Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2013 в 20:24, курсовая работа
Инновациялық қызмет ─ бұл әр түрлі тәсілдердің, факторлардың өзара әрекет етуі және ғылыми зерттеулермен, жаңа өнім түрлерін жасаумен, еңбек құралдары мен құрал-жабдықтарды жетілдірумен, ғылым мен техниканың жаңа жетістеріне сәйкес технологиялық процестер мен өндірісті ұйымдастыру формаларымен, жоспарлаумен, қаржыландырумен және ҒТП-тің басқаруымен, экономикалық тетіктер мен стимулдарды жетілдірумен айналысатын басқару органдарының күрделі динамикалық жүйесі; ҒТП-тің интенсивті дамуын жеделдетуге және оның әлеуметтік-экономикалық тиімділігін көтеруге бағытталған өзара шарттастырылған кешендерді реттеудегі шаралар бойынша өңдеу жүйесі болып табылады.
Кіріспе....................................................................................................................3
I Бөлім. Инновацияның жалпы мазмұны және классификациясы.
1.1. Инновацияның мәні, белгілері және түрлері..............................................5
1.2. Инновациялық процестің негізгі кезеңдері................................................7
1.3. Инновация әсерлерін бағалау және өлшеу................................................12
II Бөлім. Кәсіпорынның инновациялық қызметі.
2.1. Кәсіпорынның инновациялық қызметінің мәні мен алғышарттары......17
2.2. Ұйым және инновациялық қызметті қаржыландыру...............................20
2.3. Нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорынның инновациялық қызметі.................................................................................................................25
III Бөлім. Қазақстанның инновациялық қызметін ұйымдастыру жолдары.
3.1. ҚР-ның инновациялық қызметінің маңызы және саясаты......................29
3.2. ҚР-ның инновациялық қызметін сақтандыру ісі......................................34
3.3. Инновациялық қызметтерді басқарудағы жаңа тәсілдері........................37
Қорытынды..........................................................................................................41
Пайдаланылған әдебиеттер................................................................................42
Қосымша.
II Бөлім. Кәсіпорынның инновациялық қызметі.
2.1. Кәсіпорынның инновациялық
қызметінің мәні мен
Кәсіпорынның инновациялық қызметі ─ бұл жаңа немесе өнімнің жақсаруы, не қызмет көрсетуі, оларды өндірудің жаңа әдістерін қолдану мақсатындағы ғылыми-техникалық және зияткерлік әлеуеттік шаралар жүйесі. Бұл жеке сұранысты, сонымен бірге жалпы пайдалы жаңалықтарға қоғамның мұқтажын қанағаттандыруы үшін пайдаланылады.
Инновацияның екі тұрпаты ажыратылады:
Жаңа өнімді өндіріске енгізу инновацияның түбейгейлі өнімділігі ретінде анықталады. Мұндай жаңалықтар негізінде жаңа технологияларға негізделеді, не тіршілікте қолданылып жүрген технологиялардың жаңа түрін пайдаланып ұштастырады.
Процестік инновация
─ бұл жаңалықты енгізу немесе
өндіріс тәсілін және технологияны
едәуір жетілдіру, жабдықтарды және
өндірісті ұйымдастыруды
Жаңалық дәрежедегі инновациялар негізінде жаңа, яғни өткен отандық және шетелдік практикада ұқсастығы жоқ және жаңа нәрселердің салыстырмалы жаңалығы болып ұсақталды. Негізінде өнімнің жаңа түрлері, технологиясы және қызмет көрсетуі басымдық, абсолюттік жаңалықтарға ие болады және үлгінің түп нұсқасы болып табылады.
Инновацияның өмірлік
кезеңі өзара байланысты процестің
және жаңалықтарды енгізу сатысының
жиынтығын көрсетеді. Инновацияның
өмірлік кезеңі уақыт аралығы
ретінде идеяның дүниеге
Кәсіпорынның инновациялық қызметін әзірлеуде, енгізуде, жаңалықтарды пайдалануда қосылатындары:
Әлемнің дамыған елдерінің басты мақсаттарының бірі ұзақ мерзімді экономикалық өсімді қамтамасыз ету болып табылады. Мұнда үлкен көлемдегі өндіріс, жоғары сапалы тауарлар мен қызметтер туралы айтылады.
Экономикалық өсім өндіріс тиімділігінің жоғарлауымен, жұмыссыздықты азайтумен, баға мен қаржылардың тұрақтылығымен, сыртқы экономикалық байланыстардың кеңеюімен және басқа да оң нәтижелі экономикалық, әлеуметтік процестермен бірге жүреді.
Экономикалық өсім ұлттық экономика және өнеркәсіптің барлық салаларындағы кәсіпорындардың табысты қызметінің нәтижесі болып табылады.
Ресейлік Эксперттік институтының экономистері өнеркәсіп саясатының мәселелерін зерттеу барысында мынадай қорытынды жасады: экономикалық өсімнің негізіне екі процесс жатады. Олар:
Технологиялық укладтың концепциясы соңғы үш ғасыр кезеңінде технология эволюциясында бес толқулар болып өтуіне негізделген. Осылардың әрқайсысы технологиялық укладтың белгілі типін қалыптастырды.
