Шагын жане орта бизнес

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Сентября 2013 в 18:38, курсовая работа

Краткое описание

Соңғы жылдары шағын және орта бизнес Қазақстан Республикасының экономикасындағы ролі артып келе жатыр. 2002 жылы Қазақстандағы шағын және орта бизнес секторымен өндірілген жиынтық өнімдердің ЖІӨ - ге қатынасы 17% - ды құрады, ал 2003 жылы осы сектор субъектілерінің бұл макроэкономикалық индикаторындағы үлесі 20% - дан астам шамаға жетті.

Содержание

Кіріспе...........................................................................................

1.тарау. Өтпелі кезең жағдайында шағын және орта бизнесті дамытудың объективті қажеттілігін...........................
1.1 Шағын және орта бизнес түсінігі........................................
1.2 Қазақстан экономикасындағы шағын және орта бизнестің рөлі ............................................................................
1.3 Шағын және орта бизнесті дамытудағы нарықтық экономикалы елдердің тәжірибесі
2. тарау. ҚР шағын және орта бизнестің даму тенденциялары .............................................................................
2.1.ҚР – дағы шағын және орта бизнестің жағдайы.............
2.2. «Сұлтан» ЖШС – тің қазіргі жағдайы (сандық талдау)............................................................................................
3.тарау. ҚР – дағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту проблемалары................................................................................
3.1. «Сұлтан» ЖШС мысалдағы дағдарысқа қарсы басқару...........................................................................................
3.2.ҚР – дағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту проблемалары мен оларды шешу жолдары............................
Қорытынды....................................................................................
Қолданылған әдебиеттер.............................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Шағын және орта бизнес.docx

— 289.61 Кб (Скачать документ)

                                 Мазмұны

 

Кіріспе...........................................................................................

 

1.тарау.  Өтпелі кезең жағдайында  шағын және орта бизнесті дамытудың  объективті қажеттілігін...........................

1.1 Шағын және орта бизнес  түсінігі........................................

1.2 Қазақстан экономикасындағы  шағын және орта бизнестің  рөлі ............................................................................

1.3 Шағын және орта бизнесті  дамытудағы нарықтық экономикалы  елдердің тәжірибесі 

2. тарау. ҚР  шағын  және  орта  бизнестің  даму  тенденциялары  .............................................................................

2.1.ҚР – дағы  шағын  және  орта  бизнестің  жағдайы.............

2.2. «Сұлтан» ЖШС – тің қазіргі   жағдайы  (сандық талдау)............................................................................................

3.тарау. ҚР – дағы шағын   және орта  кәсіпкерлікті  дамыту  проблемалары................................................................................

3.1. «Сұлтан» ЖШС мысалдағы   дағдарысқа  қарсы басқару...........................................................................................

3.2.ҚР – дағы  шағын  және  орта кәсіпкерлікті  дамыту  проблемалары  мен  оларды  шешу  жолдары............................

 

Қорытынды....................................................................................

Қолданылған  әдебиеттер.............................................................

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

К і р і с п е

 

 Бітіру  жұмысы тақырыбының   өзектілігі. Соңғы жылдары   шағын және  орта  бизнес  Қазақстан Республикасының экономикасындағы  ролі  артып келе  жатыр. 2002 жылы Қазақстандағы шағын және  орта бизнес  секторымен  өндірілген  жиынтық өнімдердің  ЖІӨ - ге қатынасы  17%  - ды құрады, ал 2003 жылы осы сектор   субъектілерінің бұл макроэкономикалық   индикаторындағы   үлесі 20% - дан астам шамаға  жетті. Осы статистикалық мәліметтер  көрсетіп  отырғандай  шағын және  орта  кәсіпкерлік секторының қазақстан экономикасындағы  маңыздылығы барған  сайын салмақты  болып келеді.  2004 жылғы осы сектордың ЖІӨ - ге қатынасының болжамды  көсеткіш  деңгейі 30% (бұл көрсеткіш бағдар  ретінде ҚР – ның президентімен өткен жылы халыққа жолдауында  қарастырылып, бекітілген).

Бәрімізге мәлім  кәсіпкерлік  секторы  экономиканың  диверсификациялауға, тұрақты  қарқындармен  дамытуға  мүмкіндік  береді. Осы  тенденция біздің  елімізде  қалыптаса  қойған  жоқ.  Сондай – ақ жоғарыдағы  үлестік  көрсеткіштер дамыған  мемлекеттердің  экономикасымен салыстырғанда   мардымсыз  болып  табылады. Мұндай  жағдайдың  қалыптасуы  мемлекеттік  реттеу  мен қолдауға  және  шағын  бизнес  пен  орта  кәсіпкерліктің  ішкі  және  сыртқы  орталарына  қатысты  әралуан  аспектілі   қиындықтары  мен  проблемаларына  байланысты.

