Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2014 в 15:15, реферат
Кәсіпорын - белгілі бір өнім өңдіретін немесе халыққа қызмет көрсететін заңды тұлға.
Кәсіпорынның шаруашылық қызметтерінің нәтижелілігі - өнімді өткізу мен көрсетілген қызметтен түскен пайдадан ғана емес, сонымен қатар өндірістік қорлардың көлемінен (негізгі және өндірістік айналым қорлары), басқада тұтыну қорларының жиынтығынан (әлеуметтік саладағы), жиналған қаражаттардан және тағы басқалардан көрінеді.
Кәсіпорын экономикасы - өндірістік жэне өндірістен тыс қатынастардың жиынтығы: айналыс қоры, дайын өнім, кәсіпорынның банктегі есеп-шоттары, ақша қаражаты, бағалы қағаздары, меншіктің материалдық емес қорлары (патенттер, лизенция т.б), өнімді өткізуден және әр түрлі көрсетілген қызметтерден түскен табыстар мен пайда.
1.Кәсіпкерлік қызмет және оған қатысушы серіктестіктің қызметтері олардың өз қызметтері болып саналады, ал оның міндеттері бойынша кез келген қатысушы өзінің барлщқ мүлкімен жауап береді.
2. Серіктестік жеке сенімді қатынастарға
негізделеді: егер бір қатысушы серіктестіктің
атынан мәміле жасаса, мүліктік жауапкершілік
басқа қатысушыға жүктеледі.Сондықтан толық серіктестік
отбасылық кәсіпкерлік ретінде дамып
келеді. Егер толық серіктестікке оны
ұйымдастырушылардың бәрі жеке
адам ретінде кіретін болса, белгілі бір
жауапкершілікті жағдайға кезіккенде
(мәселен
банкротқа ұшырағанда), өмірге қажетті
күнделікті заттарды қоспағанда, басқа
да жеке мүліктерін, атап айтқанда: көлік,
саяжай, жиьаз, қылқалам туындысы, зергерлік
бұйымдар, басқа да құнды
мүліктерді есепке алады.
Аралас (командитті) серіктестікте бір немесе бірнеше кағысушылар несие берушілер алдында бүкіл мүліктерімен жауап береді. Біреуінің немесе бірнешеуінің жауапкершілігі олардың әрқайсысының қоғамдастықка қосқан үлесі (салымы) бойынша шектеледі.
Бүкіл мүліктерімен тәуекелге барып отырған қатысушы қоғамдастықтың ішкі мүшесі немесе толық серіктестіктер, ал тек қана қосқан үлестерінің мөлшер шамасына сәйкес тәуекел етушілер сыртқы қатысушылар немесе командиттер деп аталады.
Салық тұрғысынан қарағанда, командитті серіктестік - жауапкершілігі шектеулі қоғам. Мүндай құрылым жауапкершілігі шектеулі командитті серіктестік деп аталады. Оның артықшылығы - салық төлеу тұрғысынан қарағанда, ол - серіктестік, ал азаматтық құқық тұрғысынан алсақ, жауапкершілігі шектеулі қоғамдастық. Әдетте олардың капиталы да көп болмайды.
Біздің елімізде командиттік серіктестіктің аралас түрі әлі дами қойған жоқ. Алайда белгілі бір жағдайда оған деген қажеттіліктің тууы әбден мүмкін. Мысалы, әлеуметтік-экономикалық маңызы бар бағдарламаны жекелеген азаматтар береді, ал оған сенім білдіріп, мақұлдайтын кәсіпорындар да кездеседі. Бірақ оны жүзеге асыруға қажетті қаражат екеуінде де болмауы мүмкін. Осыған орай, серіктестіктің аралас түрі құрылады, жеке тұлға оған шектеулі жауапкершілікпен алынса, ал кәсіпорын толық мүшелік құқымен кіреді. Міне бұл жағдайда:
-біріншіден, кәсіпорындар банк несиесінің кепілі бола алады;
-екіншіден, кәсіпорынның бақылауымен оған жеке адам билік етеді.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік - алдын-ала белгіленген пайшылар үлестерінің негізінде құрылған бірлестік. Оның мүшелерінің (жеке және заңды иегерлері) қоғамның міндеттемелерін орындауда жауапкершіліктері жоқ, олар тек өз үлестерінің мөлшерінде ғана тәуекелділік жасай алады.
