Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік қолдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2014 в 19:53, реферат

Краткое описание

Заңгерлер меншікті ие болу, пайдалану және заттардың, объектінің белгілі бір жиынтығын билеу тұрғысынан қарастырады. Заң түсінігі меншік құқығын объективті және субъективті мәнде қарастырады. Сонымен бірге заң актілері арқылы түрлі меншік субъектілеріне тиісті, иеболуға, пайдалануға және мүлікті билеуге байланысты адамдар арасындағы қатнастарды реттейтін құқықтық нысандар белгіленеді. Меншік құқығы тұрғысынан Адамдар арасындағы өндірістік мүліктік қатнастарды реттеу қатнастарды реттеу
Меншік экономикалық мағынадағы техникалық, технологиялық ғылыми және зияткерлік әлеуеттің , шығарылған материалдық және рухани игіліктердің өндірістік қатнастарын көрсетеді. Бұл қатнастар шаруашылық, табыстарды бөлу нысандарында, адамдардың экономикалық және әлеуметтік сұраныстарын қанағаттандыру дәрежесі мен сипаттарында қалыптасады. Экономикалық қатнастардың қатысушылары бір-біріннің тең ерекшеленген меншік иелерін мойындайды.

Содержание

Кіріспе

Негізгі бөлім
Жеке меншік және кәсіпкерлік қызметтің нысандары .
Жеке меншік пен жекешелендіруге қатысты қайта құру.
Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік қолдау.
ІІІ. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

жекеменшик касипкерлик.docx

— 30.80 Кб (Скачать документ)

Жоспары

  1. Кіріспе

 

  1. Негізгі бөлім
  1. Жеке меншік және кәсіпкерлік қызметтің нысандары .
  1. Жеке меншік пен жекешелендіруге қатысты қайта құру.
  2. Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік қолдау.

ІІІ.       Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жеке меншік туралы мәселе – қоғамдағы өндірістік қатнастарды зерттеудің негізгі көзі болып табылады. Жеке меншік туралы талас бірнеше жылдан бері созылып келеді. Әсіресе, адамзаи қалыптасқан дәстүрді бұзып-жарып, қоғамдық меншікті қалыптастыруға алғашқы қадам жасағанда, олар орасан қарсылықтарға ұшырады.

«Меншік» түсінігінің экономикалық және заңдық мәнін ажырату.

Заңгерлер меншікті ие болу, пайдалану және заттардың, объектінің белгілі бір жиынтығын билеу тұрғысынан қарастырады. Заң түсінігі меншік құқығын объективті және субъективті мәнде қарастырады. Сонымен бірге заң актілері арқылы түрлі меншік субъектілеріне тиісті, иеболуға, пайдалануға және мүлікті билеуге байланысты адамдар арасындағы қатнастарды реттейтін құқықтық нысандар белгіленеді. Меншік құқығы тұрғысынан Адамдар арасындағы өндірістік мүліктік қатнастарды реттеу қатнастарды реттеу

Меншік экономикалық мағынадағы техникалық, технологиялық ғылыми және зияткерлік әлеуеттің , шығарылған материалдық және рухани игіліктердің өндірістік қатнастарын көрсетеді. Бұл қатнастар шаруашылық, табыстарды бөлу нысандарында, адамдардың экономикалық және әлеуметтік сұраныстарын қанағаттандыру дәрежесі мен сипаттарында қалыптасады. Экономикалық қатнастардың қатысушылары бір-біріннің тең ерекшеленген меншік иелерін мойындайды.

Материалдық игіліктер кімге тиісті немесе табиғат өнімдерін кім иемденуде?

Иемдену қоғамдық өндірістің мәнін білдіреді. Иеліктен айыру – сол немесе басқа экономикалық ресурсты, қоғамдық қатынастардағы субъектінің өзінің өмірлік қызметінің игіліктерін иемдену үрдісі және мүмкіндігі.

Меншік – бұл игіліктерді иеліктен айыру – иемденудің белгілі бір нысанын көрсететін, адамдар арасындағы қатнастар, қоғамдық қатнастардың барлық жүйесінің негізгі. Бөлу, айырбастау және тұтыну нысаны меншік нысанының сипатына (қоғамдық немесе жеке) байланысты. Қоғамдағы топтар мен әр түрлі таптардың жағдайы және олардың өндірістің барлық факторларын пайдалануға қолы жету мүмкіндігі меншікке тәуелді.

Меншік – тарихи дамудың нәтижесі. Ол әлеуметтік-экономикалық жүйенің және оған тән өндіріс тәсілінің өзгеруіне орай нысанын өзгертеде. Экономикалық жүйе шеңберінде меншіктің әр түрлі нысанының – қоғамдық, жеке, мемлекеттік, муниципалдық, қоғамдық ұйымдардың, ұжымдық меншіктің көптеген түрлерінің бірге өмір сүруі мүмкін.

