Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Января 2014 в 15:39, доклад
Несие ісі - ақшамен сауда-саттық негізінде несиелік операцияларды орындауға бағытталған кәсіпкерлік қызметтің ерекше бір саласы дегенді білдіреді. Оларды әр алуан несиелік институттар жүзеге асырады. Шаруашылық айналымға қызмет көрсетудегі операциялар ауқымы мен мәні бойынша негізгісі банктер болып табылады.
Несиелік мекемелердің түрлері
Несие ісі - ақшамен сауда-саттық негізінде несиелік операцияларды орындауға бағытталған кәсіпкерлік қызметтің ерекше бір саласы дегенді білдіреді. Оларды әр алуан несиелік институттар жүзеге асырады. Шаруашылық айналымға қызмет көрсетудегі операциялар ауқымы мен мәні бойынша негізгісі банктер болып табылады.
Несиелік мекемелер түрлерін, оның ішіндегі банктік мекемелерді қарастырудан бұрын бізге «банк» және «банктік қызмет» ұғымын білу қажет. Әлемдік тәжірибеде банктік қызмет деп банктің басты кәсіби қызметтерін, депозиттер қабылдау және қарыз беруді түсінеді. Міне, осындай түсінік Италияда, Испанияда, Бельгияда, Грецияда және баскд елдердің банктер туралы зандарында бекітілген. Ал, Германия мен Францияда банк немесе несиелік мекеме деп, өз клиенттеріне есеп айырысу, бағалы қағаздармен сауда-саттық, лизингтік және басқа да операцияларды көрсетумен айналысатын кез келген мекемені айтады. Сондай-ақ, оларда банктік емес мекемелерге депозиттер қабылдау, есеп айырысуды жүргізу, сақтандыру кепілдемелерін беру және т.б. заңмен тыйым салынады.
Англия, Дания, Швеция және басқа елдерде несиелік жүйеге мекемелерді жатқызуда либералдық тәсіл қолданылады. Ол үшін кейбір мамандандырылған қаржы мекемелерінің депозит қабылдауға лицензиясы болса, оларды банктер қатарына жатқызады.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Рес-публикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» заң күші бар Жарлығының 1-бабында, банктің ресми мәртебесі Ұлттық банктің оны ашуға берген рұқсатымен, Әділет министрлігінің банк ретінде заңды тұлғаны мемлекеттің тіркеуден өткізуімен және банктік операцияларды жүзеге асыруға берілген ҚР Ұлттық банкі лицензиясының болуымен анықталады.
Кез келген заңды тұлға, егер де оның банктік ресми мәртебесі болмаса «банк» деп аталуға тиіс емес. Банк арнайы өндіріс ретінде өнім өндіреді, бірақ, оның өнімі материалдық өндірісте өндірілетін өнімнен мүлде өзгеше. Ол тек тауар ғана өндірмейді, яғни тауардың ерекше ақша түріндей, төлем құралдарын өндіреді.
Банктер немесе сондай институттар өте ертеректе пайда болған. Египетте банктік операциялар біздің эрамыздан бұрын 2700 ж. жүзеге асырылған. Банктердің бастапқы қызметі төлемдегі делдалдық болған. Осындай делдалдың нәтижесінде банктер бос ақша капиталын пайыз әкелетін қызмет етуші капиталдарға айналдырады.
Қазіргі банк ісінің қайнар көзін ең алдымен Италиядағы орта ғасырлық айырбаспен айналысушылар қызметінен іздестірген жөн.
«Банк» ұғымы Италияның «Ьапсо» («айырбас орын», «ақша үстелі») деген сөзінен шыққан. Қазіргі түсініктегі алғашқы банк Италияда 1407 ж. Генуеде пайда болған. XII ғ. Италияда алғашқы вексель пайда болды.
XV ғ. ең ірі танымал болған банк Флоренциядағы Медичи банкі болды. Флоренцияда орналасқан бас банк мекемесінің Еуропада 16 филиалы бар. Кейбір елдерде банктің біраз қызметтері заңмен шектеледі. Банк қызметінің қаншалықты қатаң регменттелуіне және лицензиялануына байланысты несие ісін ұйымдастырудың екі типін бөліп қарастырады. Нәтижесінде тарихта сегменттелген және әмбебап банктік құрылымдар пайда болады.