Шетелдік фирмаларда (қазір біздің елімізде жиі кездесетін) "Лимитед" (қысқаша Ltd) "шектеулі серіктестік" деген ұғымды білдіреді. Көпшілік жағдайда жауапкершілігі шектеулі қоғамда кампаньондар арасында өзара берік байланыс қалыптасады. Бұл отбасылық кәсіпорындар ұйымдастыруға өте қолайлы. Егер қоғамдастықтың бар мүлкі бір адамның билігінде болса, онда ол "бір адамның қоғамы" болғаны.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті ұйымдастыру үшін құрылтай келісім шарты жасалады, онда:
- кәсіпорынның аты;
- мекен-жайы;
- негізгі қызмет бағыттары;
- қызмет түрлері;
- капитал мөлшері;
- қоғам мүшелерінің үлестері көрсетіледі.
Айта кететін бір жәй - серіктестіктерді ұйымдастырушылардың ақша қаражаттарынан басқа кұнды материалдық заттар түрінде заттық үлестері, мәселен, автокөлік, жылжымайтын мүліктер болуы да мүмкін.
Қоғамдастық мүшелерінің құқығы жылына бір немесе екі рет өткізілетін жалпы жиналасында анықталады да, ал одан әрі ол тереңдетіліп, дамып отырады.
Жалпы жиналыстың маңызды шешімдер қабылдауға құқығы бар, атап айтқанда:
- жылдық балансты бекітеді;
- кірісті белгілі бір мақсатты көздеп, орынды пайдаланады;
- шығындарды неғұрлым аз жұмсау жолдарын айқындайды;
- қоғамның төрағасын сайлауды немесе қайта сайлауды көздейді, оған әр түрлі мәселелер бойынша міндеттержүктейді.
Қоғамдастық жұмысын бақылауды бақылау комиссиясы, экономикасы дамыған елдерде бақылау кеңесі іске асырады, оның мүшелерін жалпы жиналыста тағайындайды.
Акционерлік қоғам - рұқсат ету жолымен құрылатын заңды кұқығы және өзіндік жарғысы бар бірлестік. Акцио-нерлер болуға жеке адам да, заңды тұлғалар да хақылы. Акционерлік қоғам құру үшін нотариус куәландырған серіктестік келісім шарты жасалады, оны қоғамның жарғысы деп атайды. Акционерлік қоғамды ұйымдастырушылар санына шек қойылмайды. ¥йымдастырушы тіпті бір адам болуы да мүмкін.
Қоғамның негізгі жарғылық қорының мөлшері сол елдің қолданылып жүрген заңымен белгіленеді. Мәселен, жарғылық қор Австралияда - 1 000 000 шиллинг, ФРГ-де -100000 марка, Швейцарияда - 50 000 швед маркасы, Ресейде: жабық акционерлік қоғамға - 10 000 сом, ал ашық қоғамға 100 000 сом мөлшерінде белгіленген.
Акционерлік қоғамның негізгі капиталы акцияларға бөлінеді, акцияның ақшалай сомасы негізгі капитал көлеміне сай келуі шарт.
Ашық қоғамның акциялары еркін сату жолымен таратылады, оны кәсіпорындар да, жеке адамдар да сатып ала алады.
Акционерлік қоғамда акционерлердің жалпы жиналысы өткізіліп тұрады. Онда тексеру және есеп (санақ) комиссиясы құрылады. Олардың мүшелері бір немесе бес жылға сайланады. Сонымен қатар директорлар кеңесі (бақылау кеңесі) ұйымдастырылып, оның төрағасы бір жыл мерзімге тағайындалады. Ал директорлар кеңесі атқарушы директорды және оның мүшелерін сайлайды
Қорытынды.
Қазір Қазақстанда мынадай ұжымдық – праволық формалары кәсіпкерліктер құрылуда.
Төменгі кестеге баса көңіл аударып көрсеңіз және кәсіпкерлікпен айналасуға ойыңыз болса, барлық жоспарды осыдан бастаған жөн болады.
Нарықтық экономика еркін кәсіпкерлікті қолдайды.
Кәсіпкерлік іс әрекеттің ерекшеліктері: тәуекел; белсенділік; тәуелсіздік; тапқырлық; жауапкершілік; белсенді түрде іздену.
Қолданылған әдебиеттер