Невада-Семей полигонының инфрақұрылымы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Октября 2013 в 22:01, реферат

Краткое описание

КСРО заманында Қазақстан аумағында атом бомбалары сынақтан өтті. Ол үшін арнайы 18 млн га жер бөлініп, Семей ядролық полигоны ашылды. Бастапқысынды адамдарға, жануарлар мен табиғатқа тікелей зардабын тигізген ашық сынақтар жасалды. Сосын оларды жер астына жасай бастады. Атом бомбаларының жарылыстары сұмдық ауыр болды. Семей маңындағы радиациялық әсер аймағында тұратын 500 мыңдай адам осы сынақтан азап шекті.
1949 жылдан 1963 жылға дейін жер бетінде жасалған сынақтардың зардабы әсіресе мол болғаны рас. Бұл аймақтағы аурулардың есеп-қисабы 1990 жылға дейін мұқият жасырылып келді.

Содержание

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
а) Невада-Семей полигонының инфрақұрылымы
б) Семей ядролық полигонының алғашқы жүргізілуі
г) Суарылған ядролық темірмен
ІІІ. Қорытынды бөлім

Прикрепленные файлы: 1 файл

семей полигоны жане онын проблемалары.doc

— 80.50 Кб (Скачать документ)

Жоспары

 
І. Кіріспе 
ІІ. Негізгі бөлім 
а) Невада-Семей полигонының инфрақұрылымы 
б) Семей ядролық полигонының алғашқы жүргізілуі 
г) Суарылған ядролық темірмен 
ІІІ. Қорытынды бөлім 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 
Кіріспе  

 КСРО заманында  Қазақстан аумағында атом бомбалары сынақтан өтті. Ол үшін арнайы 18 млн га жер бөлініп, Семей ядролық полигоны ашылды. Бастапқысынды адамдарға, жануарлар мен табиғатқа тікелей зардабын тигізген ашық сынақтар жасалды. Сосын оларды жер астына жасай бастады. Атом бомбаларының жарылыстары сұмдық ауыр болды. Семей маңындағы радиациялық әсер аймағында тұратын 500 мыңдай адам осы сынақтан азап шекті. 
   1949 жылдан 1963 жылға дейін жер бетінде жасалған сынақтардың зардабы әсіресе мол болғаны рас. Бұл аймақтағы аурулардың есеп-қисабы 1990 жылға дейін мұқият жасырылып келді. Облыста онкологиялық, жүрек-қан тамыр, жүйке және психикалық аурулар саны күрт өсті. Азап шегіп, өлім құшқан адамдар қаншама. Отбасыларында кемтар балалар көбейді. Бұның өзі қазақ ұлтының келешегіне төнген зор қауіп болатын 1980 жылдардың аяғына қарай халықтың төзімі таусылып, шегіне жеткен еді. 
   Басқа ядролық державалармен салыстырғанда, Қазақстан аумағында қиратқыш әлуеті жағынан орасан зор ядролық арсенал болды. 
   Қазақстандағы қарудың жиынтық ядролық қуаты бұрынғы Кеңес Одағының барлық ықтимал дұшпандарының аса маңызды стратегиялық объектілерінің барлығының тамтығын да қалдырмауға жетіп артылатын. Бұл қаруды қолдану миллиондаған халқы бар мыңнан астам қаланы, ол былай тұрсын, тұтас бір мемлекеттерді, тіпті континенттерді жермен жексен етуге мүмкіндік беретін. 
Қазақстан стратегиялық қару-жарақ пен оны жеткізу құралдары орналастырылған жай ғана орын болған жоқ. Біздің елде жайласқан сұмдық әскери-техникалық әлует қуаты жағынан тұтас бір индустрия, өзіндік бір «мемлекет ішіндегі мемлекет» еді. 
   КСРО-ның ыдырауы нәтижесінде Қазақстан толық әскери ядролық циклды: ядролық қаруды сынау,  жаңғырту және өндіру циклын жүзеге асыру мүмкіндігі алды.

 

 

Негізгі бөлім

Невада-Семей полигонының инфрақұрылымы 
   Сол ядролық сынақ полигондарының бірі – Семей полигоны Кеңес Одағының аса маңызды стратегиялық объектісі болды. 
  Осынау полигонның кемел инфрақұрылымы: Курчатов қаласын (Семей – 21), реакторлар кешенін, «Балапан», «Г» (Дегелеңдегі сейсмокешен), «Ш» («Тәжірибелік алаң» дейтін) сынақ алаңдарын, толып жатқан басқа да ұсақ тәжірибелік алаңдарды қамтиды. 
   Семей ядролық полигонның осынау тәжірибелік алаңдарында 456 ядролық жарылыс жасалды. Осынау сынақтар атом қаруының қиратқыш қаруын айтарлықтай арттыруға ғана емес, оның жаңа түрлерін де жасауға мүмкіндік берді.

Полигондағы өмір сүру жағдайы майдандағыдан кем  болған жоқ: сол сияқты жертөлелер, жол қазандық азықтану, заттық, саудалық аттестаттар, жанұядан алыстатылу, қатаң  жағдай режимі.Қойылған мәселелерді  орындау, үлкен ерік күші, шыдамдылық, жеңімпаз елге деген сүйіспеншілік, әскери құрылысшаларға, командирлерге подполковник Барсуков В.М.,, Подполковниктер Евтиков М.А., Евдокимов А.А., Тран В.И. және басқаларына өте қысылтаяң мерзімде ,1949 жылдың шілде айына дейін ядролық қаруларды сынау құрылғылары мен объектілерін дайындауды аяқтау қажет болды.Қатарлас құрамына 2 құрылыс полкі кіретін 31516 әскери бөліміне жүктелген тұрғын қалашық құрылысы ( М алаңы) басталды. Әскери құрылысшалардың алдына заманға сай, толық ыңғайластырылған әскери қалашық салу міндеті қойылды. Бұл міндетті 53 инженерлік-құрылыс полкі орындады.Біртіндеп қалашық өсе бастады, адамдар өмірі ыңғайлана бастады. Жеке құрам жертөлелерден тұрғын үйлер мен казармаларға көшті және алғашқы құрылыс болып Ленин көшелеріндегі үйлер және ЖПО, 52605 ә-б гарнизондық штабы болды.

Полигон басшысына арналып  коттедж салынды, бірақ оған бірінші  жарылыста Л.П. Берия өз қорғаушыларымен  қоныстанды. 1949 жылы «Офицерлер үйі» пайдалануға  енгізілді. 1950 жылы –су тазалау құрылығысының  барлық кешенімен су алу бекеті құрылысы аяқталды.Ең алғашқы 36 пәтерлік үйлер 1952 жылдың жазында берілді. Бұл Первомайская 32, (құрылысшылар үйі) және Молодежная,2 (Победы). Екі қабатты казарма, госпитальдің хирургиялық бөлімі1953 жылы аяқталды.Ертіс жағасындағы жағалау сатыларымен тас қалауларыман 1954 жылы құрылған.Офицерлердің жанұяларына келуге 1952-1953 жылдары ғана рұқсат етілді. Тұрғын үй мәселелерін шешу үшін 2-3 айға созылған үлкен бетондардан үйлер кварталдарын салу басталды.1956-1958 жылдары гарнизонда моншалық-кір жуу комбинаты, монша, жаңа наубайхана, Универмаг салынған.1955 жылдан бастап кең көлемде тұрғын қалашықты жасылдандыру және көркейту басталды.1960 жылы жасыл алқаптар 95 га. ауданды алды, 35 сәндік және 2 мың жеміс ағаштары сонымен қатар көптеген гүл түрлері болды. 1957 жылдың маусым айында 31516 ә/б құрамына Шаған бекетінде орналасқан (240 объект) бөлімдер кірді. Олардың құрамында 7-ші,16-шы бөлек аэродромдық-құрылыстық полктер,708 участок арнайы жұмыстар, 412 жеке монтаждау ротасы және 1008 әскери госпиталь болды. Бұл бөлімдер 1946-1947 жылдары құрылды және 1954 жылы объектіге қорғаныс құрылысының айрықша маңызды жұмыстарын орындау үшін келді. Көптеген арнайы және ұрыс кешендері салынды, ал 240 обьект ресми емес атауы «Половинкада» біздің қалашыққа кіші ағайын біздің қалашығымыздан көлемі жағынан біраз кішірек қалашық өсіп келді. 
 
