Түрлі түсті металлургия

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Октября 2012 в 13:17, реферат

Краткое описание

Металлургия (грек. metallurgeo – металл өңдеймін) – ғылымның, техниканың, өнеркәсіптің кеннен немесе басқа да материалдардан металл алу процестерін, сондай-ақ металл қорытпаларға олардың химиялық құрамы мен құрылымын өзгерту арқылы қажетті қасиеттер беру процестерін қамтитын саласы.

Прикрепленные файлы: 1 файл

ТҮРЛІ ТҮСТІ МЕТАЛУРГИЯ.doc

— 222.50 Кб (Скачать документ)

Өңдеу процестері

Металлургияға кендерден  металдарды ажыратып алуға дайындау мақсатымен кентастарды өңдеу процестері (уату, байыту, кесектеу, т.б.); 
•    кентастардан және басқа материалдардан металды алу процестері, металдарды қажетсіз қоспалардан тазарту; 
•    металдар мен қорытпалар өндіру; 
•    металдарды термомеханикалық өңдеу; 
•    металдарды қысыммен және құймалап өңдеу; 
•    металл бұйымдардың бетін әрлеу не қорғау мақсатында басқа металл қабатымен қаптау; 
•    металл бұйымдардың беттеріне басқа металдар мен бейметалдарды диффузиялық енгізу жатады.

Металлургия түрлері

Түсті және қара метал, галламды, өте жоғары температурада (2000 – 20000 К) өтетін плазмалы және лазермен өңделетін метал болып ажыратылады; орындалатын процестерге байланысты пирометаллургия және гидрометаллургияға бөлінеді.

Қара металлургия

Қара металлургия –  Металлургияғаның ғылымы мен техникасының қара металдар өндіруде кен шикізатын  қазып алудан бастап, оны өңдеп шойын, ферроқорытпа, болат, илек, құбыр, рельс, т.б. өнімдерді алуға дейін қамтитын саласы. 
Қазақстан қара металлургиясының байлығы мен болашағы – темір кендері. Оның негізгі қорлары Қостанай, Қарағанды және Жезқазған облыстарында шоғырланған. Қара металл шикізатының базасы Соколов-Сарыбай тау-кен байыту комбинаты мен Лисаковск комбинатында өндіріледі (жылына 36 миллион тонна).

Түсті металлургия

Түсті металлургия –  кен шикізаттарын өндіру мен өңдеуден бастап, дайын өнім алуға дейінгі  түсті металдар мен олардың қорытпалары өндірісін қамтиды. Республикада түсті металлургия шикізатынан сирек және шашыраңқы металдарды ажыратып алу мәселесінен маңызды нәтижелер алынды (Е.И. Пономарева, О.А. Сонгина). Түсті металдардың вакуумдық металлургия саласы жақсы жолға қойылды (Р.А. Исакова).

Галламды металлургия

Галламды металлургия  – су ерітінділерінен галламдарды (галлийдің электрлік теріс зарядталған  басқа металдармен сұйық қорытпасы) химиялық жолмен қалпына келтіру  арқылы металдар мен олардың қосылыстарын алу процестерін зерттейді. Металлургияның бұл жаңа саласы дүние жүзінде алғаш рет Қазақстанда 1960 жылдары В.Д. Пономарев, А.И. Зазубиннің басшылығымен жасалды. Алюминий галламындағы сілтілі ерітінділерден алынған галлийдің цементтелуін зерттеу жөнінде үлкен ғылыми жұмыстар жүргізілді (Пономарев, Е.А. Шалабина, Т.Д. Остапенко). Металлургияның бұл әдісі көптеген шет елдерде (АҚШ, Канада, Жапония, т.б.) патенттелді. Плазма металл бетін тазалауда және әр түрлі беттерді металмен қаптау технологиясында, термоядролық зерттеулерде, плазма химиясында, т.б. қолданылады. Плазма металлургияда қиын балқитын металдар мен олардың қосылыстарын алуда аса қажет. Оның артықшылықтары – түсті және сирек кездесетін металдарды алу кезінде жоғары температура (10000 – 20000 К-ге дейін) алуға және газды ортаның құрамын басқаруға мүмкіндік береді; қыздыру мен балқыту плазмалық доға арқылы жүзеге асырылады.

Пайдаланған әдебиет

  1. Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы: Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық /В. Усиков, Т. Казановская, А. Усикова, Г. Зөбенова. 2-басылымы, өңделген. - Алматы: Атамұра, 2009.

Информация о работе Түрлі түсті металлургия