Несиенің мәні
және түрлері
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім:
- Несие мәні және қажеттігі
- Несие нысандары,олардың жіктелуі
- Ссудалық пайыз
- Тұтыну несиесі
- Ипотекалық несие
Қорытынды
Несие — нарықтық
экономиканың тірегі ретінде, экономикалық дамудың ажырамас элементін
білдіреді. Оны барлық шаруашылық субъектілерімен қатар, мемлекетте, үкіметте,
сондай-ақ жеке азаматтар да пайдаланады.
Несиенің пайда болуын өнімдерді ендіру
аясынан емес олардың айырбас аясынан
іздеу қажет. Тауар айырбастау - бұл тауардың
бір қолдан екінші қолға өтуін білдіреді
десе, шыныменде, осындай айырбас кезінде несиеге байланысты қатынас туындайды.
Көбіне несиені ақша ретінде түсінеді.
Бір жағынан қарағанда бұған деген негіз
де бар сияқты. Себебі, қазіргі шаруашылықта
қарыз көбіне ақшалай түрде берілуде.
Бірақ, бұл жерде ақша мен несиенің әртүрлі ұғымды
білдіріп, әртүрлі қатынастарды түсіндіретінін
естен шығаруға болмайды. Несие
— бұл пайыз төлеу және қайтару шартында
уақытша пайдалануға (қарызға) берілетін ссудалық капитал қозғалысы.
Экономикалық категория ретінде, несие — кәсіпорындар, ұйымдар және бірлестіктер, сондай-ақ халық арасындағы
несие қорын құру және оларды қайтарылу,
пайыз төлеу шартында белгілі бір мерзімге
уақытша пайдалануға беру негізінде қалыптасатын
өндірістік қатынастар жиынтығы.
Зерттеу заты сияқты, несие құрылымы бір-бірімен
өзара байланысты элементтерден тұрады.
Мұндай элементтерге ең алдымен несиелік
қатынастар субъектілері жатады. Несиелік
мәміле бойынша несиелік қатынастар субъектісіне
қарыз беруші және қарыз алушы жатады. Қарыз беруші
— қарызды беретін несиелік қатынастың
бір жағы. Қарыз беруші — бұл уақытша пайдалануға
қарыз беруші субъектілер болып табылады. Қарыз берушілерге: банктер, банктік
емес мекемелер, мемлекет, шарушылық субъектілері
және халық жатады. Қарыз алушы
— бұл несиені алушы және оны қайтаруға
міндетті, несиелік қатынастың екінші
жағы. Несиенің экономикадағы орыны мен рөлі, оның атқаратын
қызметтерімен сипатталады. Жалпы несие
экономикалық категория ретінде төмендегідей
қызметтерді атқарады:
- қайта бөлу;
- айналыс шығындарын үнемдеу;
- айналыстағы нақты ақшалардың орнын уақытша алмастыру;
- капиталдың шоғырлануын жеделдету;
- ғылыми-техникалық прогресті жеделдету.
Несие нысаны — бұл несиелік қатынастар
құрылымының, олардың негізгі қызметтерінің
яғни, әр алуан сыртқы және ішкі өзгерістер
барысында толық сақталатын көрінісін
білдіреді.Несие берушілер мен қарыз алушылар
арасындағы байланыстар қалай өзгергенімен
де, несиенің нысаны сол күйінде сақталады.
Несиенің екі нысаны бар: тауарлы және ақшалай. Мұндағы
тауар түрінде берілетін несиені — коммерциялық,
ал ақша түріндегі несиені — банктік деп
атайды.Қалған несиенің түрлері осы екі
нысанының тәжірибеде қолдануынан туады. Коммерциялық несие
— бұл қарыз берушінің қарыз алушыға қарызға
берген тауарын білдіреді.Коммерциялық
несие — бұл вексель айналысының пайда болуына
себеп болған, экономикадағы несиелік қатынастардың алғашқы
нысаны. Несиенің бұндай нысанының басты мақсаты
— тауарлардың өту үдерісін жеделдету,
сондай-ақ одан пайда табу.Мұнда қарыз
алушы да және оны берушілер ретінде кәсіпкерлер мен бизнеспен айналысатындар
бола алады. Коммерциялық несие көбіне тауарды сатып
алушыда нақты ақшаның болмай калуы барысында
туындайды. Мұндай жағдайда, айналыс құралы
ретінде, қарыз алушының көрсетілген соманы
уақытында төлейтіндігін куәландыратын
арнайы қарыздық міндеттеме - вексель қолданылады.
