Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 13:31, доклад
Монопольды өндірілетін (жеткізілетін) тауарға (жұмыстар, қызметтерге) бекітілген бағаларды (тарифтерді) белгілеу жүргізіледі:
• Егер рынок субъектілерін монополияға қарсы орган монопольды өндірілетін (жеткізілетін) тауарға (жұмыстар, қызметтерге) алдағы бағаның өсуі туралы жазбаша түрде 30 күн ішінде хабардар етпесе.
• Егер бағаны арттыруға негіз жоғы туралы хабарлама алған рынок субъектісі монопольды өндірілетін (жеткізілетін) тауарға (жұмыстар, қызметтерге) бағаны бұрынғы деңгейде сақтаса.
• Рынок субъектілері монополияға қарсы заңнаманы күнтізбелік жыл ішінде бәсекелестікті шектеуге бағытталған екі немесе одан да көп бұзушылық жасаған кезде.
Табиғи монополияны мемлекеттік реттеу
«Бәсеке және монополиялық қызметті шектеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына, сондай-ақ Тізілімге кіргізілген, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 14 қыркүйектегі № 1212 қаулысымен бекітілген Белгілі бір тауар рыногында басымды (монополиялық) жағдайдағы рынок субъектілерінің тауарларына (жұмыстары, қызметтеріне) бағаны мемлекеттік реттеуді енгізу ережесіне сәйкес, монополияға қарсы органды монопольды өндірілетін тауарға (жұмыстар, қызметтерге) алдағы бағаның өсуі туралы және өсіру себебін растайтын құжаттарды ұсынумен оларды өсірудің себептері туралы (мысалы, шикізатты жеткізу құнын ұлғайтқан кезде шарт көшірмесін жіберу және т.б.) жазбаша түрде 30 күн ішінде хабардар етуге міндетті.
Монопольды өндірілетін (жеткізілетін) тауарға (жұмыстар, қызметтерге) бекітілген бағаларды (тарифтерді) белгілеу жүргізіледі:
• Егер рынок субъектілерін монополияға қарсы орган монопольды өндірілетін (жеткізілетін) тауарға (жұмыстар, қызметтерге) алдағы бағаның өсуі туралы жазбаша түрде 30 күн ішінде хабардар етпесе.
• Егер бағаны арттыруға негіз жоғы туралы хабарлама алған рынок субъектісі монопольды өндірілетін (жеткізілетін) тауарға (жұмыстар, қызметтерге) бағаны бұрынғы деңгейде сақтаса.
• Рынок субъектілері
Мемлекеттік кәсіпорынға монопольды ұсынылатын қызметтерге бағалар, Қазақстан Республикасының табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігінің 1999 жылғы 25 тамыздағы № 61 –НҚ бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік кәсіпорындар монопольды жүзеге асыратын қызметтерге бағаларды реттеу ережесіне .
Қызметтердің жаңа түрлеріне бағалар бекіту, қызметтерге қолданыстағы бағаларды өзгерту, қызметтер ұсыну шарттарын өзгерту, сондай-ақ бағалардың қолданылуының белгіленген мерзімінің өту тәртібі. Ұйым оларды енгізгенге дейін 45 күннен кешіктірмей Уәкілетті органға бағаларды бекітуге (өзгерту) өтініммен өтініш жасайды. Өтінімге Ережемен көзделген көлемде және шарттарды сақтаумен қажетті нормативтік, есептік және басқа материалдар қоса беріледі. Атап айтқанда шаруашылық жүргізу құқығындағы Мемлекеттік кәсіпорындар монопольды ұсынылатын қызметтерге бағалар бекітіледі, ал жедел басқару құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда келісіледі.
Монополияға қарсы саясат саласындағы орталық атқару органына және оған бағыныстағы аумақтық бөлімшелерге (бұдан әрі – монополияға қарсы орган) іс-қимылдар немесе мәмле жасауға келісім беру туралы өтініштер, хабарламалар туралы өтініштер, сондай ақ қажетті құжаттарды ұсыну тәртібі Қазақстан Республикасының табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау жән ешағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігінің 2001 жылғы 2 тамыздағы № 153 –НҚ бұйрығымен бекітілген Монополияға қарсы органға өтініштер мен хабарламалар ұсыну және оларды қарау тәртібі туралы ереже талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Монополиялық қызметті мемлекеттік бақылау және бәсекелестікті қорғау. Рыноктық экономикаға көшу құқықтық ортада елеулі өзгерістерге әкелді. Рыноктық экономиканың тиімділігін арттыру үшін мемлекет тарабынан монополияға қарсы реттеуді жүзеге асыру қажет.
