Көмекші өндіріс шығындарының түсінігі және олардың жіктелуі туралы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2015 в 21:42, реферат

Краткое описание

Шығындар – басқару есебі негізгі объектілерінің бірі, күрделі және сан қырлы құбылыс. Оларды тиімді басқару үшін белгілі бір белгілер бойынша шығындарды топтастыруды көздейтін жіктеуді қолданған жөн. “Тауарлы-материалдық қорлардың есебі” атты Бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес шығындар былайша жіктеледі:
пайда болу орны бойынша – өндіріс, цехтар, учаскелер, құрылымдық бөлімшелер бойынша. Мұндай жіктеу жауапкершілік орталықтары бойынша есепті ұйымдастыру мен өнімнің (жұмыстың, көрсетелгін қызметтің) өндірістік өзіндік құнын белгілеу үшін қажет;

Прикрепленные файлы: 1 файл

комекші өндіріс.docx

— 23.11 Кб (Скачать документ)

Көмекші өндіріс шығындарының түсінігі және олардың жіктелуі туралы

 

      Шығындар – басқару есебі негізгі объектілерінің бірі, күрделі және сан қырлы құбылыс. Оларды тиімді басқару үшін белгілі бір белгілер бойынша шығындарды топтастыруды көздейтін жіктеуді қолданған жөн.  “Тауарлы-материалдық қорлардың есебі” атты Бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес шығындар былайша жіктеледі:

  • пайда болу орны бойынша – өндіріс, цехтар, учаскелер, құрылымдық бөлімшелер бойынша. Мұндай жіктеу жауапкершілік орталықтары бойынша есепті ұйымдастыру мен өнімнің (жұмыстың, көрсетелгін қызметтің) өндірістік өзіндік құнын белгілеу үшін қажет;
  • шығынды көтерушілер, яғни өнім түрлері (жұмыс, көрсетілетін қызмет) бойынша – өнімнің өзіндік құнын анықтау үшін қажет;
  • өнімнің өзіндік құнына жатқызу тәсілі немесе шығын түрлері бойынша экономикалық элементтер мен калькуляция баптары бойынша:

а) экономикалық элементтер бойынша – өнім өндірісіне нақты не жұмсалғанын көрсетеді 7 БЕС-ке сәйкес бұған мынадай экономикалық элементтер жатады:

  • материалдық шығындар;
  • еңбекті өтеуге жұмсалатын шығындар;
  • аударулар;
  • құралдардың тозуы;
  • басқадай шығындар.

ә) калькуляция баптары бойынша – өнімнің кейбір түрлерінің өзіндік құнын есептеу үшін қолданылады. 7 БЕС бойынша бұларға: [2]

  • материалдар;
  • еңбекті өтеу;
  • ақша аударулар (аударымдар);
  • қосымша шығыстар.

Негізгі – өндірістің технологиялық процесімен тікелей байланыстылар: шикізат пен материалдар, қосалқы материалдар мен басқадай шығындар.

Қосымша – өндірісті ұйымдастыру мен оған қызмет етуге, оны басқаруға байланысты пайда болады.

Тікелей– өнімнің белгілі бір түрін өндіруге байланысты, оның өзіндік құнына тура және тікелей кіруі мүмкін (шикізат, негізгі материалдар, аударымдар (ақша аударулар). Жеке бөлімшеге жатқызылуы мүмкін шығындар бөлімшенің шығындары деп аталады (автомеханиктің еңбекақысы – автосервис бөлімшесінің тікелей шығындары, автомобильді бояу цехында қолданылатын бояудың құны – тікелей бояу цехының шығындары).

Жанама – өнімнің жеке түрлерінің өзіндік құнына тікелей енгізілмейтін және жанама (шарты) түрде бөлінеді. Жеке бөлімшелерге жатқызылмайтын шығындар жанамалар (жарнамаға шығындар – субъектінің әрбір бөлімшесінің жанама шығындары) деп аталады. Шығындар бір бөлімше үшін тікелей, екіншілері үшін жанама (завод менеджерінің еңбекақысы – кейбір бөлімшелер үшін қосымша шығындар, алайда бүкіл завод үшін тікелей шығын) болуы мүмкін. Тура және жанама етіп бөлу салалық ерекшеліктерге, өндірісті ұйымдастыруға, өнімнің өзіндік құнынын калькуляциялаудың қабылданған тәсіліне (көмір өнеркәсібінде, энергетикада – барлық шығындар тікелей байланысты).

Бірэлементті – бір элементтен тұратындар (еңбекақы, материалдар, ақша аударулар).

Кешенді – бірнеше элементтен тұратындар (құрамына тиісті риске құрамның еңбекақысы, аударымдар, материалдар, амортизация мен басқадай бірэлементті шығыстар кіретін цехтық шығыстар).

        Өзгермелі – мөлшері өндіріс көлемінің өзгеруіне тура сайма-сай (пропорциональды) өзгеретіндер (өндірстік жұмысшылардың еңбекақысы, технологиялық энергия, отын және т.б.) және осы кезеңдегі өнім өндіруге сайма-сай бөлінеді. Мысалы, егер өндіріс көлемі 10%-ке көбейсе, жалпы өзгермелі шығындар да 10%-ке ұлғаяды.

Өндіріс шығындары бірқатар басқа белгілер бойынша жіктелуі  (1-кесте):

Кесте – 1

Өндіріс шығындарын жіктеу

Жіктелуші топ

Шығындар (шығыстар)

1

Өндіріс процесіндегі экономикалық 
рөл бойынша

негізгі

қосымша

2

Өнімнің өзіндік құнына жатқызу 
тәсілі бойынша

тікелей

жанама

3

Құрамы (біртектілігі) бойынша

Бірэлементтік

кешенді

4

Өндіріс көлеміне байланысты

өзгермелі

тұрақты

5

Пайда болу мерзімділігі бойынша

ағымдағы

бір жолғы

6

Өндіріс процесіне қатысуы бойынша 
(басқару міндеттері бойынша)

өндірістік

әкімшілік коммерциялық

7

Тиімділігі бойынша

өндірістік

өндірістік емес

8

Бақыланатын мүмкіндігі бойынша

Реттелетін

реттелмейтін

9

Орташалау дәрежесі бойынша

жалпы

орта

10

Пайданы генерациялау кезеңіне шығындарды жатқызу тәртібі бойынша

өнімге

кезеңге


       Өзгермелі шығындар өндіріс көлеміне сайма-сай (пропорциональды) өседі. Өндіріс көлемі екі есе 100-ден 200 бірлікте дейін өссе, жалпы өзгермелі шығындар 1000-нан 2000 теңгеге дейін ұлғаяды. Алайда өзгермелі шығындар өнім бірлігін есептегенде көлем өзгергенде тұрақты болып қалады. Бірінші, екінші, оныншы бірлік болғанына қарамастан. Сондықтан өзгермелі және тұрақты шығындар шартты-өзгермелі немесе шартты-тұрақты деп саналады, өйткені олар қосарлы рөл атқарады, бірақ әр түрлі көзқарас тұрғысынан.

        Тұрақты – өнім өндірісі көлемінің өзгеруіне байланысты емес дерлік (жылыту, өндістік бөлмеге жарық беру, амортизация, жалға алу жарнамаға шығындар және т.б.). Егер көлем 10%-ке ұлғайса немесе кемісе, онда жалпы тұрақты шығындар өзгермей қалады, бірақ бір бірлікке тұрақты түседі.

Өндіріс көлемі өзгерген кезде, тұрақты шығындар, өзгеріссіз қалатыны көрінеді. Егер өндіріс көлемі 10%-ке азайса, онда жалпы тұрақты шығындар өзгерссіз қалады. Егер өндіріс көлемі бір бірлікке тең болса, онда тұрақты шығындар 300 теңгені құрайды, бірақ тұрақты шығындар өндіріс көлемі бір бірлікке ұлғайса, тұрақты төмендейді. Соған сәйкес өнімнің өзіндік құны да кемиді. [3]

Өнім бірлігіне шаққандағы тұрақты шығындар өндіріс көлемінің ұлғаюына қарай төмендейді.

Ағымдағы– жиі мерзімде болып тұратын шығындар (шикізат, материал шығыстары).

Біржолғы (бір мәрте) – еңбек демалысын, жөндеу жүргізу және т.б. төлеуге арналғандар. Олар сметаны бекіткен ретпен тәртіппен және мерзімде бірен-сарандап өнімнің өзіндік құнына кіреді.

Өндірістік – тауарлық өнімді дайындауға байланысты және оның өндірістік өзіндік құнына (тауарлық өнім – өз материалынан да, тапсырушының материалынан да жасалып шығарылатын, техникалық бақылау қабылдаған және қоймаға тапсырылған дайын бұйымның құны; басқа жаққа босатылған, өзі өндірген жартылай өнімнің сондай-ақ субъектінің негізгі құрал-жабдықтары толықтыруға жіберілген өнімнің өзіндік құны) құрайтын барлық шығындар.

Әкімшілік – жалпы басшылыққа, жалпы шаруашылық және әкімшілік мақсаттағы шығыстарға байланысты.

Коммерциялық (өткізу бойынша шығындар) сатып алушыларға өнімді өткізуге байланысты.

Өнімді (жоспарланатын) – тиімді технология мен өндірісті ұйымдастыруға белгіленген сападағы өнім өндірісіне шыққан шығындар.

Өндіргіш емес (жоспарланбайтын) – өндіріс технологиясы мен ұйымдастырудағы кемшіліктер салдары іркіліс шығындары болып табылады.

Реттелетін – егер атқарушы шығындар деңгейіне елеулі әсер етіп немесе реттей алса (өнім өндірісіне пайдаланатын шикізатқа шығындарды – цех тексерушісі реттейді).

Реттелмейтіндер – деңгейіне еңбеккер (дайындау учаскесінің мастері конструкторлық бөлім қызметкерінің еңбегін өтеу бойынша шығынға әсер ете алмайды) елеулі ықпал ете алмайтын шығындар.

Жалпы – өндірілетін өнімнің барлық көлеміне.

Орташалар – өнімнің бір бірлігіне шаққандағы.

Өнімге – өнімнің өзіндік құнына (тікелей шығындар) кететін.

Мезгілге – мезгіл шығыстары: жалпы және әкімшілік шығыстар, тауарды өткізу бойынша шығыстар, сыйақы бойынша шығыстар (жанама шығындар).

       Басқару  есебінде шығындарды жіктеу сан  түрлі және қандай басқару  міндетін шешу қажеттігіне байланысты. Басқару есебінің негізгі міндеттеріне мыналар жатады:

  • · өндірілген өнімнің өзіндік құнын есептеу, қорлар мен алынған пайданың құнын бағалау;
  • · басқару шешімін қабылдау мен жоспарлау;
  • · жауапкершілік орталығының өндірістік қызметін бақылау мен реттеу.

 

 

 

 


Информация о работе Көмекші өндіріс шығындарының түсінігі және олардың жіктелуі туралы