Өнім өндіруді жоспарлау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Ноября 2013 в 21:29, реферат

Краткое описание

Негізгі жоспарлау кезеңдерін мазмұнын қарастырайық:
1.Өндірістік бағдарламаны жоспарлы кезеңдер бойынша бөлу.
Ағымдағы жоспарлауда өндірістік бағдарлама әдетте бір жылға құрылады. Кәсіпорынның ішкі және сыртқы аумағының динамика жағдайында өндірістік бағдарламаны ұзағырақ мерзімге жоспарлау мүмкіндігі төмен. Сондықтан да жылдық өндірістік бағдарламаны жүзеге асыруға дайындық, оны кварталдар мен айларға бөлуден басталады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

srs_om.docx

— 15.80 Кб (Скачать документ)

Өнім  өндіруді жоспарлау өндірістік бағдарламада бекітілген өнім өндіру көлеміне қажет  ресурстармен толық жабдықталған жағдайда жүзеге асады. Сондықтан өндірістік бағдарламаның өндірістік қуатқа негізделіп жасалуы негізгі шарт болып табылады.

Негізгі жоспарлау кезеңдерін мазмұнын қарастырайық:

1.Өндірістік бағдарламаны  жоспарлы кезеңдер бойынша бөлу.

Ағымдағы жоспарлауда  өндірістік бағдарлама әдетте бір жылға  құрылады. Кәсіпорынның ішкі және сыртқы аумағының динамика жағдайында өндірістік бағдарламаны ұзағырақ мерзімге жоспарлау  мүмкіндігі төмен. Сондықтан да жылдық өндірістік бағдарламаны жүзеге асыруға  дайындық, оны кварталдар мен айларға  бөлуден басталады. Өндірістің ырғақтылығы  тиімділіктің жоғарылауына үлкен әсері  болса жылдық шығару көлемі мен өткізу көлемін нақтылап кварталдар мен  айларға бөлу қажет. Жылдық міндеттерді  кварталдарға бөлу келесі факторларды  ескере отырып жасауы қажет: Өндірістік бағдарламаның орындалуының жоспары  келесі алгоритм бойынша жүзеге асады. тұтынушыларға келісім шартта көрсетілген мерзімде өнімді жеткізу;

  • өндірісті кеңейту, өндіріс қуатын пайдалануды жақсарту, сонымен бірге инновациялық іс – шаралар;
  • жаңа құрал – саймандар мен қуаттарды іске қосу мерзімдері;
  • барлық өндірістік бөлімшелерді бірдей жүктелуін қамтамасыз ету;
  • өндірістің сериялылығын жоғарылату;
  • әрбір кварталдағы жұмыс күндер саны;
  • жұмыстың мезгілділігі мен ауыспалдылығы;
  • өнім өткізілуінің мезгілділігі;
  • кейбір құралдардың істен шығуын және басқа себептермен тұрып қалу мүмкіндігі;
  • өндірістен ескірген және сұранысы жоқ өнімдер түрін алып тастап,орнына жаңа тауарлар енгізу.

Жаппай және ірі сериялық өндірісте, яғни өнімнің өтуі мезгілге байланысты емес болғанда өндірістік бағдарламаны бөлу пропорционалды түрде  жұмыс күніне бөлінеді. Қалған жағдайларда  бөлу тұтынушыларға өнімді жеткізу  кезеңдеріне байланысты жасалады.

Жабдықтау жоспары натуралды түрдегі өнім өндіру мен өткізу көрсеткіштерімен байланыстырады, яғни байланыс деңгейі  мен есептелуі келесі формуламен анықталады:

 

Ппі = Прі - ∆Опі = Пті + ∆Опсі - ∆Опі          (15)

 

Мұндағы: Ппі – і –  лік атауындағы тұтынушыға дайын  өнімнің көлемін жеткізу, Прі - өнім өткізу көлемі, ∆Опі – жылдың басы мен аяғына жіберілген, бірақ әлі  төленбеген өнім қалдықтарының өзгерісі.Пті - өнімді шығару жоспары, ∆Опсі –  жоспарлы кезеңнің басы мен аяғына қарай қоймадағы дайын өнімдердің қалдықтарының өзгеруі.