Сегменттелген құрылым кейбір несиелік мекемелер түрлерінің операциялық қызмет сферасы мен қызметтерін қатаң заңды түрде бөлуді дұрыс санайды. Мұндай құрылымдар АҚШ-та, Жапонияда қалыптасты. Онда депозиттерді қабылдауға және қысқа мерзімді несиелер беруге байланысты банктік операциялар, заңды түрде компаниялардың бағалы қағаздарды шығару және оларды орналастыруға байланысты операцияларынан басқа да арнайы қызмет түрлері (сақтандыру, жылжымайтын мүлікпен жасалатын мәмілелер және т.б.) ажыратылған.
Әмбебаптық құрылымда жекелеген операциялар түрлері мен қаржылық қызмет көрсету сферасына қатысты заңмен шектеулер болмайды. Барлық несиелік мекемелер барлық операциялар мен қызмет түрлерін орындай алады. Мұндай әмбебап “қаржылық универмагтар”, супермаркеттер типтері Францияда, Швецарияда, Ұлыбританияда және т.б. қалыптасты. Бұл елдерде несие жүйесінің кейбір буындарының операциялары және мамандануы арасында шекара болмайды. Біздің елімізде коммерциялық банктер әмбебап бола отырып, кептеген банктік операциялармен айналысады.
АҚШ-та барлық несие-қаржы мекемелерін депозитгік, яғни ақшалай қаражаттар қабылдап, депозиттік шот ашуға рұқсат етілген және депозиттік емес, яғни ақшалай қаражаттар тартудың басқадай формалары (зейнет ақы-жарналары, бағалы қағаздар және сақтандыру полюстерін сату және т.б.) рұқсат етілген деп бөледі.
Депозиттік мекемелерге коммерциялық банктер, өзара жинақ банктері, қарыз-жинақ бірлестіктері, несиелік одақтар; депозиттік еместерге - сақтандыру компаниялары, жеке зейнетақы қорлары, қаржы инвестициялық компаниялары, ақша нарығының басқа да қорлары жатады.
Банктер - атқаратын қызметтерінің ерекшеліктеріне байланысты екі негізгі типке бөлінеді: эмиссиялық және эмиссиялық емес.
Эмиссиялық дегеніміз - айналысқа ақша белгілерін эмиссиялау (шығару) құқығы берілген орталық банктер. Кейбір елдерде оларды ұлтгық, халықтық, резервтік деп атайды. КСРО-да ондай банк Мемлекеттік деп, Қазақстанда - Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі деп аталады. Орталық банктің басты міндеті - айналысқа ақша шығару, банктер арасында ақша тауарларын сату, банк жүйесінің эмиссиялық несиелік және есеп айырысу қызметтерін басқару болып келеді. Ол екі деңгейлі банк жүйесінің ең жоғары буыны болып табылады. Мемлекет эмиссиялау құқығын тек бір ғана банкке (Орталық) береді, себебі ақшаны эмиссиялау құқығын бірнеше банкке беруден елдегі ақша айналымын реттеу мүмкін емес. Эмиссиялық банк басқа банктер иелене алмайтын, ірі қаражатты иеленеді. Оның пассиві айналыстағы нақты ақшадан, бюджеттік қаражаттардан тұрады. Бұл жағдайда оған барлық банктерге көмек көрсетуге және олардың қызметтеріне жетекшілік етуге мүмкіндік береді. Қазақстанда эмиссиялық банк Ұлтгық банк болып табылады, ал қалған банктер, оның ішіндегі коммерциялық банктер, - эмиссиялық еместерге жатады. Олардың айналысқа ақша шығаруға құқығы жоқ, бірақ өз клиентерінің шаруашылық қызметтеріне қызмет көрсетуге байланысты несиелік есеп айырысу және қаржылық операциялардың барлық түрлерімен айналысады. Олардың ішінде ең маныздысы: уақытша бос ақшалай каражаттар, халық жинақтары мен қорларын тарту; несиелеу; қолма-қол ақшасыз есеп айырысулар; бағалы қағаздармен жасалатын операциялар. және т.б.
Соңғы уақыттарда коммерциялық банктер белсенді түрде өздеріне дәстүрлі емес операцияларды жүзеге асыра отырып, үнемі қызмет аумағын кеңейтеді және клиенттерге көрсетілетін қызмет түрлерінің сапасын арттырады. Бұл, әмбебап несиелік мекемелер. Соңдай-ақ, жоғарыда айтып өткендей өз клиенттеріне бір-екі қызмет түрін көрсетуге бағытталған манданған банктер бар. Банктердің мамандануының басқа типі белгілі бір клиенттер категорияларына ғана (мысалы, биржалық, коммуналдық банктер) қызмет етуге, яғни салалық тұрғыдан мамандаңуы тиіс. Банктердің функционалдық мамандануы біршама анық бейнеленеді, себебі ол міндетті түрде банк қызметінің сипатына ықпал ете отырып, активтер мен пассивтерінің қалыптасу ерекшеліктерін, клиенттермен жұмыс жасауды ұйымдастыру ерекшеліктерін анықтайды. Ондай типтерге инвестициялық және инновациялық, ипотекалық жинақ банктері және т.б, жатады.