Осы мақсатта 1998 жылдың екінші жартсында. Қазақстан Республикасының Парламенті «Табиғи монополиялар туралы» және «Жосықсыз бесекелестік туралы» Заңдарды қабылдады, 2001 жылы Қазақстан Республикасының Парламенті «Бәсеке және монополиялық қызметті шектеу туралы» Заңды қабылдады.
Монополияға қарсы реттеу– комплекс мемлекет жүзеге асыратын және рыноктық бәсеке үшін жағдайды қамтамасыз етуге және рыноктық тетіктің қалыпты жұмыс істеуіне қауіп төндіретін рынокты шамадан тыс монополияландыруды болдырмауға бағытталған экономикалық, әкімшілік және заңнамалық шаралардың кешені.
Монополияға қарсы реттеуге:
• өндірісті шоғырландыру
және монополияландыру
• кәсіпорындардың
• сыртқы экономикалық
• бағалық және салықтық реттеу.
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Бәсекелестікті қорғау комитетінің бәсекелестікті қорғау және монополиялық қызметті шектеу жөніндегі уәкілетті органы мынадай қызметтерді жүзеге асыралды:
• монополиялық қызметті ескерту, шектеу және болдырмауды;
• тұтынушылардың құқықтарын мен бәсекелестіктерін қорғауды;
• монополияға қарсы
• бағаны реттеуді;
• тауар рыноктары мен
бәсекелестікті дамыту
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Бәсекелестікті қорғау комитеті белгілі бір тауар рыногында басым (монополиялық) жағдайдағы рынок субъектілерін табу мақсатында тауарлар (жұмыстар, қызметтер) рыногын талдауды жүргізеді.
Tауарлардың (жұмыстар, қызметтердің) тиісті рыногтарын талдау «Бәсеке және монополиялық қызметті шектеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-тармағының, Қазақстан Республикасының табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігінің 2001 жылғы 25 сәуірдегі № 86 –НҚ бұйрығымен бекітілген Белгілі бір тауар рыногында басым (монополиялық) жағдайда орын алған рынок суъектілерінің мемлекеттік тізілімін қалыптастыру және жүргізу ережесінің, сондай-ақ Белгілі бір тауар шекарасын анықтау және монополистің рынок субъектісін тану ережесінің талаптарына сәйкес.
Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) (2002-2004) ҚР Президентінің 2002 ж. 28 тамыздағы Жарлығымен ҚР Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттіктің қайта ұйымдастырылуының нәтижесінде құрылды. ҚР Үкіметінің 2002 ж. 16 қыркүйектегі қаулысымен агенттік туралы ережеге өзгертулер енгізілді: комитеттің және оның департаменттерінің атауы өзгертілді; агенттіктің құқықтық мәртебесі мен негізгі міндеттерінен шағын бизнес (кәсіпкерлік) саласындағы мемлекетттік саясатты іске асыруға байланысты функциялары алынып тасталынды.
ҚР Президентінің 2003 ж. 13 маусымдағы Жарлығымен агенттік ҚР Президентіне тікелей бағынысты және есепті мемлекеттік орган болып қайта құрылды. ҚР Президентінің 2003 ж. 20 маусымдағы Жарлығымен агенттік туралы ереже және оның құрылымы бекітілді.
Ережеге сәйкес агенттік ҚР Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін, табиғи монополия субъектілері мен белгілі бір тауар рыногында үстем жағдайға ие нарық субъектілерінің қызметін бақылаужәне реттеу, бәсекелестікті дамытуды қорғау және үйлестіру, сондай-ақ қызметін табиғи монополия субъектілері мен белгілі бір тауар рыногында үстем жағдайға ие нарық субъектілері жүзеге асыратын саладағы тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға уәкілетті мемлекеттік орган болып табылды.
