Металдар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Декабря 2012 в 07:24, реферат

Краткое описание

Түсті металдар Казакстаннын, басты бағалы байлықтары болып саналады. Республика аумағында түсті металдар кен орындары үш металлогенді ауданда орналасқан, олардың ең ірілері - Орталық Қазақстан (бұрынға Жезказған мен Қарағанды облыстары) және Шығыс Қазақстан (бұрынғы Семей мен Шығыс Қазақстан облыстары). Оңтүстік Қазакстанда түсті металл кен орнындары Жоңғар Алатауы (Текеді) мен Қаратау жотасында жайғасқан. Қостанай мен бұрынгы Торгай облыстарындағы алюминий кен орындары пайдаланылуда.

Прикрепленные файлы: 1 файл

металдар.docx

— 25.04 Кб (Скачать документ)



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 





 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Түсті металдар Казакстаннын, басты бағалы байлықтары болып саналады. Республика аумағында түсті металдар кен орындары үш металлогенді ауданда орналасқан, олардың ең ірілері - Орталық Қазақстан (бұрынға Жезказған мен Қарағанды облыстары) және Шығыс Қазақстан (бұрынғы Семей мен Шығыс Қазақстан облыстары). Оңтүстік Қазакстанда түсті металл кен орнындары Жоңғар Алатауы (Текеді) мен Қаратау жотасында жайғасқан. Қостанай мен бұрынгы Торгай облыстарындағы алюминий кен орындары пайдаланылуда.

Едәуір мөлшердегі алтын кен  орындары Солтүстік және Шығыс Қазақстан  экономикалық аудандарында орналасқан. Сирек кездееетін металдар кен орындары Орталық және Шығыс Қазақстанда  шоғырланған.

Түсті металлургия металдар мен  олардың қорытпаларын кеннен өндіру, байыту және қорытыу жұмыстарын іске асырады. Қазақстаннын түсті металлургия  кәсіпорындарында Менделеев кестесіндегі 74 элементі өндіріледі, олардын 50-І  таза және химиялық қосылыстар түрінде  тауарлы өнім құрамына енеді.

Түсті металдар мынадай топтарга бөлінеді: Жеңіл металдар (алюминий, титан, магний); Ауыр металдар (мыс, қорғасын, мырыш, никель, қалайы); Асы л металдар (алтын, күміс, платина);

Сирек және шашыранды металдар (вольфрам, молибден, бериллий, ванадий). Түсті  металдардың бірінші ерекшелігі - кенде пайдалы құрам бөліктерінің өте аз мөлшерде кездесуі, негізгі  металл бірнеше пайыздан оның жүздік, тіпті мындык үлестеріне дейін ғана болады.

Түсті металдардың екінші ерекшелігі — олардың кешенділігі, ягни кенде  бірнеше пайдалы құрам бөліктердің  қатар кездесуі. Сондықтан түсті  металлургияда шикізатты кешенді  өндейтін комбинаттар құрылып, әрбір  элемент (металл) кеннен жеке цехта  бөлініп алынады.

 

Түсті металдар алу көп энергия  шығынын керек етеді. Олар энергияны  көп қажет ететін өндірістер деп  аталады, оның үстіне олар материалды, суды көп қажет етеді. Сондықтан  түсті металлургия кәсінорындары  арзан электр энергиясы көздеріне  жақын жерге салынады.

 

Түсті металл кендерінің кешенді сипаты негізгі металдармен қоса 10-15 өнім түрін алуға мүмкіндік береді. Түсті металдардың бағалы қасиеттері: тотығуға төзімді, элекгр өткізгіш, берік, қиын балқиды. Осындай бағалы қасиеттерінің  арқасында түсті металдар Қазақстан  шаруашылығында кеңінен қолданылады. Шаруашылықтың түсті металдарды пайдаланбайтын бірде-бір саласы жоқ: мыс пен алюминий — электр техникасы  мен кабель өнеркәсібінің негізгі  металдары; мырыш, никель, вольврам, молибден - қара металлургияда саналы болат өндірудің негізі; титан, кремний, германий және басқа сирек металдар - ғарыш техникасында, прибор жасауда, есептегіш машина, теледидар жасауда; алюминий — авиация, автомобиль және машина жасау өнеркәсібінің басқа да салаларында; күміс, сурьма, қалайы — аккумулятор, кабель өндірісінде, атом өнеркәсібінде қолданылады.

Түсті металлургияның жаңа салаларынан  I960 жылдың ортасынан бастап республикада алюминий, титан, магний андірісі дамып келеді. Бұл салалар энергияны көп қажет ететіндіктен, зауыттар ірі электр энергиясы көздеріне жакын салынады.

Қорғасын- мырыш кендері нолиметалл кеніне жатады. Өзінің полиметалл немесе көп металды деген атауын толық  актайды, өйткені оның құрамында  негізгі металдар - қорғасын және мырышпен қоса алтын, күміс, мыс, сурьма мышьяк, висмут, кадмий, индий, германий және т.б. кездеседі. Қазақстан - мырыш пен  қорғасын өндіретін ірі аудан. Ол бұрынғы Кеңес Одағында қорғасынның 70 %-ын, мырыштың 50 %-ын өндірді. Бұл кендердің  негізгі қоры Шығыс Қазақстанда  орналасқан. Әсіресе қазба байлықтары мол Кенді Алтай дүние жүзіне белгілі. Ондағы негізгі нолиметалл белдеуішін, ені шамамен 50 км-ге созылады. Бұл жерде өнеркәсіптік маңызы бар 70-ке жуық пайдалы элементтер анықталған.

Кенді Алтай полиметалл кендері  базасында толық аяқталған өндіріс  циклі бар аса ірі кәсіпорын - Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты  жұмыс істейді. Ол шығаратын өнім көлемі, технология денгейі, білікті  кадрлары жағынан түсті металлургия  саласындағы ең озық кәсіпорын болып  табылады.

Леншюгорда (бұрынғы Риддер) ірі  полиметалл комбинаты жұмыс істейді. Шығарылған кеннен байыту фабрикасында қорғасын, мырыш, мыс концентраттары өндіріледі. Полиметам кендерінде едәуір мөлшерде таза күміс пен алтын  кесектері кездеседі.

Қазақстанның оңтүстігіндегі ірі  қорғасын-мырыш кен орындарына Қаратау  тауларындағы Мырғалымсай жатады. Кенсай және Ашысай кеніштері негізінде  Шымкент қорғасын зауыты жұмыс істейді.

Жонғар Алатауы тауларыныц қорғасын кен орындарынын Текелі тобы жұмыс  істеуде. Балқыту кезінде қорғасын-мырыш  және мыс концентраттарынан қосымша  өнім ретінде күміс, барий және басқа  элементтер бөлініп алынады.


Информация о работе Металдар