Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2014 в 16:22, курсовая работа
Кез келген өндіріс өз қызметіне құрал-жабдықтарын тартса ғана жүреді, ал ол еңбек заттары (шикізат, материалдар, сатып алынған жартылай фабрикаттар) және еңбек құралдары (машина, станок) болып бөлінеді. Бұл арада еңбек құралдарының құрамы сыртқы белгісімен емес, олардың өндіріс процесінде атқаратын роліне қарап анықталады. Мысалға, заводта дайындалған бу қазаны сол зауыт үшін дайын өнім болып саналады; ал орнату үшін сатып алған субъект үшін осы қазан еңбек құралы болып табылады. Осы қазанды келешекте қайта сатуға алса, онда ол тауар болып табылады.
КІРІСПЕ……......…………………………………………………….....................3
І.НЕГІЗГІҚҰРАЛДАР ЕСЕБІНЕ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК......................................4
1.1. Негізгі құралдардың мәні және жіктемесі.........................................................4
1.2. Негізгі құралдардың тозу есебi және амортизацияны есептеу әдісі................6
ІІ. НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫ ЖӨНДЕУ ЖӘНЕ ТҮГЕНДЕУДІҢ, ҚАЙТА БАҒАЛАУДЫҢ МӘНІН АШУ............................................................................17
2.1. Негізгі құралдардың жөндеу есебі...................................................................17
2.2. Негізгі құралдарды жалға алудың есебі...........................................................20
2.3. Негізгі құралдардың бағалау, қайта бағалау және түгендеу есебі.................24
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................28
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР................................................................30
Негізгі құралдардың сапалық тозуы олардың толық табиғи тозуы жетпей-ақ құнсызданып, өндірістің даму үрдісінен кейін қалуы, яғни активтердің ғылым мен техниканың дамуының бүгінгі күнгі талаптарына сәйкес келмейтін жағдайда болуынан пайда болады.
Осы жоғарыда айтылғандарды қорыта келе, негізгі құралдарың тозуы дегеніміз, олардың табиғи және сапалық сипаттарын жоғалтуы деп те айтуға болады.
Негізгі құралдардың сапалық тозуының бірінші себебі - өндіріс салаларында ғылыми-техникалық прогреске байланысты еңбек өнімділігінің өсуі болып табылады. Еңбек өнімділігі өскен сайын белгілі бір дайын бұйымды, құрал-жабдықты және тағы да басқаларды өндіруге кететін уақыт азаяды да, оның құны соғұрлым төмендейді. Осыған сәйкес еңбек өнімділігінің өсуіне байланысты жаңа құрал-жабдықтардың, машиналардың, яғни негізгі құралдардың бағасы бұрын сатып алынған тура осындай негізгі құралдардың бағасына қарағанда арзан болады. Мұндай жағдай ұйымдарға қымбат және тозыңқыраған машиналар мен көліктерінің құрал-саймандарының тағы да басқа негізгі құралдарының орнына жаңа әрі сапасы жоғары негізгі құралдарды сатып алуды тиімді етеді.
Сонымен
қатар амортизациялық
Негізгі құралдар үйлер мен ғимараттар, машиналар, көліктер және т.б. өндіріс үдерісінде пайдаланылған кезде өздерінің бірте-бірте тозуына байланысты құндарын өздерінің көмегімен өндіріліп шығарылатын, жаңадан жасалған өнімдерге біртіндеп ауыстырып отырады. Бұл үдеріс амортизация деп аталады. Амортизация белгіленген бір мөлшерде өнімнің өзіндік құнына қосылып отырады. Ал мұны амортизациялық аударым деп атайды. Амортизациялық аударым әрбір өнімнің өзіндік құнына кіріп ал өнім сатылған кезде қайтарып отырады, яғни негізі құралдардың тозуына байланысты құнының кемуі амортизациялық аударым жасау арқылы қайтарылады.
Амортизациялық аударым мөлшері дегеніміз негізгі құралдардың бастапқы құнынан белгіленген пайызбен есептеліп шығарылған бір жылдық амортизациялық аударым сомасы.
Ұйымдарда негізгі құралдағы ай бойы есептелген амортизациялық аударым сомасы ай сайын өндірілген өнімнің атқарылған жұмыстар мен көрсетілген қызметтердің өзіндік құнына қосылып отырады.
Кәсіпорындағы жаңадан келіп түскен кіріске алынған негізгі құралдарға амортизациялық аударым келесі айдың басынан бастап есептелінеді. Ал ұйымның балансынан есептен шығарылған негізгі құралдарға келесі айдың басынан бастап амортизациялық аударым есептеу тоқталады.
