Нарық экономикасы жағдайында түлектердің жұмысқа орналасу мәселелері.Аймақтық деңгейде халықтың жұмыс бастылығының реттелуі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Октября 2014 в 15:17, реферат

Краткое описание

Университетті аяқтағаннан кейін бірден жұмысқа орналасу бақыты өкінішке орай, барлық диплом алған мамандарға бұйырмаған. Жұмыс беруші көп жағдайда жұмыс тәжірибесі бар қызметкерді алуға мүдделі. Бұл жағдайда кешегі түлек, бүгінгі маманға көмекке «Дипломмен ауылға», «Жастар тәжірибесі» және «Жастардың кадрлық қоры» бағдарламаларын іске асыратын мемлекет келеді.

Содержание

1.Нарық экономикасы жағдайында түлектердің жұмысқа орналасу мәселелері
2.Жұмыс бастылық және оның түрлері
3.Еңбек биржасы және оның мақсаты
4.Аймақтық деңгейде кәсіпорындардың ішкі еңбек нарықтарын реттеу мен талдау жүйелері
5.Нарық экономикасы жағдайында түлектердің жұмысқа орналасу мәселелері
6.Қорытынды

Прикрепленные файлы: 1 файл

Тасболатова Ұлжан ОиНТ 241 срсп Еңбек экономикасы.docx

— 62.19 Кб (Скачать документ)

           Қазақстан Республикасының білім  және ғылым минстірлігі

            Т.Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық  Университеті

 

                                    

 

 

                         

          СОӨЖ

 «Нарық экономикасы жағдайында түлектердің жұмысқа орналасу мәселелері.Аймақтық деңгейде халықтың жұмыс бастылығының реттелуі.»

 

 

 

 

 

                                                                Орындаған: Тасболатова  Ұ.Т.

                                              Тексерген: Толеугалиева С.Т.

      

 

 

 

 

 

 

                             Жоспар

 

1.Нарық экономикасы жағдайында түлектердің жұмысқа орналасу мәселелері

2.Жұмыс бастылық және оның түрлері

3.Еңбек биржасы және оның мақсаты

4.Аймақтық деңгейде кәсіпорындардың ішкі еңбек   нарықтарын реттеу мен талдау жүйелері

5.Нарық экономикасы жағдайында түлектердің жұмысқа орналасу мәселелері

6.Қорытынды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

          Нарық экономикасы жағдайында түлектердің жұмысқа орналасу мәселелері

           Университетті аяқтағаннан кейін бірден жұмысқа орналасу бақыты өкінішке орай, барлық диплом алған мамандарға бұйырмаған. Жұмыс беруші көп жағдайда жұмыс тәжірибесі бар қызметкерді алуға мүдделі. Бұл жағдайда кешегі түлек, бүгінгі маманға көмекке «Дипломмен ауылға», «Жастар тәжірибесі» және «Жастардың кадрлық қоры» бағдарламаларын іске асыратын мемлекет келеді. 
 

«Жастар тәжірибесі» бағдарламасы 
 
Оқу орнын ақтағаннан кейін жұмыс тәжірибесіне ие болу үшін мемлекет алтыайлық жастар тәжірибесін өтуді көздейді. 
 
Диплом алған түлек (29 жасқа дейін) өз қаласының (аудан) әкімдігіндегі жұмыспен қамту орталығына барады. Жұмыспен қамту орталығы аталмыш мамандардың  бірыңғай базасын қалыптастырады және жұмыс беруші компаниялардың арасындағы дипломдық бағыт бойынша бағдарламалардың қатысушыларын бөледі. 
Жұмыспен қамту орталығы түлектермен алты айға еңбек шартын жасайды. Жұмыс күні ҚР еңбек заңнамасы бойынша еңбек шарттарына сәйкес анықталады. 
Жастар тәжірибесіне бағытталған бағдарламаларға қатысушылардың ай сайынғы төлемі 17,2 айлық есептік көрсеткіштерді (31 854 теңге) (салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, пайдаланылмағае еңбек демалысы үшін өтемақылар және банк қызметтерін шегерусіз) құрайды. 
Егер жұмыс беруші тәжірибе кезінде сізді өз компаниясы үшін сай келеді деп таныса – ол сізді тұрақты жұмысқа қабылдауға құқылы. Жас маман үшін бұл нұсқа неғұрлым қолданылымды, осыған қарамастан тәжірибеде өзіңді және өзіңнің кәсіби дағдыларыңды көрсету қажет екендігін естен шығармаңыз. 
Бағдарлама алынған мамандық бойынша түлектердің бастапқы жұмыс тәжірибесін арнайы алуына арналған.

Бұдан басқа «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасын іске асыру аясында кәсіби білім беру орындарының базасы қалыптасады және  «Жастар еңбек биржасы» бірыңғай ақпараттық порталы, «Жұмыс» ақпараттық порталы құрылады. 
 

