Негізгі қорлар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Января 2015 в 13:08, реферат

Краткое описание

Негізгі қорлар – бұл өзінің құнын бөлектеп жоғалатын және ұзақ кезең бойы натуралды қалпын өзгертпей сақтайтын материалды заттай құндылықтар.
Негізгі қорлардың кеңейтілген қайта өндіріс процесіне қатысу сипатына байланысты олар өндірістік және өндірістік емес негізгі қорлар болып бөлінеді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Негізгі қорлар.docx

— 22.11 Кб (Скачать документ)

3. Келесі талдау жасаудың қадамы – кәсіпорынның негізгі өндірістік қорлармен қамтамасыз етілуі зерттеледі. Машиналардың кейбір түрлерімен, механизмдерімен,  құрал-жабдықтармен,  ғимараттармен  қамтамасыз  етілуі өнім  өндірісінің  нақты  көрсеткішінің  және  жоспарлы  көрсеткішінің салыстыру  қажеттілігімен орындалады.

Келесі формуларда кәсіпорынның қормен қамтылуын есептеуге болады.

Қормен қамтылу:

Ф орт

Ф қамт  = —————                                                                            (6)

S өнд

Мұнда:

S өнд – өндірістік  алаң ауданы, га

Қормен қарулануы және техникалық қарулануы кәсіпорынның негізгі өндірістік  қорларының деңгейін, жалпы өнімі көрсеткіштерін қамтамасыз етілуі  еңбектің  қормен қарулануы мен техникалық қарулануы болып табылады. Жалпы еңбектің қормен қарулануы орташа жылдық өндірістік қорлардың құндылығының ең көп ауысымдағы ортатізімдік жұмысшылар санына  қатынасы  болып  есептелінеді.

Еңбектің  техникалық  қарулану деңгейі өндірістік жабдықтардың ең көп ауысымдағы ортатізімдік жұмысшылар санының қатынасымен анықталынады. Оның өсу қадамы еңбектің өнімділігінің  жоғарылауымен сәйкес болады. Еңбек  өнімділігінің өсімі еңбектің  техникалық  қаруланумен салыстырғанда ілгерілеу қозғалуы кәсіпорын  үшін  тиімді болып есептелінеді.

Қормен қарулануы:

Ф орт.

Ф қ.қ. = –––––––                                                                                     (7)

Ж өөп

Мұнда:

Ж өөп – өнеркәсіптік-өндірістік персоналдардың саны.

Негізгі өндірістік қорларды пайдалану тиімділігін жоғарылатуға бағытталған нақты жобаларды жасап шығаруды ұйымдастыру үшін соңғы жылдарда   қандай   деңгейде   пайдаланғаны  туралы  толық  талдаулар жасалуы қажеттілігін туғызады. Осы үрдіс кезеңінде өндірістік қорларды пайдаланудағы кемшіліктерді тауып, оларды шешу жолдарын анықтау қажеттілігі пайда болады.  Келесі формулада кәсіпорындардың негізгі қорларды тиімді пайдалану барысында инстенсивті коэффициентін есептеп шығарады.

Негізгі өндірістік қорларды пайдалану тиімділігін жоғарылатуға бағытталған нақты жобаларды жасап шығаруды ұйымдастыру үшін соңғы жылдарда   қандай   деңгейде   пайдаланғаны  туралы  толық  талдаулар жасалуы қажеттілігін туғызады. Осы үрдіс кезеңінде өндірістік қорларды пайдаланудағы кемшіліктерді тауып, оларды шешу жолдарын анықтау қажеттілігі пайда болады.  Келесі формулада кәсіпорындардың негізгі қорларды тиімді пайдалану барысында инстенсивті коэффициентін есептеп шығарады.

Интенсивті коэффициент:

Ө ф

К инт. = ––––––                                                                                      (8)

Ө м

Мұнда:

Ө ф  және Ө м – құрал-жабдықтың фактілі және мөлшерлі өнімділігі.

Келесі формуламызға қарап, кәсіпорынның негізгі қорларды пайдалануда өндірілетін өнімнің санына, көлеміне байланысты экстенсивті коэффициентті қолданады.

Экстенсивті коэффициент:

Т ф

К экс  = ––––––;                                                                                 (9)

Т к

Т ф

К экст = ––––––.                                                                                 (10)

Т п

Мұнда:

Т ф – құрал-жабдықтың фактілі жұмыс істеу уақытының қоры;

Т к және Т п – құрал-жабдықтың календарлы және жоспарлы (тиімді) жұмыс істеу уақытының қоры.

Кәсіпорынның интенсивті және экстенсивті коэффициенттерімен есептелген нәтижелерін келесі формуланы пайдаланып, интегралды коэффициентті шығара аламыз.

Интегралды коэффициент:

 

К и = К экст.  х К инт.                                                                             (11)

 

Талдау жасау барысында негізгі қорлардың құрамы мен құрылымы анықталып, олардың тозу деңгейін, пайдалану тиімділігін ашып көрсетіледі.

Негізгі өндірістік қорлардың нәтижелілігін арттырудың аса маңызды факторларының  бірі – жабдықтардың  пайдалануын  жақсарту. Ол үшін олардың  жұмыссыз  тұрып  қалуын  азайту,  ауыстыру коэффициентін көбейту жолымен  қол жетеді[12, 197б].

Негізгі қорларды пайдалану мерзімі (қызмет ету мерзімі) өндірістік процесс  барысында  техникалық  прогресс  жағынан  да, негізгі қорлардың жаңа түрлерін жасауға кететін тиімділігі жоғары капитал салымдарын пайдалану жағынан да маңызы зор болады.

Негізгі қорларды және айналым қорларды үнемді, әрі рационалды пайдалану  әрбір  кәсіпорынның  басты  міндеттердің  біріне  жатады. Әрине,  кез  келген  кәсіпорынның  қалыпты  жағдайда  қызметі  үшін негізгі құралдармен бірге айналым құралдары қажет болады, олар ақша құралдары  ретінде  қолданылып,  негізгі  қорларды  және  айналым  қорларды сатып алуға кетеді. Кез келген кәсіпорынның басты міндеттердің бірі – жалпы қоғамдық өндірістің сапасы мен тиімділігін жоғарылату және капитал алымдары мен негізгі  қорларды  қайтарымын  үлкен  көлемде  ұлғайту,  себебі,  олар  елдің өндірістік  күштердің  құрама  бөлігі,  материалдық  базасы  болып  табылады.

Негізгі құралдарының сандық өсімі мен сапалық жақсару ғылыми-техникалық прогрестің негізінде құралған болса, онда ол еңбек өнімділігінің жоғары қарай өсуінің шешуші қадамы ретінде есептеуге болады.

Негізгі  құралдардың  құрылымы  бойынша  барлық  негізгі  қорлардың жалпы  құндылығының  үлес  салмағы  ретінде  анықталынады[13, 103б].

Негізгі қорлардың сыныптамасы, құрамы мен құрылымы бойынша талдап, олардың жұмыс істеуге жарайтын қалыпта сақтау және тиімді пайдалануын қарастырамыз.

Қор қайтарымы көрсеткішінің артуы және өнімнің қор сыйымдылығының төмендеуі негізгі қорларды пайдалануды жақсартатынын немесе керісінше көрсетеді. Негізгі қорларды пайдаланудың тиімділігін арттыру үшін олардың жүктеме деңгейлерін, әсіресе олардың активтік бөлігін арттыру, қорларды жаңарту, үдемелі жабдықтарды, қазіргі технологияны, билікті қызметкерлерді пайдалану қажет. Сонымен бірге, негізгі қорлардың қандай деңгейде пайдаланатынын, жалпы  және жеке көрсеткіштер арқылы  есептеп шығаруға, өзгерістердің  пайда болу себептерін зерделеуге, өнім өндірісінің көлеміне, басқа көрсеткіштерге негізгі қорлардың қаншалықты ықпал ететінін есептеуге, кәсіпорынның  және  құрал-жабдықтардың  өндірістік  қуаттылығының пайдалану дәрежесін зерттеуге, негізгі құралдардың тиімді пайдалану резервтерін  шығаруға  экономикалық  талдаулардың   тиімділігі  зор.

Талдау  жасау  әдетте  негізгі  қорлардың  көлемін,  олардың  динамикасы мен құрылымын зерттеуден басталады. Біз айтып кеткендей, қорлар  өндірістік  және  өндірістік  емес  болып  бөлінеді.

Кәсіпорындардағы өндіріс тиімділігін жоғарылатудың маңызды факторларының  бірі – негізгі  қорлармен  қамтамасыз  етілуі,  олардың  керекті мөлшерде,  ассортиментте  және  толықтай пайдалануы күтіледі.

 


Информация о работе Негізгі қорлар