Кәсіпорынға қосымша инвестиция тартудың тетіктерін жақсарту

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Октября 2013 в 12:59, курсовая работа

Краткое описание

Соңғы жылдары өңдеуші салалардағы, ауыл шаруышылығындағы ұзақ және қысқа мерзімді сипаттағы инвестициялық жобаларға ақша ресурстарын бағыттауға және халық тұрмысының әлеуметтік проблемаларын шешуге мүмкіндік беретін, 2/3 бюджеттік түсімдерді қамтамасыз ететін, экспортты шикізаттық салалардың даму арқасында, инвестициялық арнаға отандық капиталдың біртіндеп қайтарылу процесі байқалады.
Осы факторларды есепке ала, дипломдық жұмысымның мақсаты ретінде Қазақстанның инвестициялық ахуалын талдап, кәсіпорындардың инвестицияны пайдалануын арттыру жолдарына тоқталдым

Содержание

Кіріспе 3

1 Инвестициялық қызметтің экономикалық маңызы мен теориялық негіздері
1.1 Инвестицияның мәні, түрлері және инвестициялық саясат 6
1.2 ҚР экономикалық жүйесіне инвестицияны пайдаланудың ерекшеліктері және факторлары 15
1.3 Инвестицияны пайдаланудың көрсеткіштері және оны анықтау әдістемелері 30

2 “либелла боттлерс” ЖШС экономикалық жағдайын және инвестицияны пайдалану тиімділігін талдау
2.1 ҚР инвестициялық ахуалының мәні мен факторлары және оны бағалау 36
2.2 “Либелла Боттлерс” ЖШС экономикалық жағдайын талдау 45
2.3 “Либелла Боттлерс” ЖШС инвестициялық дамуын талдау 52

3 кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын жетілдіру жолдары
3.1 “Либелла Ботлерс” ЖШС ішкі инвестициялық мүмкіндіктерін пайдаланудағы стратегиясын дайындау 60
3.2 Кәсіпорынға қосымша инвестиция тартудың тетіктерін жақсарту 65

Қорытынды 70
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН әдебиет КӨЗДЕРІ

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-Кәсіпорынның-инвестициялыққызметін-талдау.doc

— 478.00 Кб (Скачать документ)

Мұнай мен газ салаларына салынатын инвестициялар табиғи байлықтарды табуға, мұнай мен газ өндіруге және сатуға мүмкіндік береді, ал, мемлекет бюджеті бұл сатулардан қаражат алады. Бірақта, экологияның нашарлауына, қоршаған ортаның ластануына алып келеді. Сонымен қатар, бұл салаға ҚР – ның еңбек ресурстары жеткіліксіз мөлшерде тартылады.

Шетел инвестицияларын  пайдалана отырып, мемлекет реттеуінің дұрыс жүйесінде тек мұнай  саласын ғана емес, сонымен қатар, өңдеуші өнеркәсіптерді, құрылыс, ауыл шаруашылығы және экономиканың басқа  салаларын, ғылым, мәдениет және білімді де жоғарылатуға болады.

Дүние жүзі экономиканы тез ғаламдану  жағдайында дамушы елдер арасында шетел  инвестицияларын тарту бойынша  бәсеке қалыптасты.

Шетел инвестицияларын пайдалану, кәсіпкерліктің еркін салаларына капиталды  халықарлық еңбек бөлінісінде ел экономикасының қатысу жүйесімен шартталған, объективті қажеттілік болып келеді. Басқа елдердің тәжірибесі көрсеткендей, капиталдың құйылуынсыз дүниежүзілік шаруашылық қызмет ете алмайды. Дүниежүзілік шаруашылыққа шоғырлану мақсатын қойып, Қазақстаннан капиталды шығару және оның Қазақстанға импорт процессінің объективтілігін мойындамауға болмайды. Шетел инвестициялары үшін тартымдырақ салалар – жақсы экспорттық потенциалы мен кең монополияланбаған ішкі нарығы бар, табиғи ресурстарды эксплуатациялаумен байланыстылар жатады. Инвестицияны ең көп қажетсінетін салалар: электр энергетикасы мен машина жасау – минимум инвестиция ресурстарын алады. Жинақтау дифициті жағдайында барлық салалар қосымша қаржыландыру көздерінде қажетсінеді, бірақ шетел инвесторларының жанар–жағармай және шикізат салаларына бағытталуы экономика құрылымының қайта құрылуын және экономика өсімін тоқтаттырады.

