Темір жол көлігі экономикалық саясатының тәжірибесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Декабря 2013 в 17:24, курсовая работа

Краткое описание

Темір жол саласында темір жол желілері жеткіліксіз деңгейде дамыған, негізгі құралдар тозуда, жолаушылар жылжымалы құрамы жеткіліксіз; қызмет көрсету деңгейі төмен және бәсекелестік жоқ; темір жол көлігін жаңарту мен дамытуды қаржыландыру жеткіліксіз; қолданыстағы тариф жасау принциптері мен реттеу тетіктері тасымалдаушыны клиенттерге бейімдемейді. Еліміздің көліктік транзиттік әлеуетін барынша тиімді жүзеге асырып, темір жол желілерін дамытуға жаңа (жеке) субъектілерді тарту қажет, ол өз кезегінде көлік-коммуникация кешенінде бәсекелестік ортаны қалыптастыруға және көлік құралдары паркін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Документ Microsoft Word (2).docx

— 17.61 Кб (Скачать документ)

Кіріспе 

 

Темір жол саласында темір жол желілері жеткіліксіз деңгейде дамыған, негізгі құралдар тозуда, жолаушылар жылжымалы құрамы жеткіліксіз; қызмет көрсету деңгейі төмен және бәсекелестік жоқ;  темір жол көлігін жаңарту мен дамытуды қаржыландыру жеткіліксіз; қолданыстағы тариф жасау принциптері мен реттеу тетіктері тасымалдаушыны клиенттерге бейімдемейді. Еліміздің көліктік транзиттік әлеуетін  барынша тиімді жүзеге асырып, темір жол желілерін дамытуға жаңа (жеке) субъектілерді тарту қажет, ол өз кезегінде көлік-коммуникация кешенінде бәсекелестік ортаны қалыптастыруға және көлік құралдары паркін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Экономиканың жүк және басқа салаларының (тау-кен өндіру, құрылыс және агроөнеркәсіптік кешен) есебінен, баға өсіміне қатысты темір жол тарифтерінің төмендеуі есебінен жолаушы тасымалдарын көптеген жылдар бойы қиылысты қаражаттандыруға мүмкіндік беретін экономикалық саясат сала активтерінің «шайылуына» және мемлекеттің көлік инфрақұрылымдары сапасының әлсізлауына алып келеді. 

Саланың негізгі құралдарының жинақталған тозуы темір жол көлігінің технологиялық орнықтылығының жойылу қаупін туғызады және істен шыға бастаған жылжымалы құрам мен инфрақұрылымдар объектілерін жаңартуға инвестициялар тартудың маңызды қажеттілігін анықтап береді. 

Темір жол көлігінің тиімділігі, қолданыстағы түрлері, тұтынушыларға ұсынатын қызметтерінің қол жетімділігі мен сапасы, жұмыстарға инновацияларды енгізу деңгейі нарықтың заманауи талаптарына толығымен жауап бере алмайды. 

Көлік логистикасы мамандандырылған логистикалық орталықтар арқылы жүк ағындарын оңтайландыру мен ұйымдастырудың жаңа әдістемесі ретінде көлік ағындарының тиімділігін арттыруға, көлік қызметін ұсынатын өндірушілер мен тұтынушылар шығындарын азайтуға мүмкіндік жасайды.

Логистиканы пайдаланатын отандық кәсіпорындар, дәстүрлі қалыпта жұмыс жасайтын кәсіпорындармен салыстырғанда, ішкі және халықаралық тасымалдауларда тұрақтылық, болжау мүмкіндігі, бәсекеге қабілеттілік сияқты бірқатар артықшылықтарға ие. Келешекте логистика көлік компанияларына ішкі және сыртқы нарықта қаржылық тұрақтылыққа жетуге, тасымалдау көлемін арттыруға мүмкіндіктер береді. 

Қазақстан Республикасының және кеңес дәуірінен кейінгі кеңістіктегі басқа мемлекеттер экономикасының көлік саласын мемлекеттік реттеудің әлсіреуіне байланысты көлік қызметтері нарығындағы бәсекелік ортада түбегейлі өзгерістер орын алды. Тауар қозғалысы мен бөлінісінде айқын аңғарылатын жаңа көліктік-логистикалық жүйелер біртіндеп тұрақтанып келеді. Халықаралық жүк айналымына қызмет көрсетуде мульти- және интермодальді (аралас) тасымалдаулардың ролі артып, көлік қызметіне деген сұраныс пен ұсынысты қалыптастырудағы экспедиторлық кәсіпкерліктің мәні күшейіп отыр.

Көлік дәліздерін дамыту және игеру – отандық тасымалдаушылардың көлік нарығындағы үлесін арттырудың бірден бір жолы. Көліктік қызмет экспортына сұраныс  2010 ж.  әлемдік  көрсеткіш бойынша  жылына 8–           9 млрд. долл. жетуі мүмкін. Болашағы мол осы нарықта клиенттерге неғұрлым ұтымды шарттар ұсыну – маңызды, әрі шешімі табылатын міндет. Шетелдік тасымалдаушылар дәстүрлі айналмалы маршруттармен салыстырғанда, халықаралық көлік дәліздерінің қазақстандық құрамдасын пайдалану арқылы бір контейнерден 600 долл. дейін, әуе рейсінде 50 мың. долл. дейін үнемдейді. Бұл Қазақстан Республикасы арқылы өтетін транзиттік ағындар пайдасына шешудің маңызды дәлелі бола алады. 

Көлік логистикасын ұтымды пайдалану үшін заңнамалық және нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру қажет. Логистиканың отандық нарықта дамуына мүмкіндік жасап, шекарадан өту кезінде жүкті көліктік - кедендік рәсімдеуге, сонымен қатар тиімді тасымалдау мөлшерлемесін қамтамасыз етуге өзгерістер енгізу қажет. Қазіргі халықаралық көлік ағындарына қызмет көрсетуде пайдаланатын техникалық базалар мен терминал технологиялары түбегейлі өзгерістерді қажет етеді. Әңгіме қазіргі логистикалық тұжырымдамадағы жүк ағындарының «дәліздік» жүйесіндегі басты буын болып табылатын логистикалық орталықтар мен жүк терминалдарының қызметін сәйкестендіру туралы болып отыр.


Информация о работе Темір жол көлігі экономикалық саясатының тәжірибесі