Коммерциялық банктердің қызметтері мен операциялары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2013 в 08:16, контрольная работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан–2030» атты халыққа жолдауында үшінші ұзақ мерзімді басымдық ретінде шетел инвестицияларының деңгейі жоғары, дамыған нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсуді көрсетеді. Бұл басымдықты жүзеге асыру үшін инфляцияны қолайлы деңгейге түсіре отырып, стра-тегиялық күшті ілгерілуге бағытталу көрсетіледі.

Содержание

1.Кіріспе..................................................................................................................2
2. Коммерциялық банктердің қызметтері мен операциялары...........................4
3. «ТұранӘлемБанк» АҚ-ның экономикалық жағдайын талдау......................10
4. «ТұранӘлемБанк» АҚ-ның активті және пассивті операцияларын талдау......................................................................................................................13
5. Қорытынды.........................................................................................................15
6. Қолданылған әдебиеттер...................................................................................16

Прикрепленные файлы: 1 файл

Комм Тиыштыкбаева 28.11.13.docx

— 45.05 Кб (Скачать документ)

Заңды және жеке тұлғалардан тартылған салымдардың жалпы сомасы (банктер мен халықаралық қаржы ұйымдарынан басқа) 8,4%-ке ұлғайып, 4713,6 млрд. теңгені құрады. Соның ішінде заңды тұлғалардың салымдары 80,5%-ке ұлғайып, 1253,9 млрд. теңгені құрады, жеке тұлғалардың салымдары 3,0%-ке өсіп, 459,7 млрд. теңгені құрады.

Екінші деңгейдегі банктер табыстарының жалпы сомасы 2005 жылдың 1 наурызына  өткен жылдағы тура сол кезеңімен  салыстырғанда 25,8%-ке ұлғайып, 60,9 млрд. теңгені құрады. Шығындар сомасы өткен  жылдағы тура сол кезеңімен салыстырғанда 31,7%-ке өсіп, 55,2 млрд. теңгені құрады. Банктердің бөлінбеген таза табыстары 5,7 млрд. теңгені құрады. Бұл көрсеткіш өткен жылдағы тура сол кезеңіндегі көрсеткіштен 12,3%-ке төмен болып тұр.

Есеп беру кезеңінде 14 банк мәжбүрлі тарату процесінде орын алып отыр.

     Жалпы   банк    жүйесіндегі     депозиттер    өсімінің    тенденциясын  1 – 2 қосымшалардан  байқауға  болады. 

  Ал енді «ТұранӘлемБанктің» шаруашылық қызметінің көрсеткіштеріне сипаттама берейік.

"ТұранӘлемБанкі" АҚ қызметінің  басты бағыттарының бірі заңды тұлғаларды қаржыландыру (несиелендіру) болып табылады. Біз өз қаражаттарымызбен, сондай-ақ шетелдік несие желілерін тартумен қысқа мерзімді қаржыландыруды, орта және ұзақ мерзімді қаржыландыруды жүзеге асырамыз. Қандай да бір жобаны уақтылы қаржыландыру оның іске асуына себеп болады, ал егер қаражат қарастырылмаған жағдайда тамаша жобалар тек қағаз бетінде ғана қалып қояды.

 «ТұранӘлемБанк» соңғы жылдары  қарқынды даму үстінде. Валюта балансы 2005 жылы 58 млрд. теңгеден 2006 жылы 95,4 млрд. теңгеге дейін өсті. Бұл жағдай банкті көптеген көрсеткіштер бойынша Қазақстанның банктік қызметтер нарығында 4-ші позициямен қамтамасыз етіп отыр.

 

Коммерциялық ссудалардың өсім қарқыны баяулады (2005ж. – 59,7%, 2006ж. – 63,4%), бірақ баланс валютасындағы  олардың үлесі салыстырмалы түрде  қалып отыр және орналастыру құралдырының арасында жоғары үлес салмаққа ие болып отыр.

Халықаралық қаржы институттарымен  ынтымақтастықтың шеңберінде банктердің және қаржы мекемелерінің алдындағы  міндеттемелерінің құрамында – 92,0 млн. АҚШ доллар сомада 2 синдицирленген займ (2005 жылдың маусымында және қазан айында 1 жыл мерзімге тиімді жағдайларда алынған).

2005 жылдың басында банк 2007 жылда  өтеу мерзімімен субординирленген облигацияларды, 2006 жылдың желтоқсанында 5 жыл айналым мерзімімен ішкі теңгелік облигацияларды шығарған болатын. Бұл банкке өзінің пассивтерінің құрамында клиенттерді несиелеудің көзі болып табылатын ұзақ мерзімді қаражаттардың үлесін ұлғайтуға мүмкіндік берді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

18

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Қазақстанның банктік нарығы жетілмеген бәсеке нарығы болып табылады. Бұнда тауардың дифференциациясы маңызды орын алады, яғни сапаны жақсарту, атақты ұлғайту арқылы банктің банктік өнімінің бөлінуі.

Бұндай жағдайларда банктер  жарнаманың әр түрлі әдістері арқылы өзінің атағын күшейтуге және қоғаммен байланыс бойынша қандай да бір шаралар арқылы өзінің репутациясын жақсартуға ұмтылады.

 Олар біздің республикамызға  өтіп жатқан әр түрлі маңызды шараларға демеуші ретінде қатысады, акционерлер жиналысын жүргізеді, жылдық есеп беруді құрайды, жарнамалық проспекттер мен буклеттерді шығарады, теле және родио жарнамаға айтарлықтай сомада шығын жұмсайды. Бірақ менің ойымша, клиенттерді ұлғайту үшін уақыт қажет, өйткені экономикалық және саяси жағдайдың тұрақсыздығынан, банктердің жұмыс уақытының кішігірім аралығынан, шетел валютамен салыстырғанда ұлттық валютаның құбылуынан және басқа да сипаттамаларынан тұтынушылар өз ақшаларын сеніп тапсыру ықтималдығы төмен болады. Бұдан басқа заңнамалық база, көбінесе, өткізу нарығын шектейді.

Банктік қызметтерді талдау оның табыстылығын банктер басшылығымен берілген шынайы әрі көп негізделген бағалармен банктердің қызмет нәтижесін білеміз, олардың күшті және әлсіз тұстарын таныймыз, туындаған мәселелрді шешу жолдарын анықтап және олардың жұмысында өтімділікті, яғни банктердің өтімділігіне және табыстылығына көмек беру, несиелік саясатқа қатысты, ұйымдастыру бәсекелестікті ұстап тұру, салымшыларға сенімді болуы. Коммерциялық банктердің қызметтердің негізін қалаушы принциптерге шынайы ресурстармен жұмыс істеу болып табылады. Банктік ресурстарының негізгі көздеріне клиенттердің салымдары жатады, яғни несиегерлерге кеплідік болып табылады. Яғни пассивтердің құрылымы банктерде актвитік операциялардың жүргізілуіне мүмкіндікті анықтайды.

     ҚР Үкіметінің, ҚР Ұлттық Банкінің және ҚР Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009-2010 жылдарға арналған бірлескен іс - қимыл жоспары бойынша тұрақтандыру шаралары іске асырудар Қазақстан экономикасы қосымша 2 172 млрд. теңге көлемінде мемлекеттік қолдау алады, олардың ішінде, мыналардын есебінен:

     Ұлттық қор қаражаты  – 1 200 млрд. теңге;

     Ұлттық Банк шаралары  – 350 млрд. теңге;

     Жаға салық кодексін қолдану шеңберінде салықтың жүктемені төмендету - 500 млрд. теңге;

     Стресті активтер  қорын құру 122 млрд. теңге. 

 

 

 

          

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңы.  30.03.1995

2. «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» Қазақстан Республикасының заңы. 30.03.1995

3. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары. Алматы: ИздатМаркет, 2004ж.

4. Банковское дело Под ред.  О.И. Лаврушина. Москва "Финансы и статистика " 1998.

5. Көшенова Б. «Ақша, Несие, Банктер, Валюта қатынастары», Алматы,2000

 

 

 

 

 

 

 

 

 

- 3

 


Информация о работе Коммерциялық банктердің қызметтері мен операциялары