Саяси партиялар және олардың жіктелуі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Декабря 2013 в 15:47, реферат

Краткое описание

Саяси партиялардың құрылуы – мемлекеттің саяси институттарының нығая түскендігінің белгісі. Партиялық құрылымдардың калыптасуының кәсіби кезеңі басталды. Мұның мемлекет үшін қажеттігі бар. Саяси партиялар осы терминнің қазіргі ұғымында алғаш рет Еуропада пайда болды. Сонда буржуазиялық революциялармен тығыз байланыста сайланбалы өкілдер арқылы жүзеге асырылған халық өкіметі жүйесі – халықтық өкілдіктер құрылған болатын.

Содержание

І. Кіріспе.
Саяси партия ұғымы.
ІІ. Негізгі бөлім:
А) Әлемдегі саяси партиялардың атқаратын қызметі
Ә) Шетелдердегі саяси партия
Б) ҚР-дағы саяси партиялардың қазіргі жағдайы
В) ҚР-дағы саяси партиялар жүйесі
ІІІ. Қорытынды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Саясаттану.doc

— 87.50 Кб (Скачать документ)

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті

Педагогика, психилогия және өнер факультеті

 

 

 

Тақырыбы:  Саяси партиялар және олардың жіктелуі.

 

Орындаған:  Аманова Э.И. (ПИМНО,201)

Тексерген:    Лұқпанов А.Ә.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                               Атырау – 2013

Жоспары:

І. Кіріспе.

   Саяси партия ұғымы.

ІІ. Негізгі  бөлім:

 А) Әлемдегі саяси партиялардың атқаратын қызметі

 Ә) Шетелдердегі саяси партия

 Б) ҚР-дағы саяси партиялардың қазіргі  жағдайы

 В) ҚР-дағы саяси партиялар жүйесі

ІІІ. Қорытынды.

 

Саяси партиялардың құрылуы  – мемлекеттің саяси институттарының  нығая түскендігінің белгісі. Партиялық  құрылымдардың калыптасуының кәсіби кезеңі басталды. Мұның мемлекет үшін қажеттігі бар. Саяси партиялар осы терминнің қазіргі ұғымында алғаш рет Еуропада пайда болды. Сонда буржуазиялық революциялармен тығыз байланыста сайланбалы өкілдер арқылы жүзеге асырылған халық өкіметі жүйесі – халықтық өкілдіктер құрылған болатын. Әрі қоғам екіге жарылып, әлеуметтік қайшылықтар тереңдеп, мемлекеттің саяси өміріне бұқараның белсенді араласуы партия рөлін арттырып, өз кезегінде партиялар демократиялық мемлекеттің негізгі саяси тұлғасына әрі ажырамас бөлігіне айнала бастайды.

Саяси партия мемлекет басындағыларды біржақты жақтау үшін, не болмаса біржақты жамандау үшін тумайды. Ол қоғамдағы процестерді реттеуге араласу үшін туады. Қоғамда биліктен өзге, бірақ билікке әсер ете алатын институттар болуы тиіс. Олардың қатарына саяси партиялар жатады. Сонда халыққа жасалатын игіліке билік басындағылар бөгет болса, оларға партия қарсы тұрады. Ал билік басындағылар халыққа игілік әкеліп жатса, партия оларды қолдайды.

Сонымен қатар өзге қоғамдық бірлестіктерден (кәсіподақтар, мәдени және діни қоғамдар, экологиялық ұйымдар, кәсіпкерлер одақтары, қайрымдылқ және бейбітшілік қорлары, мүдделілік жөніндегі қауымдастықтар және т.б.) партияның айырмашылығы ол мемлекет басқаруға тікелей мүмкіндік беретін парламенттегі және өкіметтегі орындар үшін ашықтан-ашық күреседі. Сөйтіп, партиялар сайлауларға, мемлекеттік маңызды шешімдер қабылдауға және оларды іс жүзінде асыруға белсене қатынасады.

Әлемдегі саяси партиялардың атқаратын қызметі туралы айтпас бұрын, алдымен оның түпкі мәнін, қызметін ажыратып алудың маңызы зор:

1) Бұл ең алдымен  партияның көздеген мақсатында  көрініс табады. Сонымен қатар  партия сайлауда өздерін жақтап  дауыс берген жақтастарының мүдделерін  қоғауға айрықша мән береді.

2) Саяси партиялардың  мәні оның қызметінде таңбаланады:

    а) партияның саяси бағдарын белгілейтін бағдарламасын жасау;

    ә) партияның мақсаты, міндеттері, стратегиясы, тактикасы, сайлаушылар арасындағы іс жүзіндегі нәтижелері жөніндегі ақпараттар тарату, сондай-ақ партияға жаңа мүшелер тарту;

    б) мемлекеттік өкімет органдарын құруға партияның араласуы және олардың қызметтеріне бақылау жасау;

    в) қоғамдық түрлі әлеуметтік кикілжіңдерді шешуде, елде азаматтық бітім мен келісімге келуге мемлекеттік органдарға жәрдем беру;

    г) қоғамның белсенді дамуына, прогреске жеткізетін әлеуметтік-психологиялық ахуал орнауына атсалысу;

     ғ) өзара қарым-қатынастарда келісімге жету үшін мемлекеттік құрылымдар мен азаматтар арасындағы «тура» және «кері» байланыстардың дамуына араласу;

    д) елдің халықаралық беделінің артуына және халықаралық қарым-қатынастарының дамуына жәрдем беру;

    е) партия мүшелері арасындағы белсенді жұмыстар және т.б.

Мемлекеттік өкімет органдарына  сайлауға ұсынылған кандидаттарға  дауыс беруші партия жақтастары оның электоратын құрайды.

Саяси партиялардың ұйымдық құрылымдары өз кезегінде бірқатар факторларға тәуелді болады. Партиялардың өзіндік ерекшеліктері, олардың тарихи және ұлттық ерекшеліктері де бар. Ұйымдық құрылымдарына қарай партиялар: ұйымдық қалыптасқан және ұйымдық қалыптаспаған партиялар болып екіге бөлінеді. Бірінші топқа жататын партиялар әдетте сан жағынан аса үлкен емес. Мұндай партия мен мүшелері арасында ұйымдық байланыс бар, партия нақты ұйымдастырылуымен және тәртібімен ерекшеленеді. Партияның әрбір мүшесі партия билетіне ие болып, мүшелік жараналарын уақыттында төлейді, партия жарғысында қарастырылған барлық тәртіп талаптарына қатаң түрде бағынады. Мұнай партияларды «кадрлық партиялар» деп те атайды. Олардың кәсіби орталық аппараты бар. Бұл партияның жекелей де ұжымдық та мүшелері бар. Ұйымдық қалыптасқан партияларға әртүрлі қоғамдық бірлестіктер – кәсіподақтар, жастар, әйелдер және басқа да қоғамдық ұйымдар қосылуы немесе құрамына кіруі мүмкін. Мысалы, француз коммунистік партиясына Жалпыға ортақ еңбек конфедерациялық кәсіподақтар бірлестігі қосылса, Британ лейбористік партиясының құрамына британ тредюниондары (кәсіподақтар) енеді. Аталаған партиялар тобына, сондай-ақ Австрия халықаралық партиясы. Үндістан ұлттық конгресі (И), ГФР-дың христиандық-демократиялық одағы, Швеция орталық партиясы, Жапония либералдық-демократиялық партиясы және басқалар кіреді.

Ұйымдық қалыпсатпаған  партиялардың басты ерекшелігі оларда ресми мүшелік болмайды. Мұндай партияға мүше болып табылатындардың партиямен  ұйымдық байланысы жоқ, оларда партбилет  жоқ, өту және мүшелік жарнасын төлемейді, партиялық ортақ тәртіпке бағынышты емес. Мұндай партиялардың мүшелері сайлауларда әлгі партияға дауыс берушілер болып табылады. Сонымен қатар ұйымдық қалыптаспаған партияларда ресми мүшелердің орнын осы партияның саясатын жүзеге асыруда басты рөл атқаратын кәсібилер мен белсенділердің құралған аумақтық ақпарат басады. Аталмыш партиялардың қызметі ең алымен сайлау күресіне, сайлаушылар дауысын қармап қалауға бағытталады.

Ұйымдық қалыптаспаған  партияның айқын мысалы ретінде  АҚШ-тың республикалық және демократиялық партияларын алуға болады. Екеуі де үлкен ұйымдар. Тиісті партиялар тізіміне сайлауларда дауыс беруші барлық сайлаушылар әлгі партияның мүшесі болып есептелінеді. Партия мен оның мүшелері арасында ұйымдық байланыс болмайды. Бұл партиялардың аппарттарының ұйымдық құрылымы аса күрделі де қым-қуат. Тұтастай алғанада ол ең алдымен сайлаудағы күрестерге лайықталған. Аумақтық партиялық құрылымдардың сайлау округтері орналасуымен сәйкес келуі де осыдан.

Ресми партиялық тетік  жеке әрекеттік ұйымдармен толығып жатады. Бұларға, мысал үшін, Калифорния республикалық ассамблеясы, Калифорния демократиялық кеңесі жатады. Президент сайлау кезінде «Тәуелсіздер Никсон үшін», «Заңгерлер Хемфри үшін», «Бизнесмендер Кеннеди үшін» және т.б. ұйымдар құрылған.

Шетелдердегі саяси  партиялардың әркелкілігі. Әлемдік  іс-тәжірибе көрсетіп отырғандай, саяси  партиялардың орнығуы, жетілуі тоқтаусыз  жүріп жатыр. Егер ХІХ ғасырдағы  конституцияларда қоғамдық-саяси және мемлекет өмірінде елеулі ықпал бола тұра саяси партияларға пәлендей мән берілмесе, ал қазір олар толыққанды конституциялық-құқылық институттар құрып отыр. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі шетелдерде қабылданған барлық конституциялардың барлығында дерлік саяси партиялар жөнінде ережелер бар.

Шетелдерде саяси партяларды заңды инстиуализациялау әдетте саяси партиялар мәртебесіне  төмендегі маңызды элементтерді қамтиды:

1) Саяси партиялар  түсінігі, саяси жүйе мен мемлекеттік  механизмдегі оның     орны мен рөлін белгілеу;

2) Партия қызметін  құру мен тоқтату тәртібі мен шарты;

3) Партия идеологиясы  мен бағдарламалық тәртібіне  қойылатын талаптар;

4) Партияның ұйымдық  құрылымы мен қызмет тәртібіне  талаптар;

5) Партияның қаржылық  – экономикалық базасы;

6) Бұқаралық өкіметпен  қарым – қатынастары;

7) Сайлауға қатынасуы;

8) Мемлекеттік және  жергілікті өзін-өзі басқарудағы  өкілетті органдар қызметіне  қатынасуы.

Егер ұйым ұлттық саяси  партия ретінде тіркелгісі келсе, онда міндетті түрде қызметінің принциптер жиынтығын, бағдарламасы мен жарғысын тапсыруы қажет. Декларацияда конституция мен мемлекет заңдылығын сақтауға: саяси, экономикалық және әлеуметтік салаларда идеологиялық негіздер, халықаралық ұйымдар мен шетелдік мекемелер немесе саяси партиялар ықпалына түсіп кетпеуге; бейбіт және демокартиялық жолдармен қызмет жасауға міндеттіліктер қамтылған. Қызмет бағдарламасына принциптерді жүзеге асыру және көздеген нысанаға жету, ұлттық проблемаларды шешудегі саяси ұсыныстар, сондай-ақ партия мүшелеріне идеологиялық басшылық жасау әдістерін беру, сайлауға қатынасуға жұмылдыру енеді. Жарғыда бірқатар міндетті реквизиттерді, соның ішінде кандидаттарды сайланбалы мемлекеттік органдарға ашық ұсынуды қарастыруы керек. Заң сондай-ақ жарғыда партия органдарының жүйесін ашық көрсетуді көздейді.

