Монополияның мәнi, түсiнiгi және оның түрлерi

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Октября 2013 в 22:06, реферат

Краткое описание

Бәсеке (Состязание; contention) — ортақ ресурсты пайдаланудағы жүйелердің немесе программалардың өзара таласушылығы; қандай жұмыс бекетінің арнаға қатынас құра алатынын анықтауға мүмкіндік беретін үстаным.
Бәсеке дегеніміз, бір жағынан, іс-қимыл жасайтын салада ұнамды нәтижеге жету үшін жүріп отыратын экономикалық жарыс, шаруашылық жүргізудің қолайлы жағдайына ие болу үшін, пайданы мол алу үшін тауар өндірушілердің бір-бірімен күресі.

Содержание

 Бәсеке дегеніміз не?
 Нарықтық бәсекелестік түсінігі
 Бәсекелестіктің қалыптасуы табиғаты
 Монополиялық және олигополиялық бәсекелетіктер
 Монополияның мәнi, түсiнiгi және оның түрлерi.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Документ МОНОПОЛИЯ.docx

— 30.10 Кб (Скачать документ)

     Ауқым нәтижесі. Көп фирмалардың өндіріс көлемі, олардың әрқайсысына масштабтың өсуінен болып тұрған нәтижені жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Ал технология және өндіріс шығындары берілген болғанда көп бәсекелес фирмаларды қолдауға тұтынушылық сұраныс жетімсіз болуы мүмкін. Бұндай жағдайда нарыққа қатынасы жағынан фирма ірі монополистік болуға тиісті, шығарылатын өнімнің бірлігіне келетін өндіріс шығындары төмен болғанда өнімді тиімді өндіруге қабілетті болуы керек.

     «Х -тиімсізідік» Әдетте, өндіріс шығындарын зерттегенде, мына жағдай болады деп есептеледі: барлық технологиялардан фирма ең тиімдісін, шығарылымның әр дәрежесінде оған орташа шығындардың барынша төмен шамасын жұмсауын қамтамасыз ететінін таңдап алады деп. Ал нақты өмірде, фирманың қандайы болмасын, шығындарды төмендетудің бар мүмкіндігін толық қолданбайды. Шығындарды орташа шығындардың ең төмен дәрежесіне жеткізудің потенциалдық мүмкіндігін бағалау үшін «Х-тиімсіздігі» түсінігі енгізілген. Бұл мына жағдайда орын алады — өндірістің көлемі қандай болмасын, фирманың нақты шығындары минималдық мүмкін шығындардан артық болғанда. Осындай артықшылық фирма кәсіпкерлік тәуекелдіктен бас тартқанда, қабілетті төмен жолдас-жораларды, туыстарды жұмыспен қамтамасыз еткенде, фирма жұмыскерлерін орынсыз қолдап ынталандырғанда орын алады.

     Сауда-саттық сайысы. Бұл сайыс бағаны қолдану арқылы жүреді. Ал бағаның өзі үш жақты сайыстың нәтижесінде белгіленеді: біріншіден, жоғары бағамен сату үшін сатушылар арасындағы; екіншіден, тауарларды төмен бағамен алу үшін сатып алушылар арасында; үшіншіден, тауарларды қымбат бағамен сату үшін сатушылар және оларды арзан бағамен сатып алу туралы сатып алушылар арасындағы сайысу нәтижесінде.Осыған байланысты бәсеке бағаға қатысты және бағаға қатыссыз болып бөлінеді. Әдетте, бағаға қатысты бәсеке белгілі өнімнің бағасын әдейі, жасанда түрде төмендетуді көздейді: мұнда бағалық алалаушылық кең қолданылады – шығындардың дәрежесінің әр түрлі болуымен дәлелденбесе де, тауарлар әр түрлі бағамен сатылады. Бағалық алалаушылық үш шарт болуын тілейді:

- сатушының монополист болуын;

- сатушының сатып алушыларды  төлем қабілеттерін топтарға  бөле алатын мүмкіндігінің болуын;

- алғашқы сатып алушы осы  тауарды немесе қызметтерді сата  алмауы керек.

     Бағалық алалаушылық мынадай жағдайларда кең қолданылады: қызмет көрсетуде (дәрігерлердің, адвокаттардың, қонақ үйлерін басқарушылардың), өнімді көлікпен тасу қызметін көрсетуде; тауарды сатуда, егер оны нарықтың біреуінен екіншісіне жеткізу мүмкіндігі болмағанда (тез бүлінетін өнімдерді бір нарықтан екіншіге көлікпен жеткізуде).

     Бағаға қатыссыз бәсеке көбінесе өнім сапасын көтеру, сату жағдайларын жақсарту, сервистік қызметтерді көбейту арқылы жүреді. Сапаны екі бағытта көтеруге болады: бірінші – тауардың техникалық сипаттамаларын жетілдіру; екінші – тұтынушылар қажеттігіне қолайлы қызмет көрсету. Өнімнің сапасын жоғарылату арқылы жүретін бағаға қатыссыз бәсеке өнім бәсекесі деп аталады. Бәсекенің бұл түрі немесе ескі үлгіден елеулі айырмашылығы бар немесе соның модернизацияланған баламасы болып табылатын жаңа тауар шығару арқылы, салалық нарықтың бір бөлігіне ие болуды көздейді. Сапаны жақсартуға негізделген бәсекенің қайшылықтары аз емес. Бір жақтан, сапаның жоғарылауы бағаны бүркемелі түрде төмендетудің және өткізуді көбейтудің әдісі; екіншіден – сапа деген субъективтік бағалау, сондықтан жарнама және көз тартатын буып-оралуы арқылы оны бұрмалауға және көзбояушылыққа мүмкіндік тудырады.

     Өнімді өткізуді жетілдіру туралы жүретін бағаға қатыссыз бәсеке сату шарттары туралы бәсеке деп аталады. Бұл бәсекенің негізінде сатып алушыға жақсарған сервистік қызметтерді көрсету жатады: жарнама арқылы тұтынушыға әсер ету, сауданы жетілдіру, сатып алушыларға тауарды олар алғаннан кейін сол тауарды қолдануына, яғни пайдалану процесінде қызмет көрсету.

  Кез келген мемлекет өзі өндірген өнімін қымбат бағамен сыртқа пұлдап, содан айтарлықтай пайда табуды ең басты елдік мүдде санары сөзсіз. Бірақ, отандық өнімдерді өткізетін сыртқы рыноксыз бұл мақсаттың іске асырылуы күмәнді, әлбетте. Жалпы, мемлекет үшін сыртқа өнім шығару басымдыққа ие болса да, елдің ұлттық эконо-микасының бәсекелестік қабілетін арттырудың маңызын еш төмендетуге болмайды.

     Оның тиімді тәсілдерінің бірі — монополистермен, картельдермен ымырасыз күрес жүргізіп, бизнес-құрылымдардың жалтақсыз жұмыс істеуі үшін, астарында белгілі бір тұлғаның иә топтың мүддесі тұрмаған, жұрттың баршасына ашық “ойын ережесін” құру. Мұндай жағдай қазіргі күні Кедендік одаққа мүше болып отырған Қазақстан үшін де маңызды. Өйткені, ортақ рынокта тек күштілер ғана аман-есен қалады, бұл — дәлелдеуді қажет етпейтін аксиома. Егер бәсекелестік әділ жолмен жүрсе, ол кәсіпкерлерді бақталасынан озу үшін өндіріске белсенді түрде заманауи инновацияларды енгізіп, технологияларын жетілдіруге, шектеулі ресурстарын тиімді пайдалануға ынталандырады. Рынокта жаңа тауарлар мен ойыншылардың пайда болуы тұтынушылардың сұранысын қанағаттандырып, олардың тұрмыс-ахуалын жақсартып қана қоймай, тауарға деген бағаны арзандатуға жағдай жасайды. Дегенмен, бәсекелестікті қазіргі заман талабына сай құрылған монополияға қарсы жүйелерсіз жүзеге асыру мүмкін емес. Мұның Қазақстанға да қатысы бар. Себебі, Елбасы Үкіметтің алдына әлемдегі экономикасы бәсекелестікке қабілетті жоғары дамыған 50 елдің ішіне кіру міндетін қойған. Ал, мұның нарықтық экономиканың қозғаушы күші болып табылатын бәсекелестікті дамытусыз, сондай-ақ, халықаралық бәсекелестік құқық талаптарына жауап беретіндей монополияға қарсы заңнамаларды жетілдірусіз әсте іске аспасы даусыз. Рас, Қазақстан Президенті Н.Назарбаев өзінің Жолдауларында аталған міндеттерді жедел түрде қолға алуды үнемі айтып келеді. Оларда алдағы онжылдықтағы республиканың даму бағдарламасы белгіленген: атап айтсақ, дағдарыстан кейінгі дамуға баса назар аудару, экономиканың тұрақты өсуіне қол жеткізу, адам капиталының бәсекелестік деңгейін көтеру, азаматтарды сапалы әлеуметтік қызмет көрсетумен қамтамасыз ету, ұлттық қауіпсіздікті бекемдеу және халықаралық қатынастарды әрі қарай дамыту сынды маңызды шараларды іске асыру, т.б. Қазақстан да басқа ТМД мемлекеттері сияқты, бәсекелестік саясат саласында халықаралық ынтымақтастықты белсенді түрде жүзеге асыруда. Бұл жетекші шетелдердің іс-тәжірибесін ескере отырып, ел ішіндегі жаңғыртуларды табысты жүргізуге, әлемдік қауымдастық елдерімен тиімді кірігуге игі ықпал етеді. Бәсекелестік саясаты саласында Қазақстанның монополияға қарсы Агенттігі өзекті мәселелер бойынша ортақ келісімге қол жеткізіп, сараптамалар өткізу мен кеңестер беру кезінде әдістемелік көмек көрсету, заңнамалық және практикалық іс-қызмет саласында тәжірибемен алмасу сияқты мәселелер бойынша ТМД елдерінің монополияға қарсы саясат жөніндегі Халықаралық кеңесі (МСХК-МСАП) аясында белсенді ынтымақтастық жұмыстарын жүргізіп келеді. МСХК ұстанған негізгі бағыт — бәсекелестік саясат мәселелеріне қатысты ынтымақтастық пен тұтынушылар құқығын қорғау саласындағы өзара әрекеттестікті жүзеге асыру. Оның мәжілісі жылына екі рет ТМД елдерінің бірінің астанасында өтіп тұрады. (Ең соңғы мәжіліс 2010 жылы маусым айында Ресейдің Суздаль қаласында өтті).

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер:

1.Қазақ тілі терминдерінің салалық  ғылыми түсіндірме сөздігі:Информатика  және компьютерлік техника/ Жалпы  редакциясын басқарған – түсіндірме  сөздіктер топтамасын шығару  жөніндегі ғылыми-баспа бағдаламасының  ғылыми жетекшісі, педагогика  ғылымдарының докторы, профессор,  Қазақстан Республикасы Мемлекеттік  сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов.  – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002. – 456 бет.

2. С. Әкімбеков, А.С. Баймұхаметова, У.А Жанандаров Экономикалық теория. Оку құралы. Жалпы редакция С. Әкімбековтікі. — Астана: 2002. ISBN 9965-408-99-8

3.


Информация о работе Монополияның мәнi, түсiнiгi және оның түрлерi