Шағын бизнесті дамыту

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Мая 2013 в 21:21, курсовая работа

Краткое описание

Ұсынылған бағыт Қазақстан экономикасын дамыту қағидаларына негізделген, ұзақ мерзімді басым мақсаттар мен оларды іске асыру стратегиялары Ел Президентімен Қазақстан халқына: «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» Жолдауында, яғни Қазақстан экономикасын жақсарту және оған серпінді сипат беру, өзара байланысты мақсаттар кешенін шешу көзделді.

Содержание

КІРІСПЕ.........................................................................................................3
I ШАҒЫН БИЗНЕСТІ НЕСИЕЛЕНДІРУ МЕХАНИЗМІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Шағын бизнестің экономикадағы орны мен маңызы.........................6
1.2 Шағын бизнесті дамытудағы несиелендірудің рөлі.........................11
1.3 Шағын бизнесті несиелендірудің шетелдік тәжірибесі.....................14
II ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КІШІ БИЗНЕСТІҢ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯСЫ ЖӘНЕ ОНЫ ҚАРЖЫЛЫҚ – НЕСИЕЛІК ҚОЛДАУ МЕХАНИЗМІН ТАЛДАУ
2.1 Қазақстан Республикасындағы кіші бизнес және оны қаржыландырудың заңдылық негіздерін талдау...........................................19
2.2 Шағын бизнесті несиелендірудің қалыптасқан механизмін талдау....................................................................................................................23
III ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ШАҒЫН БИЗНЕСТІ НЕСИЕЛЕНДІРУ МЕХАНИЗМІН ЖЕТІЛДІРУДІҢ ЖОЛДАРЫ
3.1 Кіші бизнесті несиелендірудегі негізгі проблемалар.......................28
3.2 Шағын бизнесті басқарудың экономикалық механизмдерін жетілдіру.........................................................................................................31
ҚОРЫТЫНДЫ.............................................................................................38
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.................................................40

Прикрепленные файлы: 1 файл

шагын бизнести дамыту.doc

— 196.50 Кб (Скачать документ)

Қазіргі жағдайда капитализмге ауысу жолында қоғамдық меншікті жекешелендіру арқылы ірі кәсіпорындарды таратып, ұсақ , шағын және орта мөлшердегі кәсіпорындар құрылып жатыр. Ол дұрыс  деп айту қиын. Дегенмен осы бағытта  ірі кәсіпорындар жойылды. Ендігі мәселе осы шағын кәсіпорындардың кәсіпкерлік ісі туралы болып отыр. Халық шаруашылығы барлық салаларында шағын кәсіпорындардың болуы дүниежүзілік тәжірибеде экономикада тиімді іс болып табылады. Қазіргі замандағы экономикада ірі монополистік шаруашылыққа тығыз байланысты орта және шағын деңгейдегі кәсіпорындар ара салмақтарының өзара байланысты көптеген факторлармен байланысты. Шынында да ірі фирмаларда зор материалдық, қаржылық, еңбек ресурстары және маманданған кадрлар бар. Олар жоғары дәрежеде ғылыми-техникалық шешімдер қабылдап, өндірістің технологиялық жаңа әдістерін қолдана алады. Ал, екінші жағынан, соңғы уақытта шағын дәрежелі кәсіпкерлік істер орын алуда. Ол әсіресе күрделі қаражатты және қызметкерлер кооперациясын көп талап етпейтін салаларда және тұтыну тауарларын шығару салаларында болады.

Шағын кәсіпорындардың  дамуы нарықты тауар және қызметтермен толықтырады, экспорттың потенциалын  арттырады және жергілікті шикізат  ресурстарын тиімді пайдалануға  мүмкіндік жасайды. Шағын кәсіпорын  дүниежүзінде маңызды орын алады. Ол тек қана тұтыну сферасында емес, сол сияқты кейбір бөлек үзелдер мен механизмдерді шығару жағдайында немесе жартылай фабрикаттар өндіріп негізгі басты өндірісті қамтамасыз етуде маңызды орын алады. Шағын кәсіпкерлік субъектілері сондай-ақ, жеке адамдар да болуы мүмкін.

Шағын бизнестің басты  проблемасы - ол  несие беру саясаты. Несие тек қана  кепілдеме ретінде  мүлікке беріледі. Ал кепілдікке жарайтын  мүлік кәсіпорында жоқтың қасы, сондықтан  шағын кәсіпорындардың  керекті  несиесіне кепілдік  бере алмайды. Сондықтан шағын бизнесті  қолдайтын арнайы  банк, несие  банктің бір  бөлімі болуы керек.

