Қоғамдық өндірістің құрылымы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2013 в 22:47, реферат

Краткое описание

Материалдық игіліктерді жасап шығаратын процесс өндіріс деп аталады. Өнім өндірісінде адам табиғат объектеріне әсер етеді, оларға өзінің материалдық қажеттерін қанағаттандыратындай форма береді. Айтқандай, өндіріс дегеніміз тікелей тұтыну үшін, немесе, өндірісті әрі қарай жүргізу үшін, табиғат заттарын өндеу болып табылады. Өндірістің осы қызметі онын әлеуметтік формасы қандай болмасын сақталады. Игіліктерді дайындауға қатысатын факторларды аныктап білу маңызды мәселе болып табылады. Экономмкалық теорияда өндірістін, мүмкіндігі мен нәтижелілігіне шешуші әсер ететін ерекше маңызды элементті, немесе объекті, өндіріс факторлары деп атайды. Өнім өндіруде пайдаланатын осындай факторлар өте коп болады

Содержание

I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
А)Қоғамдық өндіріс
Б)Қоғамдық өндірістің құрылымы
III.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

ekonomika 2nd.docx

— 37.14 Кб (Скачать документ)

Функционалдық және салалықтан өзге аймақтық немесе аумақтық экономикалық құрылым өмір сүреді. Нақты аймақтық экономика ел аумағындағы бүкіл экономикалық объектілердің жиынтығын білдіреді. Экономикалық аудандар, мысалы: Орталық Қазақстан (Қарағанды), Шығыс Қазақстан (Өскемен), Оңтүстік Қазақстан (Шымкент) және өзге аудандар экономикалық аудандар болып саналады.

Экономикалық аудандар өз құрылымына, нақтылы ауданның жекелеген  сала кәсіпорындарының оның табиғи ресурстарымен, жол қатынастарымен және экономикалық-географиялық жағдайларымен үйлесетін шаруашылық кешендерін немесе аумақтық-өндірістік кешендерін еңгізеді.

Макроэкономикалық мақсаттарды шешетін экономикалық өту негізінде қоғамның бүкіл мүшелерінің өмірлік қызметінің оңайлы жағдайларын қамтамасыз ету ұлттық экономиканың мақсаты болып саналады.

Макроэкономикалық мақсаттар ұзақ мерзімдік немесе қысқа мерзімдік болуы мүмкін, оған қол жеткізу үшін мемлекет саяси құралдар жиынына иелік етуі тиіс. Оған елдің бюджеттік, салық, несие, ақша, валюта жүйелері жатады,олар саясаттың монетарлық және фискалдық екі түрі арқылы көрінеді. Бірінші, ақша-несие және валюта жүйесі тұтқаларын пайдаланумен байланысты, ал екіншісі — салық жүйесін манипуляциялау жүйесі арқылы.

Бұрынғы және қазіргі  ұрпақтардың  өткен еңбегімен жинақталған материалдық игілік ұлттық саясатты бағалаудың басты өлшемі болып саналады. Байлық — бұл адамдар нені бағалайды, соның барлығы, яғни материалдық қана емес, сонымен бірге материалдық емес: табиғи ресурстар, кәсіптік білім, адамның қабілеті, бос уақыты. Қоғамдық байлықты заттай және ақшалай формада көз алдыға елестетуге болады. Қазіргі уақытта  адамдардың байлығын бағалау өзгеруде. Бұл көпшілік жағдайда, нормативтік категория және қандай да бір байлықты бағалау туралы адамның пайымдауынан тыс өзге байлық өмір сүрмейді. Былай деп айтуға болады: байлық — бұл адамның таңдауын кеңейтетіннің барлығы немесе оның баламасы мүмкіндіктері. Төсекте сал болып ауырып, тақалып  жатқан миллионерді бай деп айтуға бола ма, жоқ па?

Халықтың жан  басына шаққанда қоғамның өнімнің өсу  қарқыны макроэкономикалық даму көрсеткіштерін бағалаудың басты өлшемдері  болып саналады. Дәл осы экономикалық өсудің қарқынынан, қоғамдық өнімді көбейту және қарқынын арттырудан ұлттық экономиканың тиімділік деңгейі көрініс табады,демек, аталмыш қоғамның экономикалық дамуының таңдап алынған моделдері, түрлері мен әдістері көрініс табады.

Ұлттық экономиканың жұмыс істеуінің нәтижелері, белгілі  бір кезеңдердегі материалдық-заттық, интегралдық немесе жалпы нәтижелер, көп жылдық нәтижелер — ұлттық экономиканың жиынтықталуы.

Ұлттық экономиканың материалдық-заттық нәтижелері — қоғамдық жиынтық өнім (ҚЖӨ) — белгілі бір кезеңдегі   бүкіл кәсіпорындар өндірген материалдық игіліктер (өнімдер). Бұл жерде басты орынды ұлттық жалпы өнім (ҰЖӨ) алады.

Ұлттық жалпы  өнімнің құрамына өндірістің өндірілген бүкіл құралдарының, тұтыну заттары мен қызметтерінің құны, сондай-ақ шетел аумағында аталмыш ел субъектілерінің өндіріс факторларын пайдаланудан алған кірістері кіреді.

Ұлттық жалпы  өнімді дұрыс өлшеу үшін оған шетелде  өндірілген өнімдер  құны (салықтар мен басқа төлемдерді алып тастағаннан кейінгі) — түпкі өнімдер кіреді. Түпкі қоғамдық өнім (ТҚӨ) — бұл тікелей тұтынуға арналған.

Тазаұлттық өнім (ТҰӨ) — амортизациялық аударымдарды шегеріп тастағандағы, жаңадан жасалған құнына сәйкес барлық салалар өнімдерінің жиынтығы.

Одан жанама салықтарды шегеріп тастағаннан кейінгі (сатудан салықтар, акциздер, мүлік салығы, лицензиялық төлемдер мен кеден баж салықтары) таза ұлттық өнім сомасы ұлттық табысты (ҰТ) білдіреді ҰТ — бұл өндіріс факторының иелері латын: жер, капитал және еңбек, жеке тұтынуға жұмсалатын шығындар — жиынтық табыс. Ол сондай-ақ  бюджетке түсетін табыс салығы, өндірістік емес салалардағы қызметтерге жұмсалатын шығындар, корпорацияның пайдалары, әлеуметтік сақтандыруға арналған жарналар түрінде қайта бөлінеді. Ұлттық табыстың акциялар мен трансфертке дивиденттер мен жиынтықтағы қалған бөлігі ғана жеке табысты құрайды және ол тұтынуға кетеді.

Оқулық экономикалық әдебиеттерде адам қажеттіліктерін бастапқы (төменгі) және қайталама (жоғары) (Американ экономисі А.Масслау және оның пирамидасы) қажеттіліктерге бөлу жиі пайдаланылады. Бірінші қажеттіліктерге жататындар — тамақ, сусын, киім, түс және т.б.

Екіншіге — адамның  рухани, жеке қызметімен байланысты қажеттіліктер — өзін-өзі айқындау  қажеттіліктері, білім беру, өнердегі, ойын-сауықтағы қоғамдық құрмет.

Адам, қоғам қажеттіліктері өзгеріссіз қалмайды, олар адамзат  өркениетінің эволюциясымен қоса дамып  отырады және қоғамдық өндіріс құрылымы — материалдық және материалдық емес аларды айқындайды. Шектеулі ресурстардан жасалған материалдық және материалдық емес байлықтар бір тауарды, бір қызметті, бір өндіріс түрін таңдауды білдіреді. Сондықтанда экономикада не сатып алынады сол ғана талданылмайды, сонымен бірге кеден бас тартады (өндірілмейді) солар да талдауға жатады.

Ресурстардың шектеулігі жағдайында адамдардың, кәсіпорын мен қоғамның әл-ауқат деңгейін ұстап тұру үшін қолда бар ресурстарды тиімді жұмсауға  мүмкіндік беретін дұрыс таңдау жасау маңызды болып саналады. Бұған әрбір мүмкін варианттардан  алынатын пайданы салыстыру арқылы қол жеткізуге болады. Баламалы пайда варианты баламалы құнды құрайды.

Сөйтіп, қандайда бір формадағы әрбір пайда қоғамның әл-ауқат деңгейін қамтамасыз етеді. Әл-ауқат деңгейі — ел азаматтарының тауарлармен және қызметтермен қамтамасыз етушілік дәрежесін, сондай-ақ жайлы және қауіпсіз өмір сүруге қажетті өмір жағдайларымен  қамтамасыз етушілік дәрежесін көрсетеді.

БҰҰ сарапшылары  былай деп санайды, әл-ауқат деңгейі үш негізгі көрсеткіш:

  1. өмірдің орта параметрі;
  2. сауаттылық деңгейі;
  3. халықтың жан басына шаққандағы кірістерінен тұратын адам дамуының индексімен сипатталады.

Өмір сапасы — материалдық игіліктер мен қызметтерді тұтыну деңгейі, білім алу, мәдениетке мүмкіндігі, дәрігерлік қызмет көрсету дәрежесі және қоршаған орта жағдайын енгізе отырып, адамдар өмір сүретін жағдайлардың кешенді сипаттамасы.