Агенттіктің негізгі міндеттері:
табиғи монополия субъектілерін
Агенттіктің орталық аппаратының құрылымы
басшылық; жиынтық талдау
және үйлестіру департаменті; энергетика
және су шаруашылығы секторларын
реттеу жөніндегі департамент; көлік
және телекоммуникациялар
ҚР Президентінің 2004 ж. 9 маусымдағы Жарлығымен агенттік ҚР Үкіметінің қүрамына кірмейтін орталық атқарушы орган болып қайта құрылды. ҚР Үкіметінің 2004 ж. 7 шілдедегі қаулысымен агенттік туралы жаңа ереже бекітілді. Ережеге сәйкес агенттік ҚР Үкіметінің қүрамына кірмейтін табиғи монополия субъектілері мен белгілі бір тауар рыногында үстем жағдайға ие нарық субъектілерінің қызметін бақылау және реттеу, бәсекелестікті дамытуды қорғау және үйлестіру, сондай-ақ қызметін табиғи монополия субъектілері мен белгілі бір тауар рыногында үстем жағдайға ие нарық субъектілері жүзеге асыратын саладағы тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға уәкілетті орталық атқарушы орган болып табылды. Агенттіктің аумақтық органдары — облыстар мен Астана, Алматы қалалары бойынша Табиғи монополияларды реттеу және бәсекені қорғау жөніндегі департаменттері болды.
Агенттіктің негізгі міндеттері
табиғи монополия субъектілерінің қызметін бақылау және реттеу; монополиялық қызметтің, нарықта үстем жағдайын асыра пайдаланудың алдын алу және оған жол бермеу, жосықсыз бәсекелестіктің алдын алу және жолын кесу жөнінде шаралар қолдану; тауарлар (жұмыстар, қызметтер) өндірісі саласында бәсекелестікті дамытуға мемлекеггік қолдау және жәрдем көрсету; мемлекеттік органдардың ақылы қызмет көрсетуінің тәртібін бақылау және мемлекеттік кәсіпорындар өңдіретін және өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) бағаларын мемлекеттік реттеу; мемлекеттік монополияға жатқызылған салада өз қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындардың қызметіне бақылау жасау; табиғи монополия мен субъектілері мен белгілі бір тауар рыногында үстем жағдайға ие нарық субъектілерінің қызметін жүзеге асыру, сондай-ақ олардың қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) баға белгілеу саласында тұтынушылардың құқықтарын қорғауға бағытталған орталық және жергілікті атқарушы органдардың іс-қимылын үйлестіру; өз құзіретінің шегінде кәсіпкерлікгің қүқьщтарьш қорғауға бағытталған Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру; табиғи монополия субъектілері мен белгілі бір тауар рыногында үстем жағдайға ие нарық субъектілерінің қызметін жүзеге асыру, сондай-ак, олардың қызметтер көрсетуіне (тауарларьша, жұмыстарьша) баға белгілеу саласында тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру. ҚР Президентінің 2004 ж. 29 қыркүйектегі Жарлығымен агенттік ҚР Табиғи монополияларды реттеу жөиіндегі агенттігі болып қайта ұйымдастырылды, бәсекелестікті қорғау жөніндегі функциясы ҚР Индустрия және сауда министрлігіне берілді.
Пайдаланған әдебиет
↑ "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру шаралары туралы" ҚР Президентінің 2002 ж. 28 тамыздағы № 931 Жарлығы (ҚР ПҮАЖ, 2002 ж. № 28 307-бап).
↑ "Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігінің мәселелері" ҚР Үкіметінің 1999 ж. 15 қарашадағы № 1713 қаулысын қара (ҚР ПҮАЖ, 1999, № 50, 494-бап).
↑ "Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің мәселелері" ҚР Президентінің 2003 ж. 20 маусымдағы № 1141 Жар- лығы (ҚР ПҮАЖ, 2003, № 27, 250-бап).
↑ "Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігін қайта ұйымдастыру туралы" ҚР Президентінің 2004 ж. 9 маусымдағы № 1382 Жарлығы (ҚР ПҮАЖ, 2004, № 23, 291-бап).
↑ "Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің мәселелері" ҚР Үкіметінің 2004 ж. 7 шілдедегі № 743 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2004, № 27, 350-бап).
↑ "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" ҚР Президентінің 2004 ж. 29 қыркүйектегі № 1449 Жарлығы (ҚР ПҮАЖ, 2004 ж. № 36, 474-бап).