Өнімді  жабдықтау ақыты тұтынушы кәсіпорындармен  жасаған келісім – шартқа байланысты.

2. Өндірістік бағдарламаны құрылымдық  бөлімшелерге дейін жеткізу.Кәсіпорынның  ішкі құрылымы мен мамандануына  байланысты өнім өндіру бағдарламасы  кәсіпорынның ішкі бөлімшелеріне  жеткізіледі. Сонымен бірге өндірістік  өнімді шығару жоспарына кәсіпорын  өзі өндіретін дайын өнімдер  мен жартылай фабрикаттар кіреді. Кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелеріне   міндеттер келесідей бөлінеді: шығарушы  бөлімшелер, өңдеуші бөлімшелер, дайындаушы  бөлімшелер. Өндірістік міндеттердің  құрылымы мен көрсеткіштері кәсіпорында  жұмыс жасап отырған жедел  күнтізбелік жоспарлауға байланысты. Жоспарлаудың теориясы мен тәжірибесі  жедел күнтізбелік жоспарлаудың  бірнеше түрлерін жасап шығарды.  Оған келесі жүйелер кіреді:

  • тапсырыстық;
  • машина – комплектілі;
  • комплектілі – тораптық;
  • деталдық.

Өндірістік  бағдарламаны цехтарға дейін жеткізген  соң өнімді жасау әдісі таңдалады. Әрине бұл үрдіс өндірістік бағдарламаны жасағанда әрбір рет жаңадан  жасалмайды.

3. Өндірістік бағдарламаны  ұйымдастырудың әдісін таңдау.

Өндіру әдісін жоспарлау, өндірістік үрдіс қалай ұйымдастырылатынын анықтайтын бірлік. Өнімді өндірудің  ағымдық, партиялық және бірлік түрлері  болады.

“Меркі  ірімшік зауыты”ЖШС – ы өнімдерін  өндіргенде бірлік әдісті көп қолданады. Бірлік өндірісте көбінесе универсалды  құрал – жабдықтар қолданылады, оның өнімділігі басқалармен салыстырғанда  аз болады. Олар көбінесе арнайы жұмыстарды атқарады, сондықтан құрал – жабдықтардың жүктелуі біркелкі болмайды.

Өндірістік  бағдарламаны дайындаудың әдісі  таңдалғаннан кейін келесілер есептелінеді:

  • өндірістік циклдың ұзақтығы;
  • партиялар көлемі;
  • оларды өндіріске енгізу уақыты.

Өндірістік  циклдың ұзақтығы жедел күнтізбелік  жоспардың негізі болып табылады. Олардың көлеміне қарай айналым  қорларының көлемі анықталады. Өндірістік циклдың ұзақтығы деталдар партиясы көлемімен тығыз байланысты.

4. Құрал – жабдықтардың  жіктелуін есептеу.

Цехтағы өндіріс жоспары анықталғаннан  кейін, өндірістік бағдарлама құрал  – жабдықтардың жүктелуін анықтау  қажет. Оны есептегенде әрбір  жұмыс орнының өндірістік бағдарламасына, өндірістік қуатына сәйкестігін  табу керек. Сондықтан да жүктелу  әрбір станокқа жеке жасалады. Құрал  – жабдықтың жоспарлы жүктелу  коэффициентін анықтағанда жылдық өндіріс көлемі өндіріс қуатына және өндірістік бағдарламаға сәйкес келуі қажет.

Нарықтық  экономикаға көшу қарсаңында әрбір  кәсіпорын өз жұмысын жүргізу  барысында тыңғылықты есептеулердің  жасалуын талап етеді.Ол үшін кәсіпорын  экономикалық көрсеткіштерін нақты  және дәл талдап, маркетингтік зерттеулерге сүйенуі қажет. Нақты талдауларды  келесі тараулардан қарастыратын боламыз.


Информация о работе Өнім өндіруді жоспарлау