 

 

«Дипломмен - ауылға» бағдарламасы 
 

ЖОО мынадай мамандықтар бойынша аяқтаған студенттер үшін:

  • білім беру;
  • денсаулық сақтау;
  • әлеуметтік қамтамасыз ету;
  • мәдениет және спорт;
  • ветеринария.

 

 

Мемлекет жас мамандарды әлеуметтік қолдаумен ауылдық жерден жұмыс ұсынады:

  • 70 АЕК (129 640 теңге) мөлшеріндегі көтерілуге көмектің бірыңғай жәрдемақысын төлеу;

  • бюджетный кредит для приобретения и строительства жилья сроком на 15 лет, со ставкой вознаграждения в размере в размере 1500 АЕК (2 778 000 теңге) мөлшерінде 0,01% мөлшеріндегі сыйақы мөлшерлемесімен 15 жыл мерзімге тұрғын үй сатып алуға және құрылысына арналған бюджеттік несие;

  • ауылдық елде мекендерде орналасқан әлеуметтік сала мекемелерінің мамандарына лауазымдық еңбекақының тарифтік мөлшерлемесінен 25 % кем емес (қалалық елді мекенде)  арттыру.

  • қажет.

Соңғы үш жылда «Дипломмен ауылға» жобасының аясында республиканың ауылдық елді мекендеріне 24 577 маман қатыстырылған. 
 
«Жастар кадрлық резерві» бағдарламасы   
 
ҚР Білім және ғылым министрлігі және «Нұр Отан» ХДП қолдауымен жас талантты, белсенді қазақстандықтар қатарынан елдің басқарушы кадрларын анықтау, іріктеу, дайындау және тәрбиелеуге бағытталған «Жастар кадрлық резерві» жобасы іске асырылды. 
 
2009 - 2012 жж. аралығында «Жастар кадрлық резерві» жобасына 8 000 астам жастар өтінім берген, олардың ішінде 308 адам ашық конкурстық іріктеуден, тестілеуден, оқыту модульдерінен, кәсіби құзыретті бағалаудан, әр түрлі ұйымдардан тағылымдамадан өтті. Конкурстық іріктеуден өткен қатысушылар мемлекеттік басқару, бизнес, ғылым, білім, қоғамдық ұйымдар, БАҚ жетекші өкілдерімен кездесті. 
 
2013 жылы жобаны іске асыру сондай-ақ  жас мамандар қатарынан елдің басқару кадрларын анықтау, іріктеу, дайындау және тәрбиелеу және үш бағыттар бойынша әлеуметтік-маңызды қызметті қосуды болжайды:

  1. Мемлекеттік қызмет .

  1. Бизнес-қауымдастық.

  1. Қоғамдық саяси қызмет.

 

 

Жұмыс бастылық – бұл қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандырумен байланысты,  заңға қарсы келмейтін және табыс әкелетін азаматтардың іс-әрекеттері.

Жұмыс бастылығының негізгі қағидалары:

  1.  еңбектегі  еркіндікті қамтамасыз ету,  мәжбүрлі және міндетті еңбекті болдырмау;
  2. мемлекетпен еңбекке, жұмыссыздыққа,  жұмыс бастылығы мен материалдық көмек көрсетуге  деген құқықтық шарттарды қамтамасыз ету.

Жұмы бастылығының 5 мәртебесін бөліп көрсетеді:

  • жалдамалы жұмыскерлер;
  • жұмыс берушілер,
  • жеке келісім-шартта жұмыс істейтіндер,
  • жанұялық кәсіпорындардағы жалақы төлемейтін жұмыскерлер;
  • еңбекпен шұғылданбаған жұмыссыздар.

Жұмыс бастылығының түрлері:

  1. Толық жұмыс бастылығы  – кәсіби еңбекпен қамсыздандырылған адамдар, бұл өз кезегінде адамға табыс әкеледі және өмір сүрудің қажетті құралы болып саналады.
  2. Өнімді жұмысбастылық – бұл жұмысбастылық әрбір жағдайда табыс әкелу керек дегенді қалайды,  ал еңбек өз кезегінде экономикалық жағынан мағыналы және максималды түрде өнімді болуы қажет; яғни жұмыссыздықты болдырмау үшін, қосымша қажетті емес немесе формальды жұмыс орындарын қалыптастыру  мүмкін емес.
  3. Ерікті түрде таңдалған жұмысбастылық -  бұл еңбекке деген бейімділікті орналастыру құқығы тек қана еңбекті жұмсайтын адамға ғана тән, яғни, жұмыскердің өзіне.

Сандық жағдайда жұмысбастылық жұмыспен қамтылу деңгейімен есептелінеді. Жұмыспен қамтылу деңгейін екі әдіспен есептейді:

  • жалпы халық санындағы жұмыспен қамтылғандардың бөлігі;
  • экономикалық белсенді халықтың ішіндегі жұмыспен қамтылғандардың бөлігі.

Халықтың жұмысбастылығы саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі пинциптері:

1) азаматтарға өзінің  еңбегін жүзеге асыру үшін  тең құқылы мүмкіндік беру  және жұмыспен қамтылудың түрін  өз еркімен таңдау;

2) азаматтардың кәсіпкерлік  және еңбектік бастамаларын қолдау;

3) еңбектің еркіндік принципін  жүзеге асыру және жаңа бос  жұмыс орындарын қалыптастыратын  жұмыс берушілерді марапаттау  жолдарын табу;

4) халықтың әлеуметтік  қорғалуын қамтамасыз ету, мемлекеттік  ұйымдардың, кәсіби одақтардың, кәсіпкерлердің  әрекеттерін үйлестіру болып  табылады.

 

Еңбек биржасы және оның мақсаты

 

         Еңбек биржасы – бұл жұмыс күші нарығының өмір сүруінің дамыған ұйымдық құрылымы және жұмыс  күшін жалдау кезінде  делдал рөлін атақаратын  ұйым. Еңбек биржасы жұмыс берушілерде үшін, жұмыскерлер де үшін қызмет атқарады. Жұмыс беруші еңбек биржасынан бос жұмыс күші, оның саны, спасы және біліктілік құрамы туралы мәсілмет алады.  Ал жұмысшылар жұмыс орындары, олардың орналасуы, еңбек ақы көлемі және еңбек шарттары туралы мәлімет алады.

Еңбек биржасының мақсаты  - жұмыс күшіне деген сұранысты ұсыныспен ұштастыру болып табылады.

Еңбек биржасының негізгі функциялары:

1) еңбек нарығы туралы, оның жағдай және даму беталыстары  туралы мәлімет алу;

2) кәсіби бағдар, халықты  қайта дайындау мен жұмыспен  қамту;

3) аймақтық және кәсіби  мобильділілікке жағдай жасау;

4) жұмыспен қамту бағдарламаларын  дайындауға қатысу мен іске  асыру,  халықаралық  ынтамақтастық  мәселелерін шешу;

5) еңбек шарттарының ережеге  сай орындалуын бақылау;

жұмыссыз адамдарды есепке алу және оларға жұмысты іздеуде көмек көрсету, халықты әлеуметтік қорғау және аймақтық билік ұйымдарына қоғамдық жұмыстарды іске асыруда көмек көрсету.

 

Аймақтық деңгейде кәсіпорындардың ішкі еңбек нарықтарын реттеу мен талдау жүйелері

 

       Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорындар жергілікті және аймақтық басқару ұйымдары жағынан ұйымдық-экономикалық көмекті қажет етеді. Аймақтық деңгейде кәсіпорындардың ішкі еңбек нарықтарын реттеу мен талдау жүйелерінің мақсаты – жұмысшылардың жұмыспен қамтылуын жақсарту және еңбек потенциалын тиімді қолдану үшін және әрбір аймақта жұмыссыздыпен күресу үшін кәсіпорындардағы бүркемелі жұмыссыздықты жою.

Талдаудың нәтижелері негізінде шаралар бағдарламасы жасалынады, бұл шаралардың 2 тобын қарастырады:

1) жұмыс күшіне деген  төлем қабілеттілігін жоғарлатуға  бағытталған шаралар, жұмыс орындарын  сақтау мен қалыптастыру, ақша  төленетін қоғамдық жұмыстарды  ұйымдастыру, жеңілдікті салықтар  мен несиелерді қолдану;

2) жұмыс күшінің ұсынысын  шектеуге бағытталған шаралар  және оның өзгермелі жағдайларға  тез бейімделуі, жұмысшыларды оқыту  мен қайта оқыту, жұмыс уақытының  ұзақтылығын реттеу.

 

 

 

 

Қорытынды

           Университетті аяқтағаннан кейін бірден жұмысқа орналасу бақыты өкінішке орай, барлық диплом алған мамандарға бұйырмаған. Жұмыс беруші көп жағдайда жұмыс тәжірибесі бар қызметкерді алуға мүдделі. Бұл жағдайда кешегі түлек, бүгінгі маманға көмекке «Дипломмен ауылға», «Жастар тәжірибесі» және «Жастардың кадрлық қоры» бағдарламаларын іске асыратын мемлекет келеді. 

              

 Қолданылған әдебиеттер:

  1. Жүнісов Б, МәмбетовҮ, Байжомартов Ү. «Нарыктық экономика негіздері»    / Алматы «Экономика»-2000ж /

 

 


Информация о работе Нарық экономикасы жағдайында түлектердің жұмысқа орналасу мәселелері.Аймақтық деңгейде халықтың жұмыс бастылығының реттелуі