Салибекова Перизат

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Октября 2014 в 19:21, реферат

Краткое описание

Кедендік одақ біріншіден, біздің кәсіпкерді арзан шетелдік тауарлардаң қорғайды. Жеңіл өнеркәсіп саласын алайық. Айталық, отандық шапан өндіруші пайда табу үшін өнімін 11 мыңға сатуы керек. Ал, Қытайдан келетін шапанның бағасы кеденге келгенде 10 мың теңге деп есептейік. Кедендік одақ құрылмай тұрып, қытайлық өңдіруші 5 пайыз тариф төлегеннен кейін Қазақстан нарығына 10500 теңгеден сататын.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Салибекова П еркин такырып.docx

— 83.35 Кб (Скачать документ)

 

Салибекова Перизат

 

Кедендік одақ

Кедендік одақ біріншіден, біздің кәсіпкерді арзан шетелдік тауарлардаң қорғайды. Жеңіл өнеркәсіп саласын алайық. Айталық, отандық шапан өндіруші пайда табу үшін өнімін 11 мыңға сатуы керек. Ал, Қытайдан келетін шапанның бағасы кеденге келгенде 10 мың теңге деп есептейік. Кедендік одақ құрылмай тұрып, қытайлық өңдіруші 5 пайыз тариф төлегеннен кейін Қазақстан нарығына 10500 теңгеден сататын. Қытайдың өндірушісі жүз мыңдап шығарғандықтан өндіріс құны азырақ болады, жергілікті өндірушіміз онымен бәсекелестікте шыдамайды. Бағасын төмендетсе әрең күн көріп, өндірісін тоқтатады. Өндірісті бастауды ойлап жүрген инвесторымыз да бас тартады. Ал кедендік одақ құрылғаннан кейін кедендік тариф 20 пайызға өсіп, қытайдың шапаны нарығымызға кіргенде бағасы 12 мың теңге болады. Өндірушіміз 11 – 12 мың аралығында тауарын сатып, жағдайы келсе Ресей және Беларусь нарығына одақтан бұрыңғы жағдаймен салыстырғанда азырақ шығынмен экспорт жасай алады.

«Қытай өнімдеріне қарсы бәсекелестік қабілетіміз күшейсе дағы Ресей мен Беларусь өнімдері Қазақстан нарығын басып кетеді» - дейтін де көп. Ресей және Беларусь тауарлырына одақ құрылмай тұрып та тариф болмаған. Яғни, басып кететіндей болса, бұдан бұрын да тежейтін саясат жүргізілмейтін, нарығымыз оларға ашық болатын. Тек қана, кедендік рәсімдеу және құжаттар үшін аз ақы алынатын және Қосымша құн салығы импорттаушы тарапынан дереу төленетін. Керісінше, біздің өндіруші Ресей нарығына тауарын жеткіземін дегенде Ресей тарапынан тарифтік емес тосқауылдарға және көптеген әкімшілік кедергілерге ұшырайтын. Кедендік одақ бұл тосқауылдарды азайтса, экспорттауға қолайлық болады.

