Табиғатты пайдалану мен қорғау негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2014 в 21:20, реферат

Краткое описание

Біздің еліміздің табиғат байлықтары орасан зор, олар халық қажетін қанағаттандыру әрі шаруашылығы дамыту үшін қажеттің бәрін береді. Дегенмен, бұл байлық қаншалықты мол болғанымен, оны сақтай біліп, дұрыс пайдаланбаса, уақыт өткен сайын ол да сарқылады. Сондықтан табиғат байлықтарын қорғаудың аса зор маңызы бар. Қазақстанның табиғатты қорғау жөніндегі заңдары. Еліміздің табиғат байлықтарын дұрыс пайдалану мәселесіне зор көңіл бөліп, 1918 жылдың өзінде-ақ табиғатты қорғайтын арнаулы комитет ұйымдастырды. Соның нәтежесінде табиғат байлықтарын дұрыс пайдалануға және қорғауға бағытталған алғашқы заңдар белгіленіп қабылданды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Табиғатты пайдалану мен қорғау негіздері.docx

— 22.67 Кб (Скачать документ)

Табиғатты пайдалану мен қорғау негіздері

Біздің еліміздің табиғат байлықтары орасан зор, олар халық қажетін қанағаттандыру әрі шаруашылығы дамыту үшін қажеттің бәрін береді. Дегенмен, бұл байлық қаншалықты мол болғанымен, оны сақтай біліп, дұрыс пайдаланбаса, уақыт өткен сайын ол да сарқылады. Сондықтан табиғат байлықтарын қорғаудың аса зор маңызы бар. Қазақстанның табиғатты қорғау жөніндегі заңдары. Еліміздің табиғат байлықтарын дұрыс пайдалану мәселесіне зор көңіл бөліп, 1918 жылдың өзінде-ақ табиғатты қорғайтын арнаулы комитет ұйымдастырды. Соның нәтежесінде табиғат байлықтарын дұрыс пайдалануға және қорғауға бағытталған алғашқы заңдар белгіленіп қабылданды. 1962 жылғы 16 маусымда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының «Қазақстан табиғатын қорғау» туралы жарлығы шықты. Жарлықта пайдалы қазбаларды, суды (жер беті мен жер асты сулары), ормандар мен құстар, атмосфералық ауа, топырақ, сирек ландшафтылар және тағы басқаларды қорғау қарастырылды. Жарлықта қосымша арнайы нұсқау жазылып, онда әр түрлі табиғат байлықтарын пайдалану, орман, топырақтың құнарын сақтау, ауа мен су қоймаларын қорғау, балық аулау мен аңшылық туралы ережелер бар.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы туралы» Жарлығы - 2003 жылы 3 желтоқсан күні Астанада қабылданды. Осы жарлықта бүгінгі ғаламдық және Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етумен бірге елдің экологиялық дамуы жөніндегі мемлекеттік шаралардың кешені айқындалды.

Табиғатты қорғау мәселесіне қазірде де зор көңіл бөлінуде. Халықаралық табиғатты қорғау одағының шешімі бойынша әр елде табиғат қорлары мен табиғатты қорғау үшін сирек кездесетін, құрып кету қаупіндегі жануарлар мен өсімдіктердің түрлері есепке алынған. Біздің елде «Қызыл кітап» 1978 жылы ұйымдастырылған. Мұнда аңның 21 түрі және осы тектес түрдегі кездесетін аңдар мен торғайлардың 8 түрі көрсетілген, оларды сақтап қана қоймай, бұлардың санын көбейтудің барлық шаралары қолданылады. Қалпына келтірілген жануарлар мен өсімдіктердің түрлері «Қызыл кітаптан» алынған.

Табиғатты қорғау мен табиғат қорларын тиімді пайдаланудың екі бағыты бар: мемлекеттік және жалпыхалықтық. Мемлекеттік бағыт тиісті заңдармен, әрі үкіметтің қарарларымен анықталса, ал жалпыхалықтық бағыт өзінің тікелей қатынасуымен және қоғамдық ұйымдар арқылы іске асырылады. Табиғатты қорғау ісіне тікелей қатынасудың қажет¬\тілігі. Республика табиғатын қорғау ісіне барлық азаматтар ат салысуы тиіс. Табиғатты қорғау саласында арнайы кұрылған ұйымдардың ішінде Қазақстанның Табиғат ко¬митеті көрнекті орын алады. Бұл комитет табиғатты қорғау саласындағы ғылыми мекемелер мен ұйымдардың жұмысын үйлестіріп, бір мақсатқа бағыттал, республикалары экологиялық дағдарысты шешуге жұртшылықты жұмылдырады. Елімізде Табиғат қорғау қоғамы жұмыс істейді.

