Рыноктық қатынастар теориясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2013 в 19:06, курсовая работа

Краткое описание

ТМД елдерінің ұлттық рыноктары бір-бірімен тығыз байланысты. Олар дүниежүзілік рынокпен де қарым-қатынасты ұлғайтуда. Бұл қатынастарды дамытудың материалдық негізі ол елдер арасындағы еңбек бөлінісін тереңдету, тікелей тауар айырбасы мен сату қызметтерін кеңейту. Тауар айналысы рынок «сатушы мен саты алушылардың » арасындағы қатынастыңкөріну формасы болғанымен, олар шын мәнінде өндіріс пен тұтынудың, сұраныс пен ұсыныстың қайшылықтары нақты көрсетеді.

Содержание

Кіріспе………………………………………………………..........................2
I. Бөлім. Рыноктық қатынастар теориясы…………………................3-14
1.1. Рыноктық экономиканың даму кезеңдері......................................3-4
1.2. Рыноктың мәні,атқаратын қызметі,түрлері..................................5-12
1.3. Рынок экономиканың қазіргі көріністері.........................................13
1.4. Рынок инфрақұрылымы.....................................................................14
II. Бөлім. Экономикалық циклдар…………………………........15-23
2.1. Экономикалық циклдың мазмұны мен жалпы белгілері.............15-18
2.2. Циклдың фазалары. Экономикалық көрсеткіштердің динамикасы……………………………………………………….....................19-21
2.3. Конъюнктураның үлкен циклдары..............................................22-23
III. Бөлім. Дағдарыс және одан шығу жолдары. Дағдарыстың түрлері..............................................................................................................24-27
3.1. Аграрлық дағдарыстар оның өнеркәсіп дағдарысынан айырмашылығы.................................................................................................24-25
3.2. Құрылымдық дағдарыстар................................................................26
3.3. Мемлекет және дағдарысқа қарсы шаралар....................................27
Қорытынды...................................................................................................28
Қолданылған әдебиеттер тізімі.................................................................29

Прикрепленные файлы: 1 файл

экон.теория мазмұны.docx

— 73.69 Кб (Скачать документ)

Мысалы, белгілі швед ғалымы Г. Кассель экономикалық циклдарды  саясаттағы өзгерістерден, ақша айналымындағы  берекесіздіктерден, тарифтегі тәртісіздіктерден  және экономикалық процеске мемлекеттің  аралысуы қажеттігінен тыс қарастыруға  болмайтындығын көрсетті. Т. Вебленнің  еңбектерінде экономикалық цикл ақша айналымы мен несиеге байланысты ерекше құбылыс деп бағаланады. Ол экономикалық цикл өндірістегітыс пайда мен баға арқылы түсіндіріп, циклды несие алушыға ұтыс әкелетін рыноктық экономиканың қалыпты жағдайы деп санады.

Экономикалық циклды зерделеуде өзінің ерекше пікірі бар оқымысты , Т. Вебленнің шәкірті американдық У. Митчелл болды. Ол экономикалық циклды жасанды конструкция , жеке дара деректерді бір кестеге біріктіру деп қарастырды. Экономикалық құбылыстардың нақты деректерін зерттей келе оларға тек қысқа мерзімді (40ай) циклдар тән, ал қалған толқулар ретсіз, ешқандай  заңдылықтарға бағынбайтын, сондықтан қатал талап тұрғысынан бұлар экономикалық циклдарға жатпайды деген қорытындыға келді.

