Өндірістік инфрақұрылымды ұйымдастыру негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Декабря 2013 в 07:23, реферат

Краткое описание

1.Көлік шаруашылығын ұйымдастыру
2.өндірісті материалды-техникалық ресурстарымен қамтамасыз ету
3.өнім өткізу жұмыстарын және қойма шаруашылығын ұйымдастыру

Прикрепленные файлы: 1 файл

Өндірістік инфрақұрылымды ұйымдастыру негіздері.docx

— 14.41 Кб (Скачать документ)

Өндірістік инфрақұрылымды  ұйымдастыру негіздері

Қарастырылатын  сұрақтар:

1.Көлік шаруашылығын ұйымдастыру

2.өндірісті материалды-техникалық  ресурстарымен қамтамасыз ету

3.өнім өткізу жұмыстарын  және қойма шаруашылығын ұйымдастыру  

 

Кәсіпорында өндірістік үрдісті  жүргізу жолдары қарыстырылған.Көлік  шаруашылығының міндеттері қамтылады. Көлік қызмет көрсету аумағына байланысты мәліметтер беріледі. Кәсіпорындағы  өндірісті материалды-техникалық ресурстармен қамтамасыз ету туралы мағлұматтар  кеңінен қарастырылады. Қоймалардың  аумағы сақталатын құндылықтарының  максималды мөлшері есептелінеді. 

 

1.Көлік шаруашылығын  ұйымдастыру. Кәсіпорында өндірістік үрдісті жүргізу үшін шикізат, материалдар, құраушы өнімдер пайдаланады. Жалпы өндіріс үрдісінде көп мөлшердегі еңбек құралдарын пайдалану үшін оларды тасмалдаумен қатар, өнім дайыне болғаннан кейін оны кәсіпорыннан сыртқы тасып әкету қажет.Көлік шығындарының өнімнің өзіндік құнындағы алатын үлкен үлесімен ғана емес, сонымен қатар осы аталған жұмыстардың материалдық құндылықтардың тасымалдау көрсеткіштері мен сақталуына қалай әсер ететіндігін де көруге болады.

Кәсіпорында пайдаланатын көлік  қызмет көрсету аумағына қарай:

·                        Сыртқы, яғни оған кәсіпорынның сыртқы жабдықтаушыларымен және өнімді тұтынушыларымен байланысын қамтамасыз ететін көлік түрлері жатады.

·                        Цехаралық, яғни жүктерді цехтар арасында тасу және жүктерді бір қоймадан екінші қоймаға және кәсіпорын цехтарына тасуға арналған көлік болып бөлінеді

·                        Цехшілік, яғни бір цех ішінде ғана тасымалдау жұмыстарын орындайтын көліктерді айтады.

Кәсіпорындағы тасымалдау жұмыстарының көлемі көлік құралдарына деген  қажеттілік және жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру жүк айналымы мен  жүк ағынының есебі негізінде  анықталады.

Жүк айналымы деп белгілі бір уақыт аралығындағы белгілі бір бөлімше шеңберінде тасмалданатын жүктің жалпы санын атайды.

Жүк ағыны дегеніміз- белгілі бір уақыт аралығындағы тиеу-түсіру пунктерінің арасындағы бір бағыттағы тасымалданатын жүк саны.

Жүк ағындарының жиынтығы кәсіпорынның жүк айналымын құрайды.

Жүк ағыны әр уақытта әртүрлі  болуы мүмкін.Осыған орай тәуліктік  жүк ағынының максималды мөлшері  былай анықталады: 

 

Q  cmax = Q жRн / Dr   

Мұнда;

Qж- жылдық жүк ағыны

Rн- жүк ағынының біркелкісіздік  коэффициенті

Dr – бір жылдағы жұмыс  күнінің саны. 

 

2. Өндірісті материалды-техникалық  ресурстарымен қамтамасыз ету. Кәсіпорындағы өндірісті материалды-техникалық ресурстармен қамтамасыз ету, өнім өткізу жұмыстарын және қойма шаруашылығын ұйымдастырудың міндетіне кәсіпорынның қызметіне қажетті шикізат қорын, материалдарды, сатып алынатын жартылай фабрикаттарды, аяқталмаған өндіріс өнімдерін және сатуға шығарған дайын өнімді сақтау және тұтынушыларға жіберу сияқты жұмыстар жиынтығы жатады.

Материалды құндылықтардың сақталуы,олармен өндірісті үздіксіз қамтамасыз ету, айналым қаржыларының айналу жылдамдығы, өнім сапасы мен  құны қойма шаруашылығы жұмысының  сапасын анықтайды.

Кәсіпорын қоймалары бірқатар белгілеріне қарай жіктеледі.

Қызмет көрсету саласына қарай қоймалар цехаралық және цехтық болып бөлінеді.  

 

3.Өнім өткізу  жұмыстарын және қойма шаруашылығын  ұйымдастыру. Сақталатын материалды құндылықтар атауларына қарай қоймалар: әмбебап (дайын өнім сақтайтын қоймалар) және арнаулы қоймалар (біртекті материалдарды сақтауға арналған) болып бөлінеді. Қойма аумағына қарай ашық, жабық және жартылай жабық болып бөлінеді.

Қоймалардың құрылымы сақталатын материалдардың физика-химиялық талаптарына  сай болып, қойма аумағы толығымен  пайдалануы тиіс.Қойма жұмыстарын жүргізу  барысында барлық қауіпсіздік шараларын  орындалуы басты шарт болып табылады.

Қойма  жұмыстарын ұйымдастыруда  еңбекті көп қажет ететін жұмыс  түрлерін, қол еңбегің азайту мақсатында қоймалардағы жетекші тасу-тиеу, ыдысқа салу, орау жұмыстарын техникалардың  жаңа түрлерімен жабдықтау қажет.

Қоймадан сыртқа шығарылатын  материалдар өндірістік тұтыну дайындығынан өткізіледі. Дайындық жұмыстары материалдардың түріне қарай жүргізіледі.

Көлік жұмыстарын жоспарлау техника-экономикалық, оперативті-өндірістік болып екіге бөлінеді.

Техника-экономикалық жоспарлауға стратегиялық және жылдық жоспар құру жатады.Онда жүк айналым көлемін анықтау, көлік құралдарына, жағармайға, майлау, басқа да қажеттілікті анықтау, көлік құралдарының жөндеу жұмыстарының, түсіру жұмыстарының көлемін, көлік қызметінің штаттарын, еңбекақы қорын, жүктерді тасымалдау шығындарын және т.б. көрсеткіштерді анықтау қарастырылады.

Оперативтік-өндірістік көлік  жұмыстарын жоспарлау және сату жұмыстарын жүргізу үшін көлік және тасымалдау операцияларымен қамтамсыз етуге  бағытталады.Оның дұрыс деңгейде ұйымдастырылуы өндірістің көрсеткіштерін арттырумен қатар оның үздіксіз жұмыс істеуін  қамтамасыз етеді.

 


Информация о работе Өндірістік инфрақұрылымды ұйымдастыру негіздері