Педагогикадағы тұлғаның дамуына байланысты проблемалар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Октября 2014 в 22:05, лекция

Краткое описание

Даму – адамның сандық жəне сапалық өзгерістерінің жүрісі мен нəтижесі. Даму нəтижесінде адам биологиялық түр жəне əлеуметтік тіршілік иесі болып жетіледі. Адамның биологиялық сипаты өз ішіне морфологиялық, биохимиялық, физиологиялық өзгерістерді қамтыған тəн- дене дамуынан көрінеді. Ал əлеуметтік даму оның психикалық, рухани, интелектуал кемелденуінен байқалады.

Содержание

Тұлғаның даму процесі
2. Нəсілдік жəне қоршаған орта
3. Іс-əрекет жəне тұлға дамуы
4. Даму диагностикасы

Прикрепленные файлы: 1 файл

1366194483.doc

— 61.00 Кб (Скачать документ)

Оқушының тəн-дене дамуын диагностикалау қиындық тудырмайды. Бұл үшін бүкіл дүниежүзінде жалпы жəне айрықша сапалардың даму дəрежесін өлшестіруші ерекше тестер (нұсқау-көрсетпелер) қолданылады. Берілген тапсырманы орындауына қарай оқушының қажетті деңгейге, тəн-дене дамуындағы нақты өлшемдерге сəйкестігі анықталады. Алынған деректер жас мүмкіндіктермен салыстырылады.

Рухани, əлеуметтік дамуды диагностикалау үлкен қиындық тудырады. Бұл мақсатта қолданылатын əдістемелер əзірше күрделі, қорытынды дəлдігін қамтамасыз ете бермейді. Диагноз анықтаудың сенімділігін көтеруге орай комплексті тексерістер, антропометриялық, əлеуметтік жəне психологиялық деректер жинақталып, өзара салыстырылады, ал бұл үшін арнайы жабдықталған клиникалар мен зертханалар, дайындықты мамандар қажет. Нақты педагогикалық практикада мектеп психологтары мен мұғалімдері тұлғаның жекеленген қасиет-сапаларын анықтауы мүмкін, бірақ мұндай зерттеулердің нəтижесіне негіздеп, даму құрылымдарына жалпы баға беріп болмайды.

Оқушылардың дамуындағы кейбір ерекшеліктерді диагностикалау-дың қарапайым əдістерін үйреніп алу кəсіби педагогикалық дайындықтың аса маңызды шарты. Мектеп мұғалімдерін аса қызықтыратын жəйттер – оқушылардың ақыл-ой əрекеттерін, мінез-құлық сеп- түрткілерін, қажетсіну деңгейін, көңіл-күй шабытын, əлеуметтік бітістер дамуы мен т.б. маңызды сапаларын күні ілгері байқастыру. Аталған сапаларды зерттеудің кең тараған əдісі - бұл тестілеу.

 

Мұғалімдердің өз қызметтерінде пайдалануы үшін

 

Сұрақтар мен тапсырмалар

1. Тұлға  дамуы деген не?

2. Тұлға  дамуының қозғаушы күштері?

3. Тұлға  дамуындағы нəсілдік пен қоршаған  орта ықпалы қандай?

4. Тұлға  дамуы мен іс-əрекет байланысын  сипаттаңыз.

5. Даму диагностикасының  мəн-мағынасын түсіндіріңіз.

 


Информация о работе Педагогикадағы тұлғаның дамуына байланысты проблемалар