Дж. М. Кларк экономикалық циклды күнделікті бақылау арқылы ғана зерттеп қоймай, оны таза теориялық  жағынан да қарастыруға тырысты. У. Митчелдің  нақты деректерін пайдалана отырып Дж. М. Кларк «экономикалық циклдағы факторлар» деген кітабында бұл процестің ішкі заңдылықтарын анықтап және түсіндіруге  талпынды. Кларк соғыстардың , ғылыми-техникалық прогес толқындарының бастапқы сыртқы факторларын анықтап, олардың экономикалық жүйе қозғалысына қарқын беретінін көрсетті. Дж. М. Кларктың ойынша екінші қайтара факторлардың әсері басымырақ жүйенің ішкі факторына қатысын білдіреді. Бұл жаналық цикл фазасын ғылыми болжауға мүмкіндік берді. 1929-1933 жылдардағы жойқын дағдарыс оны алдын ала болжауды тұтпай, сонымен қатар дағдарысты реттеу тұжырымдамасын жасауды күн тәртібіне қойды. Белгілі ағылшын экономисі Дж. М. Кейнс 1936 жылы жарық көрген «Жұмыспен қамту, процент және ақшаның жалпы теориясы» атты кітабында экономикалық циклдың басты белгілерін анықтады. Ол : ауытқудың уақыты мен ұзақтығы жағынан қайталанып отырады және олар капиталдың шекті тиімділігінің ауытқу механизімінен байланысты деген қорытындыға келді. Дж. М. Кейнстің пікірінше циклдық даму – экономикалық жүйені дамытатын күштердің қорланып, олардың бірін-бірі күшейтуі. Бірақ олар бірте-бірте әлсірейді де, басқа күштер жанданып, қарама-қарсы бағытта әрекет етеді.өз кезегінде қарсы әрекет етеді. Өз кезегінде қарсы әрекет күштер белгілі уақыт ішінде нығайып , олардың әсері күшейді, бірақ оларды өз тегіне жеткеннен кейін жаңа қарама-қарсылықтарға орын берді. Экономикалық  дамуды жоғарлататын немесе төмендететін тенденциялардың ұзақтығы мен ауысуының реттілігін көрсеткен, Кейнс циклдың объективтігін жоққа шығаруға тырысты, сөйте тура оны субъективті фактордың жемісі деп есептеген жоқ.

Оксфорд университетінің  профессоры Дж. Хикс «экономикалық  цикл теориясына кіріспе» деген еңбегінде  Кейнс теориясын едәуір толықтырды. Кейнс  тұиыну мен инвестиция байланысын мультипликаторлар арқылы ашып , экономиканың циклдық қозғалысына толқындыимпульстардың  физикалық теориясы мен акселерация  құбылыстарын талдау негізінде жүргізілген күрделі зерттеу. Бұл құбылыстарды Дж. Хикс циклдың ауытқулары мен дүмпуініңалғышарттары деп көрсетті.

Т. Вебленге қарағанда Дж. Хикс экономикалық циклды талдау барысында  ақша айналымы мен несие сияқты факторларды  ескермеді. Дж. Хикстің экономикалық циклды түсіндірудегі ең басты кемшілігі  – экономикалық дамудың маңызды  фактоларының бірі адам факторын есепке алмады, жоққа шығарды. Осы кемшілік экономикалық циклдарды зерттеуші бағыттардың бірі болған марксизм өкілдеріне де тән.  К. Маркс рыноктық капиталистік экономиканың циклдық дамуының объективтік сипатын зерттеді. Циклдың материалдық негізі деп ұдайы өндіріс процесіндегі негізгі капиталдың қызмет атқару кезеңін атап көрсетті. Циклдың және оның фазаларын материалистік тұрғыдан түсіндіру капитализмнің монополистік сатыға дейінгі кезеңін талдауда нанымды болды. Алайда рыноктық экономикасы дамыған елдердегі экономикалық процестерді тек қана өндірістің материалдық негізінің әсері арқылы түсіндіру жеткіліксіз.

Швед мектебінің белгілі өкілдерінің бірі К.  Векселдің пікірі бойынша циклдердің пайда болуын қажетсінетін экономиканың өзінше тән ерекше қасиеттері бар. Векселдің ойынша өндіріс жылдан- жылға бірқалыпты ұлғайып отырмайды, өйткені халық санының өсуі мен техникалық прогрестің дамуы бірқалыпты емес.

Техникалық прогреспен адамдар  мүддесінің арасындағы алшақтық экономикалық жүйеге көптеген оқыс сілкіністер әкеледі. Ол адамзат қоғамының  ерекшелігіне қарай  белгілі ырғақ пен тербеліске түсіп, толқуларға ауысады.