Сөйтіп, адам қажеттіліктері  абсолютті және салыстырмалы, бастапқы және қайталама, жоғары және төмен, тікелей және жанама, нағыз және болашақтағы болып бөлінеді.

4.  Өндіріс және ұдайы өндіріс. Экономикалық игіліктердің үздіксіз айналысы.

Экономикалық даму — бұл өзіне сандық және сапалық  өсуді біріктіретін экономикалық, әлеуметтік, саяси және өзге де факторлардың тұтастай кешенінің өзара байланысты әрекеті. Қазіргі экономика ХІХ ғасырдың соңындағы экономикадан өзгешеленіп көрінеді, өйткені меншік қатынастарында, ұлттық табысты бөлуде маңызды өзгерістер болды, әлеуметтік қорғау саясаты мен ұлттық экономиканы мемлекеттік реттеу  саясаты пайда болды және қалыптасты.

Экономикалық даму  процесін дұрыс түсіну үшін экономиканы оның барлық өзара байланыстарымен және өзара алмастырушылықтарымен, яғни ұдайы өндіріс процесімен байланысты қарау қажет. Қоғамдық ұдайы өндіріс өзінің дамуында төрт сатыдан тұрады: өндірістің өзінен, бөлуден, айырбас пен тұтынудан. Бұл сатылардың жалғастығы болмай қоймайды, уақыт ағыны сияқты.

Өндіріс нақты заттай өнім жасайды: өндіріс құралдары және тұтыну заттары. Бұл — машиналар, құрал-жабдықтар, нан, ет, маталар, киім, яғни соның өмір сүріп және дамуы солардың барлығы.

Жыл ішіндегі өнімдерді  бөлу сол елде үстемдік ететін меншік қатынастары мен экономикалық жүйеге сәйкес жүзеге асырылады. Мысалы:  нарықтық механизм арқылы немесе орталықтандырылған түрде бөлу арқылы.

Айырбас (айналым) еңбек  бөлінісі  және мамандану негізінде жүзеге асырылады, сондықтанда, бұл біртұтастық бір формадағы өз еңбегінің нәтижесін қажетті өнімдер үшін екінші формада берудің  мүмкін жолдары. Бұл — «ақша-тауар» немесе «тауар-ақша» схемасы бойынша сатып алу — сату актісі болып саналады. Экономика дамуының бұрынғы, сол сияқты қазіргі кезеңдерінде «тауар-тауар» (баспа-бас айырбас) айырбасы болуы мүмкін.

Тұтыну — кез  келген өндірістің түпкі мақсаты, оның шыңы, онсыз кез келген өндіріс пен шаруашылық қызметі өзінің мағынасын жоғалтады. Тіпті, егер олар тұтынуда көрініс таппаса, кез келген ашылған жаңалықтар, оны қолданысқа енгізу мен дамытудың өзінің мағынасы болмайды.

Тұтынудан соң оны  жаңасымен толықтырып отыру, яғни өндіру заңды болып табылады. Өндіріс — бөлу-айырбас-тұтыну тізбегі ешқашанда үзілмейді.

Осы төрт фазаның  барлығы бір мезгілде жүзеге асырылады, өйткені осы фазаның біреуінің тоқтауы тізбектің ажырауына және қоғамның құлдырауына әкеледі. Ұдайы өндіріс процесі төмендегі 1 схемада көрсетілгендей жүзеге асырылады

Ұдайы өндіріс процесінде әлемдік шаруашылықтың дамуымен, өндіріс құралдары мен тұтыну заттарының артық бөлігі соған бағытталатын, экономикалық ресурстар сарқылып алынатын сыртқы орта (халықаралық сауда) үлкен роль атқарады.

Экономиканы басқару  жүйесі (өзін-өзі реттейтін рынок, мемлекеттік аппарат) өндіріс, бөлу,  айырбас және тұтыну арасындағы өзара байланысты және келісімді жүзеге асырады. Ұдайы өндіріс процесінде: өндірістің материалдық-заттық факторларын ұдайы өндіру, жұмыс күшінің  ұдайы өндірісі және өндірістік қатынастар (экономикалық) ұдайы өндірісі сияқты әлеуметтік экономикалық аспектілер аса маңызға ие. Қоғамдық капиталдың бұл үш жағы оның тұтастай ұдайы өндірісін қамтамасыз етеді. Олардың ең болмағанда бірінде ұдайы өндіріс болмаса — тұтастай түрде ол жоқ деген сөз. Ұдайы өндіріс жай (қарапайым) және кеңейтілген вариантта (формаларда) жүзеге асырылуы мүмкін. Жай (қарапайым) ұдайы өндіріс сол көлем мен санды бұрынғы өндірісті қалпына келтіру. Бұл, яғни қоғам барлық жаңадан өндірілген өнімді (қосымша) тұтынуға жұмсайды. Мұндай қарапайым ұдайы өндіріс кейбір азиялық, латиноамерикалық  және африкалық басым көпшілік елдеріне, ал ықшамды ұдайы өндіріс қайта құрудың алғашқы кезеңіндегі ТМД елдері үшін тән болып саналады.

Сонымен, капиталдың шоғырлануы, оның жинақталуы, қоғамдық байлықтың өсуі — бұл аңыз, ішкі әсер етуі.  Қорытынды — капитал қосымша құн әкелетін  құн, капитал — үнемі қозғалыста болатын, қозғалыссыз бола алмайтын өзінен өзі өсетін құн.

Капиталдың өзін-өзі өсуінің өзге формасы оны орталықтандыру болып саналады.

Капиталды орталықтандыру — шағым және орта кәсіпорындарды ірі кәсіпорындармен күштеп біріктіру (басып алу)  немесе оларды еркімен біріктіру және (бәсекелестік) үшін) қаржы өнеркәсіп топтарын құру, акционерлік компаниялар, холдингтер құру, бақылау акция пакеттерін, сатып алу, қатысу жүйесі және т.б.

Өндірісті екі жолмен ғана: өндіріс факторларын көбейтумен — экстенсивті түрде немесе өндіріс технологиясын жақсартумен интенсивті түрде кеңейтуге және дамытуға болады.

Экстенсивті экономикалық өсу:

- олардың біліктілігін арттырусыз жұмыс істейтіндер санын арттыру;

- өндірістің материалдық факторын ұлғайту (шикізат, материалдар, отын, жарамды жерлер және т.б.);

- технологияларды  жақсартусыз капитал жұмсауды  көбейту жолымен өндіріс факторларын сандық тұрғыдан кеңейту есебінен өндірісті көбейту.

Интенсивті  экономикалық өсу:

- негізгі қорларды (өндіріс құралдарын) жаңарту, ҒТП арқылы жаңа, неғұрлым тиімді технологияларды енгізу есебінен материалдық байлықтар мен қызметтерді өндіруді кеңейту;

- өндірісті ұйымдастыруды жақсарту (шаруашылық байланыстарының жаңа құрылымдары, басқару, маркетинг, кооперация);

- негізгі және  айналым қорларын пайдалануды  жетілдіру, олардың айналымдылығын, амортизациясын жеделдету және  т.б.;

- жұмыс күшінің  біліктілігін тұрақты өсіру, еңбегі  ғылыми ұйымдастыруды жетілдіру  жолымен өндірістің қолдағы бар факторларын неғұрлым тиімді   (интенсивті) пайдалану есебінен өндірістің өсуі.

Қорытынды

Аталмыш тақырыпта  материалдық игілікті жасаушы және тұтынушы ретіндегі адамның мінез-құлқы (тәртібі) қарастырылған, ол өндіріс құралдарын қолданысқа келтіруші ғана болып саналмайды, сонымен бірге техника мен технологияларды пайдалану тәсілдерін айқындайды. Осыдан «адам факторы», «адам капиталы» деген экономикалық категориялар мен олардың маңыздылығы пайда болады.

Экономикалық категория  материалдық, әлеуметтік, интеллектуалдық  ресурстардың шектеулілігі жағдайында кімге және қалай шығару керектігін таңдау, осылардың барлығы адам қажеттіліктерінің шектеусіз екендігін барған сайын күшейте түседі. Адамдардың қажеттілігін қанағаттандыру сияқты экономиканың басты міндеттерін шешу кезіндегі өндіріс ресуртары мен факторлары арасындағы бір-бірін өзара толықтырушылықтар көрсетілген.

Қоғамдық өндіріс құрылымдары (материалдық және материалдық емес өндіріс), қарапайым және ұлғайтылған ұдайы өндіріс проблемалары, оларды дамытудың  экстенсивті және интенсивті жолдары көрсетілген. Өндірістің негізгі және айналым қорларының айналымы туралы үздіксіз айналымдары, сондай-ақ олардың қозғалыс сатылары мен уақыты, қорлардың изикалық және моральдық тозуына талдау жасалған.

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1) С. Әкімбеков, А.С. Баймұхаметова, У.А Жанандаров Экономикалық теория. Оку құралы. Жалпы редакция С. Әкімбековтікі. — Астана: 2002.

2) Әубакиров Я.Ә.“Экономикс”.Оқу құралы.А. Эк.,  1995

Информация о работе Қоғамдық өндірістің құрылымы