Макроэкономика

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2014 в 17:23, реферат

Краткое описание

1. Инвестиция ұғымы және түрлері.
2. ҚР-ның макроэкономикалық көрсеткіштеріне сипаттама.

Прикрепленные файлы: 1 файл

жжиберу.doc

— 71.00 Кб (Скачать документ)

Қазақстан Республикасы ғылым және білім министрлігі

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті

 

 

СӨЖ

Тақырыбы: Экономика

 

 

Орындаған: Тұралықова Г.Д.

Тобы: СМ-305

Тексерген: Ғабдуллина Л.Б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2014ж.

Жоспар:

  1. Инвестиция ұғымы және түрлері.
  2. ҚР-ның макроэкономикалық көрсеткіштеріне сипаттама.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

          Инвестиция термині латынның  «invest» сөзінен аударғанда «салым салу» мағынасын білдіреді. Қазақстанда нарықтық қатынастарға өтумен байланысты және экономикадағы реформаларды жүргізу нәтижесінде инвестиция ұғымы пайда болды. Жоспарлы экономика кезінде негізгі қорлардың ұдайы өндірісіне және оның жөнделуіне кеткен шығындар деген термин бойынша «капитал салымы» немесе «капитал жұмсалымы», яғни ұзақ мерзімде негізгі капиталға салым термині қолданылған.  
Инвестиция – табыс немесе пайда табу үшін ақша қаражаттарын салу, табыс немесе пайда табу үшін сатып алынған мүлік. Кең мағынада, инвестиция – пайда табу үшін кәсіпорын қызметінің объектілеріне салынған заңды және жеке тұлғалардың ақша қаражаттарын, жылжитын және жылжымайтын мүліктерді, интелектуалдық құндылықтарды, ақшалай салымдарды, бағалы қағаздарды білдіреді. Қорыта айтқанда, инвестиция – бұл пайда табу мақсатында  тауарларды өндіруге және қызметтерді көрсетуге бағытталатын барлық  мүліктік және интеллектуалдық құндылықтар түрлерін сипаттайды.  
Инвестицияны бағытталуына байланысты және объектіні басқару мүмкіндігіне байланысты екіге жіктелінеді.  
1. бағытталуына байланысты – Нақты инвестициялар;Материалдық емес активтерге салынатын инвестиция;; Интеллектуалдық инвестиция;Қаржылық инвестиция  
2. Объектіні басқару мүмкіндігіне байланысты – Тікелей инвестициялар;Портфельді инвестициялар;

Инвестицияны жұмсау ерекшелігі «инвестициялық қызмет», инвестициялау «субъектілері» мен «объектілері» атты түсініктер арқылы ашылады.  
Инвестициялық қызмет – бұл жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ мемлекеттің инвестицияны жұмсаумен байланысты тәжірибелік іс-әрекеттер жиынтығы. Сонымен қатар, инвестициялық қызмет – инвестиция объектісін таңдаумен, оны инвестициялаумен және пайдаланумен, қосымша қажетті жұмсау жүргізумен және сыртқы қаржыландыруды тартумен байланысты шаралар кешені.

Мультипликатор (латын тілінде multіplіkator – көбейтуші) – табыстың өзгеруі инвестициялардың өзгеруіне байланысты екенін көрсететін коэффициент. Мультипликатор идеясын экономика ғылымына алғаш рет 1931 ж. ағылшын экономисі Р.Кан енгізді. Ол инвестицияның халықтың сатып алу қабілеті мен жұмыспен қамтылуын қалай еселейтінін (мультификациялайтынын) көрсетіп берді. Дж. М. Кейнс “Жұмыспен қамтылудың, пайыздың, ақшаның жалпы теориясы” (1936) деген еңбегінде мультипликатордың жалпылама түсініктемесін берді. Мультипликатор теориясы бойынша белгілі бір өндіріс аясына жұмсалған шығын басқа өндіріске және жұмыспен қамтылуға ынталандырушылық ықпал етеді. Жалпы ұлттық өнім көлеміндегі бұл оң, өскелең нәтиже мультификациялық нәтиже деп аталады. Мультипликатор инвестиция мөлшері көбейгенде жалпы ұлттық өнімнің өсу көлемін көрсететін сандық коэффициент болып табылады. Мысалы, инвестиция 100 млрд. теңгеге өссе, мұның өзі жалпы ұлттық өнімді 300 млрд. теңгеге өсіреді, демек, мультипликатор=3, егер жалпы ұлттық өнім 200 млрд. теңгеге артса, онда мультипликатор 2-ге тең болады. Кейнстік мультипликатор теориясы шеңберінде үкімет (мемлекеттік тапсырыс), фирмалар, халық жұмсаған ірі көлемдегі шығынның (инвестицияның) оң ықпалы ұлттық өндірістің тиімділігіне және өсуіне игі әсерін тигізетіні негізделді. Кейіннен мультипликациялану (көбею) құбылысы уақыт факторын ескере отырып қарала бастады және мультипликатордың динамикалық серпінді үлгісі пайда болды. Ол бастапқы инвестиция нәтижесінің қайталанып отыратындығын басшылыққа алып жасалды. Жинақ ақша мен инвестиция серпініне талдау жасауда мультипликатор теориясын пайдалану жиынтық сұранымның, жалпы ұлттық өнім көлемінің және халықтың жұмыспен қамтылуының өзгеруіне ықпал етудің нақты тұтқаларын көрсетеді. Бұл теория түрлі бағыттар тарапынан сынға ұшырағанымен, тиімді сұраным тұжырымдамасын, нарықтық экономиканы реттеу қажеттігі мен мүмкіндігін негіздеуде ерекше рөл атқарды. Түрлері: инвестициялық мультипликатор – күрделі жұмсалымның жиынтық табысқа ықпалы; ақша мультипликаторы – ақша-несие жүйесіне салымның көбеюі не азаюы нәтижесінде ақша массасының бір бірлікке шаққанда қанша артатынын не қысқаратынын көрсететін сандық коэффициент; депозиттік (несиелік) мультипликатор – банк депозиттеріндегі болмашы өзгерістердің ақша мөлшеріне және банк жүйесі мен несие рыноктарында бір мөлшердегі ақшаның сан рет пайдаланылуы арқылы несие көлеміне жасайтын ықпалы.

Жалпы, экономикалық ғылымы екі басты бөлімнен тұрады: микроэкономика және макроэкономика. Микроэкономика – фирмалар, үй шаруашылықтары, үкіметтік агенттіктер сияқты шағын бірліктер жасайтын таңдауларды зерттейтін экономиканың бөлімі. Макроэкономика – экономиканың инфляция, жұмыссыздық, экономикалық өсу секілді тірі масштабты экономикалық құбылыстарын зерттейтін бөлігі.

Макроэкономика экономиканы бір үлкен бүтін құбылыс ретінде қарастыратын ғылым. Ол экономикадағы іс-әрекеттерді біріктіріп жалпылай қарастырады. Белгілі бір уақыт аралығында кейбір фирмалар өндірген өнімдеріне бағаны өсіреді, кейде төмендетеді. Бағаның жиынтық өзгерісін талдау кезінде зерттеушілер көптеген баға өзгерістерінің ішінен орташасын алады. Бағаның экономикадағы жиынтық динамикасын өлшеу  үшін баға индексі қолданылады.

 Макроэкономиканың негізгі  мақсаты жеке фирмалар мен  жұмысшылардың дамуын қарастыру  емес, экономиканың жиынтық беталысын  талдаудан тұрады. Макроэкономикадағы  жалпы ұлттық өнім, қор жинағының  нормасы, тұтыну баға индексі, инфляция деңгейі, жұмыссыздық деңгейі және өндіріс көлемінің өзгеру қарқындылығы секілді көрсеткіштерді экономиканың бір бөлек элементін ғана қарастырмайды, олар экономиканың дамуының беталысын зерттеуге мүмкіндік береді. Макроэкономика экономикалық жағдайды,  толығымен елдің «денсаулығын » зерттейді. Макроэкономикада өндірістің ұлттық көлемі, жалпы ұлттық өнім, жиынтық сұраныс, жиынтық ұсыныс, жұмыспен қамту және жұмыссыздық нормасы, инфляция деңгейі және т.б. сияқты барлық шамалар агрегатталған, жиынтық түрде қарастырылады. Макроэкономика жиынтық сұраныс және жиынтық ұсыныстың өзара байланысы, олардың ұлттық өндіріс көлеміне ықпалын, тауарлар, ақша , ресурстар нарығындағы  жалпы тепе-теңдікті бекіту мәселелерін, экономикаға мемлекеттің араласуы және экономикалық саясатты жүргізуді зерттеумен шұғылданады.

Өнеркәсіп өнімі көлемінің орташа жылдық өсуі 2010 – 2013 жылдары 2,8 %-ды құрайды.

2012 жылы республикалық бюджет  экономикалық өсім жалғасып, экспортталатын энергетикалық ресурстарға деген баға өсіп, жұмыссыздықтың жалпы деңгейі төмендеген тұста атқарылды.

Үкімет макроэкономикалық көрсеткіштерді 2012 жылғы наурызда және қарашада нақтылады.

Болжамды макроэкономикалық көрсеткіштерді бірнеше мәрте нақтылау 2012 жылғы республикалық бюджеттің параметрлерін жоспарлау сапасына әсерін тигізді. Нәтижесінде, республикалық бюджетті бірінші (наурыз) нақтылау кезінде кірістер – 486,0 млрд. теңгеге, ал шығыстар – 507,2 млрд. теңгеге ұлғайған болатын. 2012 жылғы қарашада кірістер нақтыланған мәннен – 382,6 млрд. теңгеге, ал шығыстар – 183,7 млрд. теңгеге азайтылды.

Бюджеттің кірістері мен шығыстары параметрлерінің ауытқуы оның тапшылығының көлеміне әсер етті. Оның бастапқыда 758,5 млрд. теңгеге бекітілген мөлшері екі мәрте нақтыланғаннан кейін тапшылық 983,1 млрд. теңгеге дейін ұлғайды.

Нақты сектор шығыстары 2011 жылмен салыстырғанда 18,6%-ға ұлғайды, бұл ретте олардың едәуір бөлігі мемлекеттік және салалық бағдарламаларды іске асыруға бағытталды.

Алайда, Үдемелі индустриялық-инновациялық дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын (бұдан әрі – ҮИИДМБ) іске асыру кезінен бастап жалпы ішкі өнім (бұдан әрі – ЖІӨ) құрылымындағы өндіруші өнеркәсіптің үлесі айтарлықтай елеулі өзгерістерге ұшыраған жоқ.

ЖІӨ өсімі мұнай мен газды және өзге де шикізатты өндіру және экспорттау, сондай-ақ қызмет көрсету өндірісі қамтамасыз етіп отырған валюталық-шикізаттық рентаның ұлғаюына тәуелді болып отыр.

ЖІӨ көлемінде шикізаттық құраушы бөліктердің басым болуы шоғырландырылған бюджеттің түсімдерінде шикізаттық кірістердің елеулі үлесімен расталуда, ол 2012 жылы 52,8%-ды құрады.

Еліміздің сыртқы сауда айналымы 2011 жылмен салыстырғанда 7,6%-ға ұлғайды. Бұған көп жағдайда импорттың ілгері өсімі есебінен қол жеткізілді, 2011 жылмен салыстырғанда импорт 6,5 млрд. теңгеге (14,6%) өссе, ал экспорт тек 4,2 млрд. теңгеге (4,4%) ұлғайған.

Республикада ЖІӨ-ні қалыптастырудағы шағын және орта бизнестің (бұдан әрі – ШОБ) үлесі 2012 жылы 17,8%-ды құрады.

Инфляцияның жылдық мәні 2012 жылы 6% деңгейінде қалыптасып, 2011 жылғы 7,4%-дық көрсеткіштен 1,4%-ға төмендеген.

Есепті кезеңде халықтың өмір сүру деңгейін сипаттайтын көрсеткіштердің өскені байқалды. Халықтың нақты ақшалай кірістерінің өсу қарқыны 6,8%-ды құраса (2011 жылы – 7,4%), нақты орташа жалақы көлемі 6,9%-ды (2011 жылы – 7,2%) құрады.

Білім беру саласын дамытуға бағытталған мемлекеттік қаражаттың үлесі 2012 жылы ЖІӨ-нің – 4%-ын, денсаулық сақтау саласында 737 млрд. теңгені немесе ЖІӨ-нің 2,4%-ын құрады.

Есепті жылы республикада жұмыспен қамтылғандар саны 2,5%-ға өсті, аталмыш өсім тау-кен өндірісі өнеркәсібі (8,9%), құрылыс (6,2%), білім және денсаулық сақтау (3,5%) сияқты салалар есебінен қамтамасыз етілді.

2012 жылғы 1 желтоқсанға банк активтері 13,7 трлн. теңгені құрап, жыл басымен  салыстырғанда 7,0%-ға өскен.

Жалпы сыртқы борыш (бұдан әрі – ЖСБ) көлемі 2011 жылмен салыстырғанда 2012 жылы 11,8 млрд.АҚШ долларына немесе 9,4%-ға ұлғайып, 137 млрд.АҚШ долларын құрады.

2011 жылы ЖІӨ-ге шаққанда ЖСБ-ның  үлесі – 66,6% болса, 2012 жылдың қорытындысы  бойынша 68,3%-ды құрады.

Мемлекеттік борыштың көлемі 2011 жылмен салыстырғанда 2012 жылы 448,7 млрд. теңгеге немесе 13,3%-ға өсті.

Ұлттық қор активтерінің және жалпы халықаралық резервтің сомасы 2012 жылы 86 млрд.АҚШ долларын құрады.

Бюджет тапшылығы 906,5 млрд. теңге болды, бұл – жоспарланғаннан 76,6 млрд. теңгеге кем, оның ЖІӨ-дегі үлесі 3,0%-ды құрады немесе Заңда белгіленген көрсеткіштен 3,1%-ға төмен болды.

2012 жылы республикалық бюджеттің  түсімдері 6 068,1 млрд. теңгені құрап, 2011 жылмен салыстырғанда 736,9 млрд. теңгеге ұлғайды.

Республикалық бюджеттегі кірістердің үлесі түсімдердің жалпы көлемінде – 78,5%-ды, өтелген бюджеттік кредиттердің үлесі – 2,1%-ды, қарыздар түсімдерінің үлесі 19,4%-ды құрады.

2012 жылға арналған республикалық  бюджеттің кірісі 4 729,9 млрд. теңгеге жоспарланып, іс жүзінде 4 763,4 млрд. теңгеге немесе 100,7%-ға орындалды.

Кірістердің жалпы сомасында салықтық түсімдер 2 975,6 млрд. теңгені немесе 62,4%-ды, салықтық емес түсімдер – 249,9 млрд. теңгені немесе 5,2%-ды, негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер – 17,3 млрд. теңгені немесе 0,4%-ды, трансферт түсімдері – 1 520,7 млрд. теңгені немесе 31,9%-ды құрады.

Бұрынғы жылмен салыстырғанда салықтық түсімдер 25,6 млрд. теңгеге немесе 0,9%-ға төмендеген, бұл ретте салықтық емес түсімдер – 141 млрд. теңгеге немесе 2,3 есе, негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер – 1,2 млрд. теңгеге немесе 7,5%-ға, трансферт түсімдері – 195,3 млрд. теңгеге немесе 14,7%-ға өскен.

Тауарлардың импортына акциздердің төрт түрі, арнайы және қорғау баждарының үш түрі бойынша түсімдер жоспары іске асырылмаған.

2011 жылмен салыстырғанда ірі  салық төлеушілерден түскен түсімдер 336,7 млрд. теңгеге немесе 21,4%-ға төмендеген.

2009-2011 жылдар кезеңінде бюджетке  корпоративтік табыс салығын (бұдан  әрі – КТС) төлеген салық төлеушілердің саны 53,4 мыңнан 64,6 мыңға дейін өсті.

Сонымен бірге, салық базасының өсуіне қарамастан, КТС бойынша түсімдер жоспары 5 жыл бойы орындалмай келеді: 2012 жылы 40 млрд. теңгеге немесе 3,7%-ға, (КТС-тың төрт түрінің үшеуі бойынша жоспар орындалмаған); 2011 жылы – 99,0%-ға, 2010 жылы – 98,7%-ға, 2009 жылы – 97,6%-ға, 2008 жылы – 97,5%-ға орындалмаған.

2012 жылы бюджеттен 451,0 млрд. теңге  мөлшерінде қосылған құн салығының (бұдан әрі – ҚҚС) асып кеткен  сомасы қайтарылған, бұл өткен  жылғы қайтарылған сомадан 144,7 млрд. теңгеге көп. Мониторингіде тұрған 37 салық төлеушіге ҚҚС-тың асып кеткен сомасы оңайлатылған тәртіппен (салық тексерулері жүргізілместен) қайтарылды, 2009 жылдан бері қайтарылған сома 59,0-ден 196,9 млрд. теңгеге дейін өсті.

2013 жылғы 1 қаңтарға салық төлеушілердің  жеке шоттарындағы есептелген  салық сомасынан есепке жатқызылған  ҚҚС сомасының асып кетуі есебінен  қалыптасқан артық төлемдер – 1 113,4 млрд. теңгені немесе 2012 жылғы  республикалық бюджетке салық  түсімдерінің 37,4%-ын құрады.

2010 жылдан бері ҚҚС бойынша  салық есебінде тұрған салық  төлеушілердің саны 2012 жылы 81,2 мыңнан 92,6 мыңға дейін өскен, алайда, есептелген  салықты бюджетке ақша қаражатымен  төлеген салық төлеушілердің  саны 63,2 мыңнан 59,4 мыңға дейін азайған

 


Информация о работе Макроэкономика