Ұлттық экономикалық жүйе

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2012 в 16:05, курсовая работа

Краткое описание

Қоғам дамуындағы экономикалық теорияыың ролі және орны. Экономикалық дамудың негізгі мәселелері. Экономикалық дамудың негізгі түсініктері, категориялары және завдылықтары, экономикалық процесті зерттейтін арнайы әдістер. Экономикалық дамудың негізгі моделі, ролі және товар-ақша және нарықтық қатынасындағы моні, жеке қайта өндірістің негізгі үстанымдары, қалыптастыру және оның түрлері, өндіріс факторларының нарығы, олардың бағасы және кіріс ерекшеліктері.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Экономикалық теория негіздері.DOC

— 96.00 Кб (Скачать документ)

Экономикалық  теория негіздері

 

Қоғам дамуындағы экономикалық теорияыың ролі және орны. Экономикалық дамудың негізгі мәселелері. Экономикалық дамудың негізгі түсініктері, категориялары және завдылықтары, экономикалық процесті зерттейтін арнайы әдістер. Экономикалық дамудың негізгі моделі, ролі және товар-ақша және нарықтық қатынасындағы моні, жеке қайта өндірістің негізгі үстанымдары, қалыптастыру және оның түрлері, өндіріс факторларының нарығы, олардың бағасы және кіріс ерекшеліктері. Экономика мәселесінің микро және макро деңгейдегі байланысы, макро-экономика қызметінің негізгі зандары, экономикалық өсу және оның типтері, экономикалық цикл және әлеуметтік-экономикалық циклдің мәселелері. Экономикалық өсуді қамтамасыз етудегі ақша-несие жөне қаржы саясатының ролі. Әлеуметтік саясаттың негізгі заңдылықтары. Халықаралық қатынастар және оның негізгі көріну нысандары.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Электрондық сауда

 

Осы Ұйымдастырылған  электрондық сауда-саттықта тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу ережесі (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасының “Мемлекеттік сатып алу туралы” 2007 жылғы 21 шілдедегі (бұдан әрі – Заң), “Ақпараттандыру туралы” 2007 жылғы 11 қаңтардағы, “Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы” 2003 жылғы 7 каңтардағы заңдарына сәйкес әзірленді және ұйымдастырылған электрондық сауда-саттықта тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібін анықтайды.

Осы Ереженің әрекеті  “Бағалы қағаздар рыногы туралы” Қазақстан Республикасының Заңымен реттелетін сауда-саттықты ұйымдастырушының (қор биржасы және биржадан тыс бағалы қағаздар нарығының баға белгілеу ұйымы) алаңдарында жасалатын мәмілелерге қолданылмайды.

Осы Ережеде мынадай  негізгі ұғымдар қолданылады:

1) ұйымдастырылған электрондық  сауда-саттық – (бұдан әрі – сауда-саттық) электрондық сауда-саттық жүйелерін пайдалана отырып нақты уақыт режимінде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілі;

2) мемлекеттік ақпараттық  жүйе – Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес құрылған және пайдаланылатын ақпараттық жүйе, ол аркылы әлеуетті өнім берушілерді сауда-саттыққа жіберу, сауда-саттықта жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды тіркеу, сондай-ақ сауда-саттықта мемлекеттік сатып алу туралы ақпаратты жинау, қорыту және талдау жүзеге асырылады.

3) мемлекеттік сатып  алу жөніндегі уәкілетті орган  (бұдан әрі – уәкілетті орган)  – мемлекеттік сатып алу жүйесін  реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік  орган;

4) делдал – тиісті  ақпараттық жүйелерді және желілерді  (тауарларды сатып алуға арналған ұсыныстар бар электрондық құжаттарды алу, орналастыру, сақтау, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету және сауда-саттықта тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу) ұйымдастыруға және басқаруға байланысты кызметтер көрсететін және уәкілетті органмен мемлекеттік ақпараттық жүйені пайдалануға және мемлекеттік сатып алуды жүргізуге шарт жасасқан жеке және (немесе) заңды тұлға;

5) әлеуетті өнім беруші – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға, мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуға үміткер заңды тұлға (егер Қазақстан Республикасының заңдарында олар үшін өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік мекемелерді қоспағанда), заңды тұлғалардың уақытша бірлестігі (консорциум). Кәсіпкерлік қызмет субъектісі болып табылмайтын жеке тұлға Заңның 41-бабы 3-тармағының 5) тармақшасында көзделген жағдайда әлеуетті өнім беруші болуы мүмкін;

6) тапсырыс берушілер  – Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбе бойынша ауылдық елді мекендерде орналасқан әлеуметтік саланың мемлекеттік мекемелері мен мемлекеттік кәсіпорындарын қоспағанда, осы Заңға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен аффилиирленген заңды тұлғалар;

7) сауда-саттық объектілері  – осы қаулымен бекітілген ұйымдастырылған электрондық сауда-саттықта сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесіне сәйкес тапсырыс берушілер сауда-саттықта сатып алатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе).

Осы тармақта көрсетілмеген басқа ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес анықталатын мағыналарда пайдаланылады.

 

Ұйымдастырылған электрондық сауда-саттыққа қатысушылар

Делдал уәкілетті органға  тиісті электрондық сауда-саттықтың  ақпараттық жүйесі және мемлекеттік ақпараттық жүйені пайдалану арқылы мемлекеттік сатып алуды жүргізу туралы өтініш береді.

Уәкілетті орган делдалдың  өтініші бойынша он күнтізбелік  күн ішінде делдалдың тиісті ақпараттық жүйесінің мемлекеттік ақпараттық жүйемен технологиялық үйлесімділігін зерттеуді жүргізеді және делдалдың электрондық сауда-саттық жүйесі арқылы делдалмен мемлекеттік сатып алуды жүргізу туралы шарт (бұдан әрі – сауда-саттыкқа шарт) жасасу не жасасудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.

Жүргізілетін сауда-саттық шеңберінде бір уақытта бірнеше делдал қатыса алады.

Делдалдың тиісті ақпараттық жүйесінің мемлекеттік ақпараттық жүйемен технологиялық үйлеспеуі ғана уәкілетті органның делдалмен сауда-саттыққа шарт жасасуынан бас тарту үшін негіз болады.

Уәкілетті органның бас тартуы делдалға бас тарту себебін көрсете отырып жазбаша түрде беріледі.

Делдал уәкілетті органның сауда-саттық туралы шарт жасасудан  бас тарту туралы шешімін сот  тәртібімен шағымдануға құқылы.

Делдал оларды жою, өзгерту, бұрмалау, көшіру және жабу мақсатында осы ақпараттық ресурстарға рұқсат берілмеген әрекет етудің, жария етудің және қол жеткізудің алдын алуды кепілдендіруге мүмкіндік беретін электрондық ақпараттық ресурстарды қорғаудың қажетті деңгейін қамтамасыз етеді.

Әлеуетті өнім берушілерді сауда-саттыққа жіберу мемлекеттік ақпараттық жүйені пайдалану арқылы жүзеге асырылады.

Әлеуетті өнім берушілерге  Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленген жалпы және арнайы біліктілік талаптары қойылады.

Әлеуетті өнім беруші сауда-саттықта қатысуға бастапқы рұқсат алу үшін уәкілетті органға әлеуетті өнім берушінің Қазақстан Республикасының  мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жалпы біліктілік талаптарына сәйкес келетіндігін растайтын құжаттардың көшірмелерін мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде электрондық түрде және (немесе) қағаз тасығышта береді.

Осы Ереженің 10-тармағына  сәйкес уәкілетгі органға мәліметтер ұсынған және сауда-саттыққа жіберілген әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік ақпараттық жүйеде уәкілетті орган тіркейді.

Жалпы біліктілік талаптарға сәйкес келмеуі Заңның 8-бабының 2-тармағына сәйкес әлеуетті өнім берушінің сауда-саттыққа қатысуына уәкілетті органның рұқсат беруден бас тартуына негіз болып табылады.

Бас тарту негіздерін көрсете отырып әлеуетті өнім берушінің сауда-саттыққа қатысуына рұқсат беруден бас тарту жазбаша түрде (қағаз тасығышта немесе электрондық түрде) ресімделеді.

Әлеуетті өнім берушінің  мемлекеттік ақпараттық жүйедегі деректерін одан әрі өзекті етуді Қазақстан Республикасы салық органдарының және әділет органдарының мемлекеттік ақпараттық жүйелерін пайдалана отырып ақпаратты жаңарту жолымен уәкілетті орган дербес жүзеге асырады.

Барлық делдалдар мен әлеуетті өнім берушілер туралы, сондай-ақ сауда-саттықта жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттар туралы ақпарат уәкілетті органның веб-сайтында орналастырылады.

Тапсырыс беруші тізбеге енгізілген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін кызметтерді сатып алу қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес хабарландыруда ақпаратты орналастыруды қоса алғанда, ұйымдастырылған электрондық сауда-саттықта тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу жөнінде шаралар қабылдауға міндетті.

 

Сауда-саттықта мемлекеттік  сатып алуды жүргізу тәртібі

Электрондық ұйымдастырылған сауда-саттықта сауда-саттық басталғанға дейін  кемінде отыз күнтізбелік күнде  жоспарланған мемлекеттік сатып  алу туралы хабарландыру сауда-саттық туралы шарт жасасқан делдалдардың электрондық сауда-саттық жүйелерінде орналастырылады, сондай-ақ қайталанады және мемлекеттік сатып алу туралы бюллетенде орналастырылады.

Жоспарланған мемлекеттік сатып  алу туралы хабарландыруда тапсырыс беруші сатып алатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер туралы мынадай мәліметтер қамтылады:

1) сауда-саттықты жүргізу күні, уақыты;

2) тапсырыс берушінің атауы мен орналасқан жері;

3) өлшем бірлігін, санын, жеткізу  шарттарын, жеткізу мерзімі мен орнын, төлем шартын және сатып алуға бөлінген соманы көрсете отырып, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі (тізбеге енгізілген);

4) сатып алынатын тауарлардың,  жұмыстардың көрсетілетін қызметтердің  сипаттамасы және талап етілетін  техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары; жобалау-сметалық құжаттама; мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес техникалық ерекшеліктер (қажет болған кезде нормативтік-техникалық құжаттаманы көрсете отырып);

5) жұмыстар, көрсетілетін қызметтер  бойынша – Заңның 8-бабының 3-тармағына сәйкес әлеуетті өнім берушіге қойылатын арнайы біліктілік талаптары, оның ішінде әлеуетті өнім берушінің және (немесе) оның қосалқы мердігерлерінің (бірлесіп орындаушыларының) арнайы біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар;

біліктілігі және әлеуетті өнім берушінің  және оның косалқы мердігерлерінің (бірлесіп орындаушыларының) осы талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттарды көрсете отырып, арнайы біліктілік және өзге талаптардың толық тізбесін қамтитын уәкілетті орган белгілеген нысандар бойынша мемлекеттік сатып алу процесіне қатысу үшін материалдық, қаржы және еңбек ресурстарының бар болуы туралы мәліметтер;

уәкілетті орган белгілеген нысан  бойынша қызметкерлердің біліктілігін, тауарларды өндіру және/немесе жеткізу, қызметтер көрсету, жұмыстарды орындау үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілін көрсете отырып олардың болуы мен саны туралы құжат;

әлеуетті өнім берушінің сатып  алынатын тауарларды өндіруге, қайта өңдеуге, беруге және өткізуге, жұмыстарды орындауға және қызметтерді көрсетуге құқығын растайтын лицензиялардың және/немесе патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың, дипломдардың, басқа құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;

6) елеулі талаптарды көрсете  отырып мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасы (Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес үлгі шарттың нысаны бойынша), ал электрондық құжат пен электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасқан кезде осы Ереженің 43-тармағына сәйкес жасалады;

7) негізінде жеңімпаз ұсыныс  анықталатын бағадан басқа барлық өлшемдерді, оның ішінде осындай өлшемдердің әрқайсысының шамалас мәнін және шартты бағаны есептеу әдісін сипаттау;

8) баға ұсынысының мазмұнына  қойылатын талаптар, оның ішінде сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бағасынан басқа, оларды тасымалдауға және сақтандыруға, кеден баждарын, салықтарды және алымдарды төлеуге арналған шығыстарды, сондай-ақ тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету шарттарында көзделген өзге шығыстарды көрсету, сондай-ақ тапсырыс берушілер үшін уәкілетті орган белгілеген баға ұсынысын беру нысаны;

9) сауда-саттыққа қатысушының баға  ұсынысы көрсетілуге тиіс валюта немесе валюталар және оларды салыстыру мен бағалау мақсатында шартты бағаны бірыңғай валютаға келтіру үшін қолданылатын бағам;

10) Қазақстан Республикасының  тіл туралы заңнамасына сәйкес сауда-саттыққа қатысуға әлеуетті өнім берушілерден ұсыныстарды жасау және ұсыну тіліне қойылатын талаптар, мемлекеттік сатып алу туралы шарттар;

11) әлеуетті өнім берушінің  сауда-саттыққа қатысуға ұсыныстар  енгізу шарттары, мазмұны және  қамтамасыз ету түрлері;

12) әлеуетті өнім берушінің сауда-саттыққа қатысуға өзінің ұсынысын оларды берудің соңғы мерзімі біткенге дейін өзгерту немесе қайтарып алу құқығына нұсқама;

13) тапсырыс беруші  анықтаған жағдайларда мемлекеттік  сатып алу туралы шарттың орындалуын  қамтамасыз ету шарттары, түрлері,  көлемі мен тәсілі;

14) жұмыстардың не көрсетілетін  қызметтердің қосалқы мердігерлеріне (бірлескен орындаушыларына) орындауға  берілуі мүмкін жұмыстардың және  көрсетілетін қызметтердің түрлері,  сондай-ақ олардың шекті көлемі.

18. Сауда-саттықты өткізу  ұзақтығы үш сағаттан аспауға тиіс.

Информация о работе Ұлттық экономикалық жүйе