Заңға сәйкес саяси  партия Федеральдық сайлау комиссиясында тіркеледі. Партиялардың айталық: радио мен теледидарға тұрақты шығуы, басылымдарға жариялануы үшін қаржысы, сайлау науқанына қаржысы, алым-салықтардан босатылуы, байланыс-телеграфқа жеңілдіктері сияқты құқықтар мен міндеттерді заңда айқын белгіленеді. Ұлттық саяси қауымдастықтар идеялары талқыланып, идеологияны таратуға лайықталған азаматтық бірлестіктер болып табылады. Алайда, олар сайлауларға тек партиялармен блок құру арқылы ғана қатынаса алады.

Шетелдерде  партиялар аумақтық принцип бойынша құрылады, партия ұйымдарының құрылымдары сайлау округтерімен және елдің саяси-аумақтық бөлінуімен белгіленеді. Сонымен қатар аумақты-өндірістік үрдістің де кездесіп қалатыны бар. Әдетте, бұл коммунистік партияларға тән. Бірқатар елдерде сайлау науқанында тең жағдайды қамтамасыз ету үшін партиялардың мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатыны да болады. Мысалы, Дания, Германия, Италия, Швеция, Норвегия, Финляндия және т.б. елдерде сондай. Бірқатар елдердің (Ұлыбритания, Германия, Франция, Үндістан) заңдарында радио мен теледидарды кеңінен пайдалануға зор құқық белгіленген.

Елімізде демократиялық  қоғам және құқықтық мемлекет құру кезеңінде саяси партиялардың тиімді қызмет атқаруы үшін құқылық базаларын  қалыптастыру ерекше маңызды. Қазіргі  уақытта республикамызда заңда белгіленген тәртіппен тіркелген 15-ке тарта саяси партия бар. Отан, Социалистік партия, Қазақстан халық конгресс партиясы, Демократиялық партия және Қазақстан халық бірлігі партиясы. Бұлардың қызметтері қоғамдық білестіктер жөніндегі заңмен реттеліп отырады. Сонымен қатар саяси партиялар жөніндегі арнаулы заң қабылау қажеттілігі де туындап отыр.

Қазақстанның  партиялық жүйесі қазіргі кезде  өтпелі кезеңді бастан кешіріп отыр және бұл жаңа әлеуметтік топтардың, ең бастысы, бизнес-элитаның белсенділігінің нәтижесі екендігін білеміз. Басқаша айтқанда, кейбір «қысым көрсетуші» топтардың, мысалы «Ақ жол» ҚДП-ның жартылай өзгеруі айдан анық көрініп тұр. Саяси сала сапалылығы жағынан өзгеріп келеді деуге болады, және оған себеп тек жаңа ойыншылардың пайда болуы ғана емес, сонымен қатар ескі қатысушылардың да өзгеруі. Және бұл кәдімгі даму кезеңі, мұнда асығыс болмауы тиіс, алайда тежелудің де қажеті жоқ, өйткені бұл жалпы саяси жүйе үшін қауіпті. Тәуелсіз Қазақстанның партиялық жүйесі ондаған жылдар бойы қалыптасып келеді. Өткен ғасырдың 90-жылдарында республика шеңберінде көппартиялы саяси жүйе тәжірибе жүзінде қолданымда болған жоқ, өткен кеңес дәуірінің саясаты мен азаматтық қоғамның дамымағандығы әсер етті. Қазақстан Республикасының партиялық жүйесінде сапалық даму үрдісі 90-жылдардың екінші жартысында байқалды, бұл кезде кейбір әлеуметтік топтар өз мүдделерін жариялау және қорғау қажеттілігін сезініп партия атты саяси ұйымдарға бірлесе бастады. Партиялық құрылыстың алғашқы қадамдары дәл Алматы қаласында жүзеге асырылды, саяси өмірдің орталығы да дәл осында. Тіпті, Елорданы ауыстырғаннан соң да партиялық қызметтің белсенді орталығы мен саяси белсенді тұрғындардың басым бөлігі осы қалада қалды.

ҚР-дағы саяси партиялар жүйесіне тоқталайық:

  1. «НҰР ОТАН» Халықтық-Демократиялық партиясы. Төрағасы – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Төрағаның бірінші орынбасары – Бахытжан Тұрсынұлы Жұмағұлов. «Отан» республикалық саяси партиясы 1999 жылдың қаңтарында құрылып, сол жылғы 12 ақпанда Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуден өтті. Партия мүшелерінің саны 607 557 адамды құрайды. «Нұр Отан» партиясының бөлімшелері Қазақстанның барлық облыстарында, Астана және Алматы қалаларында бар. Партия қоғамды одан әрі демократияландыруға бағытталған экономикалық және саяси реформаларды жүзеге асыруға; азаматтардың өмір сүру деңгейін көтеруге; әлеуметтік әділеттік орнатуға және елімізде тұрақтылықты сақтауға; ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға; Қазақстан Республикасының жан-жақты және үйлесімді дамуы үшін азаматтардың отансүйгіштігі мен жауапкершілігін тәрбиелеуге белсенді ықпал етуді басты мақсаттары етіп жариялады. Мәжілісте «Нұр Отан» парламенттік көпшілікке ие. 2007 жылы өткен Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша «Нұр Отан» 88,41% дауыс иеленіп, Парламенттің төменгі палатасына партиядан 98 депутат сайланды.Партияның басты мақсаты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қайта өңдеу өнеркәсібін, жоғары технологиялық ғылыми өндірістерді дамыған деңгейге жеткізуге, әлеуметтік мәселелерді (зейнетақы көлемін ұлғайту, ең төменгі жалақы көлемін ұлғайту, мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын арттыру) шешуге бағытталған реформалық саясатын ресми түрде қолдау болып табылады.
  2. Қазақстан коммунистік партиясы. Партияның бірінші хатшысы – Серікболсын Әбділдәұлы Әбділдин. Партия 1998 жылғы 27 тамызда тіркелген, 2003 жылғы 20 наурызда қайта тіркеуден өтті. ҚКП-ның мүшелерінің саны 54 246 адамды құрайды. Партияның бөлімшелері республиканың барлық облыстарында бар. Партия республикада ғылыми социализм қағидаларына негізделген еркіндік және әлеуметтік әділетті қоғам құруға жағдай жасауды; коммунистік қоғамдық құрылысты қалыптастыруды өзінің негізгі мақсаты етіп санайды. 2004 жылы өткен Мәжіліс сайлауына Қазақстанның коммунистік партиясы партиялық тізім бойынша 3,44% дауыс жинаған «Коммунистердің халықтық оппозициялық одағы және ҚДТ» сайлау блогының құрамында қатысты. Партия 2007 жылғы Мәжіліс сайлауына қатысқан жоқ.     
  3. Қазақстан коммунистік Халықтық партиясы. Бірінші хатшысы – Владимир Борисович Косарев. 2004 жылғы 21 маусымда мемлекеттік тіркеуден өтті. Тіркеуден өту кезеңінде партия сапы 90 мың адам құрады. Партияның саяси платформасына сәйкес, ҚКХП-ның қызметі қоғамдық дамудың жаңа жағдайына бейімделген маркстік-лениндік идеологияға негізделген. 2004 жылғы Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша партия 1,98% дауыс алды. Үшінші шақырылымдағы Мәжілісте партияның депутаттары болған жоқ. 2007 жылғы Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша ҚКХП 1,29% дауыс жинады.
  4. Қазақстанның «Ауыл» социал-демократиялық партиясы. Партия төрағасы – Ғани Әлімұлы Қалиев. Партия 2002 жылғы 1 наурызда тіркелген. 2003 жылғы 2 сәуірде партия қайта тіркеуден өтті. Тіркеуден өту кезеңінде партия мүшелерінің саны 61 043 адамды құрады. Қазақстанның барлық облыстарында партияның құрылымдық бөлімшелері бар. Партия мақсаттары: мемлекеттік реттеуді және агросекторды қолдауды күшейту; ауыл еңбеккерлерінің мүдделерін қорғау; қоғамды одан әрі демократияландыруға бағытталған экономикалық және саяси реформаларды жүзеге асыруға белсенді ықпал ету; экономиканың барлық салаларында нарықтық қатынастардың негізді формаларын жүзеге асыру. Партия 2004 жылғы парламенттік сайлауға қатысты, алайда үшінші шақырылымдағы Мәжілісте бірде-бір депутаттық мандатты иелене алмады. 2007 жылғы Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша «Ауыл» партиясы 1,51% дауыс жинады.
  5. Қазақстанның патроиоттар партиясы. Партия төрағасы – Ғани Есенкелдіұлы Қасымов. Партия 2000 жылғы 4 тамызда тіркелген, 2003 жылғы 21 наурызда қайта тіркеуден өтті. Партияның мәліметтері бойынша оның құрамында 172 мың мүшесі бар. Партия келесі мақсаттарды ұстанады: Қазақстан халқының ұлттық қайта өркендеуін қалыптастыру және жүзеге асыру; нарықтық экономикасы бар құқықтық демократиялық мемлекет, азаматтық қоғам қалыптастыру; қоғамның әлеуметтік белсенді бөлігін мемлекеттік және қоғамдық істерді басқаруға қатыстыру; елдің орнықты дамуын қамтамасыз ету; адамның жоғары деңгейде өмір сүру сапасын қалыптастыру және азаматтардың денсаулығына басым көңіл бөлу. 2004 жылғы  Мәжіліс сайлауында партия 0,55% дауыс жинап, Парламентке өте алмады. 2007 жылғы Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша партия 0,78% дауысқа ие болды. Партия жетекшісі Ғ.Е.Қасымов 2007 жылы Президент Жарлығымен Парламент Сенатының депутаты болып тағайындалды.
  6. Қазақстанның «АҚ ЖОЛ» демократиялық партиясы . Партия төрағасы - Әлихан Мұхамедұлы Бәйменов. Партия 2002 жылғы 3 сәуірде тіркелген. Партия мүшелерінің құрамы 175 862 адамды құрайды. партияның мақсаттары: тәуелсіз, гүлденген, демократиялық және еркін Қазақстан. Іргелі құндылықтары: демократия, тәуелсіздік, еркіндік, әділеттік. 2004 жылғы Мәжіліс сайлауында партия 12,04% дауыс жинады. Партия үшінші шақырылымдағы Мәжілісте бір депутаттық мандатты иеленді. 2007 жылғы Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша «Ақ жол» партиясы 3,09% дауыс жинады.
  7. «Руханият» партиясы. Партия төрайымы – Алтыншаш Қайыржанқызы Жағанова. Партия 2003 жылғы 6 қазанда тіркелген. Партия мүшелерінің саны 72 мың адамды құрайды. Партия бөлімшелері облыс орталықтарында, Астана және Алматы қалаларында бар. Партияның негізгі міндеттері: экономиканы көтеру, әлеуметтік мәселелерді шешу, биік адамгершілікті және рухани бай қоғамды дамыту. 2004 жылғы Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша партия 0,44% дауыс жинап, үшінші шақырылымдағы Мәжілісте депутаттары болған жоқ. 2007 жылғы Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша «Руханият» партиясы 0,37% дауыс жинады.
  8. «Әділет» демократиялық партиясы. Партия төрағасы – Мақсұт Сұлтанұлы Нәрікбаев. 2004 жылғы 14 маусымда тіркелген. Партия мүшелерінің саны 70 мың адамды құрайды. Партия аумақтық принцип бойынша құрылып, республиканың барлық облыстары мен Астана және Алматы қалаларында өз бөлімшелерін иеленген. Қазақстанда құқықтық демократиялық әлеуметтік мемлекет құруды, тиімді, озық және дамыған экономикалық жүйе құруды, азаматтық қоғам қалыптастыруды партия өзінің басты міндеттері санайды. Партия 2004 жылғы Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша партиялық тізім бойынша сайлауда 0,76% дауыс жинады. Үшінші шақырылымдағы Мәжілісте бір мандатты округ бойынша сайланған бір депутаты болды. 2007 жылғы 8 шілдеде өткен «Әділет» демократиялық партиясының 5-ші съезінде Қазақстанның «АҚ ЖОЛ» демократиялық партиясына қосылу жөнінде шешім қабылданды.
  9. Қазақстанның «Нағыз АҚ ЖОЛ» демократиялық партиясы. Партияның тең төрағалары: Болат Мұқышұлы Әбілов, Ораз Әлиұлы Жандосов, Төлеген Тілекұлы Жүкеев. Партия «АҚ ЖОЛ» ҚДП-ның бөлінуінің нәтижесінде 2005 жылдың 29 сәуірінде құрылған. 2006 жылғы 17 наурызда тіркелді. Партия мүшелерінің саны 87 012 адамды құрайды. Партия барлық облыстарда өзінің бөлімшелерін ашқан. Партияның мақсаттары – демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік мемлекет және ашық қоғам құру. 2007 жылғы 23 маусымдағы «Нағыз Ақ жол». ҚДП-ның 3-ші съезінде Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясына (ЖСДП) қосылу туралы шешім қабылданды.
  10. Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы (ЖСДП). Партия төрағасы: Жармахан Айтбайұлы Тұяқбай. Төрағаның орынбасары: Әміржан Сағидрахманұлы Қосанов. Партия 2006 жылғы 10 қыркүйекте құрылған. 2007 жылғы 25 қаңтарда тіркелді. Партия мүшелерінің саны – 140 мың адам. Партия барлық облыстарда, Астана және Алматы қалаларында өзінің бөлімшелерін ашқан. Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы өз алдына демократиялық, құқықтық әлеуметтік мемлекет қалыптастыру, инновациялық экономика құру, жаңа гуманитарлық саясатты жүзеге асыру міндеттерін қояды. 2007 жылғы Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы.
  11. Асар» партиясы.  Партия көшбасшысы: «Хабар Агенттігі» ЖАҚ басшылар кеңесінің төрайымы, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты – Дариға Назарбаева. Негізгі мақсаты – дамыған азаматтық қоғамдық институттары бар экономикасы мықты, демократиялық, құқықтық, әлеуметтік мемлекет құру. Партияның саясаты Елбасының жүргізген реформаларын қолдауды негізге ала отырып жүзеге асырылады. Партия «Қазақстан-2030» Стратегиясының шынайы екендігін мойындайды және аталмыш бағдарламаны қолдайтынын жариялайды. Саяси ортада «Асар» өзін орталықшыл мәтіндегі партия деп біледі, және егер өз мүдделеріне қажет болса, партия басшылықпен, басқа да партиялармен, қоғамдық бірлестіктермен іскерлік қарым-қатынас орнатуға дайын.
  12. Қазақстанның аграрлық партиясы. Аталмыш партия жерге деген жеке меншікті енгізу, ауыл инфрақұрылымының жақсаруын, аграрлық сектордың салық салуына қатысты өзгерістер енгізу мәселелерін қолдайды, агроөндірістік кешен қызметкерлерінің мүдделерін қорғайды. Партия жетекшілерінің айтуына қарағанда, партия саяси тұрақтылықты қолдайтын және көтерілістік өзгерістергі қарсы көзқарасты ұстанатын консервативтік саяси күш сипатын иеленуі тиіс. Партия жетекшісі – Мәжіліс депутаты, ҚР Парламентінің аграрлық мәселелер бойынша Комитет<span class="dash041e_0431_044b_0447_043d_044b_0439

Информация о работе Саяси партиялар және олардың жіктелуі