Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Мая 2013 в 20:16, контрольная работа
Бүгін біз дамудың ерекше бір табысты моделінің куәгерлері болып отырмыз. Қазақстанныңқолжеткізгенжетістіктерініңбірмәнісімынададепбілемін: Президент Н.Назарбаевбіріншікезектеғылым, білімжәнемәдениетмәселелеріне баса назараударды. НәтижесіндебүгінгітаңдаҚазақстан Ислам әлеміндеөзіндікорны бар маңыздымемлекетретіндеқалыптасыпүлгерді, ол тек Таяу Шығыс елдері үшін ғана емес, сондай ақ жанжалдар мен қақтығыстар, ұлтаралық және дінаралық кикілжіңдер жалғасып келе жатқан әлемнің басқа да көптеген мемлекеттері үшін нақты үлгі болып табылады.
Н.Ә. Назарбаев шетелдіктердің көзімен
Бүгін біз дамудың ерекше бір табысты моделінің куәгерлері болып отырмыз. Қазақстанның қол жеткізген жетістіктерінің бір мәнісі мынада деп білемін: Президент Н.Назарбаев бірінші кезекте ғылым, білім және мәдениет мәселелеріне баса назар аударды. Нәтижесінде бүгінгі таңда Қазақстан Ислам әлемінде өзіндік орны бар маңызды мемлекет ретінде қалыптасып үлгерді, ол тек Таяу Шығыс елдері үшін ғана емес, сондай ақ жанжалдар мен қақтығыстар, ұлтаралық және дінаралық кикілжіңдер жалғасып келе жатқан әлемнің басқа да көптеген мемлекеттері үшін нақты үлгі болып табылады.
Нағыз биік мақсаттар мекені
Бұрынғы АҚШ президенті Джорж Буштан үлкен КСРО тарап, тәуелсіз мемлекеттер бөлінген кезде журналисттер: «Осы жас мемлекеттер басшыларының ішінен кім сенімді басшы бола алады? деп сұрағанда, ол қысқа ғана: Назарбаев. Ол болашақты алдын ала болжай алады», депті.
Ұлыбритания премьер министрі Маргарет Тетчер «Назарбаев қалыпқа сыймайтын тұлға. Ол Қазақстанды бүгінгі шыққан биігіне жеткізу үшін батылдық пен сақтықтын үйлесімін пайдаланды. Президент Назарбаев экономика мен қоғамның анықтығына, яғни оның кейбір көршілері қасарыса бас тартқан нақ осындай мәселелерге ұмтылды.»
Францияның маңызды стратегиялық әріптесі Тьерри МАРИАНИ, Француз Республикасының Көлік министрі.
Қазақстан француз дипломатиясы үшін маңызды стратегиялық әріптес. Франция – Қазақстан тәуелсіздігін таныған алғашқы еуропалық елдердің бірі. Біздің екіжақты қарым-қатынастарымыз шын мәнісінде достық рухында дамып келеді, тіптен соңғы жылдары оның өсу қарқыны үздіксіз артып отырғанын атап өткен жөн. Мен бүгін Францияның Көлік министрі ретінде осы саладағы біздің ынтымақтастығымызды арттыру бойынша күш-жігерімді жұмсаудамын. Әңгіме бірлескен темір жол жобасын дамыту, соның ішінде «Қазақстан темір жолы» компаниясына техникалық көмек беру және электровоз жасау, қаланың көлік жүйесін дамыту жобасы туралы жөнінде болып отыр. Сол үшін бүгінде Астанада трамвай желісін орнату жобасы әзірленуде. Сондай-ақ елдеріміздің арасында тікелей әуе байланысын ашумен байланысты әуе көлігі туралы әңгіме жүруде. Осының барлығы Қазақстанда жұмыс істеуге барлық мүмкіндік жасалғандығының арқасында жүзеге аспақшы.
Иусуф ИУКСЕЛТҮРІК,
Қазақ-түрік лицейі директорының қоғамдық
іс-шаралар жөніндегі
Аднан БАДРАН,
Иорданияның бұрынғы Премьер-министрі, Петр университетінің ректоры, доктор.
Тәуелсіздігінің 20 жылдығын атап өтіп отырған Қазақстан белсенді даму үстіндегі елдер қатарына кіреді. Тарихи қысқа кезең ішінде барлық салада тамаша табыстарға жеткен Қазақстан Иордания үшін ғана емес, бүкіл араб елдері үшін үлгі болып табылады. Бүгінде әлемнің көптеген елдерінде Қазақстан дамуының ерекше моделіне ден қойылып отыр. Бұл үлгі Таяу Шығыс елдері үшін тамаша үлгі-өнеге бола алады. Ал Қазақстанның экономиканы әртараптандыру жөніндегі Индустриялық-инновациялық бағдарламасы әлемдегі аса перспективалы бағдарламалардың бірінен саналады.
Тұтастай алғанда, Қазақстанның Тәуелсіздіктің 20 жылында қол жеткізген тамаша табыстары, «зымыранның жылдамдығымен» даму, Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жоғары беделі мен Астананың тұрақты бітімгершілік қызметі басқа елдердің дамуы үшін үлгі болатыны еш күмәнсіз.