Активте түйінделген болашақ экономикалық пайдалар негізінен оны тұтыну арқылы қолданылады. Актив бос тұрып қалған кезде моральдық немесе коммерциялық тұрғыдан ескірген басқа факторлар осы активтен алу мүмкін болатын экономикалық пайданың азаюына жиі әкеп соқтырады
2 – кесте.Негізгі құралдарға
тозу сомасы есептелгенде
р\с № |
Операциялар мазмұны |
Дт |
Кт |
1 |
Ұйымға келіп түскен кіріске алынған негізгі құралдардың тозу сомасына |
2410 |
2420 |
2 |
Ұйымның басқа бір заңды және жеке тұлғаларға сатқан немесе басқадай жолмен есептен шығарған негізгі құралдарына бұрын есептелінген тозу сомасының есептен шығарылуына |
2420 |
2410 |
3 |
Негізгі құралдарға есептелінген тозу сомасына:
|
8110 8310 7210 7110 2410 1620
7470 |
2420 2420 2420 2420 2420 2420
2420 |
4 |
Негізгі құралдарды қайта бағалауға байланысты бастапқы құнының өсуіне сәйкес тозу сомасының артучна |
5110 |
2420 |
5 |
Негізгі құрлдарды қайта бағалауға байланысты бастапқы құнының кемуіне сәйкес тозу сомасының азаюына |
2420 |
6280 |
Негізгі құралдардың құны бойынша амортизацияныбірқалыпты (түзу сызықты) есептеу әдісі.
Яғни объектінің құны, оның қызмет ету мерзімі ішінде өндіріс шығындарына біркелкі норма бойынша жатқызылады. Бұл әдіс негізгі құралдардың тозуына, оның қызмет ету мерзімінің ұзақтығына байланысты болып келеді.
Бұл тәсілде амортизациялық норманы аудару үшін:
Бұл әдіс негізігі құралдар пайдаланудан түсетін табыс оны пайдалану мерзімінде бірден болады, яғни жобаның қалған ұтымдылығының кемуі біркелкі жүзеге асады деп болжамдалатын кезде пайдаланылады.
Құнды бірқалыпты есептен шығару әдісі бойынша объектінің амортизацияланатын құны негізгі құралдың жұмыс істейтін мерзімінің ішінде шаруашылық субъектісінің шығындарына бір қалыпты қосылып отырады. Бұл әдіс бойынша амортизациялық аударым мөлшері тек қана объектінің жұмыс істеу мерзімінің ұзақтығына байланысты деген болжамға негізделген. Бұл әдіс бойынша әр есеп беретін жылда негізгі құралға есептелетін амортизациялық аударым сомасы осы негізгі құралдарының барлық пайдалану мерзімінде амортизацияланатын сомасын, яғни бастапқы құны мен қалдық құнының айырмасын объектінің пайдалану кезеңіндегі есеп беретін жылдардың санына бөлу арқылы есептеліп шығарылады. Бұл әдіс бойынша, яғни құнды бірқалыпты есептен шығару әдісі қолданылғанда негізгі құралдарға есептелетін амортизациялық аударым сомалары жыл сайын тұрақты мөлшерде жүргізіледі.
Кезең ішіндегі амортизациялық есептеулер әдетте пайдада немесе залалда танылады. Бірақ, кейде активте түйінделген экономикалық пайдалар басқа активтерді өндірген кезде жоғалып кетеді. Бұл жағдайда амортизациялық есептеулер басқа активтің бастапқы құнының бір бөлігін құрайды және оның баланстық құнына қосылады. Мысалы, өндірістік жабдықты амортизациялау тауар-материалдық босалқыларды өңдеу жөніндегі шығындарға қосылады (2 IAS қараңыз). Сол сияқты, әзірлеуде пайдаланылатын жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтардың амортизациясы 38-«Материалдық емес активтер» IAS Халықаралық стандартына сәйкес танылатын материалдық емес активтің бастапқы өзіндік құнына қосылуы мүмкін.
Активті амортизациялау, ол пайдалану үшін қол жететіндей болған кезде, яғни актив орналасқан жер мен оның жай-күйі ұйым басшылығының ниетіне сәйкес оны пайдалануды қамтамасыз ететін кезде басталады. Активті амортизациялау мына екі күннің ертерегі бойынша тоқтатылады: 5 IFRS сәйкес активті сату үшін арналған ретінде жіктеу (немесе оны сату үшін арналған деп жіктелген шығу тобына енгізу) күні және аталған активті тану тоқтатылған күн.
ІІ. НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫ ЖӨНДЕУ ЖӘНЕ ТҮГЕНДЕУДІҢ, ҚАЙТА БАҒАЛАУДЫҢ МӘНІН АШУ
2.1. Негізгі құралдардың жөндеу есебі
Қ.К. Кеулімжаевтың «Бухгалтерлік есеп теориясы және негіздері атты кітабында ұйымдардағы негізгі құралдардың пайдалану барысында табиғи және сапалық жағынан тозатындығы алдыңғы бөлімдерде сөз етілді. Бүтін бөлігі яғни табиғи пішінінің барлық тетіктері бір мезгілде, бір уақытта іске жарамсыз болып қалмағанымен, негізгі құралдардың бір бөлшегінің жарамсыз болып соның себебінен негізгі құрал істен шығуы пайдалануға жарамсыз болып қалуы мүмкін. Тіпті іске жарамды болғанның өзінде кейбір бөлшектерінің тозуының әсерінен өнім өндіру қабілетінің азаюы да ғажап емес. Сонымен қатар сапалық жағынан тоза бастаған кейбір негізгі құралдарды да толығымен ауыстыруға кәсіпорынның қаржылық жағынан мүмкіндік болмай, пайдаланып жүруі мүмкін. Кәсіпорындар өздерінің негізгі құралдарын пайдалану мерзімі уақытынан бұрын жоғарыда айтылғандай тозып, істен шығып қалмау үшін белгілі бір уақыт аралығында жөндеп отырады. Негізгі құралдарға жүргізілетін жөндеу жұмыстары өзінің ұйымдастырылуына қарай жай немесе оны ағымдағы деп те атайды, және күрделі деп те аталатын екі түрге бөлінеді.
Жай жөндеу дегеніміз - негізгі құралдардың тозып, істен шыққан бөлшегін жұмыс үдерісі барысында ауыстыру немесе оны қалпына келтіру болып табылады. Бұл жөндеуге майлау, сырлау тағы да басқа жөндеу жұмыстары жатады.
Ал негізгі құралдарға жүргізілетін күрделі жөндеу дегеніміз алдын ала жоспарланып, сапалық және табиғи тозған негізгі құралдардың бөлшектерін толығымен ауыстырып, оларды түгелдей жаңартуды айтады. Бұндай жөндеуге жұмсалынған шығындар тек объектінің жағдайын, қызмет атқару мерзімін өндірістік қуатын, тағы да басқа көрсеткіштерін арттырғанда ғана оның яғни негізгі құралдың бастапқы құнын өсіреді. Яғни, күрделі жөнеу үшін шығарылған шығындар сомасы негізгі құралдардың бастапқы құнына қосылып активтің болашақта табыс әкелуіне көзделеді.
Ал ағымдағы жөндеуге жұмсаалған шығындар мен негізгі құралдардың бастапқы құнына қосылмайтын күрделі жөндеу үшін шыққан щығындар сомасы ұйымның ағымдағы шығыны болып есептеледі.
Егер негізгі құралдарды ұйым өз күшімен жөндейтін болса бұл шаруашылық тәсілімен жүргізілген жөндеу болып табылады.
Ал кәсіпорындар өзінің негізгі құралдарын жөндеуге арнайы жабдықталған, яғни осяндай мақсатқа арналған ұйымдарды қарастыратын болса бұл жөндеудің мердігерлік әдісі болып есептеледі. Басқа ұймдарға өзінің негізгі құралдарын жөндету барысында кәсіпорындар мердігерлік ұйыммен келісімшарт жасасады. Ол шартта жөндеу үшін керекті материалдар мен қай ұйымның қамтамасыз ететіндігі, жөндеу жүргізі мерзімі жөндеу жұмысының құны, есеп айырысу тәртібі және тағы да басқа жағдайлар көрсетіледі.
Жөндеу жүргізілген негізгі құралдарды кәсіпорындағы тағайындалған комиссия мүшелерінің шешімімен қаьылдап алады. Ондай негізгі құралдарды қабылдау барысында үлгілі түрі негізгі құралдар-2-ші Жөнделген, қайта құрылған және жаңартылған объектілерді қабылдау-тапсыру актісі толтырылады.
Кәсіпорындарда негізгі құралдардың төлқұжаттарына және олардың түгендеу карточкаларына негізгі құралдарға жүргізілген жөндеуге байланыста тиісті деректер өзгертулер мен толықтыулар жазылуы тиіс. Бұл толтырылатын актілермен басқа да құжаттар ұйымныңбухгалтериясында сақталады. Егер негізгі құралдарды жөндеу мердігерлік әдіспен жүргізілетін болса, онда жоғарыда аталған негізгі құралдарды жөндеуден кейін қабылдап алу үшін толтырылатын үлгі түрі негізгі құралдар-2 Жөнделген қайта құрылған және жаңартылған объектілерді қабылдап-тапсыру актісі екі дана етіліп толтырылады да, екінші данасы негізгі құралдарға жөндеу жүргізген кәсіпорынға беріледі. Ұйымдарда негізгі құралдарда жөндеу шаруашылық әдіспен, яғни кәсіпорынның өз күшімен жүргізілетін болса, ондла ол үшін жұмсалған, шыққан шығындар:
деп аталатын шоттың тиістілерінің кредитіне жазылады.
Егер жөндеу жұмысын мердігерлер жүргізген жағдайда жөндеу құнының сомасына жоғарыда көрсетілген шығындар шоттарының тиістілері дебиттелініп, жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айырысу шоты кредиттелінеді.
Информация о работе Негізгі құралдардың бағалау, қайта бағалау және түгендеу есебі