Гарвард универсетінен шыққан , көбіне оны американ Кейнсі деп атаған. Э. Хансен «экономикалық циклдар теориясы» деген кітабында циклды күрделі экономикалық құбылыс ретінде қарастырды. Хансен қазіргі кездегі экономикалық шайқалыстардың негізінде технология проблемалары , қорлардың мөлшерден артып кетуі , бір сектордан екіншісіне ауысуы кезіндегі тауарлар ағынының кешеулдеуі деп түсіндіреді. Циклдық дамудың шетелдік зерттеушілердің ішінен  И. Шумпетер мен П. Самуэльсон сияқты көрнекті ғалымдарды атауы мүмкін емес. Шумпетердің экономикалық циклдар проблемасын қараудағы ерекшелігі , ол оны экономикалық өсіп дамумен тікелей байланыста талдайды. И. Шумпетердің ойынша экономикалық циклдың терең тамыры – циклдық қозғалыстың ретсіздігінде жатыр. Сөйтіп ол ғылыми айналысқа үш циклдыкесте енгізді, бұл рыноктық экономикадағы барлық құбылыстарды сипаттауға сәкес келетін көзқарас деп есептеледі. И. Шумпетер бұл циклдарды Н. Д. Кондратьев, К. Жуглар мен Дж. Китчина сияқты ғылымдардың есімдерімен атады. Ал, ол ғалымдар циклдардың ұзақтығын 55,102 жыл және төрт айға бөлді.  Шумпетер экономикалық жүйеде барлық үш циклдың өзара байланысы мен өзара тәуелділігі көрінеді деп есептеді.

П. Самуэльсон «Экономика»  атты кітабында экономикалық циклды жалпы рыноктық экономикаға көшкен барлық елдерге тән деп қарайды. Экономикалық циклдың объективті сипатын  мойындай келе , П. Самуэльсон бұл құбылысты  оған әсер ететін ішкі және сыртқы факторларды  талдау арқылы, оның ұзақтығын әр фазаның көріну ерекшеліктеріне сәйкес зерттейді, ұсынады.

Шетел экономистерінің циклдық  дамудың табиғаты туралы көзқарастарымен  тереңірек танысқысы  келетіндерге  Селегэменнің  «Основные  направления современной экономической мысли» және  Жамстың «История экономической мысли XX века» 1968,1969 жылдарда орысша  шыққан басылымдарды ұсынамыз.

Бұрынғы кеңес экономистерінің  ішінен экономикалық циклдар мен  дағдарыстар теориясы туралы Л. Мендельсон мен Е. Варга еңбектері белгілі. Жалпы бұл авторлады экономика  ғылымының ірі зерттеушілері  қатарына жатқызуға болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2.Циклдардың фазалары. Экономикалық көрсеткіштердің динамикасы.

 

Өнеркәсіп циклының ең айырықша белгісі – дағдарыстың фазалары , сатылары. Өнеркәсіп дағдарысының артық өндіруден айырмашылығы белгілі тауарға, өндіріс өніміне деген сұраныс пен ұсыныс тепе - теңдігінің бұзылыуында жатыр.

Енді монополстік капиталзмге  дейінгі дәуірдегі өнеркәсіп  дағдарысының бүкіл бейнесін көрсетейік. Барлық өндірістік тауарлады өзіне тартқан рынок белгілі бір уақытта лық толады,  ал тауарлардың келуі толастамайды, бірақ сұраныс азаяды да , соңынан мүлдем тоқталады. Бұл жайсыздық бүкіл рынокқа таралады. Сұраныс жоғалады, бірақ барлық жерде тауарлар қоры бар ,көптеген кәсіпорындар бұрынғыдай рынокқа тағы да жаңа тауарларды жөнелтіп жатады. Бағалар күрт төмендей бастайды. Жағдайды түзету үшін барлық күш-жігер жұмсалғанымен бәрібір нәтиже бермейді. Көптеген кәсіпорындар бағаның күрт төмендеуіне төзе алмайды. Олардың тоқтап немесе жабылып қалуы басталады. Алдымен банктік және несие беретін мекемелер жойылады. Рынок  шаруашылығы  субъектілерінің бір-біріне деген сенімі де кемиді.

Барлығы қолма-қол ақшамен  есеп айырысуды талап етеді. Кеше ғана күдік туғызбаған весельдер бүгін жай , ешкімге керегі аз қағаз болып қалады. Қарыз проценті өседі. Ең ірі кәсіпорындар күйзеліске ұшырап, машиналар тотап, фабрикалар жабылады. Көшелерде көптеген жұиыссыздар қаптап жүреді. Аштық басталып өзіне-өзі қол жұмсайтындар көбейеді. XIX ғасырда болған дағдарыстар осындай қайғылы көрініске толы өтті. Алғашқы дағдарыс1825 жылы Англияда басталады. Содан кейін ол 1841 жылы АҚШ-та , 1847 жылы АҚШ, Англия мен Франция, Германияны қамтыды. 1857  жылы дағдарыс бірінші дүние жүзілік циклдық дағдарыс болып саналады. Одан  кейін , ол 1873, 1882, 1990жылдарда қайталанады. Әсіресе өзінің зардаптары жағынан жойқын дағдарыстар 1900-1901 жылдары болды. Ол бір мезгілде Ресей мен АҚШ-та басталып алдымен металлургия өнеркәсібін қамтыды. Американың металл рыногын қиратқан дағдарыс әуелі Англия, содан кейін Еуропаны шарпыды. Алғаш тоқыма өнеркәсібі тоқтады, іле-шала құрылыс, химия, машина, электр салалары жабыла бастады. Көзді ашып –жұмғанша дағдарыс барлық еуропа елдерін жайлады. Франция, Австралия, Германия, Италия, Бельгия, сөйтіп ол бүкіл дүниежүзілік дағдарысқа ұласты.

Бағалардың күрт төмендеуі  мықты деген кәсіпорындарды банкротқа  ұшыратты, ал кәсіпорындардың күйзелісі  өз кезегінде жұмыссыздардың санын  көбейтті.

Алайда XIX  ғасыр мен XX ғасырдың басындағы дағдарыстар  сонымен қатар одан шығудың жолын тапты. Дағдарыстың тереңдеуі барысында бағалардың бірте-бірте  құлырауы өнімді өткізудің мол мүмкіндігін жасады, болашақта дағдарыстан  шығудың  ең басты жолдарын іздеуге түрткі болды. Бірінші дүниежүзілік  соғыстан кейінгі дағдарыс дүркін-дүркін батыс елдері экономикасын сілкілеп тұрды. Алайда оның сипаты 1929-1933 жылдарда басқа еді.

АҚШ-та орын алған  1929 жылғы 29 қазандағы «қиралы бейсенбідегі»  орасан зор  биржалық күйреу апатты дағдарыстың бастамасы ьолды. АҚШ-та, Германия, Англия экономикасында бұрын-сонды кездеспеген бағалардың төмендеуі , пайданың күрт азаюы, тапшылық, валютаның құсыздануы етек алды. 1929-1933 жылдардағы дағдарыстар көптеген елдер үкіметін ұлттық экономиканы бұл апаттан алып шығатын әрекетке жұмылдырды. Әсіресе, АҚШ дағдарыстан мемлекеттік  іс-шаралар арқылы шығуға пәрменді қадам жасады. Оларға тоқтала кетейік:

а) Мемлекеттік кепілдік бар салымдар арқылы жүйесін сақтап қалу;

б) Долларды 40%- ке  құнсыздандыру  жолмен қарыз ауыртпалығын жеңілдету;

в) ауыл шаруашылығы өнімдері бағасын көтеру, ол үшін мемлекеттің  көмегімен қаржыландыру және өндірісті  қысқарту;

г) монополиялардың құрылуын қолдау , күштен картелдендіру.

д) қоғамдық еңбекті ұйымдастыру  арқылы жұмыссыздықпен  күрес;

е) жалақыны реттеу.

Мемлекеттің экономиканы  реттеу рөлінің күшеюі және дағдарысқа қарсы реттеу шаралары өз  нәтижесін  берді. Міне жарты ғасыр бойы рыноктық экономика 1900-1901 жылдардағы немесе 1929-1933 жылдардағы катаклизмге, астаң –кестеңін шығарған күйзелістерге соқтырмай келеді.

Алайда өнкәсіптік дағдарыстар 70-жылдардың ортасына дейін проценттік ставкаға, пайдаға, өндіріс шығындары мен жалақыға әсерін тигізіп келді. Дағдарыс  кезінде тек ірі капиталы және үлкен қаржы-қаражаты бар кәсіпорындар ғана өндіріс шығындарын азайту жолымен пайда  тапты. Осымен байланысты ірі кәсіпорындар дағдарыс жайғдайында да жалпы пайда нормасының төмендеуін тоқтатып,  болмаса баяулатты. Орта және ұсақ кәсіпорындар, әсіресе жоғары өнімді құралдары мен технологиясы бар ұйымдар экономикалық жағдайының нашарлауын тұрақтандыра алмай, көбіне банкротқа ұшырады. Техникалық жағынан нашар кәсіпорындардың ойсырап кедейленуі бүкіл өнеркәсіп үшін оң процесс, өйткені ол жалпы өндіргіш күштер деңгейін көтеруге ықпал етті. Еңбек өнімділігінің жалпы деңгейін көтерудің мақсаты – тауар құнын азайту мен пайда нормасының төмендеуін тоқтату. Тоқырау фазасы – дағдарыстан кейін болады, ол ұзаққа созылуы мүмкін. Өндіріс деңгейі тұрақты, бірақ дағдарыс алдындағы кезден әлдеқайда төмен болады. Бірақ жұмыссыздық жоғары. Бірақ бағаның төмендеуі тоқталады, қарыз проценті азаяды, тауар қорлары тұрақты күйде қалады.

Келесі фаза – жандану- өндіріс деңгейі аздап өседі, жұмыссыздық та қысқарады. Бірте-бірте  бағалар көтеріле бастайды, қарыз  проценті өседі. Тауар рыногында  жаңа өнеркәсіп жабдықтарына сұраныс  артады. Көріне бастаған жандану барысында  маңызды салалар өзіне жаңа капитал  тартып, тың икемділік көрсетеді. Өрлеу көбіне жанталасқан әрі  қарбалас сипатта жүреді. Өндіріс  деңгейі циклдың бастапқы кезінен  асып түседі. Жұмыссыздықтың азаюы  жалақының айтарлықтай өсуімен  қатар жүреді. Әсіресе ғылыми-техникалық прогресті анықтайтын салалардың өніміне сұраныс күрт өседі. Өндіріс көлемінің ұлғаюымен байланысты бірінші кезекте шикізат ресурстарына сұраныс артып, олардың бағасы көтеріледі. Өрлеу фазасында жандану кезінде байқалған диспропорциялар , яғни сәтсіздіктер күшейеді. Сөйтип экономика кезекті сатыға жақындайды.

Рыноктық экономикадағы  дағдарыстың абстрактілі ойша мүмкіндісі жа тауар айналасында жатыр және ол ақшаның айналыс құралы қызметімен байланысты. Сатып алу мен сатудың орны мен мезгілінің сәйкес келмеуісату және сатып алу тізбегіндегі үзілістерге әкелді.

Дағдарыстың тууының екінші бір себебі, ақшаның төлем құралы қызметінен шығып қалуы. Кез келген тауар өндіруші оның өнімін сатып алушының төлеу қабілетінің барлығына күмәнданады. Сөйтіп бір міндеттеме бойынша төлемінің болмауы басқа да үзілістерге жол ашып, айналыс жүйесінің бұзылуына , ең ақырында , өндіріс процесінің қожырауына әкеліп соқтырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.3.Конъюнктураның үлкен циклдары.

 

Түрлі елдер мен аймақтардағы өнеркәсіп циклдары сатыларының рыноктық экономикасының күрделі жағдайларынан туындаған құрылымдық дағдарыстармен сәйкес келмеу тенденциясы ғалымдарды бұл экономикалық құбылыстың себептерін іздеуге мәжбүр етті. Тағы да ұмтыла бастаған 20-30 жылдардағы зерттеулерге көңіл аударылады. Олардың ішінде үлкен экономикалық  циклдар тұжырымдамасы ерекше орын алды. 1926 жылы 6 ақпанда қоғамдық ғылымдар ғылыми-зерттеу институтының Ресей ассоциациясының экономика институтында 34 жастағы профессоры Н.Д. Кондратьев «Экономикалық конъюктураның үлкен циклдары» деген тақырыпта баяндама жасады. Баяндама оқылып тұрған кезде төрағаға көтерілген мәселе бойынша басқа тұжырымдама негізінде Д. И. Опаринның қарсы баяндамасы тыңдалсын деген ұсыныс түседі. 1926 жылдың ақпанында  Д. И. Опаринның  баяндамасы тыңдалады. РАНЦИОН баспаханасы Н.Д. Кондратьев пен Д. И. Опаринның баяндамаларынбасып шығарады. Бұл кітапқа баяндама, жарыссөздер және баяндама авторларының соңғы сөздері де енгізілді. Кітап 1928 жылы «Н.Д. Кондратьев пен Д.И.Опарин конъюктурасының үлкен циклдары» деген атпен шығып, кеңес ғалымдарының біраз ұрпақтарының арасында аталған тұжырымдаманың авторлары бір пікірлес деген ұғым туғызды. Ал шынына келгенде қоғам дамуының сипаты мен заңдылықтары туралы Кондратьев пен  Опаринның көзқарастары мүлдем қарама-қарсы еді. Нәтижесі бұл адамдардың өмірлік тағдырларына әсер етті. Д.И. Опарин ұзақ жылдар өмір сүрді, ал Н.Д. Кондратьев болса 1938 жылы репрессияға ұшырады, тек 1987 жылы 16 шілдеде әйгілі ғалым толық ақталды.

Информация о работе Рыноктық қатынастар теориясы