Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Декабря 2013 в 16:46, творческая работа
Сүйек тіні – дәнекер тінінің жоғары маманданған, жасуша аралық заты минералданған түрі. Жасуша аралық затының 70%-ы бейорганикалық қосылыстардан, негізінен кальций фосфаттарынан тұрады. Бұдан басқа сүйек тіні құрамында организмдегі метаболизм процестерінде аса маңызды орын алатын 30-дан астам микроэлементтер бар:мыс, мырыш, барий, магний және т.б.
С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ |
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА | |
ГИСТОЛОГИЯ, ЦИТОЛОГИЯ ЖӘНЕ ЭМБРИОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ | ||
СӨЖ |
СӨЖ
Тақырыбы: Сүйектің физиологиялық және жарақаттан
кейінгі регенерациясы
Тобы: Ж.М. 12-016-01
Тексерген: Адилова М.Д.
Сүйек тіні.
Сүйек тіні – дәнекер тінінің жоғары маманданған, жасуша аралық заты минералданған түрі. Жасуша аралық затының 70%-ы бейорганикалық қосылыстардан, негізінен кальций фосфаттарынан тұрады. Бұдан басқа сүйек тіні құрамында организмдегі метаболизм процестерінде аса маңызды орын алатын 30-дан астам микроэлементтер бар:мыс, мырыш, барий, магний және т.б.
Сүйектің дамуы.
Кез келген сүйектің түзілуі мезенхима текті жас дәнекер тінді жасаушалар – остеобласттар есебінен жүреді, оларды басты тірек рөлін атқаратын жасуша аралық заты жасап шығарады. Қаңқа дамуының үш сатысына сәйкес сүйектер дәнекер немесе шеміршек тіндер негізінде дамиды. Остеогистогенездің түрлері:
Сүйектің физиологиялық және жарақаттанудан кейінгі регенерациясы.
Сүйек тінінің физиологиялық регенерациясы – периосттың, эндосттың және остеон каналындағы остеогенді жасушалардың есебіне жүретін өте баяу процесс. Сүйек тінінің жарақаттанудан кейінгі регенерациясы сынған сүйектің ұштары бір-біріне қатысты ығыспаған жағдайда жақсы жүреді. Сүйектің түзілуі тура емес остеогенез бойынша жүреді. Остеобласттар сүйекті құрастырғанға дейін, остеокласттар сүйек ұштары арасында кішкентай саңылау түзеді. Осы биологиялық заңдылыққа байланысты травматологтар сүйек регенерациясы барысында біртіндеп сүйек ұзартатын аппараттар қолданады.
Сүйек құрылысының қайта қалыптасуына әсер ететін факторлар.
Сүйек тінінде өмір бойы сыртқы және ішкі ортаның әртүрлі факторларына байланысты бір-бірімен тығыз байланысты бұзылу мен жаңару процестері жүріп отырады. Остеондардың қайта құрылуы біріншілік остеондардың бұзылуы салдарынан жүреді. Остеокласттар әсерінен остеонның пластинкалары бұзылып, оның орнында қуыс пайда болады. Бұл процесс резорбция деп аталады. Қуыстағы қантамыр айналасында остеобласттар пайда болып, жаңа плпстинкалардың қалыптасуы жүреді.
Сүйек құрылысының қайта қалыптасуына әсер ететін факторлардың ішінде ерекше орынды пьезоэлектрлік эффект алады. Сүйек пластинкасының иілген жерлерінде дөңес және ойыс жақтары арасында белгілі бір потенциалдар айырымы пайда болады. Дөңес жағы – оң, ойыс жағы – тері зарядталады. Теріс зарядталған бетінде үнемі остеобласттардың активтеліп, аппозициональды сүйек түзілу процесі өтеді. Оң зарядталған бетінде остеокласттар қатысатын резорбция құбылысы байқалады. Нөлдік потенциалғ сүйек тініне физикалық күш түсірмеу остеокласттардың қызметін жоғарылатып, сүйектің тұздардың шығарылуына әсер етеді.
Сүйек тінінің құрылысына витаминдер (С, А, Д), қалқанша, қалқанша маңы және тағы да басқа эндокринді бездердің гормондары әсер етеді.
Балаларда А витамині жетіспеушілігі кезінде сүйектердің өсуі тоқтайды. Д витаминінің авитаминозы балаларда рахит ауруына шалдықтырады. Ең алдымен остеогенез бұзылады: аяқ-қол сүйектерінің, бассүйектің және кеуде сүйегінің деформациясы, тіс жарудың кешеуілдеуі байқалады. Ересектерде авитаминоз кариес пен остеомаляцияға (сүйектің жұмсаруы нәтижесінде қисаюы), ал қарт кісілерде остеопороз (остеосинтездің бұзылуына байланысты сүйек тінінің тығыздығының төмендеуі) байқалады. Сүйектің бейорганикалық матриксінің бұзылуы Д витаминінің тапшылығы сүйек тінінен кальцийдің шайылуының күшеюімен және бүйрек каналдарында кальций реабсорбциясының бұзылуымен түсіндіріледі. Д витаминін шамадан тыс қолдану сүйектің деминералдануына, олардың сынғыштығына әкеледі. Қандағы кальций мөлшері артады.
Қалқанша безінің гормоны
– кальцитонин – сүйекте оның
тіндерінен кальцийдің шығуын әлсіретіп,
сүйек тінін бұзатын
Пайдаланылған әдебиеттер:
4 беттің беті
Информация о работе Сүйектің физиологиялық және жарақаттан кейінгі регенерациясы