Ал нағыз ұялы телефон 1958 жылы. — Л. И. Куприянович
жағынан дасалды салмағы 500г.
Қазіргі телефондар салмағы 80-100г.
Заман ағымына қарай
бүгінде екі адамның бірінде ұялы телефонның
жүргені белгілі. Рас, оның ішінде не керектің
бәрі бар. Мәселен: сағат, күнтізбе, есептеуіш,
сурет пен видеоға түсіру, есте сақтау,
қалаған өлеңді жазып алу, тыңдау және
басқасы. Шынымен қазір осы бір кішкентай
заттың көмегінсіз ешнәрсе шеше алмайсыз.
Ең кішісі, керек адамыңызды да қаланы
шарламай-ақ, осының көмегімен тауып аласыз.
Әрине, мұны шығарған адамдар оны әу баста
ел игілігі, байланыстың тиімділігФі үшін
ойлап тапқан ғой. Ал біздің қазекемдер,
жасыратыны жоқ, осынау алақанға сиып
кететін қалтафонды есін білмейтін жас
балаларға ойыншыққа беріп қояды. Оны
ұстаған бала алдымен аузына салады, жалайды.
Ал оның іші-сыртында бала саулығына зиян
келтіретін заттар да баршылық қой. Меніңше,
мұны барша ата-ана ойлауы керек.
Көптің пікіріне сүйенсек, телефон, ең
алдымен, байланыс, яғни сөйлесу құралы.
Бірақ, неге екенін білмедік, көптеген
бала-шаға оны ойын, уақыт өткізу құралына
айналдырып алған. Осылайша олардың бар
уақыты осы телефонмен өтеді. Шыны керек,
тәулігіне 24 сағат болса, олар соның 12-13
сағатын осы қалтафонмен өткізеді. Мектеп
оқушыларының біразы дерлік оны сабақ
үстінде пайдаланады: музыка тыңдайды,
клип көреді, кейде сондағы әуенге елітіп,
ұйқылы-ояу, маужырап отырады. Ал сергек
отырғандарының өзі бір-біріне “хат”
жазып, сабаққа тіпті де көңіл бөлмейді.
Бұл тірлік, өкінішке орай, үйге келген
соң да қайталанады.
Қалта телефонының және бір еліктіргіш
тұсы – ұялы агент. Онымен қазір бәрі шұғылданады.
Бұл агентке компьютермен де, кішкентай
телефоныңызбен де кіруге болады. Сиқыры
күшті оған қосылған жан бір кірсе, шыға
алмайды. Өйткені, агенттен дүние жүзінің
барлық адамымен танысуға болады. Осы
турасында танысымнан естігенімдей, бір
сыныпта 26 оқушы болса, оның 12-сі сабақтың
үстінде агентте отырады екен. Сондағы
бар жазатындары – бір-бірімен танысу.
Мұғалім 45 минут бойы жаңа тақырыпты түсіндіріп
әлек болып жатса, оқушы бала партаның
астынан ұялы телефон арқылы агентте отырады.
Бірақ оны мұғалімдер көрмейді әрі сезбейді.
Міне, көрдіңіз бе, титімдей телефонның
қаншама нәрсеге залалын тигізіп отырғанын.
Байғұс ата-ана бар жиған-тергенін баласының
аузына тосып, одан қалса телефонды несиеге
әпереді. Онымен қоймай, ай сайын ішіне
ақшасын да салып отырады. Сонда бұл кімге
пайда, кімге зиян? Біздіңше, баршылыққа
салынып, жас баланы қымбат заттарға әуес
етпеу керек. Біріншіден, ол баланың мінезін
өзгертеді, екіншіден, сабақтан қалдырады,
үшіншіден, менмендікке әкеледі.