ҚР Конституциясының 6-бабында меншіктің екі түрі бегітілген: мемлекеттік және жеке меншік танылады және тең шамада қорғалады. Сонымен бір уақытта меншік пайдалану қоғамдық игілікке қызмет ету тиіс. Меншіктің объектілері мен субъектілері, меншік иелерінің өз құқықтарын жүзеге асырудың көлемі мен шектері, олардың қорғау кепілдігі заңда белгіленеді.

Қағидада нарықта меншіктің үш түрі барлық уақытта көрінеді:

Мемлекет: 1 билеуші ;                 2 парламент;                        3 сеніория;

Корпорация: 1 храм, монастырі, цех, қауымдастық

Жеке кәсіпкер: 1 жеке заңды тұлға

Кез келген кәсіпкерлік қызмет белгілі бір ұйымдастыру нысаны шегінде жүзеге асырылады. Кәсіпорынның нысанын таңдау жеке ынта мен талғамға байланысты, бірақ басты жағдайда объективті жағдаймен – қызмет аясымен, ақшалай қаражаттың болуымен, кәсіпорынның болжамды нысанының жағымды және жағымсыз жақтарымен байланысты.

Мемлекет экономиканы ұйымдастыруымен айналысуы қажет, бірақ сонымен бірге кәсіпкерге айналмауы керек, шаруашылық қызметіне тікелей араласпауы керек, сөйтіп, саяси ұйымдастырушы ретінде қалып, экономиканы реттеуде заңдық, атқарушылық және орындаушылық биліктің өз органы арқылы жүзеге асыруы тиіс: Мемлекетте қоғамның ортақ мүддесін қорғау үшін билік бар, ал барлық қалғаны кәсіпкерлерді қосқанда қоғам мүшелеріннің өздерінің қарастыруымен жүзеге асырылуы керек.

Мемлекеттік кәсіпкерлік кейде шаруашылық жүргізу жеке фирманың табиғатына қарама-қайшы келген жағдайда немесе көп қаржы салу және тәуекелді қажет ететін салада жүзеге асырылады. Мемлекеттік кәсіпкерліктің жеке кәсіпкерліктен негізгі ерекшелігі – оның бірінші кезектегі мақсаты табыс алу емес, әлуметтік-экономикалық міндеттерді шешуде қажетті өсу қарқынын қамтамасыз ету, кезкңдік құбылыстарды жұмсарту, жұмыспен қамтамасыз етуді қолдау, ғылыми-техникалық ілгерушілікті ынталандыру және т.б. Реттеудің осы нысаны өндіріс үшін өмірлік маңызы бар, пайдасы аз кәсіпорындар мен шаруашылық салаларын қолдауды қамтамасыз етеді. Бұл барлығынан бұрын, энергетика, көлік, байланыс тәрізді экономикалық инфрақұрлымның салалары. Мемлекеттік кәсіпкерлікпен шешілетін мәселелерге тұрғындарға әр түрлі аумақта жеңілдік беру, ғылыми-техникалық ілгерушілікті тездету мақсатында өмірлік маңызды ғылыми және экономиканың күрделі қаржы сыйымдылығы көлемді салаларына көмектесу және осы негізде елдің әлемдік шаруашылықта беделін нығайту жатады.

Меншік қатнастары реформалау мемлекет қарамағынан алу немесе жекешелендіру жолымен жүзеге асырылады. Мемлекет қарамағынан алу бір жағынан басшылықты экономикалық әдіспен жүргізуді, екіші жағынан – нысанның және мешік қатнастарының өзгергенін білдіреді.

Жекешелендіру – меншік құқығын азаматтарға немесе меншіктің мемлекеттік нысаны қағидасында өндіріс жүргізуші, жеке тұлға беру үдерісі. Жекешелендіру экономиканы қайта құрудың соңғы мақсаты болып табылмайды – бұл тек меншік қатнастарын қайта құрудың әдісі.

Экономиканы реформалауда, оның ішінде жекешелендіру үрдерісі өткен жолды сын көзімен саралап көрейік.

Қазақстандағы мемлекет қарамағынан алу және жекешелендіру бойынша жүргізіледі. Әрбір кезеңге өз бағдарламасы сәйкес келеді.

І кезең – 1991-1992 жж.;

 ІІ  кезең – 1193-1995 жж.;

ІІІ кезең – 1996-1998 жж.