Инвестициялық және инновациялық банктер ұзақ мерзімге ақшалай қаражаттар тартуға, соның ішінде облигациялық займдар, акциялар мен басқа да бағалы қағаздар шығару арқылы ұзақ мерзімді қарыздар беруге мамандаңады. Инвестициялық банктер ұзақ мерзімді қаражаттарға деген мұқтаждықты басынан кешкен кәсіпкерлер мен ұзақ мерзімге қаражат салушылар арасындағы делдал болып келеді. Инновациялық банктер де инвестициялық болып табылады, бірақ олар технологиялық жаңалықтарды жасау және игеру үшін ғана несие береді.
Ипотекалық банктер жерді және жылжымайтын мүлікті кепілге ала отырып, ұзақ мерзімге несиелік операцияларды жүзеге асырады, Бұл банктер пассивтерінің басым бөлігі ипотекалық облигациялар, акциялар және басқа да бағалы қағаздарды құрайды.
Салалық және аумақтық банктердің мамандану дәрежесі олардың активтері мен пассивтерін құрау ерекшеліктері бедгілі бір мөлшерде олардың қызмет аумағына, сондай-ақ клиенттерінің шаруашылық қызметтерін ұйымдастыру ерекшеліктерімен байланысты болып келеді.
«Банктік қызмет сұрақтары бойынша ҚР-ның кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар еңгізу туралы» 1997 ж. 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңы банктерді: депозиттік және инвестициялық деп бөлуді альш тастады.
Мамандандырылған несие-қаржы мекемелері кез келген елдің несие жүйесіңің маңызды буыны. Олар қарыздық капиталдар нарығының кішкене аясында ғана қызмет етеді. Бұл әр түрлі маманданған қаржы институттарының жиынтығы: сауда жинақ мекемелері инвестициялық қорлар және компаниялар, өзара көмек беру кассалары, ломбардтар және т.б, Бұл мекемелер өздерінің бастапқыдағы дамуында коммерциялық банктер орындамайтын операцияларды орыңдаған. Ал, қазіргі кезде дамыған елдерде бұл мекемелер халыққа, фирмаларға жәңе компанияларға қызмет көрсетуге байланысты коммерциялық банктермен өзара бәсекеге түседі, яғни коммерциялық банктер мен банктік емес мекемелер арасыңдағы айырмашылық жоғалады. Дәстүрлі емес операцияларды кеңейту арқылы бұл мекемелер банктік нарыққа еніп келеді.
Мамандандырылғаң несие-қаржы мекемелері ипотекалық және тұтыну, сол сияқты ауыл шаруашылық несиелері саласында кең ауқымда тарауда. Олар халықтың ұсақ жинақтарын тарту, капиталды инвестициялау бағалы қағаздарды орналастыру және т.б. айналысады.
Кейбір арнайы несие институттары Қазақстан аумағында революцияға дейін Жаңа экономикалық саясат (ЖЭС - НЭП) жылдарында және ауыл шаруашылығын ұйымдастару тұсыңда несиелік серіктестіктер өзара несие беру қоғамы несиелік одақтар және т.б. түрінде болған. Қазір банктік емес мекемелерге өзара көмек беру кассаларын, ломбардтарды, сондай-ақ шаруа қожалығы бірлестіктерін ірі агроөнеркәсіп бірлестіктерін, қаржы-есеп айырысу орталықтарын жатқызуға болады.
Жинақ кассалары туралы да ерекше айта кету орынды. Бұрынғы КСРО несие жүйесінің құрамына мемлекеттік еңбек жинақ кассалары (КСРО Мемжинкасс) кірген. Олар халық қаражаттарын салымдарға, еркін айналатын мемлекеттік займдарға және ақшалай-заттай лотерейлерге тарта отырып, халыққа, бюджеттік, қоғамдық ұйымдарға есеп айырысу кассалық қызмет көрсетумен айналысты, сондай-ақ тұрғын ұй-құрылыс кооперативтерінің (ТҚК) пайлық жарнамаларын қабылдады. Жинақ кассалары барлық әкімшілік аудандарда, ұжымдар мен кеншарларда жұмыс істеді. Қазақстан аумағында олардың саны 4,8 мынға жуық болды.
