Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2014 в 18:03, доклад
Сақтандыру – бұл қолайсыз құбылыстар мен күтпеген оқиғалар болған кезде жеке және заңды тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау және оларға материалдық зиянды төлеу үшін мақсатты ақша қорларын құру және пайдалану жөніндегі қайта бөлгіштік қатынастардың ерекше аясы.
Сақтандыру нарығының пайда болуы мен дамуы, бұл ойламаған әр түрлi стихиялық апаттардан және қауiп-қатерден сақтау мақсатында, нысанға көмек көрсетуде, сонымен қатар ақшалай қамтамасыздандыруға арналған бағыт. Басқаша айтқанда, сақтандыру нарығы- бұл ақшалай қамсыздандыру ұйымдары мен және де ақша айналысының негiзiнде құрылады.
САҚТАНДЫРУ НАРЫҒЫ
Сақтандыру – бұл қолайсыз құбылыстар мен күтпеген оқиғалар болған кезде жеке және заңды тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау және оларға материалдық зиянды төлеу үшін мақсатты ақша қорларын құру және пайдалану жөніндегі қайта бөлгіштік қатынастардың ерекше аясы.
Сақтандыру нарығының пайда болуы мен дамуы, бұл ойламаған әр түрлi стихиялық апаттардан және қауiп-қатерден сақтау мақсатында, нысанға көмек көрсетуде, сонымен қатар ақшалай қамтамасыздандыруға арналған бағыт. Басқаша айтқанда, сақтандыру нарығы- бұл ақшалай қамсыздандыру ұйымдары мен және де ақша айналысының негiзiнде құрылады.
Сақтандыру сферасы адам өмірінің, өндірісітк және әлеуметтік-экономикалық қызметтің барлық жағын қамтиды. Сақтндыруға түрткі болатын басты себеп – бұл өндіріс пен адам өмірінің қауіп-қатерлі сипаты.
Сақтандыру нарығының құрылымы институтционалды және территорияалдық аспектiлермен белгiленедi. Бiрiншi звеносында, сақтандыру нарығы сақтандыру компанияларымен сипатталады. Өз мақсатында ерекше құрылымын ұсынады, сақтандырудың негiзiгi мәмлесiнiң бейнелеумен жүзеге асады. Екiншi түрiнде сақтандыру нарығын халықаралық сақтандыру нарығынмен мiнездес деп айтуға болады. Бұл жағдайда сақтандыру нарығы халықаралық нарығы ретiнде өзiн көрсетiп, мұнда әр түрлi елдiң сақтандыру компаниялары өзiн таныстырып, ұлттық, мемлекеттiк, регионалдық сақтандыру нарығымен, қалалардың кейбiр бөлiктерiн қамтиды; регионалдық және аудандық болып бөлiнедi.
Сақтандыру процесiнде даму кезендерiмен байланысты нарықта, бiрнеше сақтандыру терминдерi пайда болған: олар сақтаушылар, сақтанушылар, сақтанушы, сақтандыру обьектiлерi , сомасы, сақтандырушы
2003 жылғы 10-шілдедегі «Сақтандыру қызметі туралы» қазақстан Республикасы заңының 10-бабына сәйкес сақтандыру нарығына қатынасушыларға мыналар жатады:
- сақтандыру (қайта сақтандырушы) ұйымдары;
- сақтандыру қоры;
- сақтандыру агенті;
- сақтанушы, сақтандырудан пайда алушы;
- уәкілетті аудиторлық ұйым;
-
сақтандыруға байланысты
Бұл институттардың өзараіс-қимыл нысандары сақтандыру нарығы қосалқы жүйесінің ауқымын, мазмұнын және негізгі міндеттерін баламалы түрде көрсетуі тиіс: сақтандыру саласындағымемлекеттік органдар мен ұйымдарды, сақтанушылар мен сақтандырушыларды, сақтандыру қызметтері инфрақұрылым нарығының объектілерін. Сақтандыру ісінде мемлекеттің қатысуы мемлекеттік сақтандыруды дамыту мен сақтандыру бизнесін реттеу секілді бағыттарда көрінуі тиіс.
Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру Қорын құру міндетті сақтандырудың жаппай және әлеуметті мәнді түрлері бойынша сақтанушылрдың мүдделерінің жоғарырақ қорғалуын қамтамасыз етеді. Бұл қордың құрылтайшылары ҚР Үкіметі мен
Ұлттық банкі болып есептеледі. Қатысушылары – сақтандырудың міндетті түрлерін жүзеге асыратын барлық сақтандыру ұйымдары.
Мемлекттік әлеуметтік сақтандырудың міндеттілігі - әлеуметтік сақтандыру жүйесіне енгізілген адамдарды сақтандыру арқылы қорғауын күшейту; кепілдік; сақтандыру жарналарын жинау және қорларды қалыптастыру есебінен әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді қаржыландыру үшін ресурстарды шоғырландыруға бағдарланған экономикалық; инвестициялық – уақытша ераін ақща қаражаттарын мемлекеттік қарыздар, кәсіпорындар акцияларына, банкінің бағалы қағаздарына және басқа қаржы құралдарына жұмсаудан пайда алу есебіне сақтандыру қорларын арттыруға бағыттау; реттеу-сақтандыру тәуекелдіктерін бөлу міндеттерін орындау қажеттілігінен туындаған.
Қайта сақтандыру ұйымы – уәкілетті мемлекеттік органның тиісті лицензиясы негізінде қайта сақтандыру шарттарын жасасу және орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;
Сақтандыру ұйымы (сақтандырушы) – сақтандыру шарттарын жасасу және орындау қызметін уәкілетті мемлекеттік органның тиісті лицензиясы негізінде жүзеге асыратын заңды тұлға;
Сақтандыру нарығының кәсіби қатысушылары — өз қызметін уәкілетті мемлекеттік органның тиісті лицензиялары негізінде жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері, актуарий және уәкілетті аудитор.
Сақтандыру брокері –
Сақтандыру брокерінің қызметі ерекше қызмет түрі болып табылады және оны уәкілетті мемлекеттік орган лицензиялауға тиіс. Сақтандыру брокерінің өзі қатысып жасалатын сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты бойынша өкілеттігі мен жауапкершілігі сақтандыру (қайта сақтандыру) шартының тараптарымен жасалатын тиісті шарттармен белгіленеді.
Сақтандыру агенті – берілген өкілеттігіне сәйкес сақтандыру ұйымының атынан және тапсыруымен сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі делдалдық қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
Сақтандыру агентінің сақтандыру нарығында делдалдық қызметті жүзеге асыруға өкілеттігі сақтандыру ұйымының тиісті құжаттарымен белгіленеді.
Актуарий – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қажетті төлем қабілеттігі мен қаржылық тұрақтылық деңгейін қамтамасыз ету мақсатында сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша міндеттемелер мөлшерінің экономикалық-математикалық есептеулерін жүзеге асыруға байланысты қызметті атқаратын жеке адам;
Сақтық қызмет — сақтандыру ұйымының сақтандыру шарттарының жасау мен орындауға байланысты ҚР-ның заңнамаларының талаптарына сәйкес уәкілетті мемлекеттік органның лицензиясы негізінде жүзеге асырылатын қызмет
Сақтандыру объектісінің әртүрлілігіне сәйкес сақтандыру қатынастарының жиынтығын бес салаға бөлуге болады:
1. Мүліктік сақтандыру
1. Әлеуметтік сақтандыру
2. Жеке сақтандыру
3. Сақтандыру жауапкершілігі
4. Кәсіпкерлік тәуекелділікті сақтандыру
Мүлікті сақтандыру
- материалдық құндылықтар сақтандыру
объектісі болып табылатын сақтандыру
түрі. Мүлікті сақтандыру өрттен, апаттардан,
ұрлықтан, бүлінуден болатын сақтандыру
жағдайларына негізделеді.
Жеке басты
сақтандыру - сақтанушыға немесе басқа
адамдарға сақтандыру сомасын төлеуді
көздейтін ерікті сақтандыру түрі. Шартта
көрсетілген мерзімге немесе оқиғаға
не зейнеткерлік жасқа жетуге , сақтандырылған
адамның қайтыс болуына , сақтандыру кезеңінде
болған жазатайым оқиғалардан түрліше
мертігуге байланысты орын алад. Мұнда
сақтандыру объектісі : адамның өмірі,
денсаулығы, еңбек ету қабілеті.
Кәсіпкерлік
тәуекелдікті сақтандыру: кәсіпкердің
сақтанушы ретінде іс -қимыл жасайтын
келісім- шарт жасасушы агенттерінің өз
міндеттемелерін бұзуы себепті кәсіпкерлік
қызметтен болған залалдар тәуекелін
немесе кәсіпкерге байланысты емес жағдайлармен
осы қызмет шарттарының өзгеруінен болған
залалдар қатерін, соның ішінде күтілген
кірісті толық алмай қалу қатерінен сақтандыру.
Кәсіпкерлік тәуекелдікті сақтандыру
шарты бойынша тек сол сақтанушының кәсіпкерлік
тәуекелдігі және тек соның пайдасына
ғана сақтандырылыуы мүмкін.
Әлеуметтік
сақтандыру- сырқат , жазатайым оқиға
салдарынан, бала туу себепті, т.б. мән
- жайларға байланысты еңбекке жарамсыз
азаматтарды мақсат ететін сақтандыру
түрі.