Мемлекет және аралас экономиканың қалыптасуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Марта 2015 в 15:53, реферат

Краткое описание

Аралас экономика — экономиканың мемлекеттік, кооперативтік жеке меншік нысандарына негізделген шаруашылықты жүргізу жүйесі. Әлемде Аралас экономиканың бірнеше типі қалыптасқан:
өнеркәсібі дамыған АҚШ, Ұлыбритания, ФРГ, Жапония, Франция сияқты елдер постиндустриалдық Аралас экономикаға ауысуда;

Содержание

Аралас экономика
Бюрократия мәні
Лоббизм қалыптасуы

Прикрепленные файлы: 1 файл

Мемлекет және аралас экономиканың.docx

— 24.78 Кб (Скачать документ)

 

        Мемлекет және аралас экономиканың         

                                         қалыптасуы

 

 

 

 

                Жоспар:

  1. Аралас экономика
  2. Бюрократия мәні
  3. Лоббизм қалыптасуы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аралас экономика

Аралас экономика — экономиканың мемлекеттік, кооперативтік жеке меншік нысандарына негізделген шаруашылықты жүргізу жүйесі. Әлемде Аралас экономиканың бірнеше типі қалыптасқан:

өнеркәсібі дамыған АҚШ, Ұлыбритания, ФРГ, Жапония, Франция сияқты елдер постиндустриалдық Аралас экономикаға ауысуда;

Шығыс Еуропа және ТМД елдері мемл. қоғамдық құрылыстан постсоциалистік аралас қоғамға ауысуда. Бұл елдердегі түрлі нұсқадағы нарықтық экономикаға ауысу оның даму дәрежесін әр түрлі қалыптастырып отыр;

Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде жаңа индустриялық Аралас экономиканың даму процесі жүруде және олардағы капитал нарығында мемл. бақылаудың икемді формалары, өнеркәсіптің жаңа салалары дамып өркендеуде;

Үндістандағы нарықтық өзгерістер Аралас экономикада өзіндік ұлттық ерекшеліктер болатындығын көрсетті. Бұл елде инвестициялық жоспарлау мен оны ұтымды орналастыру арқылы мемл. меншіктің алуан түрлі нысандары пайда болуда. Бірақ капитал нарығы мен мемл. кәсіпорындар бәсекелестігінің нашар дамуы ойдағыдай тиімділікке жеткізе қойған жоқ.

Латын Америкасы елдерінде жекешелендіру қарқынына қарамастан мемлекеттік экономикаға араласуы, макротұрақтандыру тиімділігін өсіріп, белсенді әлеуметтік саясат жүргізу үстемдік алуда.

Аралас экономика әр түрлі меншік нысандарына негізделіп, олардың өзара қарым-қатынасы мен ықпалдасуына негізделеді. Елдің әлеум.-экон. дамуын жеке меншік пен мемлекеттік меншік арасындағы қарым-қатынас, кәсіпорындарды мемлекет меншігінен алу және жекешелендіру процестері жеделдетеді. Дамыған елдерде көп нысанды Аралас экономика сипаты басым және онда жеке меншік, мемлекеттік меншік нысандарымен қатар муниципиалдық, кооперативтік, жалгерлік меншік түрлері де дамыған. Аталған Аралас экономика түрлері аймақтық, ұлттық және жергілікті жағдайларды, халықтың әр түрлі әлеум. топтарының мүмкіндіктері мен мүдделерін ескеру үшін аса маңызды. Мұндай меншік түрлерінің Қазақстанда қалыптасып дамуы ел ерекшеліктері мен үрдістеріне сай нарықтық экономиканы байытып, оның икемділігін бірте-бірте арттыруда.Қазақстанда жарғылық капиталы біріккен кәсіпорындар, акционерлік қоғамдар да бар. Соның әсерінен шетелдік және мемлекетаралық меншік түрлері дамуда. Аралас экономиканың басты мақсаты — өндіріс пен байналыс жүйесінде, ғылыми-техникалық, инвестициялық және сервистік салаларда дүние жүзі қауымдастық құрылымына ену. Аралас экономиканың экономикалық стратегиясына кәсіпкерлік пен жеке адамдардың еңбек белсенділігін арттыру және ынталандыру жатады. Қазақстан үшін басты стратегиялық бағытқа ел Президенті Н. Назарбаевтың “Қазақстан — 2030” Қазақстан халқына жолдауында көрсетілгендей,

Бюрократия

Бюрократия - лат. бұреаұ - бюро, канцелярия және грек, кратос - күш, билік, үстемдік; канцелярияның билігі- атқарушы билік орталықтарының қоғам мүшелерінің еркінен тыс қалуына негізделген саяси, әлеуметтік және экономикалық жүйе; қоғамның және мемлекеттің саяси, экономикалық, әлеуметтік-мәдени салалардағы қызметтерінде ресми және бейресми шенеуніктік байланыстарға негізделген билік жүйесі. Бүл байланыстар тұйықталған, иерархия заңдылықтарына сай жүргізілетін, заңды және қоғам мүшелерінің еркін белден басатын, әкімшілік нұсқаулар әдісімен басқаратын биліктің қатаң тетігін қалыптастырады. Бюрократия - кез келген ұйымдардың, мемлекеттік аппараттың, басқару құрылымдарының, мекемелердің, фирмалардың туа бітті қасиеті. Кез келген мемлекеттің аппараты бюрократиялық өзгеріске ұшырайды. Нәтижесінде бюрократия билік және басқару жүйесіне, әкімшілік, шаруашылық, құқық қорғаушылық және басқа да аппараттық құрылымдарға "қондырылған" болып шығады. Бюрократияның қоғамдық-экономиқалық құрылымымен, демократиялық үрдістердің дамуымен, мәдениет деңгейімен, адамдардың білімділік деңгейімен, қоғамның өнегелік сипатымен анықталатын ұлттық-мемлекеттік ерекшелігі бар. "Канцелярия билігі" мемле-кеттік билік жүйесінен, оның табиғатынан қашан да тәуелді болады. Билік аппаратын бюрократизациялау мен қоғамдағы демократияның шынайы жағдайының арасында тікелей өзара тәуелділік бар. Бюрократияға арнайы талдау жасаған - Гегель. Оның теориясын К.Маркс дамытты. Бүл мәселе, сондай-ақ М. Вебердің, Т. Вебленнің, Р. Мертонның және т.б. еңбектерінде жан-жақты зерттелді.

Бюрократизм - 1. демократиялық бақылаудың дамымауы немесе деградация жағдайындағы түрлі мемлекеттік және саяси ұйымдардың арнайы аппараты қызметкерлерінің қолына шынайы билік рычагтарының жеке мудде мақсатында шоғырлануы; 2. аппараттық билікпен басқарудың бюрократиялық жүйесі; 3. істің мәніне қарамастан қабылданған нормаларға ритуалды еру түрінде көрінетін, жеке мүдделі формализммен сипатталатын басқару стилі.

Бюрократ – 1) азаматтардың мүддесіне нұқсан келтіріп, өз міндеттерін формалды түрде атқаратын қызмет адамы; 2) басқарудың бюрократиялық жүйесіне жататын ресми қызметтегі адам.

Лоббизм

         Лоббизм - (ағылш. 'лоббy' - мәжілістен тыс жерлердегі күңкіл сөздер) - билік институттары ресми қызметінен тысқары жүзеге асырылатын, ықпалды іскерлер мен саясаткерлердің - лоббистердің - нақтылы бір топтардың мүдделерін қорғайтын заңжобасын жақтап, талап етілетін үкімет шешімін қабылдауға немесе өздеріне пайдалы мемлекеттік тапсырысты алу үшін талаптануы. Осы мақсатпен жеке кездесулер, байланыстар, келіссөздер ұйымдастырылады, ғылыми зерттеулердің нәтижесі баяндалған, қоғамдық пікірді зерттеу қорытындылары көрсетілген хат және телеграммалар табысталады. Әдетте, лоббистер өз мақсаттарына жету жолында ештеңеден тайынбайды: "ауыз бастырық", пара беру, қызмет көрсету, қоқан-лоқы жасау, арандату және т.б. әрекеттерге дейін барады.Лоббизм — жеке тұлғалардың, саяси субъектілер мен ұйымдардың белгілі бір заң жобаларына, қабылданатын шешімдерге ықпал ету мақсатында жасайтын іс-әрекетін білдіретін ұғым. Лобби ұғымы алғаш рет 1808 ж. АҚШ Конгресінің хаттамаларында пайда болды. Лоббиді АҚШ саясаттанушылары “Конгрестің үшінші палатасы”, “үкіметтің төртінші билігі” деп сипаттады. 1864 ж. лоббистік іс-әрекет арқылы АҚШ Конгресіне қажетті шешім қабылдату мақсатымен сенаторлар дауысын ақшаға сатып алу орын алды. Кейін заңсыз лоббизмнің таралуына орай оны заңдастыру міндеті қойылды. 1946 жылдан АҚШ-та Лоббилік әрекеттер заңға сәйкес деп танылып, қаржылық қадағалауға алынды. Лоббилік әрекеттер мемлекет бюджетті бөлу, қаржыландыру, әр түрлі жеңілдіктерді талап етуге бағытталады. Ірілі-ұсақ өндірістік-қаржылық топтар әкімшілік саяси және қаржы технологияларын кеңінен пайдалана отырып, өз мүдделерін лоббистік топтар арқылы қорғай алады.                                                                                                                             

        Лоббистік қызметке саяси және қаржылық технологияларына орай мемлекет билік органдарына ақпарат, құжаттар мен жобалар ұсынуы; парламент комитеттері мен комиссияларының, атқарушы билік органдарының мәселелерді талқылауына қатысуы; белгілі бір адамның мақсат-мүдделерін қорғау мақсатында депутаттармен және мемлекет билік органдарының лауазымды тұлғаларымен ауызша және жазбаша байланыстары, т.б. жатады. Лоббистік ұйымдарға көптеген заңи-құқықтық фирмалар, әр түрлі кеңесші кеңселер және жұртшылықпен байланыс жөніндегі агенттіктер жатады. Қазіргі кезде лоббизм мемлекет билік органдарына ықпал етудің күшті механизміне, саяси жүйенің бейресми ин-тына айналып отыр.

АҚШ саяси өміріне анағұрлым жақын. Алайда, мұнда лоббизм - тек мәжілістен тыс жерлерде уағдаласу (ол да кеңінен таралған) ғана емес, сонымен қатар, заң жобаларын, биліктік-нұсқаулық актілерді сарапшылар, кеңесшілер ретінде дайындап, қабылдауға қатысудан көрініс табады. Лоббизмді заңды және заңсыз деп бөлуге болады. Екеуінің аражігін ажырату қиынға соғатындықтан, оған саяси құбылыс ретінде қарау да біржақты емес. Лоббизмге екі тәсіл қолдану қалыптасқан: тыйым салушы және құқықтық-реттеушілік. Бірінші тәсілді жақтаушылар лоббизмді қылмыстық әрекетпен теңестіреді және осы негізде заңнамалық санкциялар енгізу арқылы оны жоюға талпынады. Екінші тәсілдің жақтаушылары лоббистік белсенділікті құқықтық шеңбермен шектеуді ұсынады. Мысалы, Францияда лоббистік әрекет заңсыз болып танылса, Үндістанда сыбайлас жемқорлыққа теңдестірілген, АҚШ пен Канадада заңмен реттеледі.

Парламент депутаттарына, үкімет мүшелеріне әлдебір не басқа әлеуметтік немесе саяси күштердің пайдасы үшін әлдебір не басқа шешімдердің пайдасына (ресми емес кездесулер, пікір алмасулар, құлағдар қоғамдық аялардағы ресми емес әңгімелер мәжіліс залынан тыс жерде) ұйымдастырылған қысым көрсетулер тобы. Кәсіподақтардың, соғысқа қарсы қозғалыстардың, кәсіпорын директорларының, экономиканың аграрлық секторы өкілдерінің және т.б. парламентте өз лоббилары болуы мүмкін; осы топтардың агенттері— лоббистер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

               Пайдаланған әдебиеттер:

 

http://kk.wikipedia.org/wiki

Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ЫСБН 9965-32-491-3

↑ Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл. ЫСБН 9965-11-274-6


Информация о работе Мемлекет және аралас экономиканың қалыптасуы