1988 ж. несиелік реформадан кейін жинақ-кассаларына құрылымдық қайта құру жүргізілді. Сөйтіп, олардың негізінде акционерлік-коммерциялық банк - Жинақ банкі құрылды. Нәтижесінде жинақ кассалары коммерциялық банктерден аса ажыратылмайтын банктік мекемеге айналды.
Банктер арасындағы бәсекенің дами
түсуі халық қаражатын
АҚШ-та банктік емес несие-қаржы институттарға: өзара жинақ банктері, қарыз-жинақ бірлестіктері, сақтандыру қорлары, несиелік одақтар, зейнетақы қорлары, ақшалай нарықтық өзара қорлары жатады. Бұл институттардың барлығы негізінен халықтан қаражат жұмылдыра отырып, оларды ипотекалық және тұтыну несиелеріне пайдалануға маманданған.
Өзара жинақ банктері «өзара біріккен» кәсіпорындар түрінде құрылады. Олар халық салымдарын жұмылдыра отырып, оларды жылжымайтын мүлік туралы актілер мен бағалы қағаздарды кепілге ала отырып инвестициялайды. Сондай-ақ, коммерциялық және тұтыну қарыздарын береді.
Қарыз-жинақ бірлестіктері - халықтың қаражатына қаттысты салымдық операцияларды жүргізумен айналысып, оларды жылжымайтын мүлік сатып алуға (активітің 2/3-ін тұрғын үй сатып алуға) пайдаланады.
Несиелік одақтар - кәсіподақтардың, ірі кәсіпорын-дардың, шіркеулердің ұйымдастыруымен құрылатын кооператив типтес жинақ мекемелері. Ресурстары акцияларды сату есебінен құралды. Олар көбінесе өз мүшелеріне ұсақ қарыздар беруге пайдаланылады.
Сақтандыру компаниялары біздің сақтандыру ұйымдары айналысып жүргендей операциялармен шұғалданады. Олардың пассивтері сақтандыру жарнамаларынан және активтік операциялардан түскен табыстардан кұралып, оларды сақтандыру пассивтеріне төлем төлеуден басқа ұзақ мерзімді бағалы қағаздарға және тұрғын үй құрылысын кепілдікке салынған мүлік туралы актілерге пайдаланады.
Жеке және мемлекеттік зейнетақы қорлары - халық салымдарын жұмылдыра отырып, ірі капиталды иеленеді және оларды корпорациялардың ақшалары мен облигацияларын сатып алуға жұмсайды, ұсақ қарыздар береді.
Ақша нарығының өзара біріккен қорлары пайлық депозиттік сертификаттарды, қазыналық вексельдерді сату жолымен инвестициялық капитал жинақтап, оны нарықта айналысқа түсетін қысқа мерзімді бағалы қағаздардан тұратын активтер портфелін құруға бағыттайды. Бағалы қағаздардан түсетін табыстарды акционерлерге төлеп отырады.
Ұлыбританияның несие жүйесінде банктік емес институттарға: құрылыс қоғамдарын, есеп үйлерін, Ұлттық жинақ банк жүйесін, сақтандыру компанияларын, зейнетақы қорларын, инвестициялық сенім-қорларын жатқызады. Сонымен қатар, олар халықтан депозиттерді қабылдап, оны тұтыну және коммерциялық несиелерді жеткізіп берумен шұғылданады. Сонымен қатар, олар әр түрлі қаржылық қызметтерін көрсетуге байланысты операциялар ауқымын кеңейтеді. Ондай қаржы қызметтерге: бағалы қағаздармен жасалатын дел-далдық операцияларды, лизинг, факторинг және т.б. жатады.
Ұлыбританияда арнайы қаржы-несие институттарының американдықтарға қарағанда айырмашылығы - олар депозит қабылдап несие бергенімен олардың қызметі белгілі бір сферада шектеледі (мысалы, құрылыс, тұтыну несиесі). Басқаша айтқанда, олардың шағын маманданған салалық бағыты болады.
Германияда мамандандырылған банктік мекемелерге ипотекалық мекемелер, тұрғын үй бірлестіктері, несиелік серіктестіктер, инвестициялық компаниялар жатады.