Шағын кәсіпорындар  кадрларды  даярлау, банктік несие  алу және  информациялық  қызметтерге мұқтаж. Шағын кәсіпкерлік  фирмалар қазіргі  жағдайда делдалдық сферада,  сонымен  қатар  тез айналатын  сала сауда - саттық, қоғамдық  тамақтану, азаматтық құрылыс, техника және  машиналарды жөндеу, т.б. салаларда  орын алып отыр.Жоғарыда келтірілген осы жағдайлардың барлығы кәсіпорындағы басқару шараларына келіп сүйенеді. Қазіргі таңда қызметтерді басқару саласы экономиканың көптеген жақтарына маңызды әсерін тигізетін бірден бір факторлардың бірі болып табылады.

Қазақстан Республикасындағы  жергілікті мемлекеттік басқару  туралы жаңа заңдар еліміздің құқықтық, саяси және экономикалық жүйесінің дамуының жаңа кезеңін ескере отырып жаңа өкілеттіктер белгіледі. Оларды біліктілікпен жүзеге асыру, әсіресе кәсіпкерлік сияқты аса маңызды және үнемі дамып отыратын салада, әкімдердің басқарушылық және құқықтық сауаттылығына, олардың жаңашылдық қабілетіне және ең бастысы - бастамашылдығына байланысты болады.

Қазіргі күрделі жағдайда аймақтарда әртүрлі ұйымдық - құқықтық  пошымдағы шағын кәсіпкерлікті  дамыту бірінші кезектегі іс. Айта кетелік, шағын кәсіпкерлікке заңды тұлға құрмай - ақ кәсіпкерлікпен айналысатын барлық субъектілер және қызметтерінің жылдық орташа саны 50 адамнан аспайтын жыл ішіндегі активтерінің жалпы құны орта есеппен алғанда есептік көрсеткіштен алпыс мың еседен аспайтын заңды тұлғалар жатады.

Қазақстан Республикасында  қолданылып жүрген заңдар бойынша шағын  кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекет нақты қолдау көрсетеді.

Айта кетейік, қызметкерлерінің жылдық орташа саны 50 адамнан аспайтын, жыл ішіндегі активтерінің жалпы  құны орта есеппен алғанда есептік көрсеткіштен алпыс мың еседен аспайтын шаруа қожалықтарының да шағын кәсіпкерлік субъектісі ретінде мемлекеттік қолдауға құқығы бар.

Аймақтарды дамытуға қаражат жұмсайтын инвесторлар  үшін тікелей қаражат жұмсауды мемлекеттік  қолдау туралы заңдарда көзделген тәртіппен және шарттармен бірқатар жеңілдіктер мен преференциялар қолданыла алады. Атап айтқанда, біріншіден, бұл мемлекеттік заттай гранттар; екіншіден, келісімшарт жасалған сәттен бастап табыс салығының, жер салығының және мүлікке салынатын салықтың ставкасын 5 жылға дейінгі мерзімге негізгі ставканың 100 пайызына дейін кеміту, сондай - ақ одан кейінгі 5 жылға дейінгі кезеңге табыс салығыны, жер салығының  және мүлікке салынатын салықтың ставкасын негізгі ставканың 50 пайызынан аспайтын шекте кеміту, үшіншіден, инвестициялық жобаны іске асыру үшін қажетті жабдықтар, шикізатпен материалдар импортына кеден бажын салудың толық немесе ішінара босату.

Жеңілдіктер мен преференциялардың  мөлшері тікелей инвестиция көлеміне, инвестордың жобаны іске асыру мерзімі жөніндегі міндеттемелеріне, оның өзін - өзі өтеуіне, экономика секторының басымдылығына және басқа жағдайларға байланысты айқындалады. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың 2001 - 2002 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бойынша мемлекеттік бюджеттен жыл сайын 50 миллион теңге бөлу жоспарланып отыр.

Кәсіпкерлік қызмет субъектілері заңдық тұлға құрмай тұрып, азаматтық - құқықтық қатынастардың, әсіресе шетелдік заңдық тұлғалармен қатынаста белседі қатысушысы болуы белгілі дәрежеде қиын екендігін мойындау қажет. Сондықтан да  соңғы жылдары еліміздің кейбір аймақтарында, әсіресе солтүстікте, шаруа қожалықтарының заңдық тұлға құра отырып, шаруашылық жүргізудің ірірек ұйымдық - құқықтық түрлеріне бірігу фактілері елеулі құбылыс болып отырғаны кездейсоқ емес. Мұндай шешім кәсіпкерліктің осынау жаңа субъектілерінің еңбек, материал және басқа ресурстарын біріктіруге, сондай - ақ оңтайлырақ еңбек бөлінісін және өндірістің мамандандырылуын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Бүгінде аймақтарда  кәсіпкерліктің бәрінен көп кездесетін субъектілері әзірге азаматтардың заңдық тұлға құрмай - ақ, дербес яки біріккен  кәсіпкерлік  болып отырғаны белгілі. Жоғарыда айтқанымыздай  мұндай азаматтар өздері барып мемлекеттік  тіркеуден өтуге, сондай - ақ, тұрғылықты жеріндегі аумақтық салық органында жеке кәсіпкер ретінде есепке тұруға тиіс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Қазіргі таңдағы шағын  кәсіпкерліктің дамуы нарықты әртүрлі  қызметтермен толтырып отыратын негізгі жетілдіруші факторлардың бірі болып табылады. Сондай-ақ, қазіргі жағдайда экономиканы сауықтандыруға шағын кәсіпкерліктің қосатын үлесі де маңызды деп айтуға болады. Шағын кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау шаралары әрбір елде болатын іс-әрекет шаралары.

Қазақстан Республикасындағы  шағын кәсіпкерлікті дамыту мен  колдаудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кешенді шаралар белгіленген. Бағдарламада шағын кәсіпкерлікті  тұрақты дамытуды қамтамасыз ету, экономикада  оның үлесін ұлғайту, жаңа жұмыс орнының  санын арттыру, айқын бәсекелестік ортаны құру, қоғамның орташа табы ретінде меншік иелерінің бұқаралық тобын қалыптастыру көзделген.

Курстық жұмыстың зерттеу  объектісі елдің кәсіпкерлік  қызмет саласындағы бағыттарын жүзеге асыру, кәсіпкерлік субъектілері қызметінің аясын барынша кеңейтуге және олардың қызметін жандандыруға бағытталған институционалдық жағдайларды жетілдіру болып табылады.

Зерттеу пәні қазіргі  таңда кәсіпкерлік қызметті жүргізудің әдіс - тәсілдерін жетілдіру  бағыттарын топтастыру.

Қазіргі таңда, шағын бизнесті жүргізуде несиенің орны маңызды болып табылады. Президентіміздің биылғы Жолдауына байланысты шағын кәсіпкерліктің дамуы экономикалық және әлеуметтік жағдайға  өз әсерін тигізеді. Сондықтан, кәсіпкерлікті дамытуға байланысты әртүрлі несиелендіру көздері қарастырылып жатыр.

Қазіргі таңда экономикасы  дамыған елдерде шағын кәсіпкерлікті  дамытуда көптеген шаралар жүргізілуде. Экономикасы дамыған елдердің мәліметтері  бойынша шағын кәсіпкерлік экономиканың дамуына көп әсерін тигізетін  факторлардың бірі. Шағын кәсіпкерліктің экономикалық өсіміне әсер ететін қажетті шарттардың бірі ол қаржылық - несиелік қамтамасыз ету болып саналады. Шағын кәсіпкерліктің  жақсы дәрежеде дамуы, мемлекет тарапынан жүргізілетін несиелік - қаржылық көмексіз өркендей алмайды. Дамыған елдердің тәжірибесіне сүйену Қазақстан кәсіпкерлері үшін қажетті бағыт болып есептеледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебеттер  тізімі

 

 

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы
  2. 1 наурыз 2006 жылы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына арнаған өзінің  кезекті Жолдауы//Егемен Қазақситан, 2 наурыз
  3. ҚР-сы Президентінің № 1720 «ҚР – ң мемлекеттік  басқару жүйесін одан ары жетілдіру туралы»  жарлығы
  4. Кушербаев Б.П. «Банктер және несие алушылар қарым – қатынастарын реттеу», Қарағанды – 2002
  5. Қазақстан Республикасының Президентінің «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» заң күші бар Жарлығы
  6. Жүнісов Б.,  МәмбетовҰ., Байжомартов Ү.  «Нарықтық экономика             негіздері»    / Алматы «Экономика»-2000ж /
  7. Көшенова Б.А. «Ақша, Несие, Банктер, Валюта қатынастары» / Алматы «Экономика»-2000ж /    
  8. Мәдешев Б.   «Нарықтық экономика теориясына кіріспе»/ Алматы «Экономика»-1998ж /
  9. Мақыш С.Б. «Ақша айналысы және несие», Алматы – 2000 ж.
  10. Общая теория денег и кредита: Учебник / Под ред. Е.Ф. Жукова-М.: Банки и биржи, ЮНИТИ, 1998
  11. Сейітқасымов Ғ. С. «Ақша, Несие, Банк» /Алматы «Экономика» -2001/
  12. Сейткасымов и др. « Ценные бумаги и фондовый рынок» /Алматы «Экономика» -1998 /
  13. Шалгимбаева Г. Н. «Рынок ценных бумаг. Механизмы государственного регулирования» / Алматы Қаржы қаражат-1997/
  14. Шаяхметова К.О. «ҚР-ның екінші деңгейлі банктеріндегі шағын және орта бизнесті несиелеу жағдайы», Хабаршы-2005, N 1

 


Информация о работе Шағын бизнесті дамыту