Основы современного производства

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2013 в 13:06, реферат

Краткое описание

Өндірісті ұйымдастыру, Өнеркәсіп өндірісін ұйымдастыру – өндірістің үйлесімді дамуын, жаңа өнімнің тез енгізіліп, игерілуін, еңбек ресурстары мен материалдық ресурстардың, қолданыстағы техниканың неғұрлым толық пайдаланылуын және осы негізде өндіріс нышандарын оңтайлы ұштастыру, өнімнің кеңістік пен уақыт ішінде барлық дайындалу сатыларын келісіп алу жолымен өндірістің тиімділігін арттыруды қамтамасыз ететін шаралар жүйесі.

Прикрепленные файлы: 1 файл

осп.docx

— 33.09 Кб (Скачать документ)

Өндірісті ұйымдастыру, Өнеркәсіп өндірісін ұйымдастыру – өндірістің үйлесімді дамуын, жаңа өнімнің тез енгізіліп, игерілуін, еңбек ресурстары мен материалдық ресурстардың, қолданыстағы техниканың неғұрлым толық пайдаланылуын және осы негізде өндіріс нышандарын оңтайлы ұштастыру, өнімнің кеңістік пен уақыт ішінде барлық дайындалу сатыларын келісіп алу жолымен өндірістің тиімділігін арттыруды қамтамасыз ететін шаралар жүйесі. Өндірісті ұйымдастыру үйлесімділік, ырғақтылық және өндірістің үздіксіздігі қағидаттарына негізделеді. Ол түрлі әдістермен жүзеге асырылады, олардың ең бастылары: тасқынды, топтамалық және жеке-дара әдістер. Өндірісті ұйымдастыру элементтік (атқарымдық), кеңістіктік, уақыттық бөліктерге ажыратылады. Ол өнеркәсіп өндірісінің барлық буындарын – салалық және ішкі салалық экономикадан бастап жұмыс орнына дейін қамтиды. Өндірісті ұйымдастыру қоғамдық және жекеше нысандарға бөлінеді. Қоғамдық нысан қоғамдық еңбек бөлінісінен туындайды және өндірістің мамандануы мен кәсіпорындардың мамандануын, кәсіпорынның ұтымды мөлшерін таңдауды және негіздеуді, өндірістің құрамдастырылуын, кәсіпорындардың кооперациялануын қамтиды. Өндірісті жекеше ұйымдастыру бірыңғай еңбек бөлінісінен туындайды, ол еңбектің кәсіпорын ішіндегі бөлінісі мен ұштастырылуын қамтиды. Өнеркәсіп өндірісін кеңістікте ұйымдастыру өнімді дайындау үдерісінің жеке үдерістерге бөлшектелуінен және кәсіпорынның жекелеген өндірістік буынынан тұрады. Осы деңгейде өндірісті ұйымдастырудың үш түрін бөліп алуға болады, олар: үдерісті жұмыс орнында, цех ішінде және цехтардың арасында ұйымдастыру. Негізгі өндірісті ұйымдастырумен қатар көмекші және қызмет көрсетуші үдерістерді ұйымдастырудың да зор маңызы бар. Олардың атқарымдық міндеті – машиналар мен жабдықтардың қалыпты жұмыс жағдайында болуын қолдау, энергиямен, еңбек заттарымен, құрал-саймандармен, аспаптармен, бейімдемелермен қамтамасыз ету. Көмекші және қызмет көрсетуші үдерістерді ұйымдастыруда кәсіпорын мен басқа да бөлімшелердің аспаптық және жөндеу өндірісінің, көлік және энергетикалық шаруашылықтарының жұмысын ұйымдастыру қамтылады. Өндірістің оңтайлы ұйымдастырылуы тиісті сапада өнім өндіру көлемінің ұлғайтылуын, бұйымдардың жетілдірілуін, еңбек өнімділігінің арттырылуын, өндіріс шығынының азайтылуын, еңбек жағдайының жақсартылуын, кадрлардың мәдени-техникалдық деңгейінің көтерілуін қамтамасыз етеді.

Өнеркәсіп өндірісін  мамандандыру – қоғамдық еңбек бөлінісі мен оны ұтымды ұйымдастыру түрлерінің бірі; өнеркәсіп салаларын оқшаулау процесі.[1] Белгілі бір дайын өнімді, оның жеке бөліктерін дайындау, жеке операцияларды орындау дербес салаларға және оқшауланған кәсіпорындар мен цехтарға топтасады. Мамандаған өндіріс өнімнің және технологиялық процестің бір тектілігімен сипатталып, айрықша жабдықтармен және тиісті маман кадрлармен қамтамасыз етіледі. СССР өнеркәсібін мамандыру – дербес салалардың және өндірістің оқшауланып, бөлініп шығуы. Әрбір саланың шеңберінде жекелеген кәсіпорындардың мамандануы орын алды. Мұны номенклатураны жөнге салудан, мамандырылған цехтарды, учаскелерді, жұмыс орындарын құрудан, өндірістің технологиялық біртектілігін жолға қоюдан көруге болады. Өндірісті мамандырудың міндеті сол, ол дайындалатын өнімнің конструкциялық және технологиялық бір тектілігін қамтамасыз етеді. Мұндай күрделі технология-экономикалық міндет тек шығарылатын бұйымның номенклатурасын қысқарту арқылы ғана емес, сонымен бірге дайын өнімді, бұйымды және детальдарды өндіруді олардың конструкциялық-технологиялық біртектілігіне сүйене отырып, ұтымды түрд бөлу арқылы шешілді. Өндірісті мамандырудың өрістеуі салалар мен кәсіпорындар арасындағы өндірістік байланыстарды күшейтуге, яғни өндірісті кооперациялауды дамытуға жол ашады.

Өнеркәсіп өндірісін мамандырудың 3 түрі бар:

  • заттық мамандандыру – белгілі бір дайын өнім шығаратын салалар мен кәсіпорындары құру (мысалы, станок жасау зауоды, аяқ киім фабрикасы);
  • детальдық мамандыру – өнімді әзірлеуді бірнеше ішінара процестерге бөлшектеп, бұл процестерді жекелеген салалар мен кәсіпорындарға жинақтау (мысалы, шарик-подшипник зауоды, поршень зауоды);
  • технологиялық (стадиялық) мамандандыру – белгілі бір технологиялық процестерді немесе операцияларды жүзеге астыратын салалар мен кәсіпорындарды оқшаулау (мысалы, құю зауоды, иіру фабрикасы).

Өнеркәсіп өндірісін мамандыру  техникалық прогреспен, қоғамның өндіргіш күштерінің дамуымен тығыз байланысты. Өндірісті мамандыруды және қоғамдық еңбек бөлінісін дамыту қоғамның өндіргіш күштерін өсіруге және жетілдіруге  зор ықпал етеді. Мамандыруды  техникалық прогрестің шарты және оның нәтижесі болып табылады, ал техникалық прогресс мамандырылған салаларды, кәсіпорындары, цехтарды, учаскелерді  бөліп шығару және дамыту жолымен  өнеркәсіпті қоғамдық еңбек бөлінісін  күшейтеді. Мамандану сонымен бірге  территориялық еңбек бөлінісімен  де тығыз байланысты. Ауданда оның табиғи байлықтарын пайдалану негізінде  мамандандырылған өндіріс құру сол  экономикалық ауданды мамандандыру болып саналады. Өнеркәсіп өндірісін  мамандыруды дамыту дәрежесін сипаттауда қолданылатын негізгі көрсеткіштер: өнеркәсіптің салалар бойынша жіктелу  дәрежесі; жалпы өнім шығарудағы мамандырылған  өндірістің немесе мамандандырылған саланың  үлесі; кәсіпорынның немесе саланың  шығаратын жалпы өніміндегі негізгі  өнім үлесі; кәсіпорын дайындайтын  өнім топтарының, түрлерінің немесе типтерінің саны; сатып алынған бұйымдардың  және кооперацияланған поставкалардың өнім шығаруға жұмсалған жалпы шығындағы  үлесі; жеке детальдер мен бөлшектер  шығаруға мамандандырылған кәсіпорындар мен цехтардың жалпы өнім шығарудағы үлесі. Мамандыруды өнеркәсіп өндірісін  ұйымдастырудың экономикалық жағынанмейлінше  тиімді формасы болып саналады. Ол кәсіпорын экономикасының барлық жағынан  жақсартуға ықпал етеді. Өндірістің негізгі бөліктерін – еңбек құралдарын, еңбек заттарын және еңбектің өзін тиімді пайдалануға мүмкіндік береді; жаңа және мейілінше жетілдірілеген техниканы, комплексті механикаландыруды, автоматтандыруды енгізуге, өнімділігі жоғары құрал-жабдықты, прогресшіл технологияны және өндірісті ұғымды ұйымдастыруды  кең көлемде қолдануға, еңбектің озат әдісін енгізуге, жұмысшылар мен  инженер-техник қызметкерлердің мамандығын арттыруға қажетті алғы шарттарды  жасайды; өндіріс алаңын, материалдық  және еңбек ресурстарын тиімді пайдалануға  жағдай жасайды, өнім дайындаудың түйдекті әдісіне көшіге жол ашады. Осылардың  нәтижесінде еңбек өнімділігін  қауырт өсіруге, сапаны жақсартуға, өзіндік  құнды төмендетуге және өнім шығаруды арттыруға қол жетеді. Капитализм тұсында өнеркәсіп өндірісін  мамандырудың дамуы стихиялы және қайшылықты сипат алады. Пайда табудың соңына түсу және бәсеке капиталистерді өндірісті  мамандандыруға итермелейді. Сонымен  бірге бәсеке барысында капиталистер көбінесе мамандандырудан бас тартуға  және кәсіпорынды универсалдандыруға мәжбүр болады. Өндіріс анархиясы  мамандандырудағы бытыраңқылыққа душар  етеді, біртекті өнім өндіруде тиімсіз  паралелизмге ұрындырады. Өндіріс құрал-жабдығына  қоғамдық меншік және жоспарлы социалист  шаруашылық жағдайында мамандандыру мен  жаппай өндірістің дамуына тосқауыл жоқ. Социализм тұсында барлық өнеркәсіп  ауқымында өндірісті тиімді ұйымдастыруға  және кәсіпорыдар арасында өнімдердің түр-түрін бөлуге мүмкіндік туады. Компартия мен Совет үкіметі  социалист құрылыстың барлық кезеңінде  халық шаруашылығын мамандандыру мен кооперациялауға бағыттап отырды. СССР-де қысқа мерзімде өнеркәсіптің дәл мамандырылған салаларының дамытылған жүейсі қалыптасты. Коммунизмнің материалдық-техникалық базасын жасау және жоғары қарқынды еңбек өнімділігін қамтамасыз ету өндірісті мамандандыру халық шаруашылығының барлық саласында одан әрі дамытуды талап етеді. КПСС 22-25-съездерінің шешімдерінде және КПСС ОК-нің соңғы он жыл ішіндегі Пленумдарының қаулыларында өнеркәсіп өндірісін мамандыруды дамытудың кеңейтілген бағдарламасы жасалған.[2][3]

10.3. Кәсіпорынның  жөндеу шаруашылығы 

 

 

 

 

Жөндеу қызметінің орындары мен цехтері өндірістік менеджменттің  маңызды нысандары болып табылады.  Бұл, технологиялық құралды қолдану барысында, оның физикалық және моральдік тозуға ұшырайтындығынан үнемі техникалық қызмет етуді қажет етуімен байланысты. Құралдың жұмысқа қабілеттілігі, оны жөндеу жолымен қалпына келтіріледі. Жөндеу жұмыстарын басқару мен ұйымдастыру, кәсіпорынның өндірістік инфрақұрылымындағы өндірістік менеджменттің негізгі мәнін құрайды.

Жөндеу жұмыстарының пайда  болуының экономикалық негізі техника  бөлшектері мен түйіндерінің беріксіздігі болып табылады.

Жөндеу (француз тілінен  аударғанда – дұрыстау, толықтыру, қайтадан жинау дегенді білдіреді) -  бұл жеке қолданыстағы заттардың немесе негізгі қорладың тұтыну құнының жарым – жартылай қалпына келтірілуі және қолдануымен байланысты техникалық-экономикалық және ұйымдастыру шараларының жиынтығы. Іс жүзіндегі стандарттарға сәйкес жөндеу – бұл бұйымдардың немесе оның құрама бөлшектерінің жұмыстық қабілеттілігін қалпына келтіру операцияларының кешені болып табылады.

Кәсіпорынның жөндеу шаруашылығының негізгі міндеттеріне төмендегілерді жатқызуға болады:

-  технологиялық жабдықтардың қалыпты эксплуатациялық даярлығын және оның жаңартылып отыруын қолдау;

-  құрал-жабдықтардың қолдану мерзімін жөндеу жұмыстарысыз ұзарту;

-  құрал-жабдықтарды жөндеу жұмыстарының сапасын арттыру;

-  жөндеу жұмыстарына кететін шығындарды азайту және технологиялық құрал-жабдықтарға техникалық қызмет көрсету

Бұл мәселелерді келесі жолдармен  шешуге болады:

-  апаттар мен тозудың алдын-алу мақсатында, эксплуатациялық процесс барысындағы құрал-жабдыққа техникалық қызмет көрсету бойынша өндірістік менеджменттің рационалды жүйесін дайындау;

-  жабдықты  жоспарлы-алдын-ала, сапалы, дер кезінде жөндеу;

-  ескірген жабдықты жаңарту;

Ірі және орта өнеркәсіптік кәсіпорындарда негізгі қорларды жөндеу жұмыстарын келесі дербес қызметтер  орындайды: бас механик, бас энергетик, бас құралшы және бас сәулеткер. Осы аталған қызметтер кәсіпорынның (шаруашылықтың) жөндеу өндірісін құрайды.

Кәсіпорынның көлеміне және өндіріс сипатына байланысты,  жөндеу қызметтерінде келесідей басқарудың ұйымдастыру құрылымдары қолданылады: орталықтандырылмаған, аралас және орталықтандырылған. 

Басқарудың орталықтандырылмаған құрылымында  технологиялық құралдарды жөндеу жұмыстарының барлық түрлері өндірістік цехтердің құрамына кіретін жөндеу бөлімшелерінің күшімен жасалады. 

   

               

Сурет 10.1. Кәсіпорынның жөндеу-механикалық  қызметінің орталықтандырылмаған

ұйымдастырушы құрылымы 

 

Басқарудың аралас құрылымы кезінде технологиялық жабдыққа ағымдық жөндеу және техникалық қызмет көрсету негізгі цехтың жөндеу бөлімшелерін күшімен, ал күрделі жөндеу жұмыстары  – жөндеу механикалық немесе басқа  арнайы мамандандырылған жөндеу цехтерімен жүргізіледі. 

 

 

   

 

 

 Сурет 10.2. Кәсіпорынның жөндеу-механикалық  қызметінің аралас ұйымдастырушы құрылымы  

 

Басқарудың орталықтандырылған құрылымында жөндеу жұмыстарының барлық түрлері және технологиялық құралдарға техникалық қызмет көрсету,  орталықтандырылған жөндеу өндірісінің құрамына кіретін, арнайы мамандандырылған бөлімшелермен орындалады. Жөндеу жұмыстарын орталықтандыру қызмет көрсету сапасын жақсартады, жөндеушілердің еңбек өнімділігін көтереді, жұмыстың өзіндік құнын төмендетеді. 

 

 

   
Сурет 10.3. Кәсіпорынның орталықтандырылған жөндеу өндірісінің ұйымдастырушы  құрылымы 

 

Жөндеу жұмыстарына ағымдық (шағын), орта және күрделі жөндеу. Жөндеу жұмыстары негізгі қорлардың барлық түрлері бойынша жүргізіледі.  

Ағымдық деп көлемі бойынша минималды жөндеу жұмыстарын айтады, оларға кезекті жоспарлы жөндеу жұмыстарына дейін құралдардың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін  механизмдерді жөнге салу және тез тозатын бөлшектерді ауыстыру мен қалпына келтіру жұмыстарын жатқызуға болады.

Орташа жөндеу күрделілірек болып табылады.  Бұнда жабдықты жарым-жартылай бөлшектеу арқылы тозған бөлшектерді ауыстыру және қалпына келтіру қажет .

Күрделі жөндеу жұмыстары – көлемі және қиындығы жағынан ең  үлкен, барлық бастапқы бөлшектерді жөндеу мен толық бөлшектеп жинауынды, түйіндер мен бөлектерді ауыстыруды, кейбір бөліктерін қалпына келтіруді, олардың дәлділігін тексеруді қажет етеді.

Жөндеудің барлық түрлеріне  кететін шығындар жөндеу қорынан  қаржыландырылады, ол кәсіпорында өзіндік  құн есебінен норматив бойынша құрылады.   

 

 


Информация о работе Основы современного производства