Рынок

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2014 в 17:14, реферат

Краткое описание

Рынок(нарық)— тауар өндірісі мен айналымы заңдары бойынша ұйымдастырылатын айырбасты сипаттайтын тауар қатынастарының жиынтығын білдіреді. Басқаша айтқанда, нарық — нақты тауар сатушылар мен оны сатып алушылардың басын қосатын кез келген институт немесе механизм.
Ол тауар-ақша айырбасының саласы болып табылады және өндірушілер (сатушылар) мен тұтынушылар (сатып алушылар) арасындағы экон. қатынастар жүйесін білдіреді. Бұл қатынастардың негізгі элементтері – құн, баға,бәсеке, сұраныс пен ұсыныс. Нарықтың жұмыс істеуі тауар өндірушілердің арасындағы байланыстарды реттейтін, сондай-ақ адамдардың арасындағы экон. қарым-қатынас олардың еңбегінің өнімін сатып алу мен сату арқылы көрініс табатын тауар өндірісі жағдайында қоғамдық еңбекті бөлу мен ынталандыруды реттейтін заңға бағындырылған.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Рынок.docx

— 55.29 Кб (Скачать документ)

«Инфрақұрылым»  сөзі осы жүйенің ішкі құрылысындағы  негізі, іргетасы. Рынокқа қолданылатын инфрақұрылым осы қатынастарды бір тұтастыққа  ұластыратын және рынок жүйесінің субъектісінің арасындағы тауарлық – ақшалық қатынастарды түзейтін ұйымдастыру нысананың жиынтығы.     

Рынок инфрақұрылымы - әр түрлі рыноктардың  қызметін қамтамасыз ететін қызмет және мемлекеттік және коммерциалық кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелердің жиынтығы. Ол рынок құрылымына сәйкес жіктеледі.    

Қазақстандағы рынок инфрақұрылымының қалаптасу  проблемалары:

    • оны қайта бөлу мүмкіндігі күшіне орай, ірі меншік иелерінің тарапынан кедергі болуына қор биржасының дамымай қалуы;
    • тәкелей өндіруші – сатушыға пайдасыз, тауарлық биржаның дамымай қалуы нәтижесінен тауарларға өте төмен бағаның қойылуы;
    • жұыс орнын қамтамасыз ету шарасындағы нашар жұмыс пен жұмыссыздыққа берілетін жәрдемақының болмауынан еңбек биржасының дамымай қалуы;
    • жолдардың дамымауы, заманға сай қойма орындарының, сауда үйлерінің аз болуы;
    • коммерциялық банктердің кредит ресурстарының нашар қайтарылуына байланысты жұмыстарының тұрақсыздануы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Рынок механизмінің мәні мен негізгі элементтері     

Рыноктың  экономикалық әрекет етуі жиынтығында  рынок жүйесін құрайтын оның белгілі  бір элементтерінің болуын көздейді.    

Рыноктық  экономиканың бірінші әрі маңызды  элементі - өндірушілер мен тұтынушылар болып табылады. Олар еңбектің қоғамдық бөлінуі процесінде, біреулері тауар өндіріп, басқалары оны тұтынған кезде қалыптасады. Тұтыну жеке өзіндік және өндіруші болып бөлінеді.    

Жеке  тұтыну кезінде тауарларды өндіріс  сферасынан шығарып, олар халықтың жеке қажеттілігін қанағаттандыру үшін пайдаланылады.     

 Өндіруші тұтыну өндіріс процесінің  жалғасы ретінде жүреді, бұл кезде тауар басқа өндірушілер арықарайғы өндеу үшін пайдаланылады. Бұл жағдайда өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы өзара әрекет қызмет нәтижелерін алмасу үшін орнатылады. Рыноктық шаруашылықта ол тұрақтылығымен ерекшеленіп, мамандандыру негізінде құрылады және көтерме рыноктық мәміле нысанында көрінеді.    

Рыноктық  экономиканың екінші элементі ретінде  өндірістік бірліктерді корпоративті басқару базасындағы меншіктің жеке және аралас нысандарымен ерекшеленетін экономикалық ерекшелік жүреді.    

Рыноктық  экономиканың үшінші маңызды элементі – баға. Ол айрықша зерттеуді қажет етеді. Біз бұл жерде тек екі ескерту жасағымыз келеді: бірінші, баға арақатынасы әрекет етуші конъюнктураға байланысты ауытқитын сұраныс пен ұсыныс нәтижесінде қалыптасады. Екінші, баға осы географиялық ауданда өндірілетін осы тауарға деген рыноктық қатынастың әрекеті сферасын анықтайды. Осы сфераның шекарасы трансакциялық  шығындармен, яғни айырбаспен байланысты айналым шығындарымен, яғни айырбаспен байланысты айналым шығындармен анықталады.     

Рыноктық  экономиканың төртінші элементі –  орталық буыны сұраныс пен  ұсыныс сияқты құрамдас болып табылады. Сұраныс рынокта тауарларға деген  қажеттілік түрінде жүреді. Тұтынушылар осы тауарларды қалыптасқан бағалармен ақша табыстары кезінде сатып ала алады. Ұсыныс өндірістің ең үнемді әдістері мен ресурстарды тиімді пайдалануға қатысты ынтландыушы ретінде жүреді. Сұраныс пен ұсыныс материалдық игіліктерді өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы тұрақты байланысты қамтамасыз ететін рыноктық механизмнің маңызды элементтері болып табылады.    

Сатушылар сатқысы келетін, тауар көлемімен, сатып алушылар алғысы келетін тауар  көлемімен сәйкес келетін тауар  бағасы ойдағыдай болғанда рынокта тепе-теңдік пайда болады. (7.3 – сурет)    

Баға  – Р рынокта тауар көлемі, сұраныс  берілген тауар көлеміне тең, бұл  бағаның тепе-теңдігі деп аталады. Басқа бағалар теңдестірілмеген деп аталады. бағасына сәйкес келетін тауар көлемі тауар көлемінің тепе-теңдігі деп аталады.     

 

 
 

Қорытындылай  келе, Рынок – тауар мен ақша айналысы қатынастарының жиынтығы деп айтуға болады. 
Қоғамдық өндіріс процесінде қоғамдық өнімнің нақтылы қозғалысы сан мыңдаған шаруашылық байланыстары арқылы жүреді. Олар кәсіпорындардың, салалардың, аймақтық кешендердің, халық шаруашылығының экономикалық қан тамыры іспетті, осы байланыстар арқылы өндірістің "қан айналымы" жүзеге асады. Міне, қоғамдық өнімнің осы қозғалысында рынок маңызды қызмет атқарады. Әрине, оның өміршеңдігі өндірістің табиғатына, экономикалық, әлеуметтік жағдайына байланысты, дегенмен рыноктардың біраз дербестілігі бар, сондықтан да болар ұдайы өндірістің барлық сатыларына, түпкі нәтижесі мен тиімділігіне айтарлықтай әсер етеді.  
Жалпы рынок мәселесі төңірегінде осы күнге дейін теориялық айтыстар толастамай келеді. Экономикалық әдебиеттер мен зерттеулерде "рынок" деген терминнің мәні осы күнге дейін толық ашыла қойған жоқ. Көпшілігі рыноктық қатынасты стихиялық күштер үстемдік ететін ұйымдастырылмаған, у-шуы көп кәдімгі базармен теңесе, ал енді біразы рынокты экономиканы барлық ауруынан тез жазатын керемет "дәрі" деп те, немесе осы салада орын алып отырған олқылықтар мен қайшылықтарды тез реттейтін керемет "күш" деп те дәріптеледі. 
Саяси экономикалық мағынада рынокты айырбас қатынасын білдіретін экономикалық категория деп қарайды. Ол экономикалық қатынастар жүйесінде ұдайы өндіріс процесінің маңызды сатысы, айырбасты сипаттайды. Сонымен, рынок тауарлы өндірістің құрамды компоненті, тауарлы өндіріс пен айналыстың заңдарына сүйенетін айырбас процесі.  
  
 Рыноктық инфрақұрылым – бұл ерекше  рыноктар негізінде әрекет етіп, олардың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін институттардың өзара байланысының жиынтығы, рыноктық экономика объектілерінің тиімді жұмыс істеуі мен олардың белгілі бір нақты рыноктық кеңістіктегі бірлігін қамтамасыз ететін қызметтер түрлерінің жиынтығы.     

 Рыноктық инфрақұрылым элементтері:  тауар және қор биржалары, сауда  үйлері, көтерме және бөлшек сауда  кәсіпорындары, жәрмеңкелер мен  көрмелер, аукциондар, делдалдық құрылымдар, сауда - өнеркәсіптік палаталар, кедендік мекемелер, түрлі қызмет көрсететін ұйымдар мен мекемелер.Барлық жүйелер сияқты, рыноктық инфрақұрылымы болады.    

«Инфрақұрылым»  термині ХХ ғасырдың басында әскери күштердің қалыпты қызметін қамтамасыз ететін, құрылыстар мен объектілерді белгілеу үшін бірінші рет қолданылғаны белгілі болды. Рынок күрделі құрылымға ие және өз әсерімен экономиканың барлық сферасын қамтиды.    

Рынок жағдайында тауарлар өндірісі тұтынушылардың жекелеген топтарының сұранысын қанағаттандырумен байланысты болады.    

Рынок тұтастай алғанда, бай және күрделі  құрылым ретінде сипатталады. Рынок  әртүрлі белгілері мен критерийлері бойынша жіктелетіні белгілі  болды.  
 

 
  
 


Информация о работе Рынок