Сондықтан   осы  ғылыми  жұмыстың  өзектілігі  жоғарыда  аталған  әртүрлі  аспектідегі  проблемаларды  және  оларды  шешу  жолдарын  зерттеумен  анықталады.

Сонымен  қатар  шағын  жәнеи орта  бизнес  секторының  бүкіл  әлемдік  сауда  ұйымына (БСҰ) кіруіне  байланысты проблемаларды  зерттеу  осы  бітіру  жұмысының  өзектілігін  анықтайды.

Халықаралық  сыртқы  ортаға  қатысты  бүкіл  потенциялды қиындық  қазіргі  кезде  өте  белсенді  талқылануының  себебі, шағын  және  орта  бизнестің  тек  қана ішкі  рынокқа  бағдарлануына   байланысты  бәсекелік  қабілеттің  төмендігінде.  Сондықтан егер  біздің  еліміз БСҰ – ына кірсе, онда  осы  сектордың  елімізде  экономикамызды  әртараптандыруға  мүмкіндігі  болмай  қалады. Осыған орай осы әлемдік  ұйымға  кірер  алдында  осы сектордың  бәсекелік  қабілеттерін  жоғарлатуға  бағытталған. Дамыту  жолдарын зерттеу жоғарыда  аталғандай,  осы  зерттеу  жұмысының  тақырыбының  өзектілігін  баянды  етеді.

Бітіру  жұмысының  мақсаты. Шағын және   орта  кәсіпкерліктің  дамуында  кедергі болып тұрған  проблемаларды қарастырып, оларды шешу  жолдары арқылы  осы секторды  дамыту  жолдан  зерттеу болып табылады. 

Зерттеу  жұмысының  мәні. Бұл ғылыми  жұмыстың  зерттеу пәні  ҚР – дағы шағын және  орта  бизнес  секторының  субъектілері мен олардың қызметтерінің жағдайын (яғни кәсіпкерліктің  объектісін) зерттеу, сондай – ақ осы сектордың дамуындағы  проблемалар. Сондай – ақ «Сұлтан» ЖШС –і.

Бітіру жұмысының  міндеттері:

  1. Шағын  және орта  бизнестің  экономикалық  жүйедегі  дамытудың  варианттарын  зерттеу  арқылы ролін  қарастыру;
  2. Шағын және  орта  бизнес  субъектілерінің  түрлі  аспектідегі  қиындықтары  мен  проблемаларын  терең  талдау  мен  сипаттамаларын  бітіріп  кету;
  3. Терең  талдау  негізіндегі  проблемаларды  шешу  жолдарын  зертеу  арқылы  ҚР –дағы  шағын  және  орта  бизнес субъектілерін  дамыту  жолдарын  әзірлеу.

Бітіру  жұмысының  маңыздылығы. Бұл ғылыми  жұмыстың  теориялық маңыздылығы қазіргі жағдайда  өте жоғары.  Сондай – ақ бұл бітіру  жұмысныда тәжірибелік маңыздылығы да  бар. Оның  тәжірибелік маңыздылығы қазіргі таңдағы шағын және  орта  бизнестің қамтуындағы проблемалармен  қиындықтарды  шешу  жолдарының шынайы  өмірге,  жүзеге  асырулары бойынша рекомендацияларды ұсынумен   анықталады.

Сонымен  бірге  2.2. сұрағындағы  «Сұлтан» серіктестігінің қаржылық – экономикалық  жағдайын  талдауды  несиелік  ресурстарды  тартуға  қолданудың  мүмкіндігі де осы  бітіру  жұмысының  тәжірибелік  маңыздылығын анықтайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. Тарау.  Өтпелі кезең жағдайында шағын  және орта бизнсті дамытудың  объективті қажеттілігі.

1.1 Шағын  және орта бизнес түсінігі.

 

Шағын және орта бизнес түсінігінің мәнін ашпас  бұрын, алдымен оның қалыптасу көздерін анықтап алу керек. Экономикалық теорияда кәсіпкерліктің алғашқы анықтамасына қатысты қайшылықтар бар. Көптеген теоретиктер кәсіпкерліктің шығуын франсуз экономисі Р.Контильион (18ғ) есімімен байланыстырады, ол кәсіпкерлікті  сипаттайтын функйионалдық негізі ретінде тәуекелділікті ұсынады, яғни кәсіпкерлік-тәуекелділікпен байланысты болып келетін адамдардың қызметі2. Бірақ соңғы уақытта кейбір теоретиктер әйгілі араб ойшылы Ибн-Кальдунның кәсіпкерлік теориясын ұстанады, «касб» түсінігі негізгі құраушы категория деңгейіне дейін көтерілген3.

Кейбіреулері  болса, шағын бизнес барлық ежелгі мәдениетте дамыған деп тұжырымдайды. Бұл  істе арабтар, вавилондықтар, египеттіктер, иудилер, гректер, финикшілер және римдіктер  ерекшеленген. Мұнын дәлелі тұтынушылар  мен кәсіпкерлерді қорғауға бағытталған  Хамураппи заңдары болып табылады4. Қазіргі уақыттағы алдынғы қатарлы ғылыми-техника дамудың теоретигі Кристофер Фример және менеджмент теоретигі Питер Друпердің айтулары бойынша кәсіпкерліктің кезектілік теориясынан ұсынған, оны алғаш зерттеген Иозеор Шулепеттер болып табылады. Теорияның мәні келесіде, кәсіпкерлік-экономикалық дамуда қозғалтатын өзіндік элемент.

Сонымен, қазіргі ұрпақ теоретиктеріне кәсіпкерліктің алғашқы пайда болу төңірегіндегі  сұрақтарын бірнеше рет қарастыруларына  тура келеді, бұл бір қатар экономистер  мен студенттерді дұрыс емес бағытта  талқылауды қорғайды.

Кәсіпкерліктің  анықтамасынан тоқталмас бұрын  кәсіпкерлікті қандай категорияға  жатқызу керек екендігін нақтылап алайық.

Одақтық Республикалардың тәжірибесінде экономиканы құрамдас элементтерге шартты бөлудің дәстүрлі жүйесі кеңінен қолданылған, ол халық  шаруашылығының даму бағытын және заңдылығын  жан-жақты танып білуге мүмкіндік  береді, сондай-ақ жаңадан қаклыптасқан мәселелерді өз кезеңінде байқауға және олардың жедел шешілуі бойынша  шаралар қолдануға мүмкіндік  береді.

Қазіргі уақытта  нарықтық қатынастар жүйесінде кәсіпорындар келесідей айрықша ерекшеліктерімен сипатталады, мөлшері, жұмыс істеушілер саны, қай салаға жататындығы, негізгі  және айналым қорларының құны, шығарылатын  өнім көлемі.                    

Сонымен кәсіпорындардың  үш түрін бөліп көрсетуге болады: ірі, орта және шағын. Олардың кешені бірін-бірі толықтыра отырып, экономиканың тұтас ағзасын құрайды.

Ірі кәсіпорындар – нарыққа негізгі өнім шығарушылар  болып табылады. Ірі кәсіпорындар – эконамика «қаңқасы», экономикалық тұрақтылықтың базисі.

Шағын және орта кәсіпорындар, үнемі жаңарып  тұратын номенклатурасымен және ассартиментімен, аз ғана партияда өнім дайындау, шектеулі тұтынушылар жағдайында елеусіз материалдар мен шикі затты қолдану қажет болған жағдайда пайда болады. Сонымен, шағын кәсіпорындар нарықтың салыстырмалы толған кезінде  жекелеген тапсырыстарды есепке алып өнімді аяқтайды, яғни ұсақ – түйек  өнімдер өндіріледі. Сонымен қатар, шағын кәсіпорындар қызметтің барлық саласында нолдік нәтиже алумен байланысты жоғары тәуекелге ие болып табылады. Бұл әрі инновациялық қызмет, әрі  жаңа технологияны игеру. Өнімнің  жаңа түрін игеру. Шағын кәсіпорындардың  капиталымен тәуекел, іріге қарағанда  қоғамға аз шығындар алып келеді, сондықтан  мемлекет шағын кәсіпорындарды құру және дамыту үшін арнайы жеңілдіктер  тәртібін тағайындау керек.

Сондай-ақ шағын бизнес сферасына өздерінің  тәуелсіз меншігі бар, шаруашылық еркіндікке ие және өз қызметі сферасында үстемдік етпейтін фирмалар жатады. Көптеген шетелдік зерттеулер шағын кәсіпорындарға 500 адамнан аспайтын жұмысшылар бар  және сату көлемі 20 млн доллардан  аспайтын фирмаларды жатқызады. Бірақ  бұл көрсеткіштер шартты болып табылады.

Қазақстанда шағын және орта бизнеске бірнеше  инвесторлармен құрылатын, географиялық шектелген зоналарда қызмет ететін және нарықтың шектеулі үлесіне ие, басқаруды құрушылар жүзеге асыратын, барлық негізгі стратегиялық шешімдерді өздері қабылдайтын кәсіпорындар жатады. Басқару сипаты икемділігімен, форьмалділіктің  жоқтығымен шешімін қабылдау барысында, өндіріс саласындада, басқару саласындада  жұмысшылардың өз-ара алмасуының жоғарылығымен ерекшеленеді.

Нарықтық  экономиканың шаруашылық жүргізуші  субъектілерде «кәсіпкерлік» және «бизнес» ұғымдары өзара тығыз байланысты.  Кәсіпкерлік пен бизнесті экономикалық қызметтің бір түрі ретінде қарастыра  отырып, отандық және шетелдік зерттеушілердің  айтулары бойынша, бұл терминдер - өндіру немесе алу және тауарларды сату, басқа  тауарларға айырбастау үшін қызмет көрсету  немесе жай қызмет көрсету, серіктестіктер арасында екі жақты пайда табу негізіндегі ақшалар арқылы пайда  табуға  бағытталған, жеке тұлғалармен, кәсінорындармен немесе ұйымдармен жүзеге асырылатын ( тек заңмен тыйым  салынбаған ) еркін шаруашылықты білдіреді.

Бірақ «кәсіпкерлік»  және «бизнес»  түсініктері экономикалық тұрғыдан қарастырғанда синонимдер болып табылады. « Бизнес » түсінігі экономикалық тұрғыдан қарағанда кеңірек. Шетелдік әдебиеттерде нарықтық экономика  бойынша бизнес қағамның қажеттілігін қамтамасыз ететуге қажетті өндіріс  жүйесі ретінде анықталады.Бизнес нарықтық экономиканы барлық қатысушыларының  арасындағы қатынастарды қамтиды және тек қана  жалдамалы жұмысшылардың  да, мемлекеттік құрылым қызметкерлерінің де қызметтерін қамтиды. Жалпы түрде  бизнес – бұл нарықтық қатыныстар жүйесіндегі адамдардың іскерлік белсенділіктері. Ал, кәсіпкерлік қызмет бизнестің бір формасы ретінде қарастырылады және оның әр түрлі сфераларында жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне  сәйкес ( жалпы бөлім ): « кәсіпкерлік  – азаматтар мен заңды тұлғалардың  меншік нысанына қарамастан, тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранысты қанағаттандыру арқылы пайда табуға бағытталған, жеке меншік немесе мемлекеттік кәсіпорындарды  шаруашылық басқару құқығына негізделген  ынталы қызметі. Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкердің өз атынан, өз тәуекелімен  және өзінің мүліктік жауапкершілігімен  жүзеге асырылады »5.

Соған қарамастан, тәжірбиеде « кәсіпкерлік » пен  « бизнес » терминдері бірін –  бірі алмастыруды. Нақтылап кететін  жағдай, « кәсіпкерлік » және «  шағын бизнес » бірі – біріне синоним бола алады. Өйткені, шағын  бизнес кәсіпкерлік пен айналысатын  шағын кәсіпорындардың қызметін қарастырады. Әрі қарай, мен, осы  дәстүрлі қалыптасқан көзқарасты ұстанатын  боламын. Бәрімізге белгілі, шағын  және орта бизнесте жеке секторлар  басшылық етеді. Өзінің кәсіпорынын ашу барысында адамдарды не қозғайды? Келесідей себептерді бөліп көрсетеді пайда табу, қоғамның әлеуметтік, экономикалықжәне материалдық жағдайын жақсарту. Басқалардың ішінде кәсіпкерлік қызметпен айналысудың  мативі ретінде келесілерді көрсету керек: тұлғалардың өзін - өзі қалыптастыру мүмкіндігі, шаруашылық процеске халық қаржысының бір бөлігін қосу, қосымша және басқада ресурстарды қосу, азаматтардың өз табыстарын заңды жолмен арттыруға ұмытылу.

 

Шағын және орта бизнестің артықшылықтары мен ерекшеліктері.

 

Көптеген  адамдардың ойы бойынша, нарыққа  тек ірі капиталы бар кәсіпорындар ғана қол жеткізулері мүмкін, ал шағын және орта кәсіпорындар үшін орын жоқ. Басты аргумент ретінде  шағын бизнестің қуатты ірі компаниялармен бәсекелестікке түсе алмаитындығы. Ал,  егер дұрыс тұрғыдан қарастырсақ, шағын  бизнестің тиімді бәсекелес болуының бірнеше себебін көрсетуге болады. Біріншіден, шағын кәсіпорындыр үшін 0,5 – 1 жыл ішінде өздерінің стратегияларын өзгерту қиындық тудырмаиды, ал ірі  кәсіпорындар үшін 5 – 6 жыл қажет. Екіншіден  көпшілігі қателесіп инновация  ірі кәсіпорындардан жүреді деп  ойлайды, ал статистика болса, Екінші Дүние  Жүзілік соғыстан кейін 95 % инновациялық технология шағын және орта бизнес сфераларынан шыққанын көрсетіп отыр. Шағын кәсіпорындардың ірі кәсіпорындарға қарағанда капиталының күйіп  кету тәуекелі төменірек, жәнеде әртүрлі  инновациялық технологияларды енгізуден  қорықпайды.

Информация о работе Шагын жане орта бизнес