Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2013 в 21:02, реферат
Мемлекет саяси институт ретінде Мемлекет туралы мөселенің саясаттанудың ең басты, орталық тақырыптардың санатына жататындығы сөзсіз. Өйткені қоғамның саяси жүйесінде мемлекет басты қызмет аткдратындықтан, саяси жүйенің тиімділігі оның іс-әрекетіне елеулі дәрежеде тәуелді. Мемлекеттің жоғары әлеуметтіксаяси әрекеттілігі, саяси жүйенің өзіндік ерекшеліктерінің мемлекеттік органдар құрылымы мен функцияларында тікелей және толықтай жүзеге асуы, саяси режимдердің мәні мемлекетті саяси жүйенің мейлінше сипатты, көрнекті элементіне айналдырады
Мемлекет саяси институт ретінде
Мемлекет саяси институт ретінде Мемлекет туралы мөселенің саясаттанудың ең басты, орталық тақырыптардың санатына жататындығы сөзсіз. Өйткені қоғамның саяси жүйесінде мемлекет басты қызмет аткдратындықтан, саяси жүйенің тиімділігі оның іс-әрекетіне елеулі дәрежеде тәуелді. Мемлекеттің жоғары әлеуметтіксаяси әрекеттілігі, саяси жүйенің өзіндік ерекшеліктерінің мемлекеттік органдар құрылымы мен функцияларында тікелей және толықтай жүзеге асуы, саяси режимдердің мәні мемлекетті саяси жүйенің мейлінше сипатты, көрнекті элементіне айналдырады. Мемлекет жоғары нәтижелі құндылық әрі саяси еріктің жүзеге асуының тиімді құралы ретінде барлық кезеңдердегі ойшылдардың назарын өзіне аударды. Өркениет тарихында мемлекеттілікгің дамуы үлкен дәрежеде толыққанды әрі проблематикалы және орасан зор танымдық мәнге ие болуы себепті мемлекетгің пайда болуын зерттеу кең тарихи негіздерге құрылуы керек. Мемлекет тарихы мәні мен мазмұны бойынша ел тарихы, оның халқының тағдырының тарихы, өйткені мемлекет — биліктік құрылымдардағы халық субъектілігі. Осыған орай, халық қандай болса, мемлекеттік билік пен мемлекет соған сай болады.
Тағы да ескерер жайт, мемлекеттің қоғам өміріндегі пайда болуьш, рөлі мен орнын сипаттайтын теориялық мәселелер идеологиялық қабаттарға ие, оларды сыни тұрғыдан қайта зерделеу Бұл мөселелерге ғылыми түрде дәлелді, саясаттанулық сараптау беру үшін кажетті. Саяси ойлар тарихында парадигмалардың алмасуы мемлекет туралы ілімнің теориялық мөселелерінде, яғни оның генезисінде, әлеуметтік қажеттілікті негіздеуінде, функцияларды айқындауында, мемлекеттік билік органдарының қалыптасуы мен құрылымдануында, халық пен биліктің арақатынасын анықтауында мейлінше дәл және тікелей көрінеді. Мемлекет туралы ілімнің парадигмалық ерекшеліктері келесі негізгі концепцияларда көрінеді:
1. Діни-мифологиялық, теократиялық.
2. Табиғи-тарихи, натуралистік.
3. Келісімдік.
4. Әлеуметтік-экономикалық, таптық.
5. Либералды-демократиялық, құқықтық.
Мемлекеттің қазіргі түсінігі ізденудің қиьш жольшан өткен, ол мультипарадигмалық болып табылады және мемлекет пен биліктің шығу тегінің мифологияландырудың қажеттігін, табиғи-тарихи, натуралистік негіздердің бар екендігін, мемлекет пен мемлекеттік билікті әлеуметтік-таптық мүдделердің басымдығын қамтамасыз ету үшін пайдаланудың, тұлғаның, оның мүдделері мен бостандығын және оларды Құқықты тұрғыда қамтамасыз ету маңыздылығын қамтиды