Бірінші уклад (1785-1835) текстильді өнеркәсіпте жаңа технологиялар және су энергиясын қолдану негізінде қалыптасты.
Екінші уклад (1830-1890) теміржол транспортының және бу двигателін қолдану негізіндегі барлық өнім түрлерін өндірістік механикаландырудың дамуымен байланысты. Сонымен қатар шағын фирмалармен бірге мыңнан астам жұмыс орны бар ірі кәсіпорындар дамыды және кәсіпкерліктің жаңа формалары, акционерлік қоғамдар пайда бола бастады.
Үшінші уклад (1880-1940) өнеркәсіптік
өндірісте электроэнергияларды
қолдануға, ауыр машина жасау және электротехникалық
өнеркәсіптің дамуына, химия және химиялық
кешен саласындағы
Төртінші уклад (1930-1990). Оның негізіне ─ келешектегі энергетиканың дамуына және негізінен мұнайды, мұнай өнімі және газды, байланыс құралдарын, жаңа синтетикалық материалдарды қолдануға негізделген. Бұл ─ көптеп өндіру кезеңі. Шапшаң автомагистральдар, әуежайлар құрыла бастады. Содан кейін кең көлемде компьютерлер таратыла бастады және оларға қажетті бағдарламалық өнімдер, радарлар, атомдар, бұл әскери мақсаттарда, содан кейін бейбітшілік мақсатта қолданылды. Нарықта олигополиялық бәсеке үстемдік етті, әр түрлі елдер нарығында тікелей инвестицияларды жүгезе асыратын және сонда өздерінің өндірістерін қалыптастыратын трансұлттық корпорациялар пайда болды.
Бесінші уклад 80-ші жылдардың ортасынан бастап қалыптаса бастады. Оның негізі болып микроэлектроника, информатика, биотехнология, жаңа энергия түрлері, ғарыштық кеңістікті меңгеру, байланыс спутниктерінің жетістігіне және т.б. табылады. Бұл кезеңде өнімнің сапасын бақылау, инвестицияларды жоспарлау, технология саласында тығыз қарым-қатынастар орнатыла бастады.
2.2. Ұйым және инновациялық қызметті қаржыландыру.
Инновациялық қызметтің келесі негізгі ұйым формалары бар:
Технопарктар ─ бұл
ғылыми-өндірістік территориялық кешендер,
бұлардың мақсаты шағын және орта
ғылымды қажетсінетін инновациялық
фирма-клиенттерінің дамуына
Мысал ретінде Зеленоградтық ғылыми-технологиялық парк, Пермдық ғылыми-технологиялық парк және т.б. келтіруге болады.
Бизнес-инкубатор ─ жаңа кәсіпкерлер өзінің ісін атқарудағы дағдыларын алады, бұнда оларға құқықтық, экономикалық консультативтік көмек көрсетіледі.
Технополистер заман талабына сай ірі ғылыми-өнеркәсіптік кешендер, сонымен қатар университеттер және басқа да жоғары оқу орындары, ғылыми-зерттеушілік институттар болып табылады. Бұл жерде жаңа ғылыми бағыттар және ғылымды қажетсінетін өндірістердің дамуына жақсы жағдайларды қамтамасыз етуді жүзеге асырылады. Мысал ретінде Обнинскідегі, Пущинедегі технополистер келтіруге болады. Бұлар альтернативті фирмалар және жаңалықтарды меңгеруге, ноу-хау, жаңа өнім және қызмет түрлерінің аз көлемдегі серияларының өндірісін меңгеруге маманданған.
Инновациялық қызметті жүзеге асыруда үлкен маңызды орынды оның анықтылық және өз уақытындағы қаржыландыруы алады. Бұл қызмет үлкен дәрежелі белгісіздік пен тәуекелділіктік сипатта болғандықтан, оның қаржылық реттелуіне қаржылық көздерінің көптілігі, инновациялық процестердің тез ауысатын ортасына икемділік пен бейімділік маңызды.
Ресейде инновациялық қызметтің негізгі қаржыландыру көздері ─ бюджеттік және бюджеттен тыс құралдар болып табылады.
Бюджеттік құралдарға федералды
бюджет, РФ субъектілерінің бюджеттері
және жергілікті бюджеттерді жатқызуға
болады. Ірі масштабты ғылыми-техникалы
Бюджеттен тыс құралдарға: 1) инновациялық қызметті жүзеге асыратын кәсіпорындар мен ұйымдардың өздерінің құралдары; 2) инвесторлардың құралдары.
1. инновациялық қызметті
жүзеге асыруға бағытталған
Амортизациялық аударымдар амортизациялық қорларда шоғырландырылады. Бұл қор инновациялық қызметті жүзеге асыруға қажетті жаңа құрал-жабдықтарды алудағы, жаңа технологияларды енгізудегі негізгі көзі болып табылады.
Өндірісті дамыту қоры кәсіпорынның билігінде қалатын пайдалардан қалыптасады. Бұл қордың құралдарына құрал-жабдықтарды алуға, өндірісті қайта құруды жүзеге асыруға, жаңа объектілердің құрылысын қаржыландыруға болады.
2. Инновациялық қызметке
Инновацияны жүзеге асыруға қажетті жалға беру сипатындағы қымбат құрал-жабдықтарды, энергетикалық қондырғыларды, компьютерлік және телекоммуникациялық техникалар алуға немесе қолдануға инвестициялаудың прогрессивті формасына, яғни лизингке жүгінеді.
Лизинг ─ машиналар мен құрал-
Экономикалық жағынан лизинг несиемен ұқсас. Басқаша айтқанда, егер лизингті жеделдік, қайтарымдылық, төлемділік шарттарына негізделген меншікті уақытша қолдануға беру құралы ретінде қарастырсақ, онда оны негізгі қорларға тауарлық несие ретінде классификациялауға болады, сонымен қатар олардың активті бөлігіне ─ құрал-жабдықтар жатады. Бірақ лизинг дәстүрлі банктік несиелеуден тартымдырақ, әсіресе тез дамытын шағын және орта кәсіпорындарға.
Лизингтік компаниялар, көпшілік жағдайда бір уақытта лизинг беруші ─ кәсіпорындарға, жиі жеке тұлғаларға құрал-жабдықтарды жалға беруді қамтамсыз ететін мамандандырылған мекеме. Лизингтік компанияның негізгі мақсаты өздерінің клиенттеріне қажетті бұйымдарды алуға және оларды алдын ала белгілі бір төлемге сай белгілі уақытқа жалға беру болып табылады. Жалгерлік аяқталғаннан кейін материалдық құндылықтарды жалға алушы фирма лизингтік компанияға қайтарып береді, не келісім шарттың уақытын ұзартады немесе қалдық құны бойынша оны сатып алады.
Лизингтің тиімділігі сонда, ол арқылы жалға алушы қазіргі техниканы сатып алуға көп ақша жұмсамайды. Бұл жалгерлік форма шағын және орта кәсіпорындар үшін тартымды. Лизинг тұтынушылардың ғылым мен техниканың жаңа жетістіктеріне жол ашады.
Лизингтің экономикалық мазмұны және оның жалға беруден (аренда) айырмашылығы келесілерден тұрады. Белгілі бір материалды құндылықтарды жалға алу кезінде жалға алушы олардың иесі болмайды және осы меншікке байланысты құқықтық міндеттерге ие болмайды. Лизингті алушы меншік құқықтарына байланысты міндеттерді өзіне жүктейді. Лизингті беруші жалға беруші сияқты лизинг объектісінің иесі болып қалады. Лизинг объектісін жойылуы немесе қолдану мүмкін емес жағдайда лизингті алушы қарызды өтеу міндеттерінен босатылмайды.
Кей кезде, лизингтің жалға беруден айырмашылығы тек қана құқықтық аспектілерде және келісу жағдайларына байланысты деп қарастырады. Бірақ, шын мәнінде бұл олай емес. Лизинг алушы жалға берушіден айырмашылығы, ол лизинг берушіге ай сайын ақы төлемейді, амортизациялық аударымдардың толық сомасын төлейді. Лизинг объектісінде дефектер болған жағдайда лизинг алушы объектіні жеткізушіге наразылық білдіреді, ал лизинг беруші кепілділік міндеттерінен толықтай босатылады. Жалпы жалгерлік келісімдік қатынастар сатып алу сату қатынастырына ауыстырылады, бірақ меншік құқығы берілмейді. Осыдан, келісімнің бастапқы уақытында лизинг объектісі біршама үлкен сомаға амортизацияланады, бұл амортизация нормаларына сәйкес жүзеге асырылады. Жалға алу кезінде және ол бойынша төлемдерді төлеу көлемі нарық конъюнктурасына (сұраныс пен ұсынысқа) байланысты. Лизингтің жалгерліктен айырмашылығы лизингті алушы келісімнің аяқталу уақытында алдын ала келісілген бағамен өз меншігіне ала алады. Лизингтік компания мен лизингті алушылардың арасында жалға беру уақыты, оның үзілмеуі, жалгерлік төлемдердің көлемі, оларды төлеу кезеңі, лизинг объектісін сақтандыру жағдайлары, жалгерлік аяқталған уақытта мүлікті иемдену мүмкіндіктері туралы өзара келісімге келіп, қол қояды. Жалгерліктің уақытына байланысты лизингтер былай бөлінеді: рейтинг ─ бірнеше күннен бастап бір айға дейін жалға беру, хайринг ─ бірнеше айдан бастап бір жылға дейін, лизинг тегінде ─ бір жылдан бастап бірнеше жылға дейін. Халықаралық тәжірибе бойынша лизинг уақыты құрал-жабдықтардың амортизация периодына байланысты. Әдетте лизинг уақыты мына периодтан аз: