Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2014 в 12:58, доклад
Диагностика (грек сөзі: диа – ашық, айқын жəне гнозис - білу) – зерттелуші объект немесе процесс жөніндегі ақпараттарды күні ілгері алудың жалпы тəсілі.Даму диагностикасы.Педагогикалық практикада оқушының даму деңгейіне байланысты жетістіктерді дер уақытында зерттеп тұру қажеттігі күннен-күнге үлкен маңызға ие болуда. Бұл қажеттік тұлғаның қалыптасу процесін тиімді басқару үшін, ондағы жүріп жатқан өзгерістердің тереңдігін, қарқыны мен ерекшеліктерін білу керектігінен туындаған. К.Д.Ушинский : «Егер педагогика адамды барша тараптан тəрбиелегісі келсе, онда ол сол адамды ең алдымен жан-жақты білуі шарт» -деп өз уақытында диагностиканың нақты оқу тəрбие процесіндегі маңызын баса көрсеткен.
Диагностика (грек
сөзі: диа – ашық, айқын жəне гнозис - білу)
– зерттелуші объект немесе процесс жөніндегі
ақпараттарды күні ілгері алудың жалпы
тəсілі.Даму диагностикасы.Педагогикалық
практикада оқушының даму деңгейіне байланысты
жетістіктерді дер уақытында зерттеп
тұру қажеттігі күннен-күнге үлкен маңызға
ие болуда. Бұл қажеттік тұлғаның қалыптасу
процесін тиімді басқару үшін, ондағы
жүріп жатқан өзгерістердің тереңдігін,
қарқыны мен ерекшеліктерін білу керектігінен
туындаған. К.Д.Ушинский : «Егер педагогика
адамды барша тараптан тəрбиелегісі келсе,
онда ол сол адамды ең алдымен жан-жақты
білуі шарт» -деп өз уақытында диагностиканың
нақты оқу тəрбие процесіндегі маңызын
баса көрсеткен.
Педагогикалық даму саласындағы
диагностиканың мəн-мағынасы, медицинадағы
сырқатты күні бұрын анықтаумен бірдей.
Диагностика жолымен тəрбие процесіндегі
қандай да өзгерістердің белгілері мен
себептері, оның сипаты анықталып, ол тəрбиені
болашақта дұрыс жолға келтірудің жоспарына
негіз береді. Дұрыс орындалмаған диагностика
барлық еңбекті зая етіп, алдағы тұрған
мақсатқа жетудің кедергісін азайтпақ
түгіл, оны асқындырып жібереді. Сондықтан
да, даму желісін диагностикалау жоғары
мамандық пен жауапкершілікті талап ететін
өте маңызды практикалық іс. Оқушының тəн-дене дамуын диагностикалау
қиындық тудырмайды. Бұл үшін бүкіл дүниежүзінде
жалпы жəне айрықша сапалардың даму дəрежесін
өлшестіруші ерекше тестер (нұсқау-көрсетпелер)
қолданылады. Берілген тапсырманы орындауына
қарай оқушының қажетті деңгейге, тəн-дене
дамуындағы нақты өлшемдерге сəйкестігі
анықталады. Алынған деректер жас мүмкіндіктермен
салыстырылады.
Рухани, əлеуметтік дамуды диагностикалау
үлкен қиындық тудырады. Бұл мақсатта
қолданылатын əдістемелер əзірше күрделі,
қорытынды дəлдігін қамтамасыз ете бермейді.
Диагноз анықтаудың сенімділігін көтеруге
орай комплексті тексерістер, антропометриялық,
əлеуметтік жəне психологиялық деректер
жинақталып, өзара салыстырылады, ал бұл
үшін арнайы жабдықталған клиникалар
мен зертханалар, дайындықты мамандар
қажет. Нақты педагогикалық практикада
мектеп психологтары мен мұғалімдері
тұлғаның жекеленген қасиет-сапаларын
анықтауы мүмкін, бірақ мұндай зерттеулердің
нəтижесіне негіздеп, даму құрылымдарына
жалпы баға беріп болмайды.
Оқушылардың дамуындағы кейбір
ерекшеліктерді диагностикалау-дың қарапайым
əдістерін үйреніп алу кəсіби педагогикалық
дайындықтың аса маңызды шарты. Мектеп
мұғалімдерін аса қызықтыратын жəйттер
– оқушылардың ақыл-ой əрекеттерін, мінез-құлық
сеп- түрткілерін, қажетсіну деңгейін,
көңіл-күй шабытын, əлеуметтік бітістер
дамуы мен т.б. маңызды сапаларын күні
ілгері байқастыру. Аталған сапаларды
зерттеудің кең тараған əдісі - бұл тестілеу.Диагностика – оқушылардың білім деңгейлеріне
бақылау жасаудағы білім беру үрдісінің
маңызды бір бөлігі. Оның негізгі мақсаты дидактикалық үрдістің нақты
нәтижесін анықтау, бағалау және оған
талдау жасау, кемшіліктерін түзету, оқыту
әдістемесінің тиімділігін айқындау болып
табылады. Педагогикалық диагностика, біріншіден, жекелей
оқыту үрдісінің тиімділігін арттыру,
екіншіден, оқытудың нәтижесін дұрыс анықтауды
ұйымдастыру, үшіншіден, білім алушыны
мамандық таңдауға бағыттауда қолданылады.
Психологиялық- педагогикалық қолдау (ППҚ) көрсету қызметінің әр маманы өз бағыттары бойынша жұмыс істейді. Бұл біріккен ППҚ қызметінің басты мақсаты – мүмкіндігі шектеулі балаға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету. Соның ішінен мүғалім-дефектологтың психикалық дамуы тежелген балаға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуі мынадай бағыттарда іске асырылады:
I. Диагностикалық бағыт:
- баланы алғашқы дефектологиялық тексеру
-баланың психикалық дамуының динамикасын
жүйелі түрде кезең бойына бақылау
-баланың даму деңгейіне әсер еткен әдіс-тәсілдер
мен таңдалған бағдарламаның тиімділігін
анықтау
-оқушының жеке ерекшіліктерін, танымдық
қызметін, ерік-жігер саласын, отбасындағы
тәрбиелік жағдайдың даму ерекшеліктерін
зерттеу
- жалпы білім беретін мектептің бағдарламасын
меңгерудің деңгейін анықтау
-компенсаторлық мүмкіндіктерді іздеп
табу
-баламен жұмыстың бағыттарын айқындау
мен бала дамуындағы ауытқулардың алдын
алу.
Сонымен диагностика мынадай міндеттерді шешуге бағытталады:
Баланы алғашқы тексеру. Оның мақсаты: баланың жақын даму аймағы мен актуалды даму аймағын, оқу барысындағы қиыншылықтардың себептері мен механизмдерін анықтау.Диагностикалық зерттеу жұмысы қыркүйек айы бойы жүргізілді. Бұл диагностиканың қорытындысы дефектологиялық тексеру хаттамасында, балаға дефектологиялық анықтама бергенде тіркеледі.
Баланы динамикалық тексеру -оқыту процесінде оқушының даму деңгейіне таңдалған оқытудың түрі, әдістері мен тәсілдердің сәйкестігін анықтау, баланың даму динамикасын бақылап отыру мақсатында жүргізіледі. Динамикалық тексеру жылына екі рет жүргізіледі. Сонымен бiрге баланы динамикалық зерттеу баланың пән бойынша жеткен жетістіктерімен баланың даму нәтижесін салыстыруды көздейді. Баланың оқу дағдыларының қалыптасқандығын (ақпаратты қабылдауы, оқу қызметін ұйымдастыра алу, өзін-өзі бақылау) тексереді.
