Кәсіпорын өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Декабря 2013 в 12:54, дипломная работа

Краткое описание

Жұмыстың мақсаты ─ өнімнің бәсеке қабілеттілігін арттыруды теориялық және тәжірибелік тұрғыда зерттеу және нақты тұжырымдар мен ұсыныстар жасау. Алға қойылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттер шешілуі керек:
- өнімнің бәсеке қабілеттілігінің экономикалық мәнін ашып көрсету;
- өнімнің бәсеке қабілеттілігіне әсер ететін факторларды анықтау;
- өнімнің бәсекеге қабілеттілігін бағалау әдістерін зерттеу;
- ұсынылған әдіспен «ФудМастер» ЖШС-нің өнімінің бәсекеге қабілеттілігін бағалау;
- «ФудМастер» ЖШС өнімінің бәсеке қабілеттілігін жоғарылату жолдарын ұсыну.

Содержание

КІРІСПЕ 3

1 КӘСІПОРЫН ӨНІМІНІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ 6

Кәсіпорын өнімінің бәсекеге қабілеттілігінің экономикалық
мәні 6

Өнімнің бәсеке қабілеттілігін бағалаудың әдістемелік
негіздері 13

Өнімнің бәсекеге қабілеттілігіне әсер ететін факторлар 19

«ФУДМАСТЕР» ӨНІМІНІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН
ТАЛДАУ 28

«ФудМастер» ЖШС-нің өндірістік-шаруашылық қызметін
талдау 28

«ФудМастер» өнімінің бәсекелік ұстанымын бағалау 42

КӘСІПОРЫН ӨНІМІНІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН
Жоғарылату 48

Бәсекелік ұстанымды жоғарылату стратегиясы 48

3.2 «ФудМастер» ЖШС өнімінің бәсекеге қабілеттілігін
арттыру жолдары 56

ҚОРЫТЫНДЫ 62

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР КӨЗДЕРІ 65

ҚОСЫМШАЛАР 67

Прикрепленные файлы: 1 файл

Кәсіпорын өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру.doc

— 775.00 Кб (Скачать документ)

 

Кұд, Ктд = аі * хі + ... + аn * хn                                             (13)

 

Мұндағы Атд және Аұд  -  өндірістің техникалық деңгейінің көрсеткіші және ұйымдастырушылық деңгейінің көрсеткішінің  салмақтандыру коэффициенттері [6].

Өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің бағалауының бірнеше  әдістемесін жиі қолданылады. Оларға жататындар: матрицалық әдіс; негізгі тәсіл ретінде кәсіпорын тауарының бағалануын қолданылатын әдіс; бәсеке тиімділігі теориясында негізделген әдіс.

Матрицалық әдіс негізінде координаттар жүйесінің қағидасы бойынша жасалынған матрица талдауы жатыр. Мұндай  әдістерге келесі матрицалар: BCG, Мак-Кинзи, Хоуфер, ADL, И.Ансофф, Д.Абель бойынша стратегиялардың өрісі жатады.

Екінші әдіс тауардың бәсекеге қабілеттілігінің параметрлерінің анықтамасы (бағалық және бағадан тыс) және оның бәсекеге        қабілеті деңгейінің интегралды көрсеткішінің есептеуінде негізделген.

Тиімді бәсеке теориясы өндірістің ұйымдастырушылық-техникалық деңгей көрсеткіштерінде көрсетілген өнеркәсіптік кәсіпорындардың шаруашылық қызметінің ең маңызды бағаларын қамтиды. Оларға кәсіпорынның өндірістік қызметінің тиімділік көрсеткіштерін, оның қаржылық жағдайының көрсеткіштерін, тауарды өткізудің ұйымдасқан тиімділік критерийлері мен тауардың бәсекеге қабілеттілігін жатқызуға болады [6].

Тауар сапасының теориялық мәні  ─ тұтынушылардың тауарға деген сұранысын қанағаттандырудың түрлі критерийлерін шығару, яғни сапа фирманың бәсекеге қабілеттілігінің кепілдемесі болып табылады.

Әлуетті сатып  алушылардың қажеттілігін білу негізінде  параметрлердің номенклатурасы анықталады, оларды өндіруші нарықта өнімді бағалау  үшін пайдаланылады.

Егер  салыстыру үшін базаны анықтау мүмкін болмаса үлгі          арқылы бәсекеге қабілетінің бағаларының жарнама әдісі  қолданыла           алады, әсіресе нарықта оның үйлестігі болса және белгілі жеңгейлі өнім бағаланса. Үлгі-тауар қажеттілікті  модельдейді және  оның  параметрлерін бағалауға ұсынылған параметрлермен салыстыруға мүмкіндік береді.

