Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Сентября 2014 в 20:31, реферат
Саусақ қанаттылар — өте ескі, әрі толығынан дерлік құрып біткен балықтардың ерекше тобы. Девон мен карбон дәуірінде кеңінен таралып, мезозойда олардың түрлері азайып, тараған ауданы да қысқарған. Бұл таңғажайып балықты ең бірінші рет 1938 жылы 70 м терендіктен Үнді мұхитынан Африканың оңтүстік жағалауынан, Халумна өзенінің сағасына жақын жерден ұстады.
Бұл ұзындығы 150 см, салмағы 57 кг болатын ірі түрі болатын. Оны латимерия (Lаtimегіа Сһаlиmпае) деп атады. Екінші данасында 1952 ж. сол Үнді (Иидия) мұхитының Анжуан аралына жақын маңнан жағадан- 200 метрдей қашықтықтан 15 м тереңдіктен ұстаған. Кейін де осы ауданнан бірнеше рет саусақ қанатты балықтар ауланған.
Саусақ қанатты балықтар
Саусақ қанаттылар
— өте ескі, әрі толығынан дерлік құрып
біткен балықтардың ерекше тобы. Девон
мен карбон дәуірінде кеңінен таралып,
мезозойда олардың түрлері азайып, тараған
ауданы да қысқарған. Бұл таңғажайып балықты
ең бірінші рет 1938 жылы 70 м терендіктен
Үнді мұхитынан Африканың оңтүстік жағалауынан,
Халумна өзенінің сағасына жақын жерден
ұстады.
Бұл ұзындығы
150 см, салмағы 57 кг болатын ірі түрі болатын.
Оны латимерия (Lаtimегіа Сһаlиmпае) деп атады.
Екінші данасында 1952 ж. сол Үнді (Иидия)
мұхитының Анжуан аралына жақын маңнан
жағадан- 200 метрдей қашықтықтан 15 м тереңдіктен
ұстаған. Кейін де осы ауданнан бірнеше
рет саусақ қанатты балықтар ауланған.
Саусақ қанаттылардың қос тынысты балықтар
сияқты желбезектерімен қатар өкпелері
де болған, бірақ олар өзгеріске ұшыраған
ішкі танау тесіктері жоқ. Олардың мезозойда
тіршілік еткен саусақ қанаттылардан
айырмашылығы ауадағы оттегімен тыныс
ала алмайды.
Қос қанаттарының
құрылысында өздеріне сәйкес өзгешеліктері
бар. Олардың табан жағында етті жалпак
қалақшасы болады, соның ішінде қанат
қаңқасының негізгі бөлімдері жатады.
Аяқтарының бұлшық еттері жер бетінде
тіршілік ететін омыртқалылардікі сияқты,
аяқтарының қозғалып тұратын бөлімдеріне
бекіген. Кейбіреулерінің қанат қаққалары
бес саусақты алақан сияқты болып келеді.
Қанат негізінің тіреуі бозалия болады
және ол иық сүйегіне ұқсайды. Иық сүйегінен
кейін базалияның екі элементтері тарайды,
бұлар кәрі жілік пен шынтақ сүйектеріне
ұқсайды, одан әрі қарай бірнеше саусақ
сияқты қауырсындар тарайды. Сондықтан
оларды саусақ қанатты балықтар деп атайды.
Дене пішіні ромб
немесе дөңгелек келген қалың сүйек пластинкаларымен
— космоидты қабыршақтармен қапталған.
Пластинкалардың үстіңгі беті түрі өзгерген
дентинмен, яғни косминмен және жұқа эмаль
қабатымен жабылған. Терісінің мұндай
сүйектенуі алғашқы кездегі амфибилерді
еске түсіреді. Соны-мен қатар, саусақ
қанатты балықтарда висцеральдық саңылаудың
қалдығы бар, ол амфибилерде ортаңғы құлақ
қуысына айналады.
Саусақ қанаттылардьщ қос тынысты
балықтарға жакын екенінде ешқандай күмән
жоқ және олар бір түбірден тараған болуға
тиіс. Олар алғашқы кезде тұщы суларда
тіршілік еткен және онда әрдайым оттегі
жеткіліксіз болған болу керек. Соның
салдарынан қос тыныс жолы пайда болып,
оттегі жетіспеген кезде бұл балықтар
да қос тыныстылар сияқты әлсін-әлі су
бетіне көтеріліп, атмосфералық ауамен
өкпесі арқылы тыныс алған. Су өсімдіктерінің
және олардың қалдықтарымен ластануы
қанаттарыньщ жүзу қызметін атқарумен
қатар денеге тірек болуына бейімделуіне
себепші болған. Сондықтан бұл жүзу қанаттарының
бес саусақты аяққа айналуына себепші
болған факты болып саналады. Мезозойда
саусақ қанатты балықтар теңізде тіршілік
етуге көшкен. Осындай саусақ қанатты
балықтар тобының қалдықтары осы кездегі
латимериялар болып саналады,
ЛАТИМЕРИЯ (Latіmerіa chalumnae) — сүйекті балықтардың қалаққанаттылар класы тармағына жататын саусаққанатты балық. Латимерия Целаканттәрізділер отрядының қазіргі кезде сақталған бір ғана түрі. Мұндай балықтар бұдан 70 — 80 млн. жыл бұрын жойылып кеткен деп есептелінген. Мадагаскар аралы төңірегі мен Үнді мұхитында (Комор аралы) тереңдігі' 300 — 400 м су түбінде тіршілік етеді. Денесі ірі космоидты типті қабыршақпен қапталған. Денесінің ұзындығы 180 см, салм. 95 кг-дай. Ми көлемі кішірек, ішкі танау тесігі болмайды. Арқа жүзбеқанаты екеу, құйрық қанаты қосымша қалағы бар дифицеркальды типті (үш қалақты). Көкірек және құрсақ жұп жүзбе қанаттары саусаққа ұқсас, соған байланысты саусаққанатты балық деп те атайды. Қаңқасында шеміршек басым. Тірек қаңқасы хордадан және омыртқаның невралды доғаларынан тұрады. Миы кішкентай. Хоаналар жоқ, торсылдағы біршама редукцияға ұшыраған. Жүрегі қарапайым құрылысты, артериальдық конус бар. Ішегінде спиральды клапан сақталған. Клоакаға жалғасады. Акула секілді тепе-теңдік сақтау үшін мочевин түзейді. Латимерияға тірі жұмыртқа туу тән. Ірі жұмыртқалары (кимасы он см) жұмыртқа жолында дамиды. Латимерия алғаш рет 1938 ж. Оңтүстік Африка жағалауында ауға түсті. Оны ағылшын ихтиологы Дж.Смит жергілікті жердегі мұражай меңгерушісі әрі осы балықты өзіне анықтауға ұсынған Латимер есімімен атады. Латимерияның табылуы — 20 ғасырдың зоология ғылымының үлкен жаңалығы деп бағаланды. 1952 ж. Латимерия балығының 2-данасы да Комар аралдарының маңынан, ал 1977 жылға дейін 87 данасы ғана ұсталынды. Латимерия жануарлар дүниесінің эволюциялық дамуында ең алғашқы құрлыққа шыққан қосмекенділер — стегоцефальдардың арғы тегі деп саналады. Латимерия реликт түр ретінде Халықаралық табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабына” енгізілген.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
СӨЖ
Тақырыбы: Саусаққанатты балықтар
Тексерген: Есжанов Б.
Орындаған: Галимова А.
Алматы, 2014 жыл
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Жоспар