Кезеңдік диагностика- бұл диагностиканың түрі баламен жүргізілген түзете-дамыту жұмысының баланың оқутанымдық қызметіне тигізген әсерінің тиімділігін анықтауға мүмкіндік береді. Түзете-дамытудың бағдарламасының игеру деңгейінің нәтижесін бағалағанда баланың білім- білік дағдылары игеруге қажет танымдық қабілетінің қаншалықты қалыптасқандығына ғана емес, баланың игерген білімін берілген мәселеде өз бетімен қаншалықты қолдана алатынына көңіл бөлінеді.
Ағымдық диагностика – бұл диагностика әртүрлі мамандар тарапынан (психолог, логопед, сынып жетекшісі, пән бойынша ұстаздардың) сұрау бойынша жүргізіледі. Бұл диагностиканың белгілі бір өткізу уақыты болмайды. Ол жыл бойына сұрау бойынша жүргізіледі.
Баланы психологиялық-педагогикалық қолдаудағы диагностикалық бағыттың тағы бір негізгі міндеттерінің бірі – бастапқы кезеңде баланың алда кездесетін қиыншылықтары мен оқу процесінде бүгінгі күні бар қиыншылықтардың себебін, механизмін анықтау болып табылады.
Диагностикалық жұмыстың негізгі қағидалары:
жанжақтылық, кешенділік, жүйелілік, тұтастық.
Аталған қағидаларды ескере отырып әр
ППҚ қызметінің маманы өз бағыты бойынша
балаға психологиялық-педагогикалық қолдау
көрсетеді. Мұғалім-дефектолог, психолог,
логопед диагностиканы 12 бағыт бойынша
жүргізеді:
- Сенсорлы-перцептивті жағдай;
- Зейіні;
- Есте сақтауы;
- Ойлауы;
- Сөйлеу ерекшеліктері;
- Өзін-өзі бағалауы;
- Ерік-жігері;
- Психомоторлық жағдайы;
- Әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы;
- Оқу біліктілігі;
- Еңбек біліктілігі;
- Коммуникативтілігі;
Әр бағыт арнайы диагностикалық әдістермен тексеріліп, қорытындыланып тиісінше балл қойылады. Шығарылған балға сәйкес психологиялық-педагогикалық профиль толтырылады. Профиль – баланың даму деңгейін көрсететін құжат. Профиль баланың қатер даму зонасын анықтап береді.
Диагностика қорытындысы мектепішілік конс лиумда талқыланады. Әр маман баламен жүргізілген алғашқы диагностикалық тексеру бағыты бойынша өзінің қорытындысын ұсынады. Консилиумда баланың дамуының мінездемесі, оның одан әрі дамуы, балаға түзете дамыту бағдарламасын құру бойынша мәселелері қарастырылып ортақ шешімге келеді. Тексерудiң нәтижелерiн талдау баланың одан әрi дамуының бол- жамын анықтап, әр оқушыға оқыту процесінде тиiмдi әдiстерді іріктеп, түзете- дамыту жұмысының мазмұнын анықтауға мүмкіндік береді. Диагностиканың нәтижесі баланың тек өзекті даму аймағының даму деңгейін ғана анықтау емес, баланың жақын даму аймағы деңгейін бағалап баланың ықтимал мүмкіндіктеріне бағытталады.
Диагностикалық қызмет
Диагностика атауы |
Қысқаша мазмұны |
Ақпараттық материал |
1.Мұғалім қызметіндегі қиындықтарды танып-білуде бағдарлама-сауалнама |
1.Педагогикалық қызметтегі түр мен тәсілдер. Жоспарлау. Оқулық пен бағдарлама мазмұны. Оқыту, тәрбиелеу, оқушының ақыл-ойын дамыту т.б. бойынша: сабақтағы дәстүрлі емес жұмыстар, оқушылардың білім-білік дағдысын бағалау мен есептеу, әдеттегі қателерді анықтау және оқытудағы қиындықтар, оқу үрдісінде оқушыға жекелей тоқталу, жұмыстың нәтижелілігін бағалау. |
Әдістемелік кеңестің талдауына |
2. Мұғалімнің жеке кәсіби өрісін бағалау
|
1. Кәсіби бағдар 2. Қызметтегі жеке түр. |
Мұғалімдердің профессиограммас
|
3.Оқушының оқу қызметін қалыптастыру деңгейінің диагностикасы |
Оқу дәрежесі: 1.Оқу-тану қызығушылығы 2.Мақсаттылық. |
Оқушылармен жекелей жұмысты ұйымдастыруға |
4.Шығармашылық қабілеттегі мұғалімдердің кәсіби деңгейі |
1.Шығармашылық жұмыс
деңгейі. |
Мұғалімдердің профессиограммас |
Қорыта келе, баланы психологиялық-педагогикалық қолдау мақсатында баламен жүргізілген диагностикалық бағыт бойынша дефектолог диагностиканың нәтижесін негізге ала отырып, баланың жасына сай жұмыс түрін анықтап, балаға түзете-дамыту бағдарламасын құрады.
Баламен жүргізілген диагностиканың
қорытындысы түзете-дамыту жұмысы бойынша
мынадай бағыттарды айқындап берді:
- сенсорлық және сенсомоторлық дамуын
қалыптастыру;
- кеңістік-уақыт түсініктерін қалыптастыру;
- пішін мен көлем, түсті қабылдауын қалыптастыру;
-салыстыру, талдау, жинақтау, қорытындылау,
жалпы ойлау операцияларын қалыптастыру;
- зейіннің тұрақтылығын, зейін шоғырлануын
дамыту;
- көру, есту арқылы есте сақтауын дамыту;
- психомоторлық дамуды жүзеге асыру мен
сөйлеу тілін, сөздік қорын арттыру.
Айқындалған бағыттар негізінде балаға түзете- дамыту бағдарламасы құрылады. Түзете – дамыту бағдарламасы баланың танымдық қабілеттерін дамытуға, баланың дамуындағы бос орынды толтыруға бағытталады. Бағдарламаны жүзеге асыру үшін баланың жеке жас ерекшеліктері, қабылдау деңгейі ескеріліп, әр тақырыпқа тапсырмалар тізбегі даярланады. Баламен жеке жұмыс сабақтан тыс уақыттарда өтеді.
Кеңес беру мен ағартушылық бағыт бойынша:
- ұстаздармен жеке жұмыс жүргізу
- баланың жас, жеке, типтік ерекшеліктерін
ескере оты- рып ата-аналарға, ұстаздарға
бірқатар ұсыныстарды даярлау;
- оқушылардың жеке ерекшеліктерін есепке
ала отырып мұғалімнің оқу жоспарына түзету
жұмыстарын енгізу;
- эксперименталды топта жұмыс істейтін
педагогпен жеке кеңес жүргізу;
- әлеуметтік қызметкерлермен жұмыс;
- ата-аналармен жұмыс:
- баламен жүргізілген жұмыстың жалпы
қорытындысымен ата-аналарды таныстыру;
- ата-аналарға баланың тәрбиесіндегі
қиыншылықтары туралы нақты ұсыныстар
даярлау;
- ата-аналарға баланың психофизикалық
мүмкіндіктеріне сай баланы оқыту мен
оны дамытудың маңыздылығын түсіндіру;
-ППҚ қызмет мамандарымен тығыз қарым-қатынаста
болу.
Ата-анамен жұмыс бұл бағыттың басты міндетінің бірі. В. А. Сухомлинский ата – анамен жұмыстың мазмұнын ашып көрсеткен ғалымдардың бірі. Ол: «Тек ата – аналармен бірге жалпы күш жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бақытты беруі мүмкін», – дейді. Демек, ата-ана бала тәрбиесінде балаға ықпал етуші бірден- бір фактор. Сондықтан, психикалық дамуы тежелген баланы психологиялық- педагогикалық қолдау қызметінде ата – аналарға психологиялық кеңес беру, оларды бала дамуының мазмұнымен ақпаратттандырып отыру, жалпы ата-аналармен жұмыстың маңызы ерекше.
Педагогикалық процестiң сапасын жоғарылатудың тиiмдi жолы ППҚ қызметі мамандарының өзара байланысы мен бiр-бiрiнiң сабағына қатысу мен баланың қалыптасуы туралы талқысы және зерттеу қорытындыларымен өзара алмасу болып табылады. Мұндай бағыт бiрнеше қызметтерді қоса атқарады, яғни тәжiрибемен алмасу, бақылау, өзiн-өзi бақылау, кеңес беру.
Әлеуметтік-бейімдеу бағыты
- баланың әлеуметтенуіне, қоршаған ортаға
бейімделуіне жағдай жасау;
- баланы шығармашылыққа тарту;
- баланы мектепішілік, мектеп аралық мереке,
ісшараларға қатыстыру;
-баланы әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлауға
үйрету;
-мектепте өзін еркін сезінуге, өзін-өзі
басқара білуге, өзі өмір сүретін ортаны
толық бағдарлай білуге үйрету.
2.Инклюзивті білім берудің тәжірибелі қадамдары
Қазіргі кезде көптеген себептерден
мүгедек адамдардың мәселесі тұрғындарды
әлеуметтік қорғау саласында ең маңызды
және өзекті мәселелердің бірі. Бүкіл
әлеммен қатар, біздің елде де әр түрлі
ұзаққа созылған кемістігі бар адамдардың
саны жыл сайын өсуде.
Оңалту, бейімдеу, мүгедектерді әлеуметтік
қорғау және олардың қоғамға етене араласуына,
жұмысқа орналастыру және жаңа жұмыс орындарын
құру, білім алу, оқыту, қайта мамандандыруда
қолдан келгенше көмек көрсету - мұқтаждығы
ерекше адамдардың құқықтары мен мүдделерін
қорғау мәселелерінің бірі.Дөңгелек үстелдің
жұмысына мұқтаждығы ерекше жастар мен
олардың заңды өкілдері, облыс орталығының
кәсіпкерлері, инклюзивті білім беру мәселесімен
айналысатын мемлекеттік құрылымдар,
үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты..Шара
барысында мұқтаждығы ерекше жастардың
мәселелері жөнінде шешімдер қабылдау
мәселелері талқыланды:
- мамандандырылған жұмыс орындары немесе
арнайы еңбек практикасын ұйымдастыру
мүмкіндігі; еңбектік әлеуметтену жөнінде
қажетті шаралар қабылдау;кәсіптік оқудың
негізгі қиындықтары туралы.
Мәжілістің қорытынды бөлімінде дене
мүмкіндіктері шектеулі жастардың еңбек
практикасын ұйымдастыру және оларды
жұмысқа орналастыру жөнінде ұсыныстар
қарастырылып, қарар қабылданды.
Инклюзивтің басты мақсаты-мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беретін ортаға кіріктіру ғана емес, ол «барлығы үшін бір мектеп» мақсатын көздейді.Инклюзивті оқыту мүмкіндігі шектеулі баланың жалпы білім беретін ортада әлеуметтенуі мен оның дамуына және оқыту процесінде баланың жетістіктерге жетуіне мүмкіндік туғызады.Инклюзивті білім беру оқыту процесінде балаға жеке көмек көрсету мен психологиялық-педагогикалық қолдауды қамтамасыз етеді.
Инклюзивті білім беру жайлы айтқанда жалпы білім беретін мектепте мүмкіндігі шектеулі балаларға кедергісіз аймақ құру ғана емес, баланың психофизикалық мүмкіндіктерін ескере отырып құрылатын оқу-тәрбие процесінің ерекшелігін де ескерген жөн. Ал бұл процесті жүзеге асыру үшін мектепте баланы психологиялық- педагогикалық қолдау қызметі ұйымдастырылуы қажет, сонымен қатар, баланың дамуына жағдай тудыратын балаға көмек қолын созуға дайын, кездескен мәселені дұрыс түсінуге негізделген педагогикалық және балалар ұжымында моральды-психологиялық климат орнауы қажет.
Информация о работе Әлеуметтік бейімделу - индивидттің қоршаған орта жағдайларына бейімделуі