Коммерциялық несиенің банктік несиеден
айырмашылғы төмендегідей:
- қарыз беруші рөлінде банктік мекемелер емес, яғни тауар немесе қызметгі сатумен айналысатын кез келген занды тұлға бола алады;
- коммерциялық несие тек қана тауар нысанында беріледі;
- қарыз капиталы өнеркәсіптік немесе сауда капиталымен байланысты;
- коммерциялық несиенің орташа құны сол кезендегі банктік пайыз мөлшерімен салыстырғанда төмен болады;
- қарыз беруші мен қарыз алушы арасындағы несиелік мәміленің заңи түрде рәсімделуі барысында, бұл несие үшін төленетін ақы тауар бағасының құнына қосылады.
Банктік несие — бұл банктік мекемелерден
қарыз алушыларга ақшалай турде берілетін
несиені білдіреді.Банктік несие — бұл
экономикадағы кеңінен тараған несиелік
қатынастардын, нысаны болып табылады.
Банктік несие бойынша несиелік қатынастың
құралына несиелік шарт немесе несиелік
келісім жатады. Банктік несиеде несие
беруші: банк және арнайы қаржы мекемелері
болса, ал қарыз алушылар ретінде: кәсіпкерлікпен
немесе бизнеспен шұғылданатын қаржы
ресурстарына деген сұранысы бар кез келген
занды ұйым болып табылады. Мұндағы қарыз
берушінің басты мақсаты — бұл пайыз түрінде
табыс алу. Несиенің түрлері
коммерциялық және банктік несиеден туындайды.
Коммерциялық банктер өздерінің клиенттеріне
әр түрлі несиелер береді. Оларды мынадай
белгілеріне байланысты жіктеледі:
I. Қарыз алушылар категорияларына
қарай:
1. Қаржылық институттарга
берілетін несиелер:
- макқатты қорларға;
- банктерге;
- қаржы-несиелік мекемелеріне.
2. Қаржылық емес агенттерге
берілетін несиелер:
- өнеркәсіп салаларына;
- ауыл шаруашылығына;
- саудаға;
- дайындау ұйымдарына;
- жабдықтау-сату ұйымдарына;
- кооперативтерге;
- жеке кәсіпкерлерге.
3. Тұтыну мақсатына берілетін
несиелер.
II. Мерзіміне қарай:
- қысқа мерзімді (1 жылға дейін);
- орта мерзімді (1 жылдан 3 —5 жылға дейін);
- ұзақ мерзімді (5 жылдан жоғары).
III. Тағайындалуы және
пайдалану сипатына қарай:
- негізгі қорларға жұмсалатын;
- айналым қаражатына жұмсалатын.
IV. Қамтамасыз ету дәрежесіне
қарай:
1. Қамтамасыз етілген:
- кепіл-хатпен;
- кепілдемемен;
- кепілдікпен.
2. Сақтандырылған.
3. Қамтамасыз етілмеген:
V. Қайтарылу дәрежесіне
қарай:
1. Стандартты несие
— қайтарылу уақыты жетпеген, бірақ қайтуында
ешқандай күмән жоқ несиелер;
2. Кумәнді несиелер
— қайтарылу уақыты кешіктірілген, мерзімі
ұзартылған және банк үшін тәуекел туғызатын
несиелер. Соңғы қабылданған активтердің
жіктеу ережесіне сәйкес, күмәнді несиелер
ішінара бөлінеді: 1-санатты күмәнді, 2-санатты
күмәнді, 3-санатты күмәнді, 4-санатты күмәнді,
5-санатты күмәнді.
3. Үмітсіз несиелер
— қайтару уақыты кешіктірілген, мерзімі
еткен ссудалар шотына жазылған несиелер.
VI. Валютамен берілуіне
қарай:
- ұлттық валютамен;
- шетел валютасында.