Табиғат қорғау саласында әсіресе қоғамның жас мүшелерінін белсенділігі ерекше. Олардың көмегімен республикада жыл сайын көптеген бақтар мен саябақтар ірге көтереді, ондаған тонна мәдени өсімдіктердің түқымдары мен дәрі-дәрмектік өсімдіктер жиналады. «Құстар күнін», «Орман мен бақ айлығын», «Сабан той» өткізу мектеп өмірінде дәстүрге айналған. Көптеген мектептерде «Жас орманшы», «Су сакшыларының» штабтары құрылды, республикада «мектептік орман шаруашылықтары» жұмыс істейді. Республика табиғатын корғауға тікелей қатынасып, әр азамат материалдық жөне эстетикалық маңызы бар табиғи ортаны сақтауға, көркейтуге өз үлесін қосады

 

Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мен қорғау мәселелері

Табиғат — бұл  адамзат  қоғамының  өмір  сүру  және  іс-әрекетінің   қайнар  көзі. Өнім  өндіру  және  өмірлік  қажеттіліктерін  қанағаттандыру  процесінде  адамзат  табиғи  ресурстарының  әртүрлі  түрлерін  пайдаланады. Табиғат  пен  қоғамның  әрекет  ету  мәселелерінің ішінде  жалпы  адамзатқа  неғұрлым  маңызды  міндеттер  қоршаған  ортаны   жақсы  жағдайда  сақтау  қоғамның  бірте  — бірте   көбейіп  келе  жатқан  қажеттіліктерін  әртүрлі  табиғи  ресурстармен   қамтамасыз  ету  болып  табылады.

Жоғарыда  аталған  мәселелерге  байланысты   адамды  қоршаған  ортаны  қорғау   және  табиғатты  қорғау  жайлы  пікірлер  туындады.

Адамды  қоршаған  орта  адамға  қатысты  сыртқы  болып  табылатын  табиғи , табиғи – антропогендік  және  антропогендік  обьектілер , құбылыстар  мен  процестердің  жиынтығын  қамтиды, адам  олармен  өз іс  әрекетін  жүзеге  асыру  процесінде  өзара  қарым –қатынасқа   түседі. Бұл  ұғымға  адамдар  өмірінің  қамсыздандырылуы   мен  өнім  өндіру   әрекетінің  аясы  кіреді.

Қоршаған  ортаның   тұрақты  жағдайы  қамтамасыз  ету ,  оны  антропогендік  әрекеттің   жағымсыз  ықпалдарынан  қорғау  табиғатты  қорғаудың  маңызды  міндеті  болып  табылады.

Табиғатты  қорғау  бұл  адам  әрекеті  мен  қоршаған  табиғи   ортаның  өзара  әрекетін  қолдауға  бағытталған , табиғи  ресурстардың  сақталуы  мен  қалпына  келтірілуін  қамтамасыз  ететін , қоғам  қызметінің   нәтижесінің  табиғат пен  адам   денсаулығына  тікелей  және  жанама  әсерін ескертетін  шаралар  жүйесі.

Қазіргі  кезеңде қоршаған ортаның  жағдайына  екі  түрлі  факторлар  тобы   шешуші  түрде  ықпал  етеді. Олардың   біріншісі  ғылыми-техникалық  революцияны  және  оның  негізінің  адамзат  қоғамының  өндірістік  қызметі  алғысындағы  көрінісін  қамтиды. Екіншісі  демографиялық  аспектілерді  қарастырады  және  жер  бетіндегі  тұрғындар  санының  көбеюі  мен  урбанизацияны  ( қала  тұрғындары санының  өсуі)  қамтиды. Бұл  факторлар  бірге  алғанда   өндіргіш  күштердің даму  қарқынына  тікелей  ықпал  жасайды, ол,  өз  кезегінде, табиғи  ресурстардың  интенсивті  түрде  азаюына  және  онымен  байланысты  қоршаған  ортаның  ластануына  әкеліп  соғады

Қоршаған  ортаны  қорғаудың негізгі  факторларының  схемасы 

 

   Геожүйелердің  экологиялық  тұрақтылығының  бұзылуы  адамның  өмірлік   қажеттіліктері  мен  өндірістік  технологиялардың  мүмкіндіктері  арасындағы  динамикалық  тепе-теңдіктің  өзгеріске  ұшырауының  нәтижесі  болып  табылады. Қоғам  мен  табиғат  арасындағы  қарым-қатынас  негізіндегі  біртұтас  жүйеге  келтірілген  табиғатты  регионалды  пайдалану   ережелері  мен   қағидалары  жатуы  тиіс. Олар  қоғамдық  қажеттіліктерді  қанағаттандыру  мақсатында  табиғи  ресурстардың  әртүрлерін  мақсатқа  сай  пайдалануға  бағытталған  ғылыми-тәжірибелік  ережелердің  жиынтығын  білдіреді.

Табиғи  ресурстар – бұл   адамдарға  адамзат  қоғамының  өмір  сүруі  мен  тіршілігі  үшін   қажетті  табиғи  денелер  мен   табиғат  құбылыс тары.

Басқаша  айтсақ, табиғи  ресурстар   дегеніміз   өндіргіш   күштердің  даму  деңгейіне  сәйкес  өндіру  және  тұтыну  құралдары  ретінде  пайдаланатын  табиғи  компоненттер, табиғи  ресурстардың  классификациясы  оларды  олардың  таусылуы  және  қалпына  келтірілуіе  сипаттайтын  көрсеткіштер  мен  белгілер  тобы  бойынша  бөлінуін, экономика  салаларында    пайдаланудың  шегін  білдіреді.

Таусылатын  табиғи  ресурстар  қорлары  өндіру  әрекетінің  нәтижесінде  таусылуы  мүмкін  табиғи  ресурстар  түрлерін  қамтиды.

Таусылатын табиғи  ресурстар үш  түрге  бөлінеді:

1)Қалпына  келтірілмейтін   жердегі  ұзақ  эволюция  процесінің  нәтижесінде  қалыптасқан  рудалы  және  рудалы  емес   пайдалы  қазбалар, минералды  шикізат  ресурстары

2)Салыстырмалы  түрде  қалпына  келтірілетін – қалпына  келуі  үшін  ұзақ  уақыт аралығы  қажет  ресурастар: оларға  сондай –ақ  жойылып  бара  жатқан   жануарлар мен өсімдіктер  популяцияларын  қалпына  келтірудің  шектеулі  мүмкіндіктері  кіреді

3)Қалпына  келтірілетін  ресурстарға  тірі  табиғат  элементтері, өсімдіктер  мен  жануарлар  әлемі, минералдық  шикізаттың  жекелеген  түрлері  кіреді

Таусылмайтын  ресурстар   жерге  қатысты  алғанда  сыртқы  болып  есептелетін  табиғи процестермен   байланысты  табиғи  ресурстар

түрлерін  қамтиды.

Таусылмайтын  ресурстар  үш  түрге бөлінеді:

 Климаттық  ресурстар -  жер  мен  күннің  өзара   қарым – қатынасына  байланысты: күннің  энергиясы, жел  энергиясы, атмосфералық  ауа.

start="2"

 Су  ресурстары – дүниежүзілік  мұхит  сулары

start="3"

 Космостық  ресурстар – жердегі  тау  жыныстары, космостық  сәулелер  мен  метеоиттер  энергиясын  қамтиды

Табиғи  ресурстарды  пайдалану  процесінде  олардың  көпшілігі  ресурстық  цикл  деп  аталатын күрделі  айналымға  түседі. Ресурстық  цикл  дегеніміз  белгілі  бір  заттардың   немесе  заттар топтарының  өзгеруі  мен  оларды  адам  пайдалануының   барлық  кезеңінде  өтетін  кеңістікте  орын  ауыстыруы. Қолданбалы  экология  әдістемесінде  ресурстық  цикл  концепциясы  маңызды  болып  табылады. Ол  неғұрлым  толық ( қалдығы  аз)  өнеркәсіптік  өндірісті  және  осы  кезде  пайда  болатын   қалдықтарды  қайтадан   пайдалануға  тартуды  білдреді. ( мысалы  техникалық  суды   өнеркәсіпті  кәсіпорында  бірінші  рет   пайдалану).Жабық  өндірістік  цикл  дегеніміз  өндірістік  қалдықсыз   немесе  қалдығы  аз  түріне  ұмтылу.

Өндіріс  қалдықтарын   қысқарту, табиғи  ресурстарды  үнемді  пайдалану  табиғатты   регионалды  пайдалану  стратегиясын  іс  жүзіне  асыру  процесінде  жүзеге  асырылады.

 


Информация о работе Табиғатты пайдалану мен қорғау негіздері