Мұндай “құрылымдық қиылыс” жайдан–жай болмаған – ол, халықаралық еңбек бөлінісіндегі біздің еліміздің нақты жағдайын біршама бейнелейді. Біздің еліміз халықаралық экономикалық сахнада, біріншіден тұтыну сұранысына есептелген, шикізат ресурстары мен алғашқы өңдеуден өткен өнімдер экспортері ретінде және шетелдің жоғары техникалық өнімдері мен қызмет көрсетулерінің импортері ретінде, шығады. Шетел капиталы ұлттық шаруашылықтың дамуына ешқандай әсер етпей, қазір шетел сұранысына бағытталған өндірістің тек бірнеше салаларына “өсу катализаторы” ретінде әсер етеді.

Инвестициялық саясатты өмірге келтіру, салалардың басымды бағыттарын талдау - өте қиын, себебі, нарықтық механизмдер әрдайым жүзеге аса бермейді. Мұнда, мемлекет жағынан қатаң бақылау қажет; және де экономикалық перспективалармен байланысты салалармен аймақтарға бағытталған инвестицияларды қолдау үшін жақсы саясат; шетел инвестицияларын тарту бойынша ғылыми тұрақталған, өлшенген, белсенді мемлекеттік саясат та қажет.

Шетел инвестицияларының көлемі өндірістік секторға ҚР–дың экономикалық саясатына және елдегі саяси жағдайға байланысты болады деген көзқарас бар. Дүниежүзілік тәжірибе көрсеткендей, шетел капиталын тарту бойынша ойластырылған саясат – дағдарыстан шығудың ең тиімді әрі тіке жолы, елдің әлеуметтік – экономикалық дамуын тездету тұтқасы.

Біздің ел дамуының инновациялық үлгісі фундаменталді ғылымға және ғылыми кадрларды дайындауға көп шығындарды қажет етеді. Өндірістік білімдер (ноу–хау) мен технологиялық прогреске бағытталатын, ел дамуының белгіленген инновациялық жолы ғылым мен білімдегі және олардың реформалауындағы инновациясыз мүмкін емес. Қазақстанда бұл салалар тез дамушы дүниежүзілік ғылыми – техникалық және инновациялық процестерге, ғаламдану мен ақпараттануды қосқанда, әсер ете алатын дамушы болу керек.

2015 жылға дейінгі инндустриалды–инновациялық даму программасында ғылымды дамытудағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары нақты белгіленген: оның стратегиялық әлеуметтік–экономикалық артықшылықтарының бірі ретінде анықталуы; ғылыми сиымды, ресурс сақтаушы және экологиялы таза өндірістердің өңдеуге бағытталған зерттеулерін дамыту; ғылыми жетістіктердің іс жүзінде жүзеге асуын қамтамасыз ететін; механизмдер мен ынталар жүйесін құру; ғылыми зерттеулер жүргізу үшін материалдық базаны тұрақтандыру. Бұл мақсаттарға жету үшін ғылым саласында сапалы адамдық капитал қажет. Сондықтан, мемлекет саясаты кадрлық потенциалды сақтау және дамыту, жоғары біліктілігі бар мамандарды дайындау және аттестациялау, оларды әлемдегі ең жақсы ғылыми орталықтарда оқыту, жас талантты ғалымдарды қолдау сияқты бағыттарды өзіне қосады.

Мемлекеттің ғылыми–техникалық және инвестициялық саясатының құрылымдық бөлігі аммортизациялық саясат болып келеді. Амортизация нормасын, оның салыну тәртібі мен пайдалануын белгілей отырып, мемлекет ұдайы өндіріс қарқыны мен мінезін және негізгі құралдардың жаңару жылдамдығын реттейді.

Амортизациялық саясатты дайындағанда мемлекет келесі қағидаларды ұстану керек:

  1. негізгі құралдардың қайта бағалауын жүргізгенде уақыттылық және дұрыстылық, әсіресе, инфляция жағдайында;
  2. амортизация нормалары негізгі құралдардың функционалды белгіленуіне байланысты және олардың моральді, физикалық тозуын объективті ескеріп, дифференсацияланған болу керек;
  3. амортизация нормалары тек қарапайым үшін жеткілікті болу керек емес, сонымен қатар кеңейтілген ұдайы өндіріске мүмкідік туғызады;
  4. Меншіктің барлық формаларындағы кәсіпорындарда және шаруашылықтың ұйымдастырушылық формаларында амортизациондық аударымдар олардың функционалдық белгіленуінен қолданылуы керек;
  5. барлық кәсіпорындармен тездетілген амортизация жүргізілу мүмкіншілігі;
  6. амортизациялық саясат негізгі құралдардың жаңаруына және ҒТП –ның тездетілуіне себепші болу керек.

Дұрыс амортизациондық  саясатты жүргізе отырып, мемлекет кәсіпорындарға негізгі құралдардың  қарапайым және белгілі түрде  кеңейтілген ұдайы өндірісі үшін жеткілікті инвестициялық қаражаттарды иемденуге мүмкіндік береді.

Қазақстандағы инвестициялық қызметті белсендіру үшін экономикалық, ұйымдатырушы–құқықтық және методикалық сипаттағы шаралар жиынтығын жүзеге асыру қажет.

Экономикалық сипаттағы  шаралар:

  1. импорт алмастырушы бәсекеге қабілетті салалар мен өндірістің әлемдік технико–технологиялық деңгеін сақтаған салаларды қолдау;
  2. тұрып қалғандарды тиеу және барлық өндірістік қуаттарды толықтай пайдалану арқылы өндірістің капитал сиымсыз өсімінің мүмкіншіліктерін қолдану, біріншіден, бәсекеге қабілетті өнім шығаратындар;
  3. нақты сектор кәсіпорындарының салықтық жүктемелерін төмендету және салықтық жеңілдіктерді реттеу;
  4. инвестицияларға жинақ ақшаларды трансформациялау механизмдерін жетілдіру, осы негізде нақты сектордағы инвестициялық қызметті ынталандыру;
  5. негізгі құралдарды қайта бағалау кезінде олардың нарық құнын анықтау, пайдаланылмаған өндірістік жабдықтарды инвентарлау, меншікке аммортизация мен салық салу кезінде кәсіпорын балансынан оны босату, оның тиімді бөлігін шығару және оны пайдалану механизмін дайындау;
  6. инвестициялық қызметтегі бәсеке ортасын дамыту, капиталдық құрылыс тиімділігін арттыру;
  7. экономиканың нақты секторына несие ресурстары бағыттауды ынталандырушы деңгеңге дейін банктік пайыз мөлшерлемесін біртіндеп төмендету;
  8. корпоративті қағаздар қазақстандық нарығын қалпына келтіру және оның қатысушыларының санын кеңейту;

Ұйымдастырушы – құқықты  сипаттағы шаралар:

  1. инвесторларға мемлекеттік кепілдіктер жүйесін дамыту мемлекеттің, фирмалардың, жеке тұлға қаржылық құралдарын біріктіруші, кепілдемелік және кепілдік (залог) қорларды құру арқылы ;
  2. қаржылық лизинг пен ипотекалық несиелеуді дамытуды тездету;
  3. банктердің арнайы шоттарындағы амортизациялық қорлар құралдарын аккумуляциялау механизмін құру және осы негізде амортизациялық аударымдар пайдалануын бақылауды күшейту;
  4. инвестициялық сайыс арқылы кәсіпорындар акцияларын сатып алған инвестициялардың міндеттемелерін орындауды инвентарлау, олардың орындалуын бақылау;
  5. инвестициялық қызметтің қажетті заңды базасын қалыптастыруды жандандыру;
  6. приватизацияланған үйлер мен ғимараттар арқылы жерге деген меншік туралы сұрақтарды шешу негізінде кәсіпорындардың инвестициялық тартымдылығын арттыру.

Методикалық сипаттағы  шаралар:

    1. корпоративті қағаздардың қазақстандық нарық қызметінің құқықтық қамсыздандыруын жетілдіру;
    2. бағытты программаларды дайындау, қарастыру және мақұлдау процесстерін реттеу, олардың жүзеге асырылуының қаржылық қамтамасыздығы бойынша талаптарын қатаңдату;
    3. инвестициялық шешімдерді оптимизациялау үшін кәсіпорындардың инвестициялық тартымдылығын бағалау бойынша методикалық ұсыныстарды дайындау және пайдалану;

 

    1. Инвестицияны пайдаланудың көрсеткіштері және оларды анықтау әдістемелері

 

Инвестициялар экономикалық категория  ретінде көптеген маңызды функцияларды атқарады,осы функцияларсыз кез  – келген мемлекеттің дамуы мүмкін емес. Макродеңгейде инвестициялар келесілерге негіз болады:

  • ұлғаймалы ұдайы өндірістің саясатын жүргізу үшін;
  • ғылыми – техникалық прогресті ( ҒТП ) тездету, сапаны жақсарту және отандық өнімге бәсеке қабілеттілікті қамтамасыз ету үшін;
  • қоғамдық өндірісті құрылымдық қайта құру, халық шаруашылығының барлық салаларының теңгермелі дамуы үшін;
  • өнеркәсіптің қажетті шикізат базасын құру үшін;
  • азаматтық құрылыс, денсаулық сақтауды, мәдениет, жоғары және орта мектептерді дамыту және басқа әлеуметтік проблмларды шешу үшін;
  • жұмыссыздық проблемаларын жеңілдету немесе шешу үшін;
  • табиғи ортаны қорғау үшін;
  • әскери - өнеркәсіптік кешенді конверсиялау үшін;
  • қорғаныс қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін және басқа көптеген проблемаларды шешу үшін;

Көптеген уақыт бойы экономикалық дағдарыстағы ҚР–дың экономикасы үшін инвестициялар оның тұрақтануы, жандануы мен көтерілуіне қажетті. Өндіріске жаңа технологияларға салынған инвестициялар қатаң бәсекелік күресте (сыртқы және әшкә нарықта) аман қалуға көмек етеді, өз өнімінің бағаларын икемдірек реттеуге мүмкіндік береді, тағы сол сияқты.

Макроэкономикалық ауқымдағы  бүгінгі әл – ауқаты кешегі инвестициялар  нәтижесі болып келеді, өз кезегінде, еңбек өнімділігімен және одан да жоғары әл – ауқаттың ертеңгі өсуінің  негізін қалайды. Біз әрдайым  бүгінгі және ертеңгі тұтыну арасындағы таңдауда боламыз. Бүгін өндірілгеннің қаншалықты көп бөлігін біз сақтаймыз және инвестициялаймыз, ертең соншалықты көп мүмкіншілігіміз болады. Керісінше, қаншалықты бүгінгі ресурстарды тұтынуға көп пайдаланамыз, соншалықты ертең қажеттіліктің жоғары деңгеіне мүмкіндігіміз болады.

Инвестициялар микродеңгейде  де айрықша маңызды роль атқарады. Бұл деңгейде олар келесі жетістіктерге  жету үшін қажет:

  • өндірісті кеңейту және дамыту;
  • негізгі қордың шамадан тыс моральдық және физикалық тозуын болдырмау;
  • өндірістің техникалық деңгейін көтеру;
  • нақты кәсіпорын өнімінің бәсеке қабілеттілігін қамтамасыз ету және сапасын көтеру;
  • табиғатты қорғау шараларын жүргізу;
  • басқа кәсіпорындардың активтеріне қаражат салу және құнды қағаздар сатып алу;

Қорытындылай келе олар болашақта кәсіпорынның қалыпты  жұмыс істеуін, тұрақты қаржы  жағдайын және табысты максималдауды  қамтамасыз ету үшін қажет.

Осылай, инвестициялар  маңызды экономикалық категория  болып келеді және макро мен микро  деңгейде  маңызды роль атқарады, біріншіден, қарапайым және кеңейтілген ұдайы өндіріс, құрылымдық жаңғырту, табысты максимизациялау және осы негізде көптеген әлеуметтік проблемеларды шешу үшін.

 Бірақ, ортақ экономикалық  тұрақсыздық, инфляцияның жоғары  қарқындылығы , кәсіпорынның табыстылығының деңгейін асыратын несие бойынша жоғары пайыздық мөлшерлемелер үшін соңғы жылдары капитал салымдары мен капитал құрылысының көлемі бірден қысқарды. Бұл, республиканың экономикалық жағдайын нашарлатып жіберді.

Инвестицияның құрылымын ортақ және жеке деп бөледі.

Инвестицияның ортақ құрылымына нақты және портфельді (капитал құрушы және қаржылық) деп бөлінуін жатқызуға болады. Инвестициялардың жалпы көлемінің көп бөлігін капитал құрушы инвестициялар құрайды. 1996 жылы инвестицияның жалпы көлеміндегі капитал құрушының үлесі 81% құрады, ал қаржылықтың үлесі тек 19% болды. Кейбір жеке құрылымдарға капиталдық салымдар құрылымының келесі түрлері жатады: технологиялық, ұдайы өндірістік, салалық және территориялық.

Технологиялық құрылым деп –  шығындар түрлері мен олардың жалпы сметалық құндағы үлесі бойынша белгілі бір объект құрылысына кеткен шығындар құрылымы түсініледі. Яғни, капитал салымдарының қанша үлесі олардың жалпы мөлшерінде құрылыс – монтаж жұмыстарына, жабдықтар мен машиналар сатып алуға және олардың монтажына, жобалау – іздестіру жұмыстарына кететіні көрсетіледі. Капитал салымдарының технологиялық құрылымы оларды пайдалану тиімділігіне елеулі әсер етеді. Бұл құрылымның жетілдірілуі жобаның сметалық құнындағы жабдықтар мен машиналардың үлесінің оңтайлы деңгейге дейін өсуінде тұжырымдалады. Негізінен капиталдық салымдардың технологиялық құрылымы келер кәсіпорынның негізгі өндірістік қорларының активті және пассивті бөліктерінің арасындағы қатынасты қалыптастырады.

Информация о работе Кәсіпорынға қосымша инвестиция тартудың тетіктерін жақсарту