Материалдық емес активтердің қолда бары мен қозғалысының есебі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Июня 2013 в 16:39, курсовая работа

Краткое описание

Материалдық емес активтер шаруашылық субъектілерінің балансында бастапқы құны бойынша кіріске алынады. Бұл материалдық емес активтердің бастапқы құны былайша анықталады:
Құрылтайшылар мен үлес қосушылардың шаруашылық субъектісі жарғылық қорына үлесі есебінен келіп кіріске алынған материалдық емес активтердің бағасы екі жақты нақты келісім бойынша бағаланады.
Заңды тұлғалар мен жеке адамдардан тегін (қайтарымсыз), сый ретінде алынған материалдық емес активтер сол уақыттағы нарықтық баға бойынша бағаланады.
Басқа шаруашылық субъектілерінен, заңды тұлғалардан, сондай-ақ жеке адамдардан сатылып алынған материалдық емес активтер, ол объектілерді сатып алуға және оларды пайдалану үшін дайындауға кеткен шығындар бағасы сомаларының қосындысы бойынша бағаланады.

Содержание

Кіріспе_____________________________________3


Материалдық емес активтердің қолда бары мен қозғалысының есебі__________________________5
Материалдық емес активтердің келіп түсуі______________5
Материалдық емес активтердің шығарылуы____________10

Материалдық емес активтердің есебі__________12
Материалдық емес активтерді және оларды тану критерийлері_____________________________________12
Материалдық емес активтерді жіктеу_________________12
Материалдық емес активтердің амортизациясының, материалдық емес активтерді түгендеудің есебі_________13

Қорытынды________________________________19
Пайдаланылған әдебиеттер__________________21

Прикрепленные файлы: 1 файл

курсовой.doc

— 142.50 Кб (Скачать документ)

 

Мазмұны

 

 

 

Кіріспе_____________________________________3                                                                                                              

 

 

    1. Материалдық емес активтердің қолда бары мен қозғалысының есебі__________________________5
    1. Материалдық емес активтердің келіп түсуі______________5                                                           
    1. Материалдық емес активтердің шығарылуы____________10                                      

 

    1. Материалдық емес активтердің есебі__________12
    1. Материалдық емес активтерді және оларды тану критерийлері_____________________________________12      
    1. Материалдық емес активтерді жіктеу_________________12                                              
    2. Материалдық емес активтердің амортизациясының, материалдық емес активтерді түгендеудің есебі_________13                                                              

 

    1. Қорытынды________________________________19                                                                                          
    2. Пайдаланылған әдебиеттер__________________21                                                          

 

 

 

 

                                                          Кіріспе

Жалпы материалдық  емес активтер деп – белгілі бір нақтылы табиғи пішіні жоқ, бірақ қандай да бір бағаға, құнға бағаланатын болғандықтан субъектіге үнемі, яғни ұзақ уақыт бойы қосымша табыс (пайда) әкеліп тұратын активтерді айтамыз.

Материалдық емес активтердің  қатарына шаруашылық субъектісінің  сатып алған патенттері, лицензиялық  сауда маркалары мен тауар белгісі, жер қойнауы мен электронды есептеуіш машиналарды және өндіріс жағдайындағы хабарларды пайдалану құқығы, гудвилл яғни фирма бағасы, өнеркәсіп үлгілері, ұйымдастыру шығындары тағы да басқалары жатады.

Материалдық емес активтер шаруашылық субъектілерінің балансында бастапқы құны бойынша кіріске алынады. Бұл материалдық емес активтердің бастапқы құны былайша анықталады:

  • Құрылтайшылар мен үлес қосушылардың шаруашылық субъектісі жарғылық қорына үлесі есебінен келіп кіріске алынған материалдық емес активтердің бағасы екі жақты нақты келісім бойынша бағаланады.
  • Заңды тұлғалар мен жеке адамдардан тегін (қайтарымсыз), сый ретінде алынған материалдық емес активтер сол уақыттағы нарықтық баға бойынша бағаланады.
  • Басқа шаруашылық субъектілерінен, заңды тұлғалардан, сондай-ақ жеке адамдардан сатылып алынған материалдық емес активтер, ол объектілерді сатып алуға және оларды пайдалану үшін дайындауға кеткен шығындар бағасы сомаларының қосындысы бойынша бағаланады.

Бұл материалдық емес активтердің баланстық бағасын анықтаудың жалпы әдісі болып табылады. Бірақ кейбір материалдық емес активтердің бастапқы құнын анықтаудың ерекшеліктері бар. Бұған мысал ретінде соңғы уақыттарда акционерлік қоғамдар мен жекешелендірілген шаруашылық субъектілерінде және басқа да ұйымдарда қолданылып жүрген «Ноу-Хау»- деген ұғымды келтіруге болады.

«Ноу-Хау»-  деп шаруашылық қызметі, яғни пайдаланылуы барысында субъектіге табыс (пайда) беретін (әкелетін) жаңа технологиялық шешімдер мен жаңалықтарды, құпия мәліметтерді, айрықша құқықтарды, яғни жеке тұлғаның өзі тапқан ғылыми және басқадай жаңалығын айтуға болады. «Ноу-Хау» жалпы «патент» сияқты болып көрінгенмен одан өзгеше болып келеді. Шаруашылық субъектілері патентті сатып алады, сондықтан да ол үшін сатып алуға қаржы жұмсалғандықтан оның бастапқы құны болады. Көп уақыттарда  «Ноу-Хау»- ды шаруашылық субъектісінің үлес қосушылары мен құрылтайшылары өздерінің субъектідегі жарғылық қорға қосқан үлесі есебінде береді. «Ноу-Хау»- дың бағасы, яғни бастапқы құны оны шаруашылық субъектісіне кіріске алатын, демек, балансқа алатын уақыттағы екі жақты нақты келісім бойынша белгіленеді.

2730- шотта материалдық емес активтердің «Лицензиялық келісімдер» - деп аталатын түрі есептеледі. «Лицензиялық келісімдер» - дегеніміз белгілі бір субъектінің немесе заңды тұлғаның бір тауарды өндіру немесе сату құқын екінші бір субъектіге немесе заңды тұлғаға беруі болып табылады. Ал бұл құқыққа ие болған субъекті оның иесіне яғни лицензиялық келісімдерді берушіге ол материалдық емес актив үшін тиісті белгіленіп келісілген мөлшерлерде қаржы төлейді немесе келісім бойынша басқа да міндеттерін орындайды.

2730- шотта материалдық  емес активтердің «Программамен жабдықтау» - деп аталатын түрі есептеледі. Шаруашылық субъектісін «Программамен жабдықтау» - деп субъектінің алдағы уақыттарда атқарылатын жұмыстарына қатысты табыс әкелетін ақпараттар мен мәліметтерді айтады.

Шаруашылық субъектілерінде  материалдық емес активтердің «Патент» - деп аталатын түрі 103- шотта есептеледі. «Патент» - дегеніміз жеке адамның немесе топтың, сондай-ақ заңды тұлғаның ашқан, ойлап тапқан жаңалығын мемлекеттік тұрғыдан мойындап және ол жаңалықты ашқан адамға, топқа немесе заңды тұлғаға жаңалығын өз пайдасына (жұмысына, қызметіне) қолдануына рұқсат беру туралы құжат болып табылады. Сонымен қатар «Патент» - деп кәсіпкерліктің кейбір түрімен (саудамен, сатып алумен тағы да басқа) айналысу үшін берілген құқықты куәландыратын құжатты айтады. Кәсіпкер патентті алар уақытында патенттік баж төлеуі керек.

«Ұымдастыру шығындары» - деп аталатын материалдық емес активтердің түрі бас шоттар кестесінің 2730- шотында есептеледі. «Ұымдастыру шығындарына» - шаруашылық субъектісін жаңадан ашу, құру кезінде жұмсалған шығындар, яғни субъектіні тіркеуден өткізуге және оны тіркеуден өткізу үшін заң орындарына төленген төлемдер, банктерден есеп айырысу немесе валюталық, басқадай шоттар ашу үшін жұмсалған шығындар, жарнамалар үшін төленген төлемдер және басқа да жұмсалған шығындар жатады.

Шаруашылық жүргізуші  субъектілердің бухгалтерлік есеп шоттары бас жоспарының 2710- шотында материалдық емес активтердің «Гудвилл» - деп аталатын түрі есептеледі. Материалдық емес активтердің бұл түрін кейде «Фирма бағасы» - деп те атайды. «Гудвилл» немесе «Фирма бағасы» материалдық емес активтер шотында есептелініп және сонымен қатар ол бір шаруашылық субъектісі екінші бір шаруашылық субъектісін толығымен, түгелдей сатып алған кезде ғана пайда болады. Фирма бағасы» - болып сатылып алынған шаруашылық субъектісінің нақты нарықтық (сатып алынған) бағасымен оның барлық активтерінің баланстық құны арасындағы айырмасы есептеледі. Егер де сатылып алынған шаруашылық субъектісінің барлық активтерінің сатылып алынған құны олардың баланстық құнынан артық болса, онда құндар арасындағы айырмашылық «жағымды гудвилл», ал кем болған жағдайда «жағымсыз гудвилл» деп аталады.

Мысалы: барлық активтерінің баланстық құны 8 (сегіз) миллион теңге тұратын субъекті барлық активтерімен түгелдей 10 (он) миллион теңгеге сатылып алынды делік. Бұл жағдайда 2 (екі) миллион теңге (10-8=2) жағымды гудвилл болып баланстың активінде есептелінеді.

    1. Материалдық емес активтердің қолда бары мен қозғалысының есебі
    1. Материалдық емес активтердің келіп түсуі

 

Материалдық емес активтерді бағалау:

1) басқа кәсіпорындар  мен адамдардан ақыға сатып  алынған материалдық емес активтер есепте оларды сатып алуға жұмсалған нақты шығындардың сомасымен көрсетіледі;

2) кәсіпорынға өтеусіз  келіп түскен материалдық емес  активтер сараптау жолымен бағаланады;

3) жарғылық капиталға  салым ретінде құрылтайшыдан  келіп түскен активтер есепте тараптардың келісімімен белгіленген құн бойынша көрсетіледі.

Материалдық емес активтердің  қолда бары мен қозғалысының есебі 10- бөлімшенің активтік шоттарында жүргізіледі:

  • 2730- лицензиялық келісімдер;
  • 2730- бағдарламалық қамтамасыз ету;
  • 2730- патенттер;
  • 2730-ұйымдастыру шығындары;
  • 2730-гудвилл;
  • 2730-басқалар.

Материалдық емес активтердің  келіп түсуі мен шығуы бір  данада жасалған №1 нысандағы «Материалдық емес активтерді қабылдау- өткізу актісінде» көрсетіледі.

Актіде мыналар көрсетіледі:

      1. Материалдық емес активтердің дәл атауы.
      2. Кәсіпорынға өткізілген (келіп түскен) күні.
      3. Объектінің сипаттамасы.
      4. Бастапқы құны.
      5. Амортизация нормасы.

Материалдық емес активтер басқа кәсіпорынға табыс етілгенде (сатылғанда, өтеусіз берілгенде) акт  екі данада жасалады: өткізуші және қабылдаушы кәсіпорындарға. 10- бөлімшенің шоттары бойынша талдамалы есеп материалдық емес активтерді есепке алудың №2 МЕА нысанындағы инвентарлық карточкасында жүргізіледі. Инвентарлық карточкалардың деректерін материалдық емес активтерді есепке алу ведомосінде топтастырады, онда мыналар келтіріледі:

а) материалдық емес активтердің  атауы;

б) ай басындағы және соңындағы  қалдықтар;

в) ай ішіндегі қозғалысы.

Есеп компьютерленген  жағдайда осындай принциппен машинограмма жасалады.

Материалдық емес активтердің келіп түсуі

  1. Басқа заңды және жеке тұлғалардан сатып алу:

а) сатып алынған материалдық  емес активтердің келісім құнына (ҚҚС-сыз) Д-т 2730 К-т 3310-2000,0

б) ҚҚС сомасына Д-т 8041 К-т 3310-400,0

в) ҚҚС-ты есепке алу Д-т 3130 К-т 1420-400,0

г) ұсынылған шотты төлеу Д-т 3310 К-т 1060,1050, 1010, 1021-2400,0

2. Материалдық емес  активті кәсіпорынның өзі жасауы (бағдарламалық қамтамасыз ету,  интеллектуалды құн объектісін  құру, сауда белгілерін әзірлеу):

а) жұмсалған материалдардың құнына Д-т 8012 К-т 1310 1310-1315-50,0

б) әзірлеушілердің жалақысы Д-т 8012 К-т 3350-100,0

в) жалақыдан аударым  сомасына Д-т 8013 К-т 3420, 4410-32,0

г) материалдық емес активтерді жасау жөніндегі шығындар

Д-т 8010 К-т 8011, 8012, 8013 – 182,0

д) жасалған материалдық емес активтің нақты құнына (оны балансқа алған кезде) Д-т 2730, 2730 К-т 8011-182,0

Материалдық емес активтерді жасауға байланысты шығындарды оның түрі мен оны жасаумен айналысатын  бөлімшеге байланысты 92, 93, 94- бөлімшелердің  шоттарында ескеруге болады.

3. Материалдық емес активтердің жарғылық капиталға салым ретінде түсуі:

а) мәлімделген жарғылық капиталдың сомасына Д-т 5020 К-т 501-503-4000,0

б) келіп түскен материалдық  емес активтердің сомасына Д-т 1020 К-т 5020-250,0

Шаруашылық серіктестіктері  туралы ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес – шаруашылық субъектілері жарғылық капиталға салым ретінде аластатылатын құқықты енгізуге құқылы. Олар кірістік әдіспен немесе капиталданған жалдық төлемнің бағасы бойынша (жалдық процентті қоса) қысқартылған түрде бағаланады. Үйлерді, ғимараттар мен жабдықтарды уақытша пайдалану құқы құнының сомасы есепке алынады, бұл сомаға Д-т 2730 К-т 511. Уақытша пайдалануға алынған үйлердің, ғимараттардың және жабдықтардың өзі баланстан тыс 001- шотта ескеріледі.

4. Материалдық емес  активтердің өтеусіз тегін түсуі Д-т 2730 К-т 6230

Жыл соңында Д-т 6230 К-т 5610

Материалдық емес активтер мыналардың нәтижесінде алынады:

  • сатып алулар

Мысалы. Бағдарламалық  қамтамасыз ету алынды:

а) нақты өзіндік құнға:

2730 «Бағдарламамен қамтамасыз  ету» шот дебеті

4110 Төленетін шоттар шот кредиті

ә) ҚҚС сомасына:

2810 «Өтелетін ҚҚС»  шот дебеті;

3310 «Төленетін шоттар» шот кредиті (15%)    9000;

б) объектіні дайын  жағдайға дейін жеткізу бойынша шыққан шығындар сомасына:

2730 «Бағдарламамен қамтамасыз  ету» шот дебеті;

3350 «Қызметкерлердің қызметін өтеу  бойынша есеп айырысулар», 3150 «Әлеуметтік  салық», 3210 «Басқадай кредиторлық  берешек»

  • жарғы капиталына салымдар – материалдық емес активтер тараптардың шартпен белгіленген бағасы бойынша есепте көрсетіледі:
  1. Жарияланған капитал сомасына:

5020 «Төленбеген капитал»  шот дебеті

5010 «Жай акциялар»  шот кредиті, 5010 «Артықшылықты акциялар», 5010 «Жарғы капиталына салымдар  мен пайлар»    1 000 000.

Информация о работе Материалдық емес активтердің қолда бары мен қозғалысының есебі