Валюталық бағам

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Ноября 2013 в 19:36, контрольная работа

Краткое описание

Валюталық жүйенiң басты элементi-валюталық бағам. Валюталық бағамның қалыптасуына ықпал ететiн факторлар қатары анықталған. Шетел валюталарының бағамдарының әр түрлi түрлерi мен баға белгiленiмдерi берiлген. Валюталық бағам – нарықтық экономиканың ең маңызды және біртұтас құрылымдарының бірі.

Содержание

Кіріспе............................................................................................................2
I. Валюталық бағам валюталық жүйенің негізгі реттеушісі...............4 -19
1.1. Валюталық бағам, оның экономикаға әсері........................................9
1.2. Валюталық нарықтар...........................................................................12
II. Валюталық бағамдар нарықтарын реттеу......................................20 -30
2.1. Қазақстан Республикасындағы валюталық саясат............................20
2.2. Валюталық бағам режимін реттеу......................................................26
2.3. Валюталық реттеу................................................................................28
Қорытынды..................................................................................................31
Пайдаланылған әдебиеттер.........................................................................32

Прикрепленные файлы: 1 файл

Валюталық бағам.doc

— 255.00 Кб (Скачать документ)

Бұл жағдайда, егер валюталық  нарықта шетел валютасының ұсынысы  көп болса, онда орталық банктер оны сатып алады да қайта салады. Ал, шетел валютасының ұсынысы төмендеген жағдайда, орталық банк шетел валютасына деген сұраныс пен ұсынысты теңестiредi және шетел валютасы бағамының өзгеруiн шектейдi. Валюталық саясаттың бұл формасы бiр елдiң орталық банксi немесе бiрнеше мемлекеттердiң банктерiмен жүргiзiледi. Мысал ретiнде, Европалық валюталық жүйенi алуға болады. Европалық жүйенiң орталық банктерi валюталық интервенция көмегiмен өз валюталарының бағамын тұрақты шектер көлемiнде ұстап отырады. Валюталық интервенцияны жүзеге асыру кезiнде валютаны таңдап алу қажет. Ол халықаралық валюталық жүйедегi берiлген валютаның орнына интервенция мақсатына және қалыптасқан институционалдық ортаға байланысты болады. Осылайша орталық банктердiң көбiсi банкаралық нарықтардағы немесе диллер, брокер арқылы валюталық интервенция ретiнде анықтайды. Бұл кезде ақпарат жасыран болып, операциялардың құпиялылығын ескеруi тиiс. Валюталық интервенцияны қолданудың белгiлi шектеулерi бар. Яғни ол ресми валюталық резервтердi туындатады. Тиiсiнше валюталық резервтердiң көмегiнiң жеткiлiксiздiгi жағдайында көптеген мемлекеттер валюталық шектеулердi қолдану iсiне ден қояды.

Валюталық шектеулерзаңды немесе әкiмшiлiк ретiмен мемлекет тарапынан белгiленген шаралар мен ережелер. Оны қолданудың шарты-сыртқы төлемдерiмен түсiмдердi теңестiру мақсатындағы төлем балансының созылмалы iрi тапшылығы болып табылады. Ресми бағам бойынша, экспорттық түсiмнiң орталық банкке берiлетiн сату талаптарының 100 процентiнiң белгiлi бiр шектерiне дейiнгi валюталық шектеулердiң түрлерi өте көп

Валюталар девальвациясы  мен револьвациясы. Көптеген елдер  сыртқы дүние мен халықаралық  экономикалық қатынастарын дамыта отырып, әр түрлi елдерде инфляцияның әр түрлi дәрежесiмен кезiгедi. Бұл жағдайда, егер тұрақты валюталар бағамының режимi қолданылса, онда орталық банктер өздерiнiң ұлттық валюталарының ресми бағамын қайта қарау қажеттiлiгiн сезiнедi. Өйткенi, шынайы нақты бағамдар ресми бағамнан ауытқиды. Валюта бағамының құнсыздануы нақты түрде ұлғаятыны белгiлi. Ал, жылдам қарқынмен инфляцияға ұшырайтын валюталар күрт төмендейдi. Осындай жағдайда валюталық бағамға қатысты операцияларға түзету жүргiзу немесе девольвациямен револьвация қажеттiлiгi туындайды. Девальвация-бұл ұлттық валюта бағамын ресми түрде төмендету операциясы. Ал, ұлттық валюта бiрлiгiнiң бағамын шетел валютасына немесе есеп айырысу бiрлiгiне қатысты көтеру-ревальвация деп аталады.

Әлемнiң өзгермелi валюталық  режимге өтуi салдарынан ревальвация  сипатында өзгерiстер болды, ұлттық шеңберде жүргiзiлетiн бұп процесс аймақтық сипаттық шараға айналды.

 

1.3. Валюталық реттеу

2-шi  бап. Валюталық реттеу органдары

1. ҚР-ның Ұлттық Банкi ҚР-сының заңдарына сәйкес ҚР-сындағы валюталық реттеу функцияларын жүзеге асыратын негiзгi валюталық реттеу органы болып табылады.

2. ҚР-сының Үкiметi және өзге де мемлекеттiк органдар ҚР-ның заңдарына сәйкес өз құзыретiнiң шегiнде валюталық реттеудi жүзеге асырады.

3- бап. Валюталық  операциялар жүргiзуге қойылатын  шектеулер.

  1. Халықаралық мiндеттемелердi орындау мақсатында және төтенше жағдайлар пайда болған реттерде ҚР-ның президентi кез-келген валюта операцияларын шектеу немесе тоқтата тұру жөнiнде шешiм қабылдауға құқылы.
  2. ҚР-ның Ұлттық Банкi резиденттердiң экспорттық операцияларының төлем валютасына шектеу қоюға және экспорттық валюта түсiмiн мiндеттi түрде сату тәртiбiн белгiлеуге құқылы.

4-бап Шетел  валютасына байланысты қызметтi  лицензиялау.

    1. Шетел валютасымен банктiк операциялар жүргiзудi лицензиялауды ҚР-ның заңдарына<span class="dash041e_0441_043d_043e_0432_043d_043e_0439_0020_0442_0435_043a_0441_0442_0020_0441_0020_043e_0442_0441_0442_0443_043f_043e_043

Информация о работе Валюталық бағам