І кезең төмендегілерді қарастырады:

  • Мемлекет қарамағынан алу және сауда, қоғамдық тамақтандыру тұрмыстық қызмет көрсету және камуналдық шаруашылық, өндірістің ұсақ кәсіпорындарын, құрылыс, автокөлік, ауыл шаруашылығы және басқа да экономиканың салаларын, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорларын жекешелендіру;
  • Пайдасы аз және зиянды кәсіпорындарды мемлекет қарамағынан алу және жекешелендіру.

Ұсақ кәсіпорындарды сату үшін аукциондық және конкурстық әдістер пайдаланылды. Орта және ірі кәсіпорындарды мемлекет қарамағынан алуда оларды акционерлік немесе басқа да шаруашылық серіктестіктеріне және ұжымдық кәсіпорынға айналдыру қарастырлады.

Тұрғын үйлерді жекешелендіру, ауыл шаруашылығы және мемлекет мүлікті сатып алу купон әдісі негізінде екінші кезеңде, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген, 1993-1995 жж. Мемлекет қарамағынан алу мен жекешелендіру үдерісін өрістетуді төмендегі бағыттар байынша қарастырылды:

1. Ірі және  бірегей мүліктік кешендерді  жеке жобалар бойынша жекешелендіру. Оны жузеге асыру келесі әдістермен өтті:  
        Келісілген жағдайда белгілі бір инвесторға сату;  
        Аукцион немесе конкурс арқылы өткізу;  
         Акцияларды ашық сату.

2. Орташа кәсіпорындарды жаппай жекешелендіру. Олар мына әдістер арқылы жүзеге асты:  
         Республика тұрғындарына инвестициялық жекешелендіру купондарын беру (ИЖК);  
          ИЖК иелері мен кәсіпорындар арасында делдал болып табылатын, коммерциялық инвестициялық жекешелендіру қоры (ИЖҚ) жүйесін құру.

3. Сауданың, каммуналдық  шаруашылықтың, тұрмыстық және Сервистік қызмет көрсету шағын кәсіпорындарын аукцион және конкурс негізінде жүзеге асыратын шағын жекешелендіру.

ІІ кезеңнің негізгі нәтижелерін келесі жағдайда қорытындылауға болады: кіші жекешелендіру шеңберінде 11 мың объекті сатылған, бұл кіші жекешелендіруге жататын , барлық объектілердің 2/3 бөлігін құрады, оның ішінде саудада, қоғамдық тамақтандыру және қызмет көрсету аясында жаппай жекешелендіру негізінен аяқталады.

Қосымша ақпараты: 5 мыңнан аса адам жұмыс істеген, кәсіпорынды қамтитын жеке жекешелендіру шеңберінде, 5 кәсіпорын сатылған, оның ішінде шетелдік компанияларға 42 кәсіпорын сенімді басқаруға берілген.

Салалық құрлымда жеке меншік нысанының барлығынан аз көбі ауыл шаруашылығында болды – 32,2 пайыз, сауда мен қоғамдық тамақтандыруда – 17 пайыз, өнеркәсіпте – 11,8 пайыз, құрлыста – 8,6 пайыз. Жеке меншік нысанында барлығынан аз кәсіпорындар сақтандыру, геология және жер қойнауын барлау кәсіпорындарында – 0,2 пайыз, жылжымайтын мүлік операциялары аясында – 0,1 пайыз болды.

ІІІ кезең

Мемлекеттік меншікті қайта құрлымдау мен жекешелендіру бағдарламасында әзірленген шеңберде жүзеге асты. Оның негізгі мақсаты – экономикада жеке секторды басым болуын бекіту мен жекешелендірудің негізгі үдерісін аяқтау болатын. Кейбір кәсіпорындар жекешелендіру алдында қайта құрылымдалуы тиісті еді. Яғни бұл олардың белгілі бір құрлымдық өзгерістерден өтуі тиістігін білдіреді: мысалы, залалды кәсіпорынды алдын ала қалпына келтіру немесе оның ішінде өз бетімен жұмыс істей алатын құрлымды бөлу.

1996 жылдан бастап Қазақстанда, мемлекеттік меншіктегі кез келген  жекешелендіру тек ақшалай қаражаттармен  жүзеге асырлады. Бірақ қолданыстағы заң жекешелендірудің екі түрін қарастырады:

       1. Саудада сату (аукциондар, тендер).

       2. Тікелей атаулы сату ( заңды тұлғада жалға алу құқығы немесе мемлекет акциясының бақылау пакеті болған жағдайда жүзеге асады, өйткені соңында сатып алу құқығымен сенімді басқаруға келісім бекітілген).

