Саяси мәдениет: ұғымы, мәні, қоғамдық маңызы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2014 в 19:30, реферат

Краткое описание

Қазіргі заманның елеулі ерекшеліктерінің бірі – адамзат қоғамының демократиялық даму жолына түсуі, жалпыадамзаттық қазыналарды ту етіп көтеріп, оларды басшылыққа алуы. Бұл еркшеліктердің ойдағыдай өрістеп, жан-жақты өрбуінің кепілі – саяси мәдениет. Ол әдетте адамның саяси өмірді оңды қалыптастырудағы рөлін, қоғамдық топтардың саяси санасы мен қоғамдық өмірдегі әртүрлі саяси жағдайда өзін-өзі ұстау ерекшеліктерін, қандай болмасын мемлекеттік құрылыстың сондай-ақ белгілі бір саяси жүйенің сын-сипатын, өріс-өзгерісін, саяси процестің бағытын дұрыс түсінуге мүмкіндік береді.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................3
1. Саяси мәдениет: ұғымы, мәні, қоғамдық маңызы.....................................4
2. Саясаттану ғылымы саяси мәдениеттің түрлері туралы..........................9
3. Кеңестік кеңістіктегі жаңа саяси мәдениеттің ерекшеліктері туралы....................................................................................................................14
Қорытынды.........................................................................................................18
Әдебиеттер тізімі.......................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

САЯСАТТАНУ.docx

— 42.38 Кб (Скачать документ)

Мазмұны

Кіріспе......................................................................................................................3

1. Саяси мәдениет: ұғымы, мәні, қоғамдық маңызы.....................................4

2. Саясаттану ғылымы  саяси мәдениеттің түрлері туралы..........................9

3. Кеңестік кеңістіктегі  жаңа саяси мәдениеттің ерекшеліктері  туралы....................................................................................................................14

Қорытынды.........................................................................................................18

Әдебиеттер тізімі..................................................................................................19

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Қазіргі  заманның елеулі ерекшеліктерінің  бірі – адамзат қоғамының демократиялық даму жолына түсуі, жалпыадамзаттық қазыналарды ту етіп  көтеріп,  оларды басшылыққа алуы.  Бұл еркшеліктердің ойдағыдай өрістеп, жан-жақты өрбуінің кепілі – саяси мәдениет. Ол әдетте адамның  саяси өмірді оңды қалыптастырудағы  рөлін, қоғамдық топтардың саяси  санасы мен қоғамдық өмірдегі әртүрлі саяси жағдайда өзін-өзі ұстау  ерекшеліктерін, қандай болмасын мемлекеттік құрылыстың  сондай-ақ белгілі бір саяси жүйенің  сын-сипатын, өріс-өзгерісін, саяси процестің  бағытын  дұрыс түсінуге мүмкіндік береді.

Саяси ғылымда бұл тақырыптың маңызы зор. Ол анық саяси жүйенің сипатын, саяси тәртіптің мәнін, қоғамдық топтардың саяси санасы мен іс әрекеттерінің ерекшеліктерін саяси үрдістердің даму жолын және бағытын түсінуге көмектеседі. Саяси мәдениет адамдардың жүріс-тұрысы мен әр түрлі ұйымдардың қызметіне, олардың ішкі және сыртқы саясат құбылыстарының ұғынуға, саяси бағдар алуына тікелей әсер етеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

1. Саяси мәдениет: ұғымы, мәні, қоғамдық маңызы

«Саяси мәдениет» ұғымының саясаттануға енгеніне көп болған жоқ. Дегенмен,  ежелгі ойшылдар: Платон, Аристотель, кейінірек Н.Макиавелли,  Ф.Бэкон, Ш.Монтескье  және басқа  ғалымдар  әрқилы салт-дәстүрлерге тәрбиеленіп, әлеуметтік және саяси тәжірибе жинақтаған  адамдардың  бірыңғай, біртектес жағдайды әртүрлі сезінетіндігі,  оған  санқилы жауап қайтаратындығы неліктен  деген сұрақтарға жауап  іздеген.