Кедендік одақтың тағы бір потенциалды артықшылығы - шетелдік инвестицияның келуі. Малайзия, Оңтүстік Корея және Тайвань (Қытай) сияқты мемлекеттердің дамуында АҚШ және Жапондық инвесторлардың маңызы зор. Малайзия экспортының 40 пайызға жуығы электроника өнімдері, текстиль 20 пайыз төңірегінде. Бұл елдер шетелдік инвестицияларды жоғары технологиялық секторларға бағыттай білген. Қазақстан да шетелдік инвесторлар жағынан жетім емес, 1993-2008 жылдары аралығында 90 миллиард АҚШ доллар көлімінде инвестиция тартылған. Бірақ бұл мөлшердің 69 пайызы кен қазу саласы мен геологиялық барлау қызметері. Ендігі мақсат, экономикамыздың диверсификациясы үшін шетелдік инвестицияларды шикізаттан басқа салаларға тарту. Кедендік одақтың құрылуы шетелдік инвестицияның келуіне «тарифті аттап өту эфектісі» арқылы әсер етеді. Жоғарыдағы шапан мысалын қолданатын болсақ, Қытай өндірушісі 20 пайыздық тарифті төлемеу үшін фабрикасын Қазақстанда ашқан жағдайда ғана біздің өндірушімен бәсекелесе алады. Кедендік одақтан бұрын 15 миллиондық нарығы бар Қазақстанда фабрика ашуды тиімсіз санап, Қытай өндірушісі елімізге экспорттауды таңдайтын. Нәтижесінде, тек қана 10 шақты азамытымыз сатушылық жұмысымен қамтамасыз етілетін. Тарифтеріміз де өте төмен болғандықтан, Қытай компаниясына жергілікті өндірушіні шыдатпайтын. Ал кедендік одақ құрылғалы тариф өрлеп кетті және оған қоса 15 миллиондық нарық орнына 170 миллиондық нарыққа жол ашылды. Енді қытайлық компания одақ мүшелері мемелекеттер ішінде бизнесті жүргізуге ең қолайлысын таңдап, өндіріс ашуды ойлай бастайды. Бізде салықтар Беларусь пен Ресейге қарағанда төменірек. Ендігі жерде, жергілікті жұмысшыларды пайдалану және технология трансфері мәселелерін қолға алып, шетелдік инвесторларды тарту үшін кәсіпкерлік инфраструктураны дамытсақ, елімізге шетелдік технологиянын келуінін пайдасын көреміз.

Әрине, кедендік одақтың құрылуынан және интеграцияның одан әрі жалғасуынан туындайтын біраз мәселелер де бар. Ресейге экономикалық және саяси жақтан тәуелділігіміздің артуы, тариф кірістерін бөлісу және тұтынушы үшін тауардың қымбаттауы сияқты қиындықтар туындауы сөзсіз. Жоғарыда көрсетілген одақтың пайда әкелетін жақтары да жергілікті кәсіпкер мен мемлекеттің өзара ынтымақтастығымен ғана көрініс табады. Әсіресе, саудамен айналысып, капитал жинаған кәсіпкерлер және басқа да инвестиция жасауға мүмкіншілігі бар азаматтарымыз интеграциялық процесстерден қорықпай, одан пайда табу жолын қарастыруы керек.

                                        

 

                                    Кедендік одақтың 9 зияны.

 
 


        Себебі, көптеген орыс тауарларының құрамына кіретін бөлшектер сырттан әкелінеді екен. Тараптар Кедендік одақ құрылуымен дүкен сөрелері тауарларға лық толып, сауда саласында тиімді баға коньюктурасы орнығады делінгенмен, іс жүзінде орыс тауарлары қазақстандық тұтынушыларға арзанға түспей отыр. 1. Ресей мен Беларусь тауарларына деген салықтың алынып тасталғанына қарамастан, әріптестеріміздің тауарларының бағасы 10-12 пайызға қымбаттап кетті. Кедендік одаққа кірмейтін елдерден келетін тауарлардың бағасы да 15-20 пайызға дейін жоғарылады. Бағаның өсуін, әсіресе, металл және агроөнеркәсіп кешені өнімдерін сатып алушылар айтарлықтай сезінді. Өйткені, ауыл шаруашылығы машиналарына қажетті қосалқы бөлшектердің бағасы қымбаттады. Азық-түлік тауарларының бағасы да едәуір өсті. 2. Күнделікті дастарқан мәзірінен үзіліп көрмейтін сәбіз, картоп, бұрыш, пияз, қызанақ, күріш, қант сияқты тауарлардың базардағы бағасының өте қымбаттап кеткендігі соншалық, төбе шашыңыз тік тұрады. Қайсыбір тауарлардың бағасы 50 пайызға дейін көтеріліп кеткен. 3. Бұрындары жиһаздарды шетелдерден (айталық, араб елдерінен) сатып алған сатушы оның бағасының 15 пайызын құрайтын баж салығын төлесе, енді тауардың әр келісіне 0,7 евроға дейінгі мөлшерде қосымша ақы қосылып, бұл кәсіпкерлерге жығылғанға жұдырық болып тиюде. Мұндай жағдайда сатушылар өздерінің қалтасын қаққан салық төлемінің өтемін тұтынушылар — сіз бен біздің есебімізден қайтарып алуға күш салары сөзсіз.