Сонымен бірге, бәсекеге қабілеттілігі талданатын өнімнің тұтынушыға қажетті параметрлермен салыстыру арқылы бағаланады. Салыстырылатын параметрлер өлшеудің бірдей шамаларымен көрсетіледі. Салыстыру техникалық және экономикалық параметрлердің топтары бойынша іске асырылады.

 

 

 

 

    1. Өнімнің бәсекелік қабілеттілігіне әсер ететін   факторлар

 

Бәсекеге қабілеттілікті анықтайтын барлық факторларды мына топтарға бөліп көрсетуге болады:

    • Өнім және қызмет сапасы;
    • Өнім және қызмет бағасы;
    • Персоналдың квалификациялық деңгейі;
    • Өндірістің технологиялық деңгейі;
    • Қаржыландыру көздерінің қол жетерлігі;
    • Нарықтың қаныққандығы, сұраныс және ұсыныс.

Енді бұл факторларды ашып талдайық.

Өнім сапасы. Сапа - өнімнің ең маңызды сипаттамасы. өнім белгілі          бір сапаға ие болғаннан кейін ғана аналогтар қатарында лайықты                       оры алуы мүмкін. Сапаның түсінігіне мыналар кіреді: ұзақ уақыт            бойы қолдану, сенімділік, нақтылық, қолданудағы қарапайымдылығы, сонымен қатар ақаулардың болмауы. Бірақ әрбір өнімге сапаның                   аталған   қасиеттер сай келе бермеуі мүмкін. Мысалы, бір рет қолда-           натын стақаннан ұзақ уақыт қолдануын талап ете алмаймыз. Сондықтан, сапаның стандарттарға сәйкес келу деген маңызды көрсеткіші бар. Бұдан басқа өнім тұтынушылардың мына қажеттіліктерін қанағаттандыруы          тиіс:

    • Физикалық;
    • Техникалық;
    • Сенімділік;
    • Эксплуатациялық;
    • Эстетикалық;
    • Қауіпсіздік;
    • Экологиялық;
    • Шығынды (эксплуатациямен байланысты шығындар), т.б. [9].

Өнімнің бәсекеге қабілеттіліктің  бұл факторлардың маңыздылығын түсініп, біз оны кейінрек толығырақ қарастырамыз.

Өнімнің бағасы. Баға ─ өнімнің құндық ақшалай сипаттамасы болып табылатын экономикалық категория. Ол өнім өндірісіне кеткен жұмыс уақытының жанама өлшемі. Өнім бағасын анықтайтын факторлар:

    1. өндіріс жалпы шығыны;
    2. қоғамдық еңбек шығыны;
    3. өнім саны;
    4. өнім қызметі мен қасиеті;
    5. персоналдың квалификациясы;
    6. өндірістің технологиялық деңгейі;
    7. Мемлекеттің салық туралы заңы;
    8. Өнімді тасымалдау жәнесақтаумен байланысты шығындар;
    9. Өнімді өткізу үшін ғимараттар арендасымен байланысты шығындар;
    10. Өнімнің орамы;
    11. Фирманың танымалдылығы;
    12. Сервистік және кепілдік қызмет көрсетуінің деңгейі;
    13. Фирманың маркетингтік қызметі;
    14. Өнімге сұраныс пен ұсыныс;
    15. Фирманың садалық баға стратегиясы.

Кәсіпорынның баға саясатын жетілдіру  бағыты нақты өндіріс орындарының  тиімділігі нәтижесінде ғана жүзеге асуы мүмкін. Оның            себебі де бар, өйткені нарықтық баға бәсекесі кезінде қандай да бір             өнімнің құнын төмендету (ең төмен мөлшерде табыс таба отырып) үшін кәсіпорын өзі шығаратын басқа да өнім түрлерінен немесе қызметтерден тұрақты табыс алуы қажет. Онсыз баға бәсекесінде нәтижелі күресу            мүмкін емес. Жалпы баға саясатының қалыптасу реті мен оған әсер            ететін факторлардың сипатын сурет-3 көруге болады [6].

 

 

 

Нарықтағы жағдай


Тұтынушылар




Мемлекет





                     


                 


 

 

Бәсекелестердің   ықпалы





Шикізат ресурс-тары, шығындар





                                           


 



 


 

           



 


 

 

  Ескертпе - Әмірбекұлы Ержан         Автореферат

Өнімнің бәсекелік қабілетін  арттыру механизмін қалыптастыру

 

 

3-сурет -  Кәсіпорынның баға саясатын қалыптастыру

Баға қалыптасу стратегиясын таңдағанда белгілі бір өнім үшін қандай мақсат қойылатынын анықтау керек. Негізінде келесі мақсаттар қойылады:

    • Фирманың өміршеңдігін қамтамасыз ету, мысалы, қатал бәсекелестік кезінде;
    • Ағымдағы пайданы максимилизациялау;
    • Көрсеткіштік үлесі бойынша нарықты жаулап алу;
    • Өнім сапасының көрсеткіштері бойынша жаулап алу, яғни белгілі бір өнімнің имиджін қалыптастыру. Бұл жағдайда баға жоғары болады.

Бағаның өзгеруі факторлар әсер ететін уақыттың ұзақтығына қарай үш кезеңге бөлінеді:

    • Баға қозғалысының ұзақ мерзімдік тенденциясы ғылыми-техникалық жетістіктердің, мемлекеттік және монополиялық саясаттың, табиғи құбылыстардың әсері нәтижесінде тауардың және ақша құнының өзгеруін көрсетеді;
    • Орта мерзімдік циклдік бағаның ауытқуы сұраныс пен ұсыныстың салыстырмалы қалпының түрлі кезең циклдары бойынша өзгеруі нәтижесінде пайда болады;
    • Қысқа мерзімдік бағаның өзгеруі әр түрлі маусымдық және кездейсоқ факторлардың әсерінен туындайды.

Ішкі нарықтағы бағаларға ақшаның сатып алу қабілетінің өзгеруі, ал сыртқы сауда бағаларына ұлттық ақшаның валюталық курсының өзгеруі әсер етеді.

Бағаның түрлері:

    1. Көтерме баға – кәсіпорын үлкен мөлшерде басқа кәсіпорындарға, сауда ұйымдарына өткізеді;
    2. Контракты баға сатушылар мен сатып алушылар арасында келіссөздер барысында тағайындалатын баға;
    3. Дайындау бағасы – ауылшаруашылық өнімдерін сатып алу;
    4. бөлшек сауда ьағасы – тұрғындарға сату бағасы;
    5. Өзгермелі   баға  дайындалатын бұымдарға сауда     мәмілесінде ұзақ уақыт белгіленетін баға, осы бұйымдарды дайындау үшін қажетті уақыт ішінде өндіріс шығынының өзгеруін есепке           алуға мүмкіндік беретін өзгермелі принципке негізделген.

Практикада қолданылатын баға стратегиялары:

    1. Жоғары баға стратегиясы. Алғашқы өндіріс шығындары жоғары болады, одан кейін ол төмендейді. Бұған жаңа тауарлар жатады. Сапасы жоғары тауарлардың бағасы да жоғары болады.
    2. Төменгі баға стратегиясы  немесе нарыққа өту стратегиясы. Бұл сұранысты ынталандыру мақсатында жүзеге асады.
    3. Сараланған баға стратегиясы сатып алушылармен жұмыс істеу, яғни кәсіпорынға деген ынтасынарттыру үшін оларға тауар жеңілдетілген бағамен сатылады.
    4. Икемді баға стратегиясы. Бағалар сатып алушылардың   мүмкіндіктеріне қарай белгіленеді.
    5. Тұрақты, стандартты, өзгермейтін баға стратегиясы.
    6. Дөңгелексіз баға стратегиясы, яғни сатып алушы 100 теңгенің тауарын 99 теңгеге сатып алады.
    7. Жаппай көтере сатып алу стратегиясы, яғни көтерме баға.

Баға бәсекесінің пайда болуы  және оның әрекет етуі мынадан байқалады:

    1. Бір түрлі немесе ұқсас тауарды ең төменгі бағада сату мен басқа да тауар сатушыларды нарықтан ығыстырып шығаруға және соның есебінен өзіне бұл салада ыңғайлы жағдай туғызуға бағытталған бәсеке.
    2. Тауар алушының ұсынылған тауарға деген қажетін қанағаттандырмау салдарынан тартатын шығынын салыстыру арқылы тауар бағасын көтеру бәсекесі.
    3. Тауар алушы мен сатушының, бірінің арзан алуға, екіншісінің қымбат сатуға ынталылығы аралығындағы бәсеке. Нәтиже екеуінің қайсысының жеңіп шығатынына байланысты болады.
    4. Тауар алушылардың бірыңғай қажеттерін қанағаттандыратын субститут – тауар өндіретін бәсекелес салалардың үлгісі ретінде пайда болатын салааралық бәсеке.

Персоналдың квалификациялық деңгейі. Квалификациялық жұмысшылардың бар болуы минималды шығындармен жоғарғы сапалы өнімді шығаруға мүмкіндік береді. Өнімнің ұлғаймалы қатары жоғары квалификациялық персоналсыз өндірілуі мүмкін емес. Сонымен бірге, жоғары квалификациялық менеджмент те соңғы рольді атқармайды. Өйткені, жақсы білікті жұмысшылар бар болғанымен жоғары даярланған технологтар мен инженерлерсіз бәсекеге қабілетті өнім қалыптастыру өте қиын, сонымен қатар, тәжірибелі маркетологтардың алдын-ала есебінсіз өнімнің өткізілуі қиынға соғады.

Өндірістің технологиялық деңгейі. Квалификациялық персоналдың деңгейімен бірге өндірістің технологиялық деңгей төмен шығынды және қысқа уақытта жоғары сапалы өнім өндіруіне мүмкіндік береді. Осыған орай, өнімнің өзіндік құнын төмендетіп, сапалы өнім шығаруға болады. Технологиялық өндірісті   үнемі алдыңғы қатарлы технологиямен қайта қаруландыру жағдайында көп өнім шығару мүмкін емес, бұл жағдайда қаржыландырудың қол жетерлігі маңызды болып келеді.

Қаржыландыру көздерінің қол жетерлігі. Негізінде қаржыландырудың 2 түрі бар:

    • Несиелік;
    • Құнды қағаздарды орналастыру (биржада акцияларды шығару және котировкалау).

Кәсіпорынның акционерлік капиталы арқылы қаржыландыруды қамтамасыз ету ең дұрысы болып келеді. Бірақ, кәсіпорын басшыларымен акцияларды шығару мен орналастыруына шешім қабылдауына бірнеше мәселелер қиындық туғызады. Біріншіден, кәсіпорын басшылары кәсіпорын капиталында үлкен үлеске ие болып, акционерлік меншікпен қолдана алады. Бұл жағдайда акцияларды орналастыру арқылы кәсіпорынды қаржыландырғанда менеджмент пен инвестордың қызығушылықтары дауға әкелуі мүмкін. Екіншіден, бұл әдістен бас тарту себебі, бұл кәсіпорын менеджменті өз қызметтерін дұрыс атқармауы жағдайында жаңа акционер басқарушылардың ауыстырылуын талап ете алады. Үшіншіден, акцияларды орналастыру шешімін қабылдаудағы кедергі инвестор қаржылық есебінің толық мөлдірлілігін талап етеді. Мұндағы қиыншылық басшылар табысты салық салудан жасырып, шынайы есепті инвесторға көрсете алмайтындығы.

Акцияларды орналастыру жолымен  капиталды тарту талай жігер, уақыт пен ақшаны қажет ететіні  сөзсіз.

Нарықтың қаныққындығы, сұраныс  пен ұсыныс. Нарықтағы өнімнің бәсекеге қабілеттілігі мен кәсіпорынның тиімді қызметінің негізгі мәселелердің бірі ─ сұраныс пен ұсыныстың қатынасы.оны толығырақ қарастырайық.

Тұтынушының қажеттілігі көптеген факторларға тәуелді. Тұтынушының  қажеттілігін біліп тану білікті  маркетологтардың жұмысы екенін ескертіп кетейік. Басқаша айтқанда, тұтынушының қажеттілігі        – бұл белгілі бір тауар үшін төлейтін ақшаның даярлығы. Нарықтағы сұраныс берілген тауарды сатып алушылардың саны, сонымен бірге қажеттілік пен табысқа байланысты. Кәсіпорын бірінші факторға әсер ете алады, ал өнімді өткізу бойынша шаралар (мысалы, жарнама) арқылы ол тұтынушының қажеттілігін ауыстыруы мүмкін. Мысалы, қазір көптеген видеомагнитофондар DVD ойнатқыштарына ауыстырылып жатыр. Бұл қажеттіліктердің дамуының ғана емес, сонымен бірге тауарды      прогресс стандартына, мәртебеге байланысты жарнамалық шаралардың нәтижесі. Сонымен, сұраныс  жоғарыда   аталған үш факторларға    тәуелді [11].

Информация о работе Кәсіпорын өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру