Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Сентября 2015 в 19:28, лекция
Негізгі қорлар (негізгі капитал) - өндіріс үрдісінде ұзақ уақыт бойы қызмет ететін және осы уақыт ішінде өздерінің натуралды-заттық формасын сақтап, өз құнын дайын өнімге тозу мөлшеріне байланысты бөлшектеп, біртіндеп амортизациялық аударымдар түрінде аударатын өндірістік, материалды-заттық құндылықтар жиынтығы. Негізгі қорлар негізгі өндірістік және негізгі өндірістік емес қорлар деп екіге бөледі.
Кәсіпорынның негізгі
капиталы
Оқылған сұрақтар:
Негізгі қорлар (негізгі капитал)
- өндіріс үрдісінде ұзақ уақыт бойы қызмет
ететін және осы уақыт ішінде өздерінің
натуралды-заттық формасын сақтап, өз
құнын дайын өнімге тозу мөлшеріне байланысты
бөлшектеп, біртіндеп амортизациялық
аударымдар түрінде аударатын өндірістік,
материалды-заттық құндылықтар жиынтығы.
Негізгі қорлар негізгі өндірістік және
негізгі өндірістік емес қорлар деп екіге
бөледі.
Салалық құрылым өнеркәсіп
бойынша негізгі қорлардың жиынтық баланстық
құнындағы өнеркәсіп салалары бойынша
негізгі қорлар құнының үлестік салмағымен
сипатталады.
Өндірістік құрылым – негізгі
қорлардың әр тобының немесе әр элементінің
жалпы құнындағы үлестік салмағымен сипатталады.
Технологиялық құрылым – негізгі
қорлардың нақты тобының ішіндегі әр түрінің
үлесін көрсетеді.
Өспелі құрылым – негізгі қорлардың
түрлі өспелі топтарының олардың жалпы
құнындағы үлестік салмағымен сипатталады.
Негізгі қорларды тиімді басқаруда
оларды бағалаудың мәні зор. Тәжірибеде
негізгі қорларды есепке алып, талдауда
натуралды және ақшалай түрде бағалайды.
Негізгі қорларды натуралды түрде есепке
алу олардың техникалық жағдайын, кәсіпорынның
өндірістік қуатын, жабдықтарды пайдалану
дәрежесін анықтау және басқа да мақсаттар
үшін қажет. Осы мақсатта жабдықтарды
инвентаризациялау және паспорт жүргізу,
оның шығарылғандығы және енгізілгендігі
туралы есептер жүргізіледі.
Негізгі қорларды ақшалай немесе
құндық бағалау негізгі қорлардың жалпы
көлемін, динамикасын, құрылымын, дайын
өнімге аударылатын құн мөлшерін анықтау,
сонымен бірге күрделі салымдардың экономикалық
тиімділігін есептеу үшін қажет.
Физикалық тозу – бұл табиғат
күшінің, еңбек үрдісінің және басқа да
факторлардың әсерінен объектінің механикалық,
физикалық, химиялық және басқа да қасиеттерінің
өзгерісі, экономикалық тұрғыдан қарастырғанда
бұл негізгі қорлардың өздерінің бастапқы
тұтыну құнын біртіндеп жоюы.
Моралды тозу – олардың ұдайы
өндірісіне қажетті қоғамдық шығындардың
азаюы әсерінен машина мен қондырғылар
құнының төмендеуі (моралды тозудың бірінші
түрі) немесе жаңа, прогрессивті және экономикалық
жағынан тиімді машиналар мен қондырғылар
түрін енгізу нәтижесінде олардың құнының
төмендеуі (моралды тозудың екінші түрі).
Амортизация - негізгі қорлар
құнының бір бөлігін өнімді өндіруге кеткен
шығындарға қосу арқылы негізгі қорлардың
тозуын ақшалай төлеу. Содан, амортизация
- негізгі қорлардың физикалық және моралды
тозуларын ақшалай көрсету.
Амортизация үрдісі – бұл негізгі
қорлардың қызмет көрсету кезеңі ішінде
өз құнын өндірілетін өнімге біртіндеп
ауыстыруы және осы құнды пайдаланылған
негізгі қорлардың орнын толықтыру үшін
қолдану деп түсіндіруге болады. Өнім
құрамына ауыстырылған негізгі қорлар
құны өндіріс сферасынан өтіп, айналым
сферасына түседі. Өнім өткізілгеннен
кейін негізгі қордың ауыстырылған құнына
сәйкес ақшалай сомасының бір бөлігі амортизациялық
қорға түседі. Амортизациялық қор тозған
негізгі қорлардың орнына жаңа негізгі
қорларды сатып алу үшін пайдаланылады.