4. Ресей мен Беларусьте  жұмыс істейтін қазақстандық  кәсіпкерлерден аз құжат талап  етіледі, бұл — рас. Бірақ, бизнесті  дамытуға кедергі келтіретін  тосқауылдар әлі толығымен жойылған  жоқ. Бұрындары кәсіпкерлер жүктеріне  кедендік декларация толтырса, қазір  оның орнына статистикалық форма  деген пайда болды. Кәсіпкерлер  әлгі форманы бір емес, сан  рет қайта-қайта толтырып, сонда  да өткізе алмайтындықтарын айтып  зар еңірейді. Мемлекеттер арасында  келісімнің бар екендігіне қарамастан, көршілеріміздің сан түрлі желеуді  алға тартуының салдарынан Қазақстан  тауарларының орыс рыногына жетуі  жүйкені жұқартатын қиын шаруа  болып тұр. 5. Біздің Кедендік органдар  экспорт көлемі ұлғайды деп  жар салудан жалықпайды. Ол —  рас, бірақ, шындықтан бұра тартпаған  жөн: мұның бәрі біздің елде  өндірілген дайын тауарлар емес, шикізаттық экспорт қана. Есесіне  орыстарға Қазақстанда жұмыс  істеу өте тиімді. Себебі, олардағы  тауарға қойылатын қосымша құн  салығы (ҚҚС) 18 пайыз болса, бізде  ол көрсеткіш бар болғаны 12-ақ  пайызды құрайды. Ресей мен Беларусь  рыногымен бәсекелесу жақсы, әрине. Дегенмен, бұдан біздің кәсіпкерлерге  ауыртпалықтан басқа келер еш  жеңілдік жоқ. Мәселен, көршіміздің  «жұлымыр кәсіпкерлерінің» қазақ  ауылдарынан сүтті қымбат бағаға  сатып алуы салдарынан қазақстандық  сүт өндірушілер тақырға отырып  қалды. 6. Қазақстанда жұмыс істеу  тиімді екеніне көз жеткізген  орыс кәсіпкерлері мен Ресейдің  ірілі-уақты компаниялары елімізге  қара құмырсқаша қаптап, ентелеп  кіріп жатыр. Ертеңдері олардың  қазақстандық ұсақ кәсіпорындарды  жолдарынан ысырып тастап, иә  жұтып, мүлдем құртып жіберуі  мүмкін. Кедендік одақтан қарапайым  тұтынушының алғаны не сонда? Ол — бағасы арзан емес, әжептәуір  қымбат орыс тауарлары. Сарапшылар: «Бұрындары қара базардағы бағасы  арзан Қытай тауарларынан көз  сүрінсе, алдағы жаңа жылдан бастап  Кедендік одаққа кірмеген елдерден  дүкен сөрелеріне ештеңе түспеуі  ғажап емес», — деген болжам  айтады. Білікті мамандар жаңа  жылдан бастап аспан асты елі  мен Түркиядан келетін тауарлар  қоймалардан әрі дүкен сөрелеріне  шыға алмауы әбден мүмкін деген  пікір айтады. 7. Кәсіпкерлер брокерлер  ретінде білетін кеден өкілдері  әлі күнге лицензия алмаған. Оған  себеп, олар аталған жұмыспен  айналысуға мүмкіндік беретін  оқу оқып, сол бойынша емтихан  тапсырмаған. Ал, бұл — Одаққа  мүше емес елдерден келген  тауарларды кедендік рәсімдеу  жұмысымен айналысатын ешкім  болмайды деген сөз. 8. Қазақстанның  кедендік брокерлер Ассоциациясының  президенті Геннадий Шестаков: “Жаңа  жылдың 1 қаңтарынан бастап Қытайдан  біздің елді бетке алып бірде-бір  машина жолға шықпайды, өйткені, Қазақстанда тасымал транзиті  режимін мәлімдейтін тірі жан  жоқ. Сөйтіп, тауарлар экономикалық  айналысқа түспей, қоймаларда жата  береді”,— дейді. Ал, сонда мойындарында  банктерден үстеме қайтарым пайызы  мөлшерлемесімен алған несие  қарызы бар кәсіпкерлер не  істемек? Әлгі тауарлар аяқ киім  немесе киім-кешек болса бір  сәрі. Ал, егер олар уақыт жағынан  шектелген, тез бұзылып кететін азық-түлік тауарлары болса ше? Мұндай жағдайда кәсіпкер шығынының орнын тауар бағасын көтерумен жабары анық.

9. Білікті мамандар мұндай келеңсіз  жағдайдың орын алуына елімізде  әлі күнге дейін кеден қызметі  бойынша мамандардың емтихан  тапсыруын міндеттейтін ереженің  жоқтығы әсер етіп отыр дейді. Қазіргі таңда Олимп биігінде  отырғандар қазақстандық брокерлер  емтиханды қашан тапсыратынын  шешкенше, кәсіпкерлер тауарларды  Қытайдан тезірек шығарып әкетуге  күш салуда. Осылайша, тауар бағасын  аспандатып жоғары көтеру арқылы  олардың өздерін орын алуы  мүмкін шығындардан қорғауға  көшкені байқалады.

 Кедендік одақтың зиян жақтарын шешу жолдары.

Қазақстан Республикасы үшін кеден одағының маңызы зор.Алайда Кеден одағының Қазақстан Республикасы үшін қолайсыз тараптарыда жоқ емес.Сол мәселелердің шешімін қарастырып көрейік:

1)Қазақстанда шағын және орта  кәсіпкерлікті дамыту қажет,өйіткені  Қазақстан Республикасының ЖІӨ-і  Кедендік Одаққа мүше елдердің  ЖӨІ-н төмен.

2)Қазақстанда өндірілетін өнім,тауар көлемін және сапасын арттыру,себебі Ресей және Беларусия тауарларына бәсекелестік көрсетуі қажет.

3)Кедендік салада электрондық  жүйені жетілдіру қажет,яғни ол  жердегі жемқорлық,адам жіберетін  қателіктерді жоюға болады.

4)Кедендік одаққа мүше  емес мемлекеттерден келетін  тауарларға  кедендік тарифтерді  төмендету.

5)Ресей тауарларына қосымша  құн салығын көтеру қажет.

6)Қазақстандағы транзит  жүйесін дамыту қажет.

7)Кедендік одақ туралы  заңнаманың кей тұстарын қайта  қарау қажет.

                                  Бірыңғай тарифтік кеден.

Қазақстандық тауар өндірушілер үшін еркін сауда аймағы келісіміне сәйкес кедендік баждар алынбайтын ТМД (62% жуығы), соның ішінде РФ және Беларусь елдерінен әкелінетін тауарлар негізгі бәсекелес болып табылады. Мысалы, Қазақстанға әкелінетін барлық импорт көлемінің ішінде 90%-ға жуығы Украина (71,7%) және Ресейден (16,5%) бажсыз әкелінетін кондитер өнімдері, сүт өнімдерінің 92%-дан көбі ТМД елдерінен, соның ішінде Ресейден – 45%, Қырғызстаннан – 25% импортталады, ұқсас жағдай шырын нарығында да кездеседі (75,9% – ТМД елдерінен, соның ішінде Ресейден – 25%, Тәжікстаннан – 22,4%), алкогольсіз сусындар (ТМД – 99,8%, Ресей – 99,6%), сыра (ТМД – 98,1%, Ресей – 98%) және басқалары.

Осыған орай баждың өсуі азық-түлік өнімдері бағасының өсуіне әсер етпейді, себебі олар негізінен Қазақстан аймағында өндіріледі немесе импорттық баж қолданылмайтын ТМД елдерінен әкелінеді.

Жоғары деңгейдегі баждың бір уақытта қолданылуы қазақстандық кәсіпорындардың шаруашылық қызметіне кері әсерін тигізуі мүмкін. Сол себептен Қазақстан үшін тауарлар бойынша Бірыңғай кедендік тарифке кезең-кезеңмен көшу құқығы сақталып отыр.[3]

Кесте-1.

Тауар

Көшу кезеңі

Қазақстанда әрекет етуші баж

Біріңғай Кедендік тариф

Дәрі-дәрмекқұралдары

5 жыл

0%

10-15%

Медициналыққұрал-жабдықтар

4 жыл

0%

10-15%

Қалайыдан жасалған жеке өнімдер (сым темірлер, тақтайлар, фитингтер)

Жарты жыл

0-5%

20%

Қалайыфольгасы

3 жыл

0%

20%

Теміржол вагоны

3 жыл

0%

10%

Химия өнеркәсібі үшін шикізат, полимерлер

4 жыл

0%

10%

Целлюлоза

4жыл

0%

5-10%

Көшірмеқағазы

4 жыл

0%

15%

Пневматикалыққұралдар

3жыл

0%

10%

Электромагниттержәнеқорғауыштар

3жыл

0%

15%

Жылыжай

3жыл

0%

20%


Бұл норма бізге өнім тапшылығының пайда болуына және сәйкесінше республикадағы салынып жатқан зауыттардың өндірістік қуатының толық деңгейде дайын болғанына дейін баға өсіміне жол бермейді.

 

         Кедендік одақ елдерінің арасындағы  тауар айналымы.

2-кесте.

 

Мемлекет

Млрд.доллар

1

Қазақстан

1млрд.565,2млн

2

Беларусия

3млрд.835,3млн

3

Ресей

10млрд.921,9млн


 

Кедендік одаққа мүше елдер арасындағы тауар айналымы өсіп келеді. Еуразиялық экономикалық комиссияның мәліметіне сүйенсек, осы жылдың алғашқы тоқсанында Қазақстан, Беларусь және Ресей арасындағы тауар айналым 17,6%-ға өсіп, 16 миллиардтан астам АҚШ долларын құраған.

Кедендік одаққа мүше елдердің ішінде Қазақстанның тауар шығарылымы 1 млрд 565,2 млн АҚШ долларын құраса, ал Беларусь Республикасының сыртқа шығарған тауар көлемі  3 млрд 835,3 млн АҚШ долларына, сондай-ақ Ресей экспорты 10 млрд 921,9 млн АҚШ долларына жеткен. Өзара сауда саттықтың үштен екі бөлігі Ресей Федерациясына өтеді. Ондағы ресми Минскінің үлесі 23,5% болса, ал Қазақ елінің үлесі 9,6%-ды құрап отыр.

Одақ арасындағы экспорттың үлес салмағы 2012жылдың бірінші тоқсанында қазақ елінде 7,2%-ға жетсе, Беларусь елінде 32,4%, ал Ресейде 8,3%-ды құрады.

Кедендік Одақ елдері арасынғады 2007-2011жж тауар айналымы.

 

Графикте көріп отырғанымыздай Кедендік Одақ елдері арасындағы тауар айналымы жыл өткен сайын өсіп келеді.Бұл Кедендік Одаққа мүше елдердің өндірген өнімдерін кедендік тариф арқылы баж салығынсыз жеткізілуінің нәтижесінде.Тауар айналымы бұндай қарқынмен өсуі келешек уақытта Кедендік Одаққа мүше елдердің нарығында өзге елдердің тауарларының саны азаяды деген сөз.

 

                                                 Қорытынды.

          Кедендік  одақтың Қазақстан Республикасы  үшін пайдалы да, зиянды да  жақтары бар екенін аңғардық.Кедендік  Одақ арқылы біздің еліміз  бірнеше мәселерді шеше алады.Олар:Шетел  инвесторларын тарту оңайлады,арзан  сырттан келетін  тауарларға кедендік  тарифтер қымбаттатылып көлемін  азайтуда. Және елімізде кәсіпкерлікті  дамытып ЖІӨ көлемін көтеру  керек,сол арқылы Отандық өнім  өндірушілердің бәсекелестік қабілетін  арттырады.Біздің еліміз үшін  пайдасыз жақтарды алдағы уақытта  қайтадан саралап,олардың шешу  жолдарын табатын болсақ Кедендік  Одақтың тигізер пайдасы молая  түспек.

 

 

ЖОСПАР:

  1. Кедендік одақтың пайдасы
  2. Кедендік одақтың зиян жақтарын шешу жолдары
  3. Бірыңғай тарифтік кеден

        3.  Кедендік одақ елдерінің арасындағы тауар айналымы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

            

 

 

 

 

 

 

 

Информация о работе Салибекова Перизат