VII. Берілу шартына қарай:
- Тұтыну несиесі — бұл жеке тұлғаларға тұтыну тауарларын сатып алу үшін және тұрмыстық қызметтерді өтеуге берілетін несие.
Ипотекалық несие—бұл қозғалмайтын мүліктерді
(тұрғын үйді, өндіріс ғимараттарын, жерді
және т.с.с.) кепілге ала отырып, ұзақ мерзімге
берілетін несие.
Халыққа берілетін ипотекалық
несиені үш түрге бөлуге болады:
- тұрғын үй құрылысына арналған жерді сатып алуға берілетін ипотекалық несиелер;
- түрғын үй құрылысына және қайта құруға берілетін ипотекалық несиелер;
- тұрғын үйді сатып алуға берілетін ипотекалық несиелер
Овернайт несиесі — өтімділікті қолдау мақсатында
бір түнге берілетін банкаралық несиенің
түрі.
Онкольдық несие — кредитордың алғашқы талабы
бойынша өтелетін қыска мерзімді несие.
Банкаралық несие—банктердің бір-біріне беретін
несиесі.
Овердрафт (ағылш. оvеrdraft — жоспардан
жоғары) — клиенттің ағымдық шотындағы
қаражат қалдығынан төлейтін төлемдер
сомасы жоғары болған жағдайда банктің
беретін қысқа мерзімді несиесінің ерекше
нысаны.
VIII. Несиелеу объектісіне
қарай:
- меншікті айналым қаражаттарын толықтыруға;
- материалдық запастар жиынтығы мен өндіріс шығындарына;
- сыртқы экономикалық қызметке байланысты тауарларды экспорттау мен импорттауға;
- азаматтардың жеке қызметтері үшін шикізаттар, материалдар, құралдар және басқа да мүліктер алуына;
- ломбардтық, кепілдік және ссудалық операцияларға;
- театрлар және демалыс үйлерінің кірістері мен шығыстары арасындағы маусымдык үзілістерге;
- күрделі жұмсалымдарды қаржыландыруға;
- тез әтелетін тиімділігі жоғары шараларға.
Ссудалық пайыз.Ссудалық пайыз тауар өндірісі мен несиелік
қатынастардың даму жағдайында пайда
болады. Ссудалық пайыз несиесіз өмір сүре алмайды.Ссудалық
пайыз — уақытша пайдалануға берілген
құнның бағасын білдіреді. Ссудалық пайыз:
- несиені пайдаланғаны үшін төлем;
- несиеге есептелетін үстеме ақы; несие берушінін, шығыстарының орнын толтыру тәсілі.
Ссудалық пайыз банк пайдасының
көзі болып табылады. Сондықтанда
банктер пайыз сомасын толық
және уақтылы алғанды қалайды. Ссудалық
пайыз есебінен банктер депозиттерге пайыз төлейді. Несиеден алатын
ссудалық пайыз бен депозитке төлейтін
пайыздың арасындағы айырма банктің маржасын
білдіреді.
Ссудалық пайыз екі қызмет атқарады:
- бөлу;
- ссудалық капиталды өсіру.
Бөлу қызметі жаңадан
құрылған кұнды не пайданы бөлуді сипаттайды.Пайыз
арқылы пайданы бөлу меншік иесінің ауысуын
баяндайды, яғни қарыз алушы өзінің тапқан
пайдасының бір бөлігін кредитордың пайдалануына береді.
Ссудалық капиталды өсіру қызметі банктің
несие беруші ретіндегі несиелік әлеуетін
арттыруды көздейді.
Ссудалық пайыздың мынадай түрлері болады:
- Базалық мөлшерлеме — мұндай пайызбен несиені банктер өздерінің сенімді қарыз алушыларына, не бірінші класты клиенттерге береді.
- Пайызды есептеу тәсіліне карай ссудалық пайыздың мынадай түрлері қолданылады:
- жай пайыз мөлшерлемесі — несиенің мерзімі ішінде бір капитал сомасына есептелетін пайызды есептеу әдісі;
- күрделі пайыз мелшерлемесі — әрбір есептік мерзімді алдағы мерзімнің капиталына есептелетін пайыздық төлем.
Қазіргі уақытта банкаралық
қатынастардың дамуы тұсында
банктер бір-бірінен несие алу
және бір-біріне несие беру қатынастары
дамып отыр. Осындай ссудалық пайыздың
түрлеріне ЛИБОР — лондон банкаралық мөлшерлемесі, ПИБОР — париж банкаралық мөлшерлемесін
жатқызуға болады. Ішінде еңтанымалы ЛИБОР
- лондон банкаралық мөлшерлемесі. Мұндай
жағдайда ЛИБОР мөлшерлемесіне маржа
қосылып несиелік мәміле жүзеге асырылады.АҚШ тәжірибесінде ПРАМ-РЕЙТ банкаралық мөлшерлеме қолданылады.
Бұл ресми банкаралық мөлшерлемеден өте
жоғары, бірақ ұсақ және орта фирмаларға
беретін несие бағасынан төмен.
Ссудалық пайыз қарыз алушының қаржылык
жағдайына тікелей байланысты белгіленеді,
егер ол тұрақты болса онда оның мөлшері
төмен не керісінше.Іс жүзінде барлық
елдерде пайыз саясатын реттеуге мемлекет
араласады. Мұндағы максат несиеге деген
бағаны төмендету, инфляцияны тежеу, ұлттық
валютаның тұрақтылығын қамтамасыз ету. Тұтыну несиесі.Тұтыну несиесінің басты тағайындалуы
халыққа тауарлар сатуды ынталандыруға
бағытталады. Тұтыну несиесі бөлшек саудамен
тығыз байланысты: бір жағынан тауар айналымының
ұлғаюына сай несиенің көлемі өседі, сонымен
қатар, тауарды несиеге алу сұранысы туындайды;
екінші жағынан, халықты несиелеудің өсуі,
сұраныстың төлем қабілетгігін ұлғайтады.
Мұндай тәуелділік, әсіресе бүгінгі тауарлар
нарығын толтыру жағдайында пайда болуда.Тұтыну
несиесінің дамуы әр түрлі елдерде әр
қалай дәрежеде қалыптасуда. Италия мен Жапонияда халықтың қарызының жалпы сомасы,
сол елдің ішкі жиынтық енімінің 10%-ын, Германия мен Францияда — 30%-ын, ал, Ұлыбритания мен АҚШ-та 60%-ын құрайды екен. Бұл елдердің
тәжірибелерінде тұтыну несиесін ен. қымбат
тауарларды: автомобиль, электр тұрмыстық
құралдарды, жиһаздарды және т.с.с. сатып
алу барысында жиі пайдаланады.Бұл елдердің
тұтыну несиесінің жартысынан көп бөлігі
автомобилдерді сату үлесіне тиеді. Экономикалық
мазмұны жағынан тұтыну несиесі банктік
несиенің бір бөлігі ретінде, оның басты
бағыты тек жеке тұлғалармен тікелей байланысты
болып келеді. Сондықтан да, несиенің бұл
нысанының экономикасы дамыған елдерде
кеңінен пайдалануының екі түрлі себебі
бар: біріншісі, субъективті,
яғни бұл несие халыққа ең жоғарғы деңгейде
материалдық игіліктерге қол жеткізуге
қолайлы жағдай жасаса; екіншісі, объективті,
яғни кез келген қоғамның дамуының басты
бір экономикалық мәселесі — бұл дайын өнімді
өткізу десек, ендеше тұтыну несиесін
қолдану аталған мәселені шешуге мүмкіндік
береді. Тұтыну несиесі көптеген елдердің
экономикасында маңызды рөл атқарады,
сондықтан да, оны мемлекеттік ұйымдар тарапынан белсенді түрде реттеп
отыру қажет. Мұндай реттеуді екі түрге
бөледі: берілу және пайдалану деңгейінде
реттеу. Берілу деңгейінде мемлекет тұтынушыларды
ынталандыруға тиіс.
Қазіргі кезде Қазақстанда тұтыну несиесі кеңінен дамып
отырған несиеге жатады.
Екінші деңгейдегі банктер тәжірибесінде
тұтыну несиесінің мынадай түрлері қолданылуда: