Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Мая 2013 в 23:53, реферат
Бұл жазба жұмыста бухгалтерлік есеп әдісінің элементтерінің бірі – түгендеу қарастырылған. Қазіргі таңда түгендеудің маңызы зор болып келеді, себебі ол ұйымның мүлкінің сақталуын, қаржылық тәртіптерді ұстануын, операциялардың бухгалтерлік есепте дұрыс көрініс табуын қадағалаудың бірден бір тәсілі болып табылады.
Түгендеу бухгалтерлік есептің түп негізінде жатыр, сондықтан бухгалтерлік жұмысын түгендеусіз елестету мүмкін емес.
Бухгалтерлік есептің әдісі ретінде түгендеудің қайнар көзі мыңдаған жылдарды қамтиды, алайда «түгендеу» ұғымы алғаш рет 1931 жылы «Вестник Академии наук» атты журналда пайда болған. Оған дейін түгендеудің орнына тексеру, есептеу, қайта есептеу, санау, қайта санау және т.б. сияқты басқа терминдер қолданылған.
КІРІСПЕ ..............................................................................................................
НЕГІЗГІ БӨЛІМ ....................................................................................................
Түгендеу түсінігі дәне түгендеу принципі ................................................
Түгендеу түрлері мен олардың сипаттамалары ........................................
Түгендеу жүргізу тәртібі және мерзімдері................................................
ҚОРЫТЫНДЫ .....................................................................................................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ..................................................
Олардың құрамы кәсіпорын басшысының бұйрығымен белгіленуі тиіс. Тұрақты қызмет ететін комиссиясы құрамы және түгендеудің басқа да маңызды аспектілері есеп саясатында көрсетілгені жөн. Бұл комиссиялардың негізгі қызметі мыналар:
Жұмыс комиссиясының мүшелері мыналарға жауапты:
Түгендеуді өткізу бойынша
ұйымдастыру шараларын алдын-
(1-үлгі)
Бекітемін
АҚ «СС» Президенті (қолы)
Күні
200_ жылдың 1-жарты жылдығына «СС» АҚ-да
түгендеу өткізу кестесі
Бөлім-ше № |
Түгендеу өткізудің жоспарлан-ған күні |
Түгенделетін объектілер саны |
Түгендеу өткізіл-гені тура-лы белгі |
Ес-керту-лер | |||
Қойма |
Көмек-ші өнді-ріс |
Бөлшек сауда желісі |
Барлы-ғы | ||||
Кестені құрған (лауазымды тұлғалардың қолы)
Түгендеу комиссиясының төрағасы ретінде бір материалды жауапты тұлғаны қатарынан 2 рет қоюға рұқсат етілмейтінін сәйкес жерде көрсету өте маңызды.
Сонымен қатар тұрақты қызмет етуші комиссиясының бар болуы ірі (орта) кәсіпорын басшысы мен бас бухгалтерді түгендеу жұмысының жүргізілу жауапкершілігінен босатпауы тиіс.
Бірнеше түгендеу комиссиясын құру кезінде тұтас түгендеудің дұрыс жүргізілуін қамтамасыз етуді төраға басқарады. Комиссия төрағасы мен мүшелері барлық түгендеу тізімдерінің нәтиже мәліметтері бойынша өткізілген түгендеу туралы шоғырландырылған актіні рәсімдеп, оған қолдарын қояды. Олар тауарлы-материалдық құндылықтар мен есептің басқа объектілерінің жетіспеушілігін және шектен тыс жұмсалуын жасыру мақсатымен нақты қалдықтар туралы жалған мәліметтер енгізетін болса, сотпен белгіленген тәртіппен жауапкершілікке тартылады.
Түгендеу комиссиясының тағайындалуы комиссия құрамы, түгендеудің көлемі, жұмыстың басталуы және аяқталуы көрсетілген бұйрықпен рәсімделеді. Бұйрық арнайы кітапта тіркеледі және түгендеудің жұмыс комиссияның мүшелеріне түгендеу жүргізудің алдында тапсырылады. Кемінде бір мүшенің жоқтығы өткізілген түгендеу нәтижелерін жарамсыз деп тануға негіз болып табылады. Комиссия төрағасы түгендеу басталмас бұрын есеп берулердің барлық қосымшаларын визалауы тиіс, ол бухгалтерия үшін түгендеу басына қалдықтарды анықтау болып табылады.
Ақша қаражаттарының, тауарлы-материалдық құндылықтардың, құжаттардың немесе басқа да есеп объектілерінің нақты бар болуын тексеруге міндетті түрде материалдық жауапты тұлға қатысуы керек. Егер кәсіпорынның материалдық жауапты тұлғасы болмаса, онда жауапты тұлға болып кәсіпорын басшысы саналады. Құндылықтардың қалдықтары туралы мәліметтерде олардың нақты бар болуын тексерусіз, тек материалдық жауапты тұлғаның сөзіне немесе есеп мәліметтеріне сүйеніп, тізімге енгізуге тыйым салынады.
Кез келген есеп объектісінде түгендеу жүргізудің өзіндік техникасы бар. Мысалы, құндылықтарды түгендеу есептеу, өлшеу, таразыға тарту арқылы жүргізіледі, ал кейін олардың орналасқан орны және осы құндылықтарды сақтайтын материалды-жауапты тұлғалар бойынша құндық бағалануы жүзеге асырылады. Кіріс-шығыс кассалық ордерлерінің, банк шотының үзіндісі, расталған сальдо мен жазба мәліметтері бойынша алынған талаптар, қарыздар сияқты мүліктің материалды емес бөліктері сәйкес есеп тіркелімдерін тексеру арқылы анықталады. Аяқталмаған жұмыстар түгендеуге кіргізілуі тиіс.
Түгендеу мәліметтері тізіммен рәсімделуі керек, онда белгілі бір уақыт мерзіміне мүліктің жеке құрамдас бөліктері және түрлері, саны мен құны бойынша қарыздық міндеттемелер көрсетілуі тиіс. Сонымен қатар түгендеу тізім тексеруге жеңіл және бастапқы есеп мәліметтерімен салыстыруға болатындай етіп жасалуы тиіс.
Қымбат бағалы құндылықтарға олардың алынуын куәландыратын құжаттарды немесе пайда болуы жайлы мәліметтерді (төлем шотының нөмірі, жабдықтаушы және басқа да деректемелер) анықтау керек. Есептеу мен тақсалауға байланысты барлық іс-әрекеттер жасалғаннан кейін және нәтижелерін өзара тексергеннен соң тізімін әр бетінің соңына тауарлы-материалдық құндылықтардың реттік нөмірі қолмен жазылып көрсетіледі. Одан кейін бетте жазылған барлық тауарлы-материалдық құндылықтардың жалпы қорытындысы (өлшем бірлігіне қарамастан, табиғи өлшеммен) шығарылады. Бұл көрсеткіштер тізімнің соңғы бетінде, байқалмайтын түзетулер енгізуге мүмкіндік бермеу үшін, көрсетіледі. Тізімнің әр бетіне материалдық жауапты тұлға мен комиссия мүшелерінің барлығы қол қояды. Түзетулер барлық комиссия мүшелерімен келісілген және олардың қолдарымен бекітілген болуы тиіс. Түгендеу тізімдерінде толтырылмаған жолдарды қалдыруға болмайды. Тізімнің соңғы беттеріндегі толтырылмаған жолдар сызылып тасталады. Одан кейін түгендеу және есеп мәліметтері салыстырылып, салыстыру тізімі жасалады.
Демек, салыстыру тізімі
нақты және есептік мәліметтердің
сәйкес келмеген жағдайында жасалады
және осындай мәліметтер жиі түгендеу
тізімімен бір бланкте
Қажетті жағдайда түгендеудің жұмыс комиссиясы атқарған жұмысы хаттамамен рәсімделеді, онда түгендеу нәтижелері және кемшіліктерді жою бойынша қорытындылар мен ұсыныстар көрсетіледі. Түгендеу аяқталғаннан соң оның барлық материалдары мен комиссия хаттамасы тұрақты қызмет етуші комиссия қарауына тапсырылады.
Егер түгендеуден кейін материалды жауапты тұлғалар түгендеу тізімінен қате табатын болса, онда ол бұл жайында түгендеу жүргізген жұмыс комиссиясына өтініш арқылы хабарлауы керек (сауда орны ашылғанға дейін). Барлық көрсетілген фактілер тексеріледі және олар расталған жағдайда анықталған қателер белгіленген тәртіппен жойыла алады.
Түгендеу комиссиясының
өз жұмыс нәтижелері үшін жауапкершілігін
арттыру үшін бақылау тексерістерін
ұйымдастыру тәжірибесін
Түгендеу аяқталған
соң түгендеу комиссиясының төрағасы
тауарлардың нақты
Бухгалтерия құндылықтарды түгендеу нәтижелерін уақытылы және дұрыс анықталуын қамтамасыз ету мақсатымен оның аяқталу сәтіне барлық дайындық жұмыстарын, соның ішінде келесі қызметтерді атқаруы тиіс:
Тауарлы-материалдық құндылықтарды түгендеумен қатар, бухгалтерия барлық сәйкес шоттар бойынша жазбаларды тексеріп, оларды корреспонденттелетін шоттармен салыстыруы тиіс. Түгендеу нәтижелері бухгалтерлік есепте түгендеу аяқталған кезеңде көрсетіледі.
Түгендеу жүргізудің келтірілген ережелерін жалпылай отырып, оның кезеңдерінің көрнекі болуы үшін, төмендегі желілік графикті ұсынуға болады, сәл ғана өзгерістер енгізгеннен кейін ол есептің әр түрлі объектілеріне қолданыла алады (1.1-сурет). Желілік графикте көрсетілген оқиғалардың түсіндірмесі 1.2-кестесінде көрсетілген.
3.1-сурет
Кесте-1.2
Оқиға нөмірі |
Жұмыстардың атауы |
1 |
Тауарларға түгендеу жүргізу туралы бұйрықты рәсімдеуді түгендеу комиссиясының төрағасына тапсыру. |
2 |
Түгендеу комиссиясы мүшелеріне нұсқаулықтар беру. |
3 |
Материалды жауапты тұлғаға түгендеу өткізу туралы бұйрықты тапсыру. |
4 |
Қосымша және бөлек кіру,
шығу органдары бар қосалқы |
5 |
Материалды жауапты тұлғадан түгендеу мерзіміне кассадағы қалдық жайлы соңғы есепті алу. |
6 |
Түгендеу сәтіне тауарлардың
қалдығы көрсетілген соңғы |
7 |
Түгендеу комиссиясына барлық кірістік және шығыстық құжаттарды тапсыруы жайлы құжатқа қол қою (түгендеу тізімінің титулды парағындағы мәтінге сәйкес). |
8 |
Түгендеу комиссиясының кассалық есеп беруі мен оған қосылып тапсырылған құжаттарды тексеруі. |
9 |
Түгендеу комиссиясының тапсырылған тауарлық есеп беруді және оған қосымша кіріс пен шығыс құжаттарын тексеруі. |
10 |
Тауарлық есепке тігілген барлық кіріс және шығыс құжаттарын визалау. |
11 |
Түгендеу комиссиясы қолданатын салмақ өлшеуіш құралдарын тексеру. |
12 |
Кассадағы ақша қаражаттарының қалдығын алу және ағымдағы күннің түсімін анықтау. |
13 |
Түгендеу тізіміне кассадағы ақша қаражаттарының қалдығын тіркеу (сатушы өткізілген тауарлар үшін ақша алған жағдайда). |
14 |
Түгендеу тізіміндегі аталған құндылықтардың барлығын комиссия жауапты тұлғаның қатысуымен тексерілгені және комиссияға шағым жоқтығы туралы қол қою. |
15 |
Түгендеудің алдын-ала нәтижелерін шығару. |
16 |
Кәсіпорын бухгалтериясына тауарлар бойынша түгендеу тізімін тапсыру. |
16a |
Кәсіпорынның бухгалтериясына басқа да (тауарлық, түгендеу комиссиясымен визаланған) құжаттарды тапсыру. |
17 |
Кәсіпорынның бухгалтериясында түгендеу материалдарын тексеру. |
18 |
Тауарлар бойынша салыстыру тізімдемесін жасау. |
19 |
Табылған жетіспеушілік жағдайында есеп айырысуларды жасау. |
20 |
Түгендеу нәтижелері
актісіне салыстыру тізімінің |
20a |
Түгендеу нәтижелері актісіне нормаланған жоғалтуларды есептеу мәліметтерін енгізу. |
21 |
Түгендеу нәтижелерін қарастыру. |
22 |
Түгендеу нәтижелері бойынша шешім қабылдау. |
Жоғарыда көрсетілген барлық жұмыстарды атқару бойынша орташа немесе күтілу мерзімін анықтау үшін 3 бағалауды ерекше көрсеткен қажет: Тmin – минималды; Твв – ең ықтимал; Тmax – максималды ұзақтылық мына формула бойынша:
Тс=(Tmin + Tвв + Tmax)/n
Жұмыстың қосынды ұзақтығының (оқиғаның басы мен аяғына дейін) максималды мәнін анықтайтын жол есептеледі және осы жолдан тыс жұмыстарына ресурстар (уақыт резервтері) анықталады.
Түгендеуді жүргізудің жалпыға белгіленген мерзімдері 1.3-кестеде көрсетілген . Түгендеу бақылаудың ең маңызды әдістемелік тәсілдерінің бірі болып табылатындықтан, ол тек қажетті жағдайларда ғана жүргізілуі тиіс. Жаңа меншік нысандарының пайда болуы мен кәсіпорындар қызметіндегі дербестіктің артуына байланысты бұл жағдай өзекті болып келеді. Көптеген субъектілер түгендеуді өткізумен байланысты шығындарды есептей келе, түгендеуді жиі өткізуден бас тартады. Олар жасалған ішкі ережелерге және «есеп беру жылындағы түгендеулер саны, өткізу күндері, оларды өткізу барысындағы мүлік пен міндеттемелер тізімі өз бетінше белгіленеді» деп көрсетілген 24-бухгалтерлік есеп стандартына сүйенеді.
Кесте-1.3
Түгендеу өткізу мерзімдері және олардың нәтижелерін көрсететін құжаттар
Түгендеу объектілері |
Ұсынылған өткізу мерзімі |
Нәтижелер көрсетілуі тиіс құжат |
Негізгі құралдар |
Жылдық бухгалтерлік есеп жасау алдында 3 жылда кемінде бір рет, бірақ есеп беру жылының 1 қазанынан ерте емес |
Негізгі құралдарды түгендеу тізімі |
Ақша қаражаттары, ақшалай құжаттар, құндылықтар мен қатаң есептілік бланктері |
Әр айда кемінде бір рет |
Ақша қаражаттарын түгендеу актісі |
Тауарлы-материал-дық құндылықтар (шикізат, материал-дар, қорлар) |
Жылдық бухгалтерлік
есептілікті жасау алдында |
Тауарларды, материал-дарды, ыдыстарды, ақша қаражаттарын түгендеу тізімі |
Қойма мен базадағы тауарлар:
|
Жылына кемінде бір рет Жылына кемінде екі рет |
Жауапкершілік сақтауға алынған (тапсырылған) тауарлы-материалдық құндылықтарды түгендеу тізімі. Түгендеу жарлығы. |
Дүкендердегі және басқа да бөлшек сауда кәсіпорында-рындағы, тауарлар мен ыдыс, соның ішінде кітап дүкендерінде |
Жылына кемінде бір рет
Жылына кемінде екі рет |
Тауарларды, материалдар-ды, ыдыстарды, ақша қаражаттарын түгендеу тізімі |
Қоймалардағы дайын өнім |
Жылдық бухгалтерлік
есептілікті жасау алдында |
Дайын өнім қалдығын түгендеу тізімі |
Өндірілген меншік-ті жартылай фабри-каттар және/немесе аяқталмаған өндіріс |
Жылдық есептіліктер мен баланстарды жасау алдында, бірақ есеп беру жылының 1 қазанынан ерте емес. Әкімшілікпен және жергілікті басқару органдарымен бекітілген мерзімде кезеңді түрде |
Аяқталмаған өндіріс және жартылай фабрикаттардың қалдықтарын түгендеу тізімі |
Банктермен есеп айырысу (есеп айы-рысу және басқа да шоттарды, несие-лер, бюджеттен алынған қаражат-тар бойынша, т.б.) |
Банктерден шот көшірмесі келген сайын, ал банкке инкассоға берілген есеп айырысу құжаттары бойынша әр айдың 1-ші жұлдызында |
Банктермен есеп айырысудың түгендеу тізімі |
Бюджетке және бюджеттен тыс қорларға төлемдер бойынша есеп айырысу |
Тоқсанында кемінде бір рет |
Бюджетке және бюджеттік емес ұйымдарға төлем бойынша есеп айырысу-дың түгендеу актісі |
Филиалдармен, өн-дірістік бірлестік-термен (дербес ба-лансқа бөлініп шы-ғарылған шаруашы-лық, бірлескен қыз-мет түрлері және оларға теңестіріл-ген басқалар) және есеп айырысу |
Әр айдың 1-ші жұлдызы |
Филиалдармен және т.б. есеп айырысу бойынша түгендеу актісі |
Дебиторлар мен кредиторлармен есеп айырысу |
Жылына кем дегенде екі рет |
Дебиторлармен және/немесе кредиторлар-мен есеп айырысу бойынша түгендеу актісі |
Аяқталмаған капи-талды жөндеуді қоса болашақ кезең шығындары |
Жылына кем дегенде бір рет |
Болашақ кезең шығындарын түгендеу актісі |
Инвестициялар немесе түрлі қаражат салымдары |
Жылдық бухгалтерлік
есептілікті жасау алдында |
Инвестициялар немесе түрлі
қаражат салымдары бойынша |
Кітапханалық қорлар |
Жылдық бухгалтерлік есептілікті жасау алдында 5 жылда кемінде бір рет, бірақ есеп беру жылының 1 қазанынан ерте емес |
Кітапханалық қорларды түгендеу тізімі |
Мұнай және мұнай өнімдері |
Айына кемінде бір рет |
Мұнай және мұнай өнімдерін түгендеу актісі |
Бағалы металдар мен алмаздар |
Жылына кем дегенде екі рет |
Бағалы металдарды, асыл тастарды, табиғи алмаз-дарды және олардан жасал-ған бұйымдарды түгендеу актісі |
Жас мал мен борда-қылаудағы мал, құстар, үй қоянда-ры, аралар және т.б. |
Тоқсанына кем дегенде бір рет |
Жас мал мен басқаларды түгендеу актісі (қажет бол-ғанда түгендеу тізімдемесі) |
Баланстың қалған баптары |
Есеп беру жылынан кейін-гі айдың 1-ші жұлдызында |
Мақсатына қарай акт немесе түгендеу тізімі |
Информация о работе Шаруашылық қорлардын түгендеу нәтижесін есепке алу