Протекционизм:мәні және формалары.Сауда саясатының құралдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2013 в 14:44, реферат

Краткое описание

Халықаралық сауда саясаты - халықаралық сауда саласында жалпылама қабылданған саясат. Дүниежүзілік Сауда Ұйымы (ДСҰ) жүргізеді және ол әлем елдерінің көпшілігі тарапынан қолдау тауып отыр. Мұндай саясатқа халықаралық сауданы ырықтандыру жатады.
Сыртқы сауда саясаты атауымен мемлекеттің басқа елдермен сауда қатынасына бағытталған іс-әрекеті түсіндіріледі.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Protektsionizm.pptx

— 109.39 Кб (Скачать документ)

Протекционизм:мәні және формалары.Сауда саясатының құралдары

Протекционизм:мәні және формалары.

 

    • Халықаралық сауда саясаты - халықаралық сауда саласында жалпылама қабылданған саясат. Дүниежүзілік Сауда Ұйымы (ДСҰ) жүргізеді және ол әлем елдерінің көпшілігі тарапынан қолдау тауып отыр. Мұндай саясатқа халықаралық сауданы ырықтандыру жатады.
    • Сыртқы сауда саясаты атауымен мемлекеттің басқа елдермен сауда қатынасына бағытталған іс-әрекеті түсіндіріледі.

Протекционизм:мәні және формалары.

 

    • Сыртқы сауда саясатының негізгі екі бағыты бар:  
       
       

 

еркін сауда саясаты;

 

  протекционизм

Протекционизм:мәні және формалары.

 

    • Протекционизм - отандық экономиканы шетелдік бәсекелестерден қорғауға бағытталған саясат.
    • Еркін сауда саясатымен салыстырғанда протекционизмдегі рыноктық күштердің еркін іс-әрекеті жоққа шығарылады, өйткені әлемдік рыноктағы жекелеген елдердің экономикалық потенциалы мен бәсекеге жарамдылығы әр түрлі, осыған байланысты дамуы жағынан артта қалып отырған елдер үшін рыноктық күштердің еркін іс-әрекеті пайдасыз болуы мүмкін.

 

Протекционизм:мәні және формалары.

 

    • Протекционизм елде белгілі бір салалардың дамуына көмектеседі.
    • Аграрлы елдерде протекционизм көбінесе индустриализацияның қажетті шарты болады.  Одан басқа, протекционизм жұмыссыздықтың азаюына әсер етеді.

Протекционизм:мәні және формалары.

 

 

    • Алайда бұл саясатты ұзақ мерзім бойына пайдалану экономиканың тоқырауына әкеледі, өйткені шетелдік бәсеке болмаса, жергілікті кәсіпкерлердің техникалық деңгейі мен өндіріс тиімділігін жоғарылатуға ынтасы төмендейді.

Протекционизм:мәні және формалары.

 

    • Өзінің төтенше формасында протекционизм экономикалық автаркия түрінде болады, яғни ел импортты тек өз елінде шығаруға мүмкін болмайтын тауарлармен ғана шектейді. Экспорт болса, импортты қамтамасыз ету деңгейінде ғана рұқсат етіледі.
    • Протекционизм дамушы елдерде ғана емес, өндірісі дамыған елдерде шиеленіскен бәсекелестік жағдайында ұлттық тауар өндірушілерін қорғау үшін пайдаланылуда.

Сауда саясатының құралдары

 

    •  Сыртқы сауда саясатының классикалық және негізгі құралы болып кедендік тарифтер саналады.
    • Кедендік тариф - бұл баж салықтары қойылымының жүйеленген тізімі. Кедендік баж салығы деп мемлекеттік шекараны өту кезінде тауарлардың импорты мен экспортына салынатын салығы түсініледі.

Сауда саясатының құралдары

 

1-сурет.Импорттық  
тарифтердің іс-әрекетінің механизмі

 

 Ро - ішкі рыноктың бағасын (тепе-теңдік баға) білдіреді. Осы баға кезінде өндірілген және тұтынылған мақта мөлшері О0-ге тең болады

Сауда саясатының құралдары

 

    • Қазақстан өзінің кедендік шекараларын мақтаның әлемдік бағасы Рw-қа тең кезінде ашты деп болжамдайық. Бұл баға ішкі бағадан төмен болғандықтан, ішкі бағалар төмендеп, мақта өндірісі (Q0 -ден Q1-ге дейін төмендеп, тұтыну Q0-ден Q2-дейін өседі. Тұтыну өсімі импорт есебінен жүзеге асып, оның көлемі (О2-Q1) тең болады.   

Сауда саясатының құралдары

 

    • Ұлттық мақта өндірушілерінің мүддесін қорғап, Қазақстан үкіметі импорттын баж салығын (т) енгізеді. Қазақстан әлемдік бағаға әсер ете алмайтын кіші ел болсын. Мақтаға Рt- ге тең жаңа баға қалыптасып, Т=Рtw болады. Осының нәтижесінде ішкі өндіріс көлемі Q1 ден Q3 -ке дейін өседі

Сауда саясатының құралдары

 

    •  Осы жағдай шетелдік өнімге импорттық баға салығын салу салдарынан шетел тауарларына (біздің мысалымызда мақта) бағасының өсуімен түсіндіріледі. Ұлттық өндірушілер сорты мен сана мінездемелері ұқсас өнімді сатқандықтан, өз өніміне бағаны көтеруді тиімді деп санайды.
    • Мақтаға бағалардың өсуіне байланысты Қазақстанда тұтыну Q2 ден Q4 төмендеп, ол өз кезегінде импорттың азаюына әкеледі.

Сауда саясатының құралдары

 

    • Біріншіден, ішкі өндіріс көлемі ұлғаяды. Ол, ұсыныстың ішкі қисығының иілуіне (эластичность) байланысты әсері әр түрлі болуы мүмкін. 
    • Екіншіден, ішкі тұтыну көлемі қысқарады. Қысқару көлемі, сұраныстың ішкі қисығының иілуіне (эластичность) байланысты әсері әр түрлі болуы мүмкін. Сондықтан импорттық баж салығын енгізу, әр түрлі тауарлар үшін әр түрлі нәтижелерге әкелуі мүмкін.

Сауда саясатының құралдары

 

    • Экономикалық саясат құралы ретінде тарифті қолданудың қарсыластары тарифке қарсы бірқатар дәлелдер келтіруде:

 

    • 1)Тарифтер экономикалық өсуді тежейді;

 

    • 2)Тариф-тұтныушыларға салықтық ауыртпалықты ұлғайтады;

 

Сауда саясатының құралдары

 

    • 3)Импортталған тауарларға салынатын тариф жанама түрде елдің экспортына нұқсан келтіреді;
    • 4)Тариф жұмыстылықтың жалпы деңгейінің қысқаруына әкеледі;
    • 5)Тарифтерді бір жақты енгізу көп жағдайда сауда соғыстарына әкеледі.

 

Сауда саясатының құралдары

 

    • Ал тарифтерді жақтауға мынандай дәлелдер келтіріледі:
    • 1)Тариф - жас салаларды қорғайды;
    • 2)Тариф - жергілікті өндірушілерді ынталандыру кұралы; 
    • 3)Тариф - бюджеттік түсімдердің маңызды көзі;
    • 4)Тариф - ұлттық қауіпсіздікті, елдің халықаралык, беделін қорғайды.  

Сауда саясатының құралдары

 

    • Тарифтік емес кедергілер үш топқа бөлінеді:  
       
      1)белгілі бір отандық өндіріс салаларын қорғауға бағытталған импортты тікелей шектеу шаралары: квоталар, лицензиялар, орнын  
      толтыру (компенсационные) алымдары, импорттық депозиттер, 
      және демпингке қарсы және орнын толтыру (компенсационные) 
      баж салықтары;

 

Сауда саясатының құралдары

 

    • 2)тікелей сыртқы сауданы шектеуге бағытталмаған, бірақ сондай нәтижеге әкелетін әкімшілдік шаралар: кедендік құжаттарды  
      дайындау, техникалық және санитарлық стандарттар мен нормалар, тауарды орау мен таңбалауға қойылатын талаптар  
      т.б.сияқты.

 

Сауда саясатының құралдары

 

    • 3)Сыртқы сауданы шектеуге тікелей бағытталмаған; бірақ сол нәтижеге әкелетін басқадай шаралар:
    • Квоталар мен лицензиялар. Квота (контингент) деп - белгілі бір кезеңде импорттық немесе экспорттық тауарға құнын немесе мөлшерін шектеуді түсінеміз. О-ге тең квота қойылған жағдайда, импортқа немесе экспортқа тыйым салыну, басқаша айтқанда эмбарго орын алады.

Сауда саясатының құралдары

 

    • Квотаның бір түрі болып экспортты ерікті шектеу келісімі табылады. Көбінесе ол дағдарыстағы салалар өніміне байланысты қолданылады.
    • Квотаның басқа бір түрі тарифтік квоталар деп аталады. Қойылған квоталар көлемінде тауарлар импорты баж салығынсыз жүзеге асырылып, осы көлемнен асқан импортқа жоғары салықтар салынады. 

Сауда саясатының құралдары

 

    • Басқадай тарифтік емес шектеулер.
    • Мемлекет валютаны пайдалану әдісін (мемлекетке валютаны сатуға мәжбүр ету және т.с.с.) анықтауға валютамен төлеуге рұқсат алуға міндеттеуі сияқты валюталық шектеулер орнатуы мүмкін. Оның салдары мөлшерін шектеу кезіндегідей болады. Одан "айналып өтудің" әдісі клирингтік келісімдер, қарама-қарсы сауда болып табылады. 

Сауда саясатының құралдары

 

    • Қазақстандағы кедендік-тарифтік реттеу мынандай құқықтык,-нормативті құжаттарға негізделген:
    • 1991 жылдың 24 желтоқсанындағы ҚР "Кедендік тариф пен баж салығы туралы" заңы;
    • 1999 жылдың 16 шілдесіндегі "ҚР кедендік іс туралы" заңы;

Сауда саясатының құралдары

 

    • 1999 жылдың 13 шілдесіндегі "ҚР-ғы демпинге қарсы шаралар туралы" заңы;
    • 1994 жылдың 14 көкегіндегі "Жүк түсіру алдындағы инспекция бойынша келісімі";
    • 1999 жылдың 16 шілдесіндегі "ҚР-ғы субсидиялар мен шығынды өтеу шаралары туралы" заңы.

 

    •  Орындаған: «Экономика» мамандығы бойынша 

    күндізгі бөлімнің 3 курс студенті Шайхиева Меруерт

    •              Қабылдаған: э.ғ.к., доцент Медуханова Л.А.

Назарларыңызға  рақмет!


Информация о работе Протекционизм:мәні және формалары.Сауда саясатының құралдары