Семей ядролық полигонның алғашқы жүргізілуі

Ядролық зерттеу  полигонын құру туралы шешім ССРО Министрлер Кеңесінің және КОКП Орталық  комитетімен 1947 жылы 21 тамызда қабылданды. Полигон «Оқу полигоны» ауызша аталды, шифр әскери бөлім 52605.Полигонның қалыптасуы Москва облысының Звенигород қаласында басталды. Алғашқы әскери бөлімдер мен жеке бөлімшелер 1947 жылғы 1 маусымнан бастап Павлодар облысының Майский ауданының Молдары поселкесіне қоныс аудара бастады. Полигон Қазақстан Республикасының Семей, Павлодар, Қарағанды облыстарының аумақтарында орналасқан. Жалпы ауданы-18500км кв., периметр-600 км-ге жуық. Аталған облыстардың тәрбітіне 54%, 39%, және 37% полигон аумағы тиіс келеді.Полигон сынақтарына дайындық жұмыстары 1949 жылғы шілде айында аяқталды. Сол жылдың 29 тамыз айында ССРО-да алғаш ядролық құрылғының сынағы өткізілді. Сынаққа тікелей ғылыми жетекшілік И.В. Курчатов атқарды.1953 жылғы 12 тамызда полигонда алғаш термоядролық құрылғы , 1955 жылы 22 қарашада – сутегі бомбасы сыналды.Ядролық сынақтар ядролық жарылыс құрылғылары және қарулардың үлгілерін сынау мақсатында өткізілді. Кейіннен халық-шаруашылық мақсатта өткізілді. Полигон күрделі ғылыми-зерттеу кешені болып саналды. Құрылымы жағынан ол базалық Курчатов қаласынан тұрды.(ауд. «М») , «Балапан» лабораториялық -эксперименттік базасымен,пл. «№ 10», пл. « Дегелен», пл. «Ш». Сынақ алаңдары құрылысымен қатар сынақ алаңынан 130 км Семей қаласынан батысқа қарай орналасқан тұрғын әкімшілік орталық салына бастады. Алғашқыда тұрғын қалашық әскери гарнизон қызмет істеді, Семей- Конечная бекеті теміржол магистралі құрылысының аяқталуынан соң айрықша құпиялылығына байланысты «Москва-400» атауына ие болды. 1947 жылдан бастап қала статусына ие болып, Курчатов аталынды. Әлемге Семей-21 ретінде белгілі (пошта бөлімшесі). Қаланың тарихы ядролық қару базасының құрылу тарихымен ажырамас байланыста.Өзінің тарихындағы ең сұрапыл Ұлы Отан соғысында қорғаныс сипаттағы күрделі мәселелер шешімімен, 1947 жылы ССРО МК және КОКП ОК қаулысымен Тау сейсмикалық бекеті (ТСБ), атомдық зарядтарды табиғи сынау үшін «905» обьектісі құрылды. ОП-2 алашқы командирі артиллерия генерал-лейтенанты Рожанович Петр Михайлович (1948 жылғы ақпан- қыркүйек). 
   Семей ядролық полигонындағы сынақтардың жалпы саны 456 ядролық және термоядролық жарылысты құрады. Олардың 116-сы ашық болды, яғни жер бетіндегі немесе әуе кеңістігінде жасалды. 
   Семей полигонында әуеде және жер бетінде сынақтан өткізілген ядролық зарядтардың жалпы қуаты 1945 жылы Хиросимаға тасталған атом бомбасының қуатынан 2,5 мың есе көп болды. 
   1949 жылғы 29 тамызда тұп-тура таңғы сағат жетіде көз ілеспес жылдамдықпен ұлғайып бара жатқан отты доп кенеттен Жер денесіне қадалып, оны шарпып өтіп, аспанға көтерілген. Отты шардан соң, сұрапыл қуат пен көз қарастырар сәуле бас айналдырып жібергендей бір сәтте жер қабығының ыстық күлі мен иісі көкке көтерілген. Жер лыпасының өртең иісі қолқа атар түтіннің ащы иісін қолдан жасалған жел әп-сәтте жан жаққа таратты. 
   Таяу жерлердегі сирек ауылдарда тұратын адамдар дір ете түскен жер мен жарты аспанды алып кеткен от-жалынға таңырқап, үйлерінен қарап тұрған. 
Жалғыз түп шөп қалмаған, түтігіп қарайып кеткен даланың тұл жамылғысы. Жан-тәсілім алдында жанталасқан тышқандардың, қарсақтардың кесірткелердің өлі денесі табылған. 
   Жаңадан келгендер бұл тозақты Семей ядролық сынақ полигоны ретінде белгілі № 2 оқу полигонында РДС-1 (зымырандық көрсеткіш снаряды) плутоний зарядан жер бетінде сынақтан өткізу жарылысы деп атады. 
Бұл КСРО-да тұңғыш атом бомбасының жарыдуы еді. 
   Полигонда жаңа таталды жұлдыздың тууын Лаврентий Берия, Сергей Курчатов, әскери бастықтар мен атақты ғалымдар, Кеңестік атом бомбасының толып жатқан идеологиялық, идеялық және техникалық аталары тасадан бақылап тұрды. 
   Семей ядролық полигонындағы сынақтардың адамдарға, қоршаған ортаға әсері 
   Тұңғыш атомдық жарылыстың радиоактивті өнімдері аймақтың барлық елді мекендерін жауып қалды. Көрші қонған әскери объектіде не болып жатқаны туралы титімдей түсінігі жоқ жақындағы ауылдардың тұрғындары радиациялық сәуленің сұмдық дозасын алды. Халыққа сынақ туралы ескертілмеген де еді. 
   Ядролық жарылыстар туралы халыққа 1953 жылдан бастап қана ескертіле бастады. Онда адамдар мен малды радиоактивті заттардың таралу аймағынан уақытша көшіру, оларды қарабайыр қорғаныш объектілеріне, орларға немесе кепелерге жасыру көзделді. Алайда жарылыстан кейін адамдар радиациядан былғанған жерлердегі өз үйлеріне оралып отырды. 
   Жарылыс толқыны көптеген үйлер терезесінің шынысын ұшырып жіберген, кейбір үйлердің қабырғалары қирады. Кейінірек сынақ алдында уақытша көшірілген адамдар полигон жанындағы туған жерлеріне қайтып орала бастағанда, олардың көбісі үйінің орнын сипап қалды, не қақырап кеткен қабырғаларды көрді. 
   Семей ядролық полигонындағы сынақтардың әсері туралы алғашқы шын да жүйелі деректер Қазақ КСР Ғылым академиясы жүргізген кең ауқымды медициналық-экологиялық зерттеулердің нәтижесінде алынды. 
   Зерттеулерді, ғылыми экспедицияларды профессор Б. Атшабаров басқарды. 
Радиацияның адамға ықпалының механизмі қазіргі кезде едәуір жақсы парықталған. Бұл орайда ең қауіптісі – иондалатын радиацияның ықпалы гендік кодты дауасыз өзгерістерге соқтыруға мүмкін екендігі. 
   1949 жылғы алғашқы жер бетіндегі жарылыстан бастап Семей және Павлодар облыстарының радиациялық сәулеленудің ықпалына ұшыраған басқа аумақтардың тұрғындарының арасында сырқат санының ұдайы өсіп келе жатқаны байқалады. Бұлар өкпе мен сүт бездерінің рагы, лимфогемобластоз және басқа да қатерлі ісікті патологиялары. Жалпы алғанда рак ісігі сынақтар басталғалы бері үш есе өсті. 
   Семей полигонына жақын нақ сол аудандарда жетілуіндегі әртүрлі ауытқулар, тәндік және естік кемшіліктер әрқилы сәбилер дүниеге ерекше көп келеді. 
Мамангдардың айтуынша, соны бәрі нақ қысқа мерзімді және қалдықты радиацияның кесірінен болатын генетикалық мутациямен байланысты. 
Адамдар ғана емес, жер де азап шегеді. Жылма-жыл радионуклидтердің жинала беруі жердің құнарлығын азайтады.  
   Жерде орасан зор микроэлементтер: темір, мыс, магний және басқа металдар әрттүрлі дәнді дақылдар адам организміне сіңеді. 
 
Суарылған ядролық темірмен 
   Сутегілік құрылымы РДС-2 бұйымы дегеннің қуаты жағынан соған дейін болып көрмеген. Жарылысы 1953 жылғы 12 тамызда Семей ядролық полигонының төңірегін тетірентті. Оның қуаты 480 килотонна еді. Жарылыстан кейін пайда болған нарттай жанған радиоактивті газдардың саңырауқұлақ секілді бұлты 16 километр биіктікке көтерілді. Осы жарылыстан кейін радиусы ондаған километр болатын жерде дала шөптері бірнеше күн бойы көгілдір сәуле шығарып тұрды. 
   1955 жылы 22 қарашада ТУ-16А әскери бомбалағышы Семей полигонының үстінен ұшып бара жатып, жаңадан жасалған қуаты 1,7 мегатонна болатын, термоядролық РДС-37 зарядын тастады. 
   Бомба бір жарым километрлік биіктікте жарылды. Бұл жарылыстың соққы толқыны мен жер қабатының дірілі бүкіл дерлік Қазақстан аумағы мен Ресейдің көршіліс аймақтарында сезілді. 
   1962-1989 жылдар арасында Семей полигонындағы Дегелең тауының жер астындағы шахталарында 340 жарылыс жасалды. Бұл арада жыл сайын 14-18 ядролық сынақ өткізіліп тұрды. 
   Осынау жарылыстың салдарынан бір көздері жартастардан құралған Дегелең тауы іс жүзінде киыршық тас үйіндісіне айналды. 
   Жер астындағы әрбір үшінші жарылыстан соң, жарылыс нәтижесінде пайда болған жарықтар мен саңылаулардан радиоактивті газ шығып кетіп жатты. 
1989 жылы 12 ақпанда кезекті жоспарлы ядролық сынақ өткізді. Үңгірлердің бірінде қуаты 70 килотоннадан астам ядролық заряд жарылды. Соның салдарынан жер бетінде саңылаулар пайда болып, олардан екі тәулік бойы радиоактивті газдар шығып жатқан. Содан пайда болған радиоактивті бұлт 30 мыңнан астам адам тұратын аумақты бүркеді. Бұл аймақта радиациялық фон 3000-4000 микрорентгенге жетті. Бұл көрсеткіш қалыпты жағдайда сағатына 15-20 микрорентген болатын табиғи радиациялық фоннан екі жүз есе асып түсті. 

Қорытынды бөлім  

 Бір кездері ядролық  полигон нақ Семей жерінде неге құрылды деген сұрақтың жауабын іздегенде сол кезде бұл өңір Кеңес Одағының адам ең аз қоныстанған, сонымен бірге негізгі коммуникация жерлерінен оншалықты қашық емес деген сөздер шыққан. Тек осы себептерден ғана құрбандыққа шалу үшін адам саны қандай болуы керек деген сұрақ туындайды. Темір жолдың екі жүз километрін үнемдеуден гөрі, жалғыз да болса, адамның өмірі арзан бағаданғаны ма? 
   1989 жылдың ақпанында Семейдегі атом полигонын табу үшін күресті бастауға ұйғарған «Невада - Семей» қозғалысының алғашқы митингісі өткізілді. Оны басқарған – белгілі қоғам қайраткері, ақын Олжас Сүлейменов. Сол жылдың 6 тамызында Семей облысының Қарауыл ауылында ядролық қаруды сынауға мораторий жариялау жөніндегі ұсынысты КСРО және АҚШ Президенттеріне үндеу қабылданды. Онда былай делінген болатын: «Сайын даламыз ядролық жарылыстардан қалтырап бітті, сондықтан да онда ары қарай үнсіз қалу мүмкін емес. 40 жыл ішінде бұл арада мыңдаған Хиросималар жарылды. Біз келешекті қауіппен күтудеміз. Уайымсыз отырып, су мен тамақ ішу, өмірге нәресте әкелу мүмкін емес болып барады. Қазақстандағы ядролық қаруды тоқтату үшін, өз үйімізде бейбітшілік пен тыныштық орнату үшін, өз құқықтарымыз үшін күресу мақсатында біз «Невада - Семей» қозғалысын құрдық».  
   Осы уақытқа дейін үнсіз тығылып келген халық бір дауыстан «ядролық қаруға жол жоқ!», «Сынақтар тоқтатылсын» деп мәлімдеді. Ядролық сынақтардың қатері жөнінде барлық бұқаралық ақпараттары құралдарында, телевидение мен газеттерде әңгіме бола бастады. Түрлі елдердің парламенттері өз сессияларында қозғалыс ұрандарын талқылап жатты. Радиациялық сәулелердің зардаптары жайлы дәрігерлер мен ғалымдардың ашық әңгіме қозғауға батылдары жетті. Бұқараның қысымымен Семей полигонындағы сынақтар саны азая бастаған еді. Халықтың бастамасымен тұңғыш ретКСРО Үкіметі ядролық қаруды сынауға тыйым салу – мораторий жасау туралы шешім шығарды. 
   Қазақстан Республикасының егемендігі туралы Декларацияда ел ауағы ядросыз аймақ деп жарияланды. Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев Семей полигонын жабу туралы Жарлық шығарған күні – 1991 жылдың 28 тамызы. 
   Сөйтіп тиянақтылық пен елімталдық көрсеткен қазақ халқы өз мақсатына жетті: ең үлкен полигон жабылып, атом қаруынан бас тарту әрекеті жасала бастады. Семей полигоны жабылғаннан кейін Ресейдің, АҚШ пен Францияның полигондарында ядролық қаруды сынауға мораторий жарияланды. 
   1991 жылдың 29 тамызында Семей ядролық полигоны жабылып, 1992 жылдың мамырында оның базасында Курчатов қаласындағы Ұлттық ядролық орталық құрылды.

2005 жылғы 1 қаңтардағы  жағдайға қарағанда қалада 9900 адам, 2003 жылмен салыстырғанда халық саны 400 адамға көбейген. Ұлттық құрам: Қазақтар-3,14 мың адам (31,7%), орыстар-5,96 мың адам (60,2%), басқа ұлттар –0,8 мың адам (8,1%).Қаланың өмір суруі мен барлық қызметін қамтамасыз ету көзі республикалық бюджет.Қалада 2005 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 104 барлық меншіктік нысандағы заңды тұлғалар тіркелген, олардың : шағын-92, орташа-8, ірі-4. Әрекеттегісі-74 кәсіпорын.Өндіріс: Курчатовта 6 әрекеттегі өндірістік кәсіпорын бар: “Коммуналдық көпсалалы пайдалану кәсіпорны” МҚК (сумен, жылумен қамтамасыз ету), ШҚ АЭК Курчатов филиалы (электрэнергиясын өндіру), “КК Интерконнект” (электронды құрылғылар мен печатті платаларды өндіру), «Азот» ӨК (газтәрізді және сұйық оттегін, ацетилен өндіру), «Луч» КИП ЖШС (салмақты өлшеу жүйесін өндіру және қызмет көрсету), «Дегелен тас» ЖШС (табиғи тастар мен өңдеу плиталарын өндіру).Ауылшаруашылығы. Қала аумағында ауылшаруашылығы және шаруа қожалығы тіркелмеген, бірақ халықтың қосымша шаруашылығы мен саяжайлық кооперативтері бар.Кәсіпкерлік. Салық комитетінің мәліметтері бойынша қалада 629 адам айналысатын 292 шағын кәсіпкерлік субьектісі, тіркелген.

Оның ішінде : 29 шағын кәсіпкерлік, 98 жеке тұлға  патентпен жұмыс істейді, 98- куәлікпен, 67- жай декларациямен жұмыс істейді.Қалада 3 наубайхана жұмысістейді (Надеев, Вдонин, Ковалева).

 Қалада үш  ескерткіш бар:

 • Жеңіс ескерткіші

 •Курчатовқа арналған  ескерткіш

 •Әскери құрылысшыларға  арналған ескерткіш

Жеңіс ескеркіші 1985 жылы Павлодар қаласының сәулетшісі, 31516 ә/б әскери құрылысшылырмен және 52605 ә/б әскери құрылысшыларымен салынған. Ескеркіштің ашылуы 1985 жылы 9 мамырда болған.Әскери құрылысшыларға арналған ескерткіш 1972 жылы салына басталған. 10 тамызда оның ашылуы болған. Сәулетшісі- Ресей Федерациясының мәдениетіне еңбегі сіңген сәулетші- Корнеев Георгий Александрович. Ескерткіш қаланы тұрғызған әскери құрылысшылар құрметіне салынған (1947-1972).


Информация о работе Невада-Семей полигонының инфрақұрылымы