Саяси  мәдениет тұжырымдамасын айқындап, дәйекті пікір түзуге М.Вебер, Э.Дюркгейм, Т.Веблен, Т.Парсонс сияқты батыстың ірі саясатшылары мен  социологтары  елеулі  үлес қосса, «саяси мәдениет» деген  категорияны ғылымда алғаш қолданып,  әдебиетке  енгізуші ХYIII  ғасырдағы неміс ағартушысы, философ Иоганн Гердер болды.

Саяси мәдениет деп  өкімет пен азаматтардың өзара қатынастарына байланысты  тарихи қалыптасқан саяси нұсқаулар, қазыналар, адамның  өзін-өзі ұстауы жөніндегі жарлық, қаулылар жүйесін  айтады.  Саяси  мәдениет қоғамдағы саяси өмірдің  барлық  салаларын  қамтиды.  Оған алдымен саяси сананың мәдениеті,  адамдардың  топтардың, таптардың, ұлттардың  өзін-өзі мәдени білуі,  осы  жүйенің  аясында  жұмыс істейтін саяси мекемелердің мәдениеті  кіреді. Сонымен қатар саяси мәдениет адамның  белсенді саяси өмірге дайындық дәрежсін де білдіреді.

Саяси мәдениет  саяси өмірде  еркін іс-әрекет жасауға көмектеседі.  Сол арқылы  адам даңғойлыққа ұрынбай, елдегі және әлемдегі саяси өмірдің  алуан түрлі оқиғаларына өзінің  жеке қатынасын  анықтауына мүмкіндік туады.  Саяси өмірге  еркін араласып, оның  белсенді атқарушысы, субъектісі бола  алады.

Жалпы қоғамның және жеке адамның саяси мәдениетінің дамып,  жетілуін еңбекші халықтың білімін көтерумен  тығыз байланыстырған  абзал.  Білімді арттыруда алдымен сауаттылық қажет. Осы орайда В.И.Ленин  былай деп  жазды: «Сауатсыз адам саясаттан тыс тұрады. Оған әуелі әліппені үйрету керек. Мұнсыз саясат болуы мүмкін емес, мұнсыз саясат емес,  тек неше түрлі қауесет, өсек, ертегі, соқыр сенімдер ғана бола алады». (В.И.Ленин, ШТЖ, 44-том, 188 б.)

Сондай-ақ, дүниетанымдық белсенділік жеке адамның  саяси мәдениеті үшін айқындаушы  рөл атқарады. Өйткені мұнда таптық, жалпыхалықтық  мүдделер барынша көрініс тауып, соның  нәтижесінде жеке  адамның  қоғамдық, саяси позициясы қалыптасады.

Саяси мәдениет категорияларының құнды қатынастары құрылымындағы  келесі деңгей өкімет пен өкімет қатынастары мәселелеріне  байланысты.  әрбір адамның  азаматтық  міндетттері мен құқықтарына деген  көзқарасы оның билік институттарындағы іс-әрекеттеріне баға беруі  арқылы қалыптасады. Бұл орайда, саяси мәдениет құрылымының қалыптасу детерминаты ретінде өкіметтің өз мәдени  деңгейі көрінеді.

Саяси мәдениеттің  атқаратын  қызметі.

Өмірде саяси мәдениет  мынандай қызмет атқарады:

1)  Танып-білу міндеттері. Қоғамдық  ғылымдарды меңгеру арқылы субъектілер саяси салада ойдағыдай қызмет етерлік біліммен  қаруланады. Сөйтіп адамдар қоғамдық  дамуды және сасаттың  өзін  айқындайтын заңдар мен негіздерді  танып біледі.  Бұл міндеттер  қоғамдағы басқарудың  әдіс-тәсілдері, құралдары қандай болатынын, саяси жүйенің жұмыс істеуі, мемлекет пен қоғамдық жұмыстарды басқаруға көпшілікті қалай  қатыстыру керектігін  қамтиды.

2)  Аға ұрпақтың саяси тәжірибесін кейінгі ұрпақтың қабылдап  алып, оны одан әрі жалғастыру міндеттері.  Олар тарихи сабақтастықты, саяси процестің тоқтаусыз ұласып  дамуын қамтамасыз етеді. Қандай партия немесе  қоғамдық  саяси қозғалыс  болмасын өзінің іс-әрекетінде бұрынғы ұрпақтың саяси тәжірибесін, салт-дәстүрлерін пайдаланбай тұра алмады. Соның  арқасында олар  алдағы ағалардың  қателіктерін  қайталамай, алға қойған  мақсаттарына тезірек жетуі мүмкін.

3) Саяси өмірді реттеу,  тәртіпке келтіру міндеттері.  Олар саяси жүйенің  дұрыс жұмыс істеп,  ойдағыдай дамуын,  қоғамдық  тәртіптің саналы түрде нығаюын, саяси тұрақтылықты,  кемшіліктерге төбестікті,  қоғам алдындағы жауапкершілікті,  ұлттық  және әлеуметтік –таптық қатынастарды реттеуді  қатамасыз етеді.

4) Саяси психологияны дамыту міндеттері.  Олар адамдарды қоғамдық-саяси қызметтерге қатысуға ынталандырады,  саяси белсенділікті  арттырады, белгілі бір  тосын саяси жағдайларда өзін-өзі қалай  ұстап, жылдам шешім қабылдауға тәрбиелейді.

5) Қарым-қатынас,  байланыс жасау міндеттері. Саяси мәдениетті  игеру арқылы тілек,  мақсаттары бірдей адамдар  топтасады, сөйтіп олар саяси қатынастардың ережелерімен қаруланады, одақтастар және қарсыластармен саяси әңігмеге келіп, тіл табыса  алатындай  шеберлікке  дағдыланады.

6) Қазыналық міндеттер.  Олар жеке адамға (топқа,  ұйымға) саяси өмірдің  қазына жүйесінен өз мақсат, мүдделеріне сай келетін  ең құндыларын  таңдап алуына мүмкіндік жасайды.  Бұл міндеттер елдің  жедел алға басуына және  қоғамның өзін-өзі билеуіне  бағытталған талаптарын ақтайтын  саяси қазыналарды қорғап, сақтауға  жәрдемдеседі.

Саяси сананың  тағы бір ерекшелігі – мемлекетке, саяси партиялар мен  ұйымдарға  қатынасты болуында жатыр. Айталық,  американдықтар мемлекетке сыншыл, кейде жат көзбен  қарайды, ал немістер  болса мемлекетке әрқашан түзу ниет білдіреді.  Немесе  партияға  деген көзқарасты, қатынасты алайық. Францияда бірпартиялық – жөнсіз, қисынсыз болып саналады.  Сондықтан  онда  бірпартиялық  бола қоюы мүмкін емес. Ал  кейбір елдерде  бірпартиялықтың  ешқандай сөкеттігі жоқ. Саяси сананың мәдениеті «еркіндік», «теңдік», «әлеуметтік қорғау», «автономия», «төзімділік» т.б. сияқты  саяси қазыналардың  қайсысына бірінші  орын беріп, артық көруінен  де байқалады. Оңшылдар, солшылдар, радикалдар, либералдар деп бөліну де содан келіп шығады.

Саяси мәдениетке  тікелей қатысты тағы бір ұғым – ол саяси мінез туралы категория.  Саяси мінез немесе  саяси мінез-құлық -  басқару процесіне  қатысты адамның  ойлары мен іс-қимылдары болып табылады.  Саяси мінез-құлыққа адамның ойлары, сезімі, пікірі, мақсаты,  нанымы, яғни, ішкі әлемінің көрінісі кіреді.  Оның  нәтижесі мынандай іс-қимылынан білінеді. Сайлауға қатысы,  наразылығын  білдіруі, жиналыстар  мен  науқандарға қатысуы.  Кең көлемде саяси мінез-құлық кез келген жағдайда: отбасында, бизнесте,  шіркеуде, мешітте  байқалуы мүмкін. Алайда,  бұл термин  мемлекеттік инстиуттар шеңберінде өрістейтін  іс-қимыл әрекетіне  байланысты  қолданылады.

Саяси мінез-құлық саясаттанудың пәндік мазмұнын құрайды.

Саяси сана мәдениетінің тағы бір маңызды  элементі – саяси тіл.  Жалпы тілдің  қолданысында да мәдениет болатындығы белгілі.  Тіл мәдениетіне  тікелей қатысты бұл күндері жиі айтыла басталған мәселе – сөздерді орнымен жұмсамау, мән-мағынасына жете үңілмеу, мақал-мәтел, фразеологизмді өзгертіп қолдану сияқты сәтсіздіктер.  Тағы бір мәселе, шаршы топ алдында аузыша сөйлеу жайы.  Бұл  күндері  теледидар  мен радиодан  немесе  жиын-жиналыс мінбелерінде, қысқасы, шаршы топ алдында ойымызды еркін,  жатық, әсерлі етіп айтып беру дағдымыз мәз емес.  Көбіміз топ  алдында мүдірмей, жинақы  түрде әсем сөйлей алмаймыз. Енді-енді жандана бастаған  бұл істе тілге деген жауапкершілік пен  ықылас болса, орысша сөйлеп келген адам қазақша да сөйлеп,  тыңдаушысын  сүйсіндірер еді.

Саяси мәдениет  осы аталғандармен ғана шектелмейді.  Ол саяси  іс-қызметті де қамтиды.  Оған адамның  саяси жүйеге  қатынасы және  т.б. жатады.  Әртүрлі елдерде  бұл мәселелерге көзқарас та,  олардың шешімі де біркелкі емес.  Бұл жағдай саясатшыны дау-дамайдан қашпауға, оларды басқара білуге  немесе  одан  әрі өрбітпеуге, әлеуметтік  «қопарылысқа», сілкініске жеткізбеуге  үйретеді.

Қоғамдық  жағдайларға,  сонымен  қатар көпшілік арасында  кең тараған ереже,  қалып,  үлгілерге байланысты саяси мәдениет әртүрлі болады.  Мұны мәдениеттің  әртүрлілігі дейді. Оны ғалымдар  әралуан жіктейді.  Солардың  ішінде ең көп тараған Г.Алмонд пен С.Вербаның «Азаматтық мәдениет» деген кітабында келтірілген жіктеуі. Олар Алманияның, АҚШ-тың, Англияның, Италияның, Мексиканың саяси жүйелерін  талдай келіп,  саяси мәдениетті партиархалық, азаматтық  және қоғамшыл етіп үш түрге бөледі.  Бірақ  ол көбінде  аралас болып  келеді.

Саяси мәдениетті ұалыптастыруда  ең алдымен мемлекет қатысады. Ол бұл міндетін заң шығару, атқару және сот органдары арқылы  атқарады.  Мемлекет ұлттық  саяси рәміздердің  қалыптасуын қатаң  қадағалайды.Айталық,  респкбликаның  туын,  елтаңбасын,  әнұранын,  ақшасын, т.б. қалыптастырады.  Мемлекетпен  қатар саяси мәдениетті қалыптастыруға қоғамдық ұйымдар, әсіресе партиялар  да қатысады.  Саяси мәдениетті  қалыптастырушы күштерге зерттеушілер  әрдайым діни ұйымдарды да қосады.  Саяси мәдениетті  қалыптасруда ақпарат құралдары көп рөл атқарады.  Қазір  олардың  биліктің  төртінші саласы деп жүргені  тегін емес. Дамыған өркениетті  елдерде бизнес те  саяси мәдениеттің қалыптасуына ықпал етеді. Саяси  мәдениетті  қалыптастыруға тікелей және  мақсатты түрде қатысушыларлардың  қатарына академиялық  қауым да жатады.  Оның рөлі  әсіресе  АҚШ-та өзгеше көзге түседі.

Саяси мәдениеттің  жалпы міндеті -  белгілі бір жүйенің  қоғамдық қатынастарын ұдайы жаңарту. Ол бірнеше жолмен  жүзеге асырылуы мүмкін.  Солардың бірі – саяси әлеуметтену, яғни саяси процесті жасаушы адамдардың  белгілі бір ережелер мен қазыналарды меңгеруі арқылы әлеуметтік бірлестіктердің  біріне енуі. Отбасындағы және мектептегі тәрбие мен  білім  алу,  балалар және жастар  саяси ұйымының жұмысына қатысуы барысында өмірге аяқ басқан жас адам осы саяси мәдениетті  жақтаушылардың көзқарастарын меңгереді. Кейін өмірдегі өз тәжірибесінің нәтижесінде адамның саяси  сенімі өзгеруі мүмкін.

Жалпы  алғанда адамның  ел ішіндегі және басқа  елдердегі  жағдайлар  жөнінде жақсы хабардар болуы – оның саяси мәднеиетінің  жоғарғы, тұрақты болуының кепілі.

 

2. Саясаттану ғылымы  саяси мәдениеттің түрлері туралы

Саяси мәдениетті жіктеудің негізінде мейлінше әралуан өлшемдер болады:

Өлшемдер ретінде мыналарды ұсынады:

• саяси жүйелердің ерекшелігін ұсынады;

• екіншілері - елдер мен аймақтарды;

• үшіншілері - жаңалықтар үшін саяси мәдениеттің ашық немесе болуын;

• төртіншілері - идеологиялық айырмашылықтарды және т.т. ұсынады.

Е. Вятр идеологиялық айырмашылықтарға негізделген саяси мәдениеттердің жіктелуін ұсынды. Ол дәстүрлі саяси мәдениетті, қоғамдық топтар демократиясының саяси мәдениетін, социалистік саяси мәдениетті қарастырады.

Дәстүрлі саяси мәдениеттің түрі принципінде құл иеленушілік және феодалдық құрылысқа сай келеді және үш түрде көрінеді:

• дәстүрлі тайпалық саяси мәдениет;

• дәстүрлі теократиялық саяси мәдениет;

• дәстүрлі озбырлық саяси мәдениет.

Дәстүрлі саяси мәдениет пен қатар, буржуазияға дейінгі дәуір қоғамдық топтар демократиясының саяси мәдениеті секілді саяси бөлігі саяси процестерге қатысудан толық шет теледі.

Тарихта бұл саяси мәдениеттің екі түрі болды: кейбір гре халқының, республикалық Римнің және ортағасырлық Италия қалаларының патриципандық мәдениеті, сондай-ақ дворяндық саяси мәдениет болды.

Буржуазиялық саяси мәдениетінің екі түрін: демократиялық және автократиялық мәдениет үрін бөлді.

Бірінші түрі, өз кезегінде, кертартпа-либералдық және либералды-демократиялық екі түрде болады.

Саяси мәдениеттің автократиялық түрі демократиялық түрді өзінше теріске шығару болып табылады және екі түрде: авторитарлық әрі тоталитарлық мәдениет түрінде көрінеді.

Социалистік саяси мәдениет жұмысшы табының идеологиясы ретінде марксизмімнің пайда болуына байланысты еді, ол іс жүзінде тоталитарлық саяси жүйенің көрінісіне айналды, саяси процестің субъектілері ретінде бұқараның бастамасын тәркі етті.

Саяси мәдениеттердің қоғамда билік жүргізу сипатымен байланысына негізделген оның саяси жүйесін келесі жікке бөлу: демократиялық, авторитарлық және тоталитарлық саяси мәдениет.

Демократиялық саяси мәдениет үшін шынайы демократиялық құндылықтар мен мұраттарға, құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамға, саясатқа еркін қатысуға, қоғамдық өмірдің барлық салаларындағы пікір алуандылығына, адам құқықтарының басымдылығына және т.с.с. бағдарлану сипатты болды.

Авторитарлы саяси мәдениет үшін мынадай басымдылықтар: мемлекеттің айқындаушы рөлі, қоғамда бір саяси партияның болды сипатты келеді,мемлекеттің мүдделері жеке адамның, әлеуметтік топтардың мүдделерінен үстем болады. "Біріңғай идеология", "саяси тәртіп", "саяси билік" құндылықтар ретінде танылады.

Тоталитарлық саяси мәдениет адамның санасына мінез-құлықтың қатаң идеология қандырылған таптаурын қағидаларын, азаматтардың саясатқа қатысуының мемлекет бағыттауындағы және бақылауындағы нысандарын мойындау мен саяси шынайылық деп дәлелдеуге ұмтылады. Ол үшін көпшіліктің саяси селқостығы мен әлеуметтік үрейге, оңды өзгерістер мүмкіндігіне сенбеушілікке негізделген пайдакүнемдік ырымшылдық сипаты болады.

Информация о работе Саяси мәдениет: ұғымы, мәні, қоғамдық маңызы