Үкімет жекешелендіруді секторлық бағдарлама бойынша жүзеге асырады. Сөйтіп, мұнай-газ, көлік-өатнастық кешендерде; ҚР Сауда және экономика министрлігіндегі кәсіпорындар жүйесінде, денсаулық сақтау, білім беру, ғылым, мәдениет және спортта жекешелендіру мен қайта құрылымдау бағдарламасы белгіленеді. Онда мемлекеттік меншіктің мена ерекше объектілері жекешелендіруге жатпайтыны көрсетілген: жер, оның қойнауы, су, ауа кеңістігі, өсімдік және жануарлар әлемі, басқа да табиғи ресурстар, тарихи және мәдени ескерткіштер, мемлекеттік бюджет қоры, республикалық сақтандыру мен резервтік қорлар.

Өтпелі кезеңде орта және шағын бизнес мемлекеттік тұрақты қолдауды қажет етеді. Тек сол ғана ірі қаржылық және тұрғындардың өндірістік ресурстарын жинақтайды, аралас экономикаға икемділік береді, өзінде монополияға қарсы күшті және тұрғындардың өндірістік ресурстарын жинақтайды, құрлымдық қайта құрудың шынайы факторына қызмет етеді, көп жағдайда жұмыспен қамтамасыз ету мәселесін шешеді. Кәсіпкерлікті мемлекттік реттеу жүйесінің қалыптасуы көптеген бағыттар бойынша жүреді. Солардың кейбірін қарастырайық.

1. Кәсіпкерліктің  қызмет етуі мен дамуын құқықтық  қамтамасыз ету жүйесін қалыптастыру. Осы кезеңде заң актілерінің жоғарғы сапасын – олардың арасындағы қарама-қайшылықты жою, мүмкіндігінше оларды тікелей ықпал ететін заң актілеріне айналдыру керек, оларды өткізу тетіктерін қарастыру, кәсіпкерлердің құқығына кепілдік беру, оларды бұзған кездегі жауапкершіліктің экономикалық және басқа жақтарын қамтамасыз ету маңызды.

2. Қазіргі заманғы  кәсіпкерлікті қолдау мен қаржылықты  қамтамасыз етуді маңызды. Мұндай жүйе салық салу, кредиттеу, сақтандыру, қаржыландыру, өтемақы және т.б. туралы саясатты сапалы жетілдіруді талап етеді.

3.Кәсіпкерлікті, кадрларды даялау бойынша жүйелерді, маркетингтік орталықтарды, бизнес орталықтарын және бизнес инкубаторларын, кәсіпкерлікті ақпараттық қамтамысыз етуді қалыптастыру. Кәсіпкерлік барлық өнеркәсібі дамығын елдерде үкіметтік қолдауға ие. Оның мәні үш бағытта нақты шараларды әзірлеуге әкеледі:

    1. Кеңес беру (әсіресе, алғашқы кезеңде ). АҚШ-та, мысалы Шағын бизнес бойынша үкіметтік агенттіктің аймақтық бөлімі жұмыс істейді.

    2. Қаржылық қолдау көрсету.

   3. Қаржылық қатнастарда күші аз кәсіпкер құрлымдарға ғылыми-техникалық немесе технологиялық көмек көрсету. Кейбір экономистер осы уақытта кәсіпкерлер кездесетін негізгі қиыншылықтарды мыналар деп есептейді:

  • кәсіпкерлік құрлымының қызметі туралы заң базасының тұрақсыздығы мен жетілдірілмеуі;
  • қатал салық прессингі (салмағы) және салық салудың күрделенген жүйесі;
  • алғашқы капитал мен өзінің айналымдық қаржысының жетіспеушілігі;
  • банк кредиттерін алдағы қиындық;
  • криминалдық құрлымдардың қысымы;
  • ғимраттың және оны жалға алу бағасының жоғарлығы;
  • лизингтік қызмет көрсетудің шектеулі мүмкіндігі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Кәсіпкердің әлеуметтік жауапкершілігі бүгінгі күні пайдасын әлеуметтік жобаларға инвестициялау және қайырымдылық жасаумен шектелмейді. Одан туған өлкесінің келешек жоспары мен проблемаларын, тұрмыстық қатынастарын түсінуді және өз аймағын дамытуға қомақты үлес қосқанын күтеді.

 ҚР АК 10 бабы: “Кәсіпкерлік - ол меншік формасына қарамастан, тауарларға (жұмыстар, қызмет көрсету) сұранымды қанағатандыру арқылы таза табыс алуға бағытталған, жеке меншікке (жеке кәсіпкерлік) немесе мемлекеттік кәсіпорынды шаруашылық жүргізу (мемлекеттік кәсіпкерлік) құқығына негізделген азаматтардың және заңды тұлғалардың бастамалы қызметі. Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкердің атынан, тәуекелмен және мүліктік жауапкершілікпен жүзеге асырылады” деп аяқтағым келеді. 

Информация о работе Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік қолдау