Мәліметтер базасын орнату

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Апреля 2013 в 21:07, реферат

Краткое описание

ЭЕМ (электронды есептегіш машиналардың) маңызды ерекшеліктерінің бірі ақпараттың мол көлемін сақтау және өңдеу, сонымен бірге мәтіндік және графикалық құжаттар (суреттер, сызулар, фотосуретгер, географиялық карталар) ғана емес, жаһандық жүйе, дыбыстық және бейнефайлдардың беттері де жинақталады. Бұл мүмкіндіктер мәліметтер базасының көмегімен іске асады.
Мәліметтер базасы (МБ) - белгілі бір арнаулы ауқымға қатысты мәлтеттерді баяндау, сақтау мен амал-тәсілдермен ұқсата білудің жалпы прииңиптерін қарастыратын белгілі бір ережелер бойынша үйымдастырылған мәлімет-тердің жиынтыгы. Адамның қатысуы ықтимал, автоматтық құралдармен өңдеуге жарамды түрде ұсынылған ақпарат мәліметтер ретінде түсініледі. Арқаулы ауқым ретінде нақты зерттеуші үшін қызықты нақты әлемнің бөлігі түсініледі.

Прикрепленные файлы: 1 файл

информатика срс.docx

— 25.99 Кб (Скачать документ)

1. Мәліметтер базасын орнату

Мәліметтер  базасының  негізгі ұғымы.

ЭЕМ (электронды есептегіш  машиналардың) маңызды ерекшеліктерінің бірі ақпараттың мол көлемін сақтау және өңдеу, сонымен бірге мәтіндік және графикалық құжаттар (суреттер, сызулар, фотосуретгер, географиялық карталар) ғана емес, жаһандық жүйе, дыбыстық және бейнефайлдардың беттері де жинақталады. Бұл мүмкіндіктер мәліметтер базасының көмегімен іске асады.

Мәліметтер  базасы (МБ) - белгілі бір арнаулы ауқымға    қатысты мәлтеттерді баяндау, сақтау мен амал-тәсілдермен ұқсата білудің жалпы прииңиптерін қарастыратын белгілі бір ережелер бойынша үйымдастырылған мәлімет-тердің жиынтыгы. Адамның қатысуы ықтимал, автоматтық  құралдармен  өңдеуге  жарамды  түрде ұсынылған ақпарат мәліметтер ретінде түсініледі. Арқаулы ауқым ретінде нақты зерттеуші үшін қызықты нақты әлемнің бөлігі түсініледі.

Қарапайым МБ мысалы ретінде телефон анықғамалығын, поездар қозғалысы кестесін, кәсіпорын қызметкерлері туралы мәліметгерді, студенттердің сессия тапсыру қорытындылары және т.б. атауға болады.

Электронды МБ-сының басты қасиеті - ақпаратты тез іздестіру мен сұрыптау (іріктеу), сондай-ақ берілген форма бойынща есепті қарапайым түрлендіру (жасау) мүмкіндігі. Мысалы, сынақ кітапшаларының нөмірлері бойынша студенттердің аты-жөндерін оңай айыруға болады немесе жазушының аты-жөні бойынша шығармаларының тізімін жасауға болады.

Мәліметтер базасын басқару  теориясы дербес пән ретінде шамамен  алғанда XX ғасырдың 50-жылдарының басынан  бері дами бастады. Осы уақыт ішінде белгілі бір іргелі ұғымдар жүйесі калыптасты. Олардың бірқатарын келтірейік.

Объект    деп   мағлүматтары   мәліметтер базасында      сақталатын ақпараттың жүйенің элемеиттері аталады.

Атрибут - объектінің қасиеттерін ақпараттың бейнелеу. Әрбір объект атрибуттардың кейбір жиынтығымен ситатталады.

Мәлметіпердің басты элементі деп мәлметтердің баска элементтерінің мәндерін аныктауға мүмкіидік беретін осындай атрибут аталады.

Алғашқы кілт - объектінің (жазбаның) әрбір данасын біреғей түрде жағастыратын атрибут (немесе атрибуттар тобы), Екіншіреттегі кілт - бірнеше жазбалар (объект даналары) үшін мәні қайталанатын атрибут (немесе атрибуттар тобы). Ен алдымен, екінгиі реттегі кілттер жазбаларды іздестіру операцияларында қолданылады. Мәліметгер базасы ұғымымен мәліметтер базасын басқару жүйесінің ұғымы тығыз (МББЖ) байланысты.

МББЖ - жаңа база құрылымын құруға арналған программаның құралдар кешені, оны құрамын толықтыру, құрамында барды редакқиялау және апаратпен көрсетушілік (визуализация). База ақпаратын көрсетушілік ретінде берілген критерийге сәйкес бейнеленетін мәліметгерді іріктеу, оларды ретгеу, сосын шығаратын құрылғыға беру немесе байланыс арналары бойынша беру.

Кез келген МББЖ мәліметтермен  төрт қарапайым операция орындауға мүмкіндік береді:

■ кестеге бір немесе бірнеше жазбаны қосу;

■ кестеден бір немесе бірнеше жазбаны жою;

■ кейбір өрістердің бір немесе бірнеше жазбаларындағы мәндерді жаңарту;

■ берілген шартты қанағаттандыратын бір немесе бірнеше жазбаларды табу.

МББЖ-ның тағы бір функңиясы - мәліметтерді басқару. Мәліметтерді басқару ретінде, әдетте, мәліметтерді рұқсат етілмей қол жетуден қорғау, мәліметтермен жұмыс режимін көп мәрте пайдалануды қолдау және мәліметтердің тұтастығы мен үйлесімділігін қамтамасыз ету түсініледі.

2. Access деректер қоры.

  Мәліметтер қоры (МҚ) – қандай да пәндік аймақтағы ақиқат өмірдің нақты объектілері туралы мағлұматтардың  өзара байланыстағы жиынтығы. МҚ-ның негізгі мақсаты – нақты өмірдің объектілері туралы өте үлкен мәліметтер санын олардың арасындағы байланыстарды ескере отырып өңдеу. МҚ іргелі ұғымдары – объект, атрибут, байланыс.

Объект – бізді қошаған нақты болмыстың (заттың, үрдістің, құбылыстың) белгілі бір бөлігі.

Атрибут – объект қасиеттерінің ақпараттық бейнеленуі, яғни объект белгілерінің бірін (мысалы көлемі, түсі, т.с.с.) немесе жұмыс істеу ерекшеліктерін анықтайтын сол объект элементінің сипаты.

Байланыс – объектілер арасындағы қатынас.

Сонымен қатар келесі негізгі ұғымдар қолданылады.

Жазба - өзара логикалық түрде байланысқан мәліметтер элементтерінің жиынтығы.

Алғашқы кілт – объектінің әрбір данасын (жазбаны) ерекше түрде идентификациялайтын атрибут.

Мәліметтердің МҚ-да сақталу процедурасы принциптерінің ішінде негізгі екеуін көрсетуге болады, олар

- мәліметтердің тұтастығы және қайшылықсыздығы;

- мәліметтердің минималды артықтығы, яғни кез келген мәлімет элементі бір түрде ғана сақталуы.

МҚ-да мәліметтерді ұйымдастырудың иерархиялық, реляциялық және желілік модельдері қолданылады, соларға сәйкес МҚ түрлері анықталады. Мәліметтер қорымен әртүрлі операциялар орындау үшін мәліметтер қорын басқару жүйелері (МҚБЖ) құрылады.

МҚБЖ – МҚ басқаруға арналған программалық құралдардың кешені. Ең жалпы деңгейде

- мамандандырылған немесе өнеркәсіптік МҚБЖ;

- дербес МҚБЖ

деп жіктейді. Мамандандырылған немесе өнеркәсіптік МҚБЖ – ірі экономикалық объектілерді басқаруды автоматтандыру жүйелерін құрудың программалық негізі. Олар - Orfcle, DB2, Sybase, Informix, т.б.

Дербес МҚБЖ – жергілікті пайдаланушының немесе қомақты пайдаланушылар тобының есептерін шешуге бағытталған және микроЭЕМ-дерде пайдалануға белгіленген программалық жабдық. Олар – FoxBase/FoxPro, Clipper, Paradox, Access, Approach, т.б.

MS Access, оның негізгі ұғымдары. MS Access – мәліметтердің реляциялық моделін қолданатын дербес типті МҚБЖ. Оның негізгі атқаратын қызметтері:

- негізгі объектілерді, яғни кестелерді жобалау;

- кестелер арасында байланыстар орнату;

- кестелерге мәліметтер енгізу, оларды сақтау, қарау, сұрыптау, сүзгілеу, түрлендіру;

- туынды объектілерді – пішім, сұраныс, есеп беру, макрос, модуль – құру, түрлендіру және қолдану.

әрбір объект дербес атына ие және әрқайсысы өз терезесінде, екі режімде – оперативті және Конструктор - жұмыс істейді. Кесте жолдардан және бағандардантұрады, әрбір жол – жазба, яғни бір объект туралы мәліметтердің толық жиынтығы, ал әрбір баған - өріс, яғни кестенің нақты мәліметті беретін құрылымданған элементі, бір атрибут. ¤ріс өзінің атымен және онда орналасатын мәліметтің типімен анықталады. MS Access қолданылатын мәліметтер типтері Windows жүйесіндегі стандартты типтер. MS Access-пен жұмыс МҚ файлын құрудан басталады, МҚ файлы MS Access-тің негізгі өңдеу объектісі.

 

3. Кесте арқылы сұраныстар орнату

Кестелер – жазулар жиынтығы болып табылады. Деректер базасында не сақталынады соның бәрі оның кестелерінде сақталынады. Олардың құрылымы және мазмұны бар. Кестенің құрылымын құрастырғанда өрістердің атауларын, өрістердің типтерін және олардың өлшемдерін анықтау қажет. Кестенің әрбір өрісіне ерекше ат беріледі. Содан кейін  қандай типті деректер әрбір өрісте орналасады екендігін шешу. Өріс типінің мәні Конструктор режимінде ғана көрсетілінеді.

Сұраныстар – толтырылған деректер базасымен жұмыс жасауға арналған негізгі объект. Деректерді өзгерту, таңдау және талдау құралы болып табылады. Олар бойынша бірнеше кестенің деректерін өзгертуге, талдауға және қарауға болады. Базаның байланысқан кестелерінен деректердің күрделі таңдауын орындауға және оларды нәтижелі кестелер түрінде көрсетуге мүмкіндік береді. Нәтижелі кестелер тек жедел жадыда сақталынады, ал бірақ оларды сақтауға болады.

 

         Access-ті жүктегеннен соң экранда сұхбат терезесі пайда болады. Ол арқылы дайын деректер базасын ашуға, жаңа деректер базасын құрастыруға немесе ол үшін ендірілген шеберді пайдалануға болады.

Біз Новая база данных ауыстыру қосқышын таңдаймыз және OK батырмасын шертеміз. Файл новой базы данных сұхбат терезесі пайда болады. Мұнда файлдың атын және оның орналасуын көрсетеміз. Сохранить батырмасын шертеміз. Деректер базаның терезесі пайда болады. Мұнда 6 астарлы бет орналасқан. Кестені құрастыру үшін Таблицы астарлы бетін таңдаймыз. Создатьбатырмасын шертеміз. Новая таблица сұхбат терезесі пайда болады. Мұнда кестені құрастырудың 5 мүмкін тәсілі көрсетілген.

1.    Режим таблицы – кесте өрістердің атауларын бағандардың тақырып жолдарына енгізу арқылы құрылады. 
2.    Конструктор – кесте өрістердің атаулар тізімін және бірден әрбір өрістің қасиеттерін көрсету арқылы құрылады. 
3.    Мастер таблиц – автоматты түрде шебердің көмегімен. Ол дайын тізімнен өрістерді таңдауға мүмкіндік береді және мұнда жүзден аса әр түрлі кестелердің түрлерінің шаблондары берілген. 
4.    Импорт таблиц – кесте деректерді басқа деректер базасынан немесе электронды кестеден көшіру арқылы құрылады. 
5.    Связь с таблицами – кесте басқа деректер базасында орналасқан кестемен байланыс жасау арқылы құрылады.

Кесте бойынша жылжу.

жебелек пернелерін пайдалану; 
қозғалту жолақтарын пайдалану; 
қажет орында маусты шерту; 
Tab пернесін пайдалану; 
терезенің төменгі бөлігінде орналасқан көшу батырмаларын пайдалану

Деректерді сұрыптау.

Деректерді қарап шығу ыңғайлы болу үшін, кестедегі жазуларды белгілі бір тізбек бойынша сұрыптауға болады.

Мәндердің сұрыптауын орындау үшін, мәтін курсорын сұрыпталынатын бағанның кез келген ұяшығына орнату қажет, содан кейін келесі батырмаларды (            -өсу реті бойынша сұрыптау,                  - кему реті бойынша сұрыптау) шерту немесе ЗаписиàСортировка командасын орындау.

Іздеуді ұйымдастыру.

Егер кесте көп көлемді болса, онда редакталайтын деректерді тауып алу қажет. Іздеу жүргізу үшін, мәтін курсорын іздеу жүргізілетін өрісінің ұяшығына орнату, содан кейін ПравкаàНайтикомандасын орындау қажет.

Пайда болған терезеде ізделінетін деректердің үлгісі енгізілінеді және Найти батырмасын шертеді. Егер қажет мән табылса, онда курсор сол ұяшыққа орнатылынады.

Сұраныстарды  құрастыру.

Сұраныстар – бұл пайдаланушы орнатқан шарттың негізінде, бір немесе бірнеше кестелерден өзіне қажет жазуларды іріктеп алуға көмектеседі.

Сұранытың қасиеттері:  

  1. нәтижелі кестені құрастырғанда, базадан қажет ақпаратты тек таңдамай ғана, сонымен қатар оны өңдеу мүмкіндігі болып табылады (сұрыптау, сүзбеуден өткізу, біріктіру, бөлу, өзгерту). Сонда алғашқы кестеде ешқандай өзгертулер пайда болмайды.
  2. қорытынды есептеулер жүргізу мүмкіндігі (өріс бойынша орташа мәнін, ең максималды, ең минималды мәнін, қосындыны табу).

Информация о работе Мәліметтер базасын орнату