Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Марта 2014 в 21:59, реферат
Кәсіпкерлік адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа түрлерінен оқшауланып тұрады. Бұған кезінде атақты неміс экономистісі, Гарворд профессоры Иозиф Шумпетер (1883-1950жж) мән берді. Оның айтқан мынадай сөзі эпиграф болып саналады «Кәсіпкер болу – басқаның істегенін істемеу».
Екінші жағынан алдымен кәсіпкерлік жұмысты ұйымдастырушылар. Ол туралы француз экономисі Жан Батист Сей (1767-1832жж) былай деген «Кәсіпкер - адамдарды өндірістік шеңбер ауқымында ұйымдастыратын адам».
Кәсіпкерлік ұғымы
Қазақстандағы кәсіпкерлік
Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік қызметінің дамуы және оның ерекшеліктері.
Кәсіпкерліктің дамуы – әлеуетіміздің артқаны
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Дәл осы жерде кәсіпкерліктің қүқықтық режимі жөнінде айта кетуіміз қажет. Негізі қай салада болмасын құқықтық режимнің екі түрі: жалпыға бірдей рұқсат етілген яғни диспозитивтік түрі, сондай-ақ рұқсат беру арқылы көрініс табатын императивтік түрі белгіленеді.Кәсіпкерлік қызметтің құқықтық режимі тек рұқсат етілген құқықтық реттеу сипатында болады, сондықтан қатысушы екі жақты тарап заң жүзінде тең құқықты.
Кәсіпкерлік қызметте әрбір жасалынатын әрекет жөнінде нормативтік -құқықтық акт қабылдау арқылы оны реттеу сияқты қызметтер қажет емес.
Кәсіпкерліктің дамуына мол сенім, мемлекет тарапынан келіл, зкономикалық негіз ретінде жеке меншік нысаны құқықтық негізгі ретінде заңдар бар.
Кәсіпкерлік қызметті жузеге асыратын жеке тұлғалар заңды тұлға құрмай -ақ осы қызметтпен айнальюуға патент алған кезде бастап құқығы. Патент бір мезгілде азаматтың кәсіпкер ретінде тіркелгені жөнінде куәлік және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқық беретін лицензия болып табылады.
Ал шаруа (фермер) қожалығы құрамында;мердігерлік шарт және өзге де азаматтық құқықтық шарттар неізінде бір жолғы жұмыс атқаратын;көтерме және бөлшек сауда желісінен басқа өздеріне тиесілі мүлікті, сондай-ақ өндірілген , өңделген, сатып алынған өнімдерді, оған қоса импорттық өнеркәсіптік және азық-түлік тауарларын сол үшін арнайы бөлінген жерлерді немесе комиссиялық дүкендер арқылы сатумен айналысатын азаматтар : жұмыс істеп, қызмет көрсетудің түсімі жылына ең төменгі жиырма жалақы жиынтығынан аспайтын азаматтар мемлекеттік тіркеуден босатылады, яғни қызметтерін заңды тұлға құрмай жүзеге асырады.
Өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде пайда келтіруді кездейтін (коммөрциялық) ұйым заңды тұлға болып табылады.
Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаларға мемлекеттік кәсіпорындар, толық серіктестіктер,(командиттік) сенім серіктестіктері,
жауапкершілігі шектеулі серіктестер, қосымша жауапкершілігі бар серіктестер, өндірістік кооперативтер жатады.
Сонымен ҚР-дағы кәсіпкерлік екіге бөлінөді деп айта аламыз.Оны шағын және орта кәсіпкерлік, яғни жеке кәсіпкерлік сондай-ақ мемлекеттік кәсіпкерлікке бөлу кәсіпкерліктің экономикалық негізінің заңды маңызын білуге және реттеуге себін тигізеді.Кәсіпкерліктің түрлері заңдар арқылы белгіленеді, сондықтан олар құқықтық негізі болып табылады.
Кәсіпкерліктің дамуы – әлеуетіміздің артқаны
Ел Үкіметі
бүгінгі таңда экономиканың
Оның ішінде:
- заңды тұлғалар – 13 793;
- жеке кәсіпкерлер – 54 804;
- шаруа қожалықтары – 257.
Тіркелген кәсіпкерлік субъектілерінің ішінде белсенділері – 48 439 немесе 70,3 пайызды құрайды. Кәсіпкерлік саласында 83 012 адам жұмыспен қамтылған. Есепті кезеңде орта және кіші кәсіпорындармен 60 980,4 млн.теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 34 пайызға артты. Екінші деңгейлі банктер тарапынан кәсіпкерлікті дамытуға бөлінген несиелер көлемі 10 838,0 млн.теңгені құрады немесе 2012 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 48,2 пайызға артты. Шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында есепті кезеңде «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының шеңберінде 2012 жылдың 1-ші жартыжылдығында жалпы құны 5,1 млрд.теңгені құрайтын 25 жоба мақұлданып іске асырылса, 2013 жылдың 1-ші жартыжылдығында құны 14,7 млрд.теңгені құрайтын 489 жоба мақұлданып іске асырылуда.
«Максимум АИО» ЖШС арқылы құны 344,8 млн.теңгеге 12 бизнес жоба мақұлданды. Несиені қайтару жоспары 28,4 млн. теңгені құрап, нақты 21,9 млн.теңгесі қайтарылды.
Қорытынды:
Кәсіпкерліктің пайда болуы мен дамуы экономиканың өркендей түсуіне әсер ететін бірден — бір факторлардың бірі. Биылғы жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 1 наурыздағы: «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында: Қазақстанның әлемдік бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры халықтың кәсіпкерлік әлеуеті мен бастамашылығын іске асыруға тырысқан түрлі топтары үшін қаржы ресурстары мен сараптама жасаудың нақты қайнарына айналуға тиіс. Қордың өкілдік желісін кеңейту, өңірлердегі кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған жұмысты күшейту қажат»,-делінген. Осыған байланысты Қазақстанның жаһандық экономикалық үрдістерге сәйкес дамып келе жатқан ел болуын, әлемдегі жасалған жаңа мен озық атаулыны бойына сіңірген, дүниежүзілік шаруашылықтан шағын да болса өзіне лайық орнын иемденген, әрі жаңа экономикалық жағдайларға жылдам бейімделуге қабілетті ел болуына байланысты мақсаттар мен бағдарламалар жүзеге асырылды.
Қазіргі таңдағы шағын кәсіпкерліктің дамуы нарықты әртүрлі қызметтермен толтырып отыратын негізгі жетілдіруші факторлардың бірі болып табылады. Сондай-ақ, қазіргі жағдайда экономиканы сауықтандыруға шағын кәсіпкерліктің қосатын үлесі де маңызды деп айтуға болады. Шағын кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау шаралары әрбір елде болатын іс-әрекет шаралары. Біздің Қазақстан жағдайында мемлекеттік қолдау әртүрлі бағыттарда жүзеге асырылады. Болашақта елде шағын кәсіпкерлікті дамытуды одан әрі кеңейту бағыттары жоспарланып отыр. Осыған байланысты кәсіпкерлік бағытты жандандыру шаралары да ұйымдастырылу үстінде.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Парамонов, Экономика Казахстана (1990 - 1998)
2. А.К. Мәдешев, Нарықтық экономика. Алматы
3. А.Н. Токсанова, Основы предпринимательской деятельности. Астана-2